«Ән-көңілдің ажары» ән байқауы
Мақсаты: Қазақ әндерін дәріптеу
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар! Бүгін қазақ тілі апталығына арналып өткізілгелі отырған «Ән-көңілдің ажары» қазақ әндерінің байқауына қош келдіңіздер!
Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын!
Иә, қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
Олай болса, байқауымызды бастайық. Ортаға жас өнерпаздарымызды шақырайық.
2 «А» сынып оқушысы Алимханова Аиша
2 «А» сынып оқушысы Мураджанова Мадина
5 «А» сынып оқушысы Абишова Айшанур
5 «В» сынып оқушысы Инаятиллаева Муслима
5 «В» сынып оқушысы Назарметова Дилнура
6 «А» сынып оқушысы Абдимуминова Шадиана
7 «А» сынып оқушысы Дарыина Адина
7 «В» сынып оқушысы Жалалова Диана
Байқаудың 2 кезеңнен тұрады:
Қазақ әндерін шырқау;
«Әуенді тап» айдарымен әуен арқылы әннің атын тауып айту немесе қайырмасын айту
Байқаудың талаптары:
Әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1-кезең. Қазақ әндерін шырқау
Ауылымның аңсаймын,
Таңғы жұпар ауасын.
Шаршағанда жаныма,
Өзің ғана дауасың,- деп ақындарымыз жырлағандай, ортаға «Менің елім» әнімен Алимханова Аишаны қарсы алыңыздар.
Татулық, достық жасасыншы мәңгілік,
Елімізді жүрейік тек ән қылып.
Сахна гүлін ортаға шақырайық, ортада Мураджанова Марина «Қазақстан» әнімен, тамашалаңыздар.
3. Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін,
-ортаға Абишова Айшанур «Отан» әнімен шақырамыз.
4. Жас дәуірдің түлегіміз,
Ән салу біздің өнеріміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз- дей келе, сахнаға Инаятиллаева Муслима, Назарметова Дилнураны шақырамыз. «Тәуелсіздік – ел ұраны» әнімен, қарсы алыңыздар.
Жазшы дейсің мен туралы бір өлең,
Жыр жазбауға менде, сірә, жоқ амал,- дей келе, Абдумуминова Шадиананы «Қамажай» әнімен, қарсы алыңыздар!
6. Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
-дей келе, Дарвина Адинаны «Әжем» әнімен қарсы алыңыздар!
Татулық пен достық біздің Отанды,
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып. Жалалова Диана «Мен сені сүйемін, Қазақстан» әнімен тамашалаңыздар!
2-кезең. «Әуенді тап» айдарымен әуен арқылы әннің атын тауып айту немесе қайырмасын айту
Ахан Отыншиев «Шудың бойында»
Рахымжан Жақайым «Достарым менің золотой»
Қайрат Нұртас «Бара алмадым қасыңа»
Төреғали Төреәлі «Бол жанымда»
Абай Бегей «Аспанға қараймын»
Қуандық Рахым «Шын ғашықтар»
Нұрболат Абдуллин «Вальс»
Айқын Төлепберген «Отыздан асып барамын»
Еламан Неталиев «Ой, ой, жанайын»
Әділқазы алқасы өнерпаздарымызды бағалап болғанша, Көрермендермен ойынымызды жүргізейік. Бүгінгі жас өнерпаздарымызды байқауға дайындап, байқауымыздың сазды, әуенді өтуіне атсалысқан Хурсанд ағайға қошеметтеп қойыңыздар!
Ән «Атамекен». Орындайтын: 4 «В» сынып оқушылары Фахриддин Райан, Абдрасулов Бахадир.
Енді «Ән-көңілдің ажары» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз. Әділқазылар ең жақсы ән орындаған балаларды айтып, мақтау қағазымен марапаттайды.
Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар, баршаңызға көп рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |