Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулық



бет1/8
Дата24.01.2024
өлшемі238.1 Kb.
#489618
  1   2   3   4   5   6   7   8

ЖОБА


Орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулық


1-тарау. Жалпы ережелер



  1. Аталған нұсқаулық негізгі білім деңгейінің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – мектеп) 9-сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу тәртібін (бұдан әрі – Нұсқаулық) анықтайды.

  2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 18 наурызындағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығына сәйкес әзірленді.

  3. Аталған Нұсқаулықта төмендегідей анықтамалар қолданылады:

  1. емтихан әкімшісі – мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын және осы Нұсқаулықта бекітілген тәртіппен білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтихандарын ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлға;

  2. аттестаттау комиссиясы – білім алушылардың емтихан жұмыстарын тексеру және бағалау үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері мен директордың орынбасары кіреді;

  3. апелляциялық комиссия – емтихан нәтижелерімен келіспеген білім алушылардың өтініштерін қарастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектептің пән мұғалімдері кіреді;

  4. апелляция – алынған балл/бағаға келіспеу туралы дәлелдемелері көрсетілген білім алушының жазбаша өтініші негізінде оның нәтижелерін қайта қарау рәсімі;

  5. білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында алдын ала қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

  6. емтихан ережесін бұзу – қорытынды аттестаттауға қатысушылардың (білім алушылар, мектеп қызметкерлері мен басқа да қатыстырылатын тұлғалар) осы Нұсқаулықта бекітілген нормаларға қарама-қайшы әрекеттері;

  7. ерекше жағдайды қамтамасыз ету – медициналық растаулары бар болған жағдайда емтихан өткізу кезінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жағдай жасау және ұйымдастыру;

  8. емтихан комиссиясының төрағасы – білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтихандарын ұйымдастыру мен өткізу үдерісіне басшылық жасайтын және осы Нұсқаулықта көрсетілген барлық рәсімдерді сақтай отырып, емтихандарды мектепте өткізуге жауапты тұлға;

  9. емтихан комиссиясы – білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу үшін мектеп директорының бұйрығымен тағайындалатын комиссия, оның құрамына мектеп қызметкерлері кіреді;

  10. емтихан жұмысы – білім алушының емтихан жауаптары жазылған құпия құжат;

  11. емтихан материалдары – емтиханның әр пәні бойынша емтихан тапсырмалары бар құпия құжат.

  1. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген пәндер тізбесі мен өткізу формасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу туралы бұйрығымен бекітілген мерзімде өткізіледі.

  3. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізуге тартылған барлық қатысушылар оларға жүктелген міндетті тиісінше орындауға дербес жауапкершілік алады.

  4. Мектеп барлық білім алушылар үшін тең жағдайда қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады. Растайтын құжаттары бар болған жағдайда ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес ерекше жағдаймен қамтамасыз етіледі немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 18 наурызындағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттаудан босатылады.

  5. Білім алушылардың қорытынды аттестаттау нәтижелеріне мектеп қызметкерлері мүдделі жағдайда осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша мүдделілігі туралы декларацияны толтыру қажет. Мүдделілік туралы декларацияны толтырған тұлғалар емтихан, аттестаттау және апелляциялық комиссия құрамына қатыса алмайды. Мектеп қызметкерлері мүдделілігі туралы декларацияны емтиханның басталуына 1 ай уақыт қалғанда мектепке тапсыруы керек.

  6. Мектептер білім алушылар санына қарай емтихан материалдарымен қамтамасыз етіледі.

  7. Облыстық / қалалық білім басқармалары дайындаған емтихан материалдары жапсырылған түрде қалалық / аудандық білім басқармаларына жеткізіледі. Қалалық / аудандық білім басқармалары емтихан материалдарын жапсырылған түрде мектептерге жеткізеді.

  8. Емтихан материалдарын аталған Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес қабылдау-тапсыру актісі бойынша Емтихан комиссиясының төрағасы қабылдап алады.

  9. Емтихан комиссиясының төрағасы Емтихан материалдарын қабылдап алған соң оны арнайы бөлінген кабинетке / қауіпсіз сақтау орнына қояды.

  10. Емтихан нәтижелері емтихан материалдарын тексеруді аяқтаған соң келесі күні жарияланады.

  11. Қорытынды аттестаттауды өткізген соң қорытынды аттестаттау құжаттары (акт, декларация, ведомость және басқалары) мектепте сақталуы керек. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Білім басқармасы мектептен құжаттарды талап ете алады. Сақтау мерзімі – 1 жыл. Сақтау мерзімі аяқталған соң аталған құжаттар жойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет