Емтихандарды өткізу формалары



Дата17.10.2023
өлшемі4.67 Mb.
#480930
Қорытынды аттестаттау

Емтихандарды өткізу формалары:

  • Эссе түрінде өткізілетін ана тілі мен әдебиеті (оқу тілі) бойынша жазбаша емтихан, оған 3 астрономиялық сағат бөлінеді.
  • Мектеп бітірушілерге таңдау үшін 3 тақырып беріледі; эссе тақырыптары берілген конверттер емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады; эссе көлемі – 200-250 сөз. Эссе тақырыптарын ҚР Білім және ғылым министрлігі анықтайды.
  • Бағалау мақсаты
  • Мақсаты – білім алушылардың оқу үдерісінде алған білімі мен білігін анықтау.
  • Оқу бағдарламасымен байланысы
  • 11-сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауы «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұнын бағалайды және 10,11-сыныптың оқу бағдарламаларындағы оқу нәтижелерімен анықталады.
  • Бағалау төмендегі оқу бағдарламаларының негізінде құрастырылды:
  • Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10,11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «18» маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген).
  • Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10,11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «18» маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген).
  • МЫСАЛ ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
  • Жастардың кітап оқымауына ғаламтор кінәлі ме, әлде өздерінің жалқаулығы басым ба?
  • Қалай ойлайсыз, асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған сияқты емес пе?
  •  
  • Қалай ойлайсыз, шешендік туа біткен қасиет пе, әлде үйренуге болатын өнер ме?

Эссе құрылымына мынадай талаптар қойылады:

  • Эссе құрылымына мынадай талаптар қойылады:
  • - проблема бойынша эссе авторының ойлары қысқа тезистер ретінде беріледі;
  • - ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәлелді дәйектер келтірілетін болады.
  • Дәйектер – қоғамдық өмірден, оқиғалардан, өмірдегі болған нақты жағдайдан алынған фактілер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың еңбектеріне жүгінген дәлелді фактілер және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтірудің маңызы зор, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз болады, үш дәйек қысқа жазылатын жанрларда «артық» болып көрінуі мүмкін.
  • 11(12) сыныптардағы эссе екі бағамен бағаланады.
  • Орыс тілінде оқитын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу немесе қазақ тілінде оқитын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу Тестілеуге 80 минут уақыт беріледі. Тестте 40 сұрақ болады, ол үш блоктан тұрады:
  • - лексико-грамматикалық блок – бір дұрыс жауабы көрсетілген 20 тестік тапсырмадан тұрады;
  • - «Тыңдалым» блогі – 2 мәтіні бар 10 тестік тапсырмадан тұрады, әр мәтін 200-250 сөзден тұрады және бірнеше дұрыс жауабы болады;
  • - «Оқылым» блогі, әрқайсы 200-250 сөздерден тұратын 2 мәтіні бар 10 тест тапсырмаларынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет