Стр. 2 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 1
Стр. 3
Қазақстанның ашық кітапханасы
2
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ
ҚАЗАҚ СОЛДАТЫ
РОМАН
БІРІНШІ БӨЛІМ
—
Әуелі келісіп алайық:
сіз еш нәрсені жасырмаңыз,
мен еш нәрсе қоспайын.
—
Жоқ, сіз еш нәрсе қоспаңыз,
мен еш нәрсені жасырмайын...
Уәдеміз осы болды...
Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытып. Зытып келе жатқаным— қашып
келемін, артыма қарай беретінім— қорқып келемін.
Шаңқан шілденің аяқ кезі болар деймін... Пісіп қалған ақ сілеуселер баяу теңселіп, үкідей
бұлғаңдап, кейде жұмсақ қана тізе сипайды да, кейде инесін қадап алады. Сипағанда
талғамай сипаса, инесін қадарда екі сирақтағы жара мен жарықты тауып алып қадайды.
Күннің көзі жер бетінде шаншыла қадалып, көлеңкең тәлтиіп, бауырыңа кіpiп барады. Бар
ыстық менің қойныма тығылғандай айдай, шоқпыт қомшаның екі қолтығы қыж-қыж
қайқайды.
Елегізер жел де жоқ, елең етер үн де жоқ, айналаң қапа тым-тырыс, тыныштық. Желді
күнгі толқындай жүйткіп дамылсыз құлпырған көкала сағым ғана ойнайды. Жердің
жарығы мен көде түптерінде бұғып отырып, қызыл сирақтары сырт-сырт етіп, қоңыр
шегірткелер ғана ысқырып ән салады. Намаз оқып тұрған молдаға ұқсап, әр жерде
қазықтай қадалған бірен-саран семіз қарасұр суырлар көрінеді.
Қашуымның да, қорқуымның да балаға лайық себептері бар. Бір табын сиырды айдалаға
тастап, қалаға қашып бара жатсаңыз, екі көзіңіз алақандай болатын сияқты. Бала да
болсам бақташымын ғой, сиырларым менен құтылған соң әр сайдың бойын өрлей салған
аз ғана егінге шүйгіп барады.
Мен қазір ондамын. «Әліпті таяқ деп білмейсің» Деп, ауылдың балалары мазақтай беретін
еді, жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті.
Енді естияр азамат болдың... Мына таяқты қолыңа ал осы ауылдың сиырын енді сен
бағасың!—деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да, өзі аяқ-еңбек іздеп қалаға кетті.
Содан бері мен үш рет қызыл бұрышта болған жиналысқа да қатынастым. Еңбекші
ретінде шақырылам ба, белсенді ретінде шақырылам ба, әлде осы екеуінің мағынасы
біреу-ақ па, ол кезде оны айыра алатын шама менде жоқ еді.
Бұл ауылдың, жиі отыратын жағы «колхоз боламыз» деп, сирегірек, шалқая отыратын
жағы «болмаймыз» деп, күн ара көрісетін кез. Ол керістерден не түсінгенім өзіме де шала-
бұлдыр, әйтеуір жиналыс болған түннің ертеңіне пілдей боп шөгіп жатқан үлкен пештің
қуысынан табылатын едім. Ала болғандықтан «Алтай» дей салған өзіміздің кәрі төбет
мені сол жерден тауып алады да, қыңсылап жүріп, еріксіз оятып үйге алып қайтады. Үйге
Достарыңызбен бөлісу: |