Емтихан сұрақтары



Дата02.05.2023
өлшемі25.43 Kb.
#473083
түріҚұрамы
екзамен сурактары


Емтихан сұрақтары

  1. Клеткалар және тканьдер

Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. «Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды рибосома митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды.
Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады.
Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық және минералдық заттар түзіледі.
Митохондрия – Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. И энергия көзі. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.
Ядро – организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.
Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.
Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.
Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері бар ұсақ көпіршіктер.
Жасушалық мембрана – Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады
2. Баланың ас қорыту жүйесі функциясының дамуы.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы , өңеш, асқазан және ішек жатады. Асқорытуда ұйқы безі және бауыр қатысады. Ұрықтық дамудың бастапқы 4 аптасында асқорыту мүшелері қалыптасады, жүктіліктің 8 аптасында барлық асқорыту мүшелері анықталады. Жүктіліктің 16-20 аптасында ұрық қағанақ суын жұта бастайды. Асқорыту үрдісі ұрықтың ішектерінде жүріп, біріншілік нәжіс мекония жинақталады. Өмірінің алғашқы айлары кезінде сәбидің қабылдайтын қоректік заттары маңызды орынға ие, ол ана сүті арқылы түсіп, сол ана сүті құрамындағы заттар арқылы қорытылады. Қосымша қорек арқылы ферменттік жүйе механизмі ынталандырады. Түскен тағамды қорытудың балаларда өзіндік ерекшеліктері бар. Казеин жіңішке ішекте аминқышқылдарына дейін ыдырап, белсенді түрде сіңіріле бастайды.
Майдың сіңірілуі тамақтандыру түріне байланысты. Сиыр сүті құрамында ұзын тізбекті май қышқылы болады, ол май қышқылы әсерінен панкреатикалық липазаға дейін ыдырайды. Майдың сіңірілуі жіңішке ішектің соңғы және ортаңғы бөлімдерінде жүреді. Сүттегі қанттың ыдырауы ішек эпителийінде жүреді. Ана сүті мен сиыр сүті құрамында лактоза болады. Осыған байланысты жасанды тамақтандыру барысында көмірсудың құрамы өзгереді. Жіңішке ішекте дәрумендер де сіңіріледі.
3. Организмнің өсу және даму заңдылықтары
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері. Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар: 1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды; 2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі; 3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты; 4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы; 5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі; 6) өсу мен дамудың акселерациясы

  1. Нерв жүйесі туралы түсінік.

Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төменгі ұшы шашақтанып I және II бел омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.
Нерв жүйесінің қызметінің негізі - рефлекс. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің берген жауабын айтады. Рефлекстің пайда болуына қажетті уақытты рефлекс уақыты немесе рефлекстің латентті кезеңі деп атайды. Жүйке жүйесінің рефлекстік қызметіне байланысты организм сыртқы және ішкі ортаның әсерлеріне тез жауап береді. Барлық рефлекстер дененің бір жеріне - рефлекс аймағына - тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Рефлекс аймағында тітіркендіргіштің әсерін сезетін сезгіш рецепторлар орналасады. Рефлекстің болмысына байланысты рефлекстер қорғаныс, ас қорыту, тамақтану, зәр шығару, жыныс, тыныс, жүрек-қан тамырлар рефлекстері т.б. болып бөлінеді. Қозудың орталық жүйке жүйесі арқылы өтетін жолына байланысты жұлын, қыртыс, мишық, сопақша ми, таламустық, гипоталамустық болып бөлінеді. И. П. Павлов барлық рефлекстерді ш а р т т ы және ш а р т с ы з рефлекстер деп бөлген. Рефлекторлы доға, оның бөлімдері. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлы доға деп атайды. Қатысатын нейрондардың санына қарай рефлекторлы доға қос нейронды, үш нейронды және көп нейронды болып бөлінеді. Рефлекторлы доға бірнеше бөлімнен тұрады: 1. Сезгіш бөлім. Мұнда орналасқан сезгіш рецепторлар тітіркендіргіштің әсерін қабылдауынан қозу пайда болады. 2. Афференттік жол рецепторларда пайда болған қозуды орталық жүйке жүйесіне тасиды. 3. Нерв орталығы. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген нейрондар тобы орталыққа келген қозуды талдап орталық жүйке жүйесінің жауабын тудырады. 4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі. 5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады. 6. Эффектордың рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше қызмет атқарғанда ол мүшенің биохимиялық және электрлік өзгерістері пайда болады. Осы өзгерістерді мүшеде орналасқан сезгіш рецепторлар қабылдап, мүшенің жағдайына байланысты оларда қозу пайда болады. 6 7. Эффектордың эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында пайда болған қозуды сол мүшенің афференттік нерв талшығы қайтадан орталық жүйке жүйесіне, оның нерв орталығына жеткізеді. Мұндағы нерв орталығы келген қозуды талдап, жұмысшы мүшенің қызметін тоқ татып немесе қажеттігіне қарай жалғастыратын жауап қозу пайда болады

  1. Жоғарғы нерв жуйесінің типтері.

6. Зат алмасу және энергия.
Зат алмасуы нәтижесінде тамақпен организмге келген күрделі органикалық және минерал қосындылар ыдырайды. Олардың тіршілікке қажетті заттары ішек-қарын мен бауырдан қанға өтіп, бойға сіңеді, ал зат алмасуынан пайда болған қажетсіз қалдық заттары клеткадан, ұлпалардан, денеден шығарылады. Көмірсуының қос тотығы мен су буы өкпе арқылы тыныс алу мүшелерінің жолдарымен сыртқа шығады. Органикалық, минералдык күрделі қосындылардың ыдырауының соңғы болшектері, аралық өнімдері, қорытылмай, бойға сіңбей қалған керексіз заттар, мысалы, крахмал, мочевина, фосфор қышқылы, кейбір тұздар, зиянды микроорганизмдердің токсиндері (улы заттары) ішек пен бүйрек арқылы шығарылады. Cy мен онда еріген тұздар, сүт қышқылы, хлорлы қосындылар терлегенде термен шығарылады. Демек зат алмасуының ыдырау өнімінің соңғы қалдықтарын, зиянды, улы заттар денеден сыртқа өкпе, ішек, бүйрек, қан тамырлары, тері арқылы шығарып, дене тазартылып, организмнің ішкі ортасының қалыпты тұрақтылығы сақталады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметінің маңызы өте зор.

  1. Балалар организміндегі йод жетіспеушілігі және анемия

тамақтың құрамындағы йод жеткіліксіз болғанда эндемиялық зоб ауруының пайда болуы немесе таулы жердегі ауаның құрамында оттегі аз болғандықтан биіктік ауруының, немесе ауада көмірқышқыл газы, хлор т.б. заттар көбейгенде адамның улануы мүмкін

  1. Балаларда кездесетін семіздік және қант диабеті аурулары.

Қантты диабет (diabetes mellitus)организмде инсулиннің абсолютті немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен туындайтын және көмірсутегі, майлар, белоктар алмасулардың қатты өзгеруімен сипатталатын ауру. Балалардағы қант диабетін анықтауда атааналардың кей жағдайда бұл белгілерді байқамаулары үлкен қиындықтар туғызады. Диабет белгілерін анықтау қиындықтарына қарамай, оның ауруды анықтауға көмектесетін өзіне тән белгілері бар

  1. Балалардың көзінің көруі мен дене сымбатының бұзылуы және олардың алдын алу.

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор

  1. Балалар дамуының жас ерекшеліктері.

Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады. Кәмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, ягни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады. Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да, жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни көмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады

  1. Cезім мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы.

Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе. Барлық талдағыштар 3 бөлімнен тұрады: 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады. Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады. Өткізгіш бөлім рецепторларда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады. Tалдағыштардың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады.


12. Ішкі мүшелердің анатомиясы және физиологиясы. 13 Қан клеткаларының анатомиясы және физиологиясы 14 Нерв жүйесінің анатомиясы және физиологиясы

  1. Денсаулық топтары және оның критерийлері

  2. Tipeк- қимыл аппаратының жас ерекшеліктері мен гигиенасы. 17 Балалардың дене тәрбиесінің гигиенасы

  1. Бала бақша ғимараттарындағы гигиена талаптары

  2. Балалардың күн тәртібі

  3. Азықтық заттар және тамақтану нормасы

  4. Күн тәртібінің физиологиялық және гигиеналық негіздері

  1. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері

  2. Сенсорлық жүйелердің физиологиясы және гигиенасы

  3. Баланың танымдық әрекетін қалыптастыру және жүйке жүйесінің дамуы

  4. Ішкі секрециялық бездер физиологиясы.

  5. Тамақтану гигиенасы

  6. Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі

  7. Оқу-тәрбие жағдайының оқушылар денсаулығына әсері және оған қойылатын гигиеналық талаптар

  8. Балалардың арасында кең тараған патологиялық аурулардың ерекшеліктері.

  9. 6 жастағы балаларды оқытып тәрбиелеудің және күн тәртібінің гигиеналық негіздері

31 Тірек қимыл жүйесінің маңызы.

  1. Сүйектің құрамы, құрылысы.

  2. Бұлшық еттің құрылысы, жұмысы.

  3. Дәрумендер және олардың маңызы

  4. Ас қорыту жүйесінің жас ерекшеліктері

  5. Тамақтау гигиенасы

  6. Тірек қимыл жүйесінің маңызы

  7. Сүйектің құрамы, құрылысы

  8. Қаңқаның құрылысы

  9. Бұлшық еттің құрылысы, жұмысы

  10. Балалардың жұмыс қабілеттілігі

  11. Шаршау, шалдығу түсініктері, сабақтың ұзақтығы

  12. Оқушылардың күн тәртібіне, сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар

  13. Балалардың жеке және киіміне қойылатын гигиеналық талаптар

  14. Мектепке дейінгі мекеме жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар

  1. Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі.

  2. Сенсорлық жүйелерге жалпы сипаттама, олардың ортақ қасиеттері. 48 Көру анализаторының жас ерекшеліктері

  1. Балалар мен жасөспірімдердің көзінің көруі нашарлауының алдын алу

  2. Есту анализаторының жас ерекшеліктері, есту гигиенасы

  3. Тепе-теңдік анализаторы, қимыл анализаторы

  4. Ішкі секрециялық бездер. Гормондар.

  5. Гипоталамо – гипофизикалық жүйе, оның басқа ішкі секрециялық бездер қызметін реттеудегі ролі.

  6. Қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы бездері, олардың организм дамуы, ӛсуі, жыныстық жетілуі процестеріндегі ролі.

  7. Ас қорытудың маңызы.

  1. Ас қорыту жүйесі

  2. Дәрумендер және олардың маңызы

  3. Ас қорыту жүйесінің жас ерекшеліктері

  4. Тамақтау гигиенасы

  1. Бауыр құрылысы, функциясы, физиологиясы

  2. Бүйрек құрылысы, функциясы, физиологиясы 62 Жүрек құрылысы, функциясы, физиологиясы 63 Асқазан құрылысы, функциясы, физиологиясы 64 Ішкі секреция бездерінің физиологиясы

  1. Мектеп және балабақша ғимаратына қойылатын гигиеналық талаптар

  2. Мектептің, балабақшаның микроклиматы

  3. Балалар мекемелерінің ауа-жылуымен қамтамасыз етілу тəртібінің гигиенасы

  4. Бөлмелерді жарықтандыру, сумен қатамасыз ету

  5. Мектеп және балабақша жер телімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар 70 Ясли, ерте, орта, жоғарғы жəне дайындау топтарының режімі туралы түсінік. 71 Балалардың тамақтануын бақылау жəне ұйымдастыру.

  1. Мектептегі сабақтар кестесін медициналық бақылау.

  2. Жазғы мектеп лагерлеріндегі жəне ұзартылған күн тəртіптегі топтардың режімін ұйымдастыру.

  3. Дұрыс өмір сүру негіздері, зиянды əдеттердің алдын алу

  4. Балаларға арналған күн режимі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет