Әож 35. 07 (574+71) Т. С. Нұрышева, заң ғылымдарының кандидаты, А.Қ. Балабекова



бет1/3
Дата05.06.2016
өлшемі402.78 Kb.
#116595
  1   2   3
ӘОЖ 35.07 (574+71) Т.С. Нұрышева,

заң ғылымдарының кандидаты,



А.Қ. Балабекова

экономика ғылымдарының кандидаты,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» кафедрасының доценттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ КАНАДАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы және Канаданың мемлекеттік басқару жүйесіне салыстырмалы талдау жасалады. Екі мемлекеттің мемлекеттік басқару тиімділігін бағалау бойынша халықаралық рейтингтегі алатын позициялары беріледі.



Тірек сөздер: Қазақстан Республикасы, Канада, мемлекеттік басқару, салыстырмалы талдау, халықаралық рейтинг.
Аннотация

В статье приводится сравнительный анализ государственного управления Республики Казахстан и Канады. Представлены позиции двух стран в международных рейтингах по оценке эффективности государственного управления.



Ключевые слова: Республика Казахстан, Канада, государственное управление, сравнительный анализ, международный рейтинг.
Abstract

The comparative analysis of public administration of the Republic of Kazakhstan and Canada is provided in article. Positions of two countries in the international ratings are presented according to efficiency of public administration.



Key words: Republic of Kazakhstan, Canada, public administration, comparative analysis, international rating.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясында мемлекеттік басқарудың жаңа типінің басым бағыттары айқындалғандықтан, оның қалыптасуының негіздері өзектілік сипатына ие болады [1]. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру де жалғасын табуда. Сонымен қатар реформалаудың негізгі бағыты ретінде 2015 жылға қарай сапалы мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне сәйкес корпоративтік басқару, нәтижелілік, транспаренттілік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету табылады [2]. Сондықтан мемлекеттік басқаруды жетілдіру мақсатында шетелдік тәжірибелерді де зерттеу қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда Канаданың тәжірибесі де өзіне көңіл аудартады.

Қазіргі таңда көптеген сарапшылар канадалық мемлекеттік басқару моделінің тиімділігіне мән беріп отыр. Оны әлемдік рейтингтер де, төменде біз жүргізіп отырған талдау да дәлелдеді. Біздің зерттеу жұмысымыздың да мақсаты жоғарыда аталған мемлекеттердің мемлекеттік басқару жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады.



1-ші кестеде Қазақстан Республикасы және Канада туралы жалпы мағлұматтар берілді.

1-ші кесте – Қазақстан Республикасы және Канада туралы жалпы мағлұматтар

Ресми атауы:

Қазақстан Республикасы

Канада

Ел ордасы:

Астана

Оттава

Орналасқан жері:

Азия (Орталық Азия)

Америка (Солтүстік Америка)

Аумағы:

2,724,900 км²

9,984,670 км²

Тұрғындары:

15,776,492 адам

33,876,000 адам

Тәуелсіздігі жарияланған күн:

1991 жылдың 16 желтоқсаны (КСРО-нан ).

1982 жылдың 17 сәуірі (Ұлыбританиядан).

Ресми тіл:

қазақ, орыс тілдері

ағылшын, француз тілдері

Әкімшілік бірлік:

14 облыс және екі республикалық маңызы бар қалалар

10 провинция және 3 аймақ

Басқару нысаны:

Президенттік республика

Конституциялық монархия

Мемлекеттік құрылыс нысаны

Біртұтас

Федеративтік

Мемлекет басшысы:

Президент, 5 жылдық өкілеттік мерзімге сайланады

Ұлыбританияның Королевасы және онымен тағайындалған генерал-губернатор

Жоғары өкілді орган:

Екі палаталы парламент – Сенат және Мәжіліс

Екі палаталы парламент – Сенат және Қауымдар палатасы

Жоғары атқарушы орган:

Үкімет

Үкімет

Ақша бірлігі:

Қазақстандық Теңге (KZT).

Канадалық Доллар (CAD).

ISO коды:

KAZ

CAN

Канада – 10 провинциядан және федеральды үкіметтің басқаруында болатын үш аумақтан құралатын, федеративтік мемлекет. Ресми түрде Ұлттар Ынтымақтастығының құрамындағы доминион ретінде аталады. Канада Ұлыбритания доминион мәртебесін берген 1867 жылдан бастап фактілік түрде тәуелсіз мемлекет болды. 1931 жылы Ұлыбритания үкіметі Канаданың ішкі және сыртқы еріктілігін таныды. 1982 жылы Канада Ұлыбританиядан ресми тәуелсіздігін алды. Мемлекет басшысы ретінде номинальды түрде Британ королевасы болғанымен, жалпы алғанда Канаданың Премьер-министрінің ұсынысы бойынша монархпен 5 жылға тағайындалатын генерал губернатор (канада азаматтарының ішінен) да мемлекетін басқару өкілеттігіне ие болады.

Канаданың заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Сенат және Қауымдар палатасы). Сайлауда Қауымдар палатасында көпшілік орынға ие болған партияның лидері – Премьер-министр болып, елдің үкіметін қалыптастырады. Яғни, Канададағы атқарушы билік – Премьер-министр басқаратын үкіметке тиесілі.

Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Ол - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты [4].

Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік басқарудың тиімділігін бағалау үшін әртүрлі интегралды көрсеткіштер қолданылады. Олар халықаралық ұйымдармен (Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік банк, Бүкіләлемдік экономикалық форум, Transparency International халықаралық ұйымы) әзірленген. Солардың кейбіреулері назарларыңызға ұсынылады. Әдістемелердің бірі ретінде Бүкіләлемдік банктің әлем елдері бойынша мемлекеттік басқару сапасын бағалау әдістемесін [5] қарастырып керейік.

Зерттеу жүргізу барысында халықаралық сарапшылар мемлекеттік басқаруды елдегі билік өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті институттар ретінде анықтайды. Яғни сайлау процедуралары және үкіметті алмастыру, оның қызметіне бақылау жасау туралы; үкіметтің мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыруы мен іске асыруы қабылеттіктері туралы; азаматтар мен мемлекеттің, олардың арасындағы экономикалық және әлеуметтік өзара әрекеттестікті реттеуді қамтамасыз ететін институттарға сенім білдіруі туралы мәселелерді қамтиды.

Зерттеу шеңбері аясында мемлекеттік басқару сапасын бағалаумен байланысты алты негізгі параметрлер қамтылады: 1. Тұрғындардың пікірлерін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі (елдің азаматтарының сайлауға қатысу мүмкіндіктері, сөз бостандығы, бірлесу бостандығы деңгейі және т.б.); 2. Саяси тұрақтылық және күш көрсетудің болмауы (үкіметтің тұрақсыздығына конститутциялық емес әдістермен немесе күш көрсету арқылы әсер ету деңгейі); 3. Үкімет қызметінің тиімділігі (мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау, мемлекеттік қызметшілердің жұмысының сапасы, олардың саяси қысымнан тәуелсіздігі деңгейі және т.б.); 4. Нормативтік-құқықтық реттеу сапасы (жеке секторды дамытуға мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық актілер мен негізделген саясатты әзірлеудегі үкіметтің қабылетін бағалау); 5. Заңның жоғарылығы (әртүрлі субъектілердің қолданыстағы нормаларға және ол нормаларды сақтаумен байланысты сенім білдіру, оның ішінде шарттарды міндетті түрде орындату, жеке меншікті қорғау, құқыққорғау орындарының жұмысы, қылмыстылық деңгейін бағалау); 6. Сыбайлас жемқорлықпен күрес (мемлекеттік билік ету өкілеттігін жеке басының мақсатына пайдаланудың таралымын бағалау)

2-ші кестеде 215 мемлекеттің мемлекеттік басқарудың сапасын анықтайтын алты индекс рейтингтері бойынша Қазақстан мен Канаданың алатын позициялары беріледі.

2-ші кестеде – Әлем елдерінің мемлекеттік басқарудағы сапасын анықтайтын көрсеткіштер*

Жыл

дар


KAZ

CAN

KAZ

CAN

KAZ

CAN

KAZ

CAN

KAZ

CAN

KAZ

CAN

Тұрғындардың пікірлерін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі

Саяси тұрақтылық және күш көрсетудің болмауы

Үкімет қызметінің тиімділігі

Заңнама сапасы

Заңның жоғарылығы

Сыбайлас жемқорлықтың болуы

2007

16

95

66

82

34

95

39

94

21

96

19

95

2008

17

95

66

82

42

96

44

95

24

96

18

95

2009

16

95

72

88

48

97

41

96

32

97

20

97

2010

14

94

62

79

44

97

41

96

32

97

16

97

2011

14

95

41

85

45

97

43

96

31

95

15

95

*Ескерту: Бүкіләлемдік банк зерттеулерінің көрсеткіштері бойынша. Интернет-ресурс: http://www.worldbank.org/

Берілген кестеде елдерді бағалау пайыздық көрсеткіштер негізінде жүргізілген – 0-ден 100-ге дейін. Әр мемлекет алты критерийлер бойынша өз рейтингтеріне ие болған. Сәйкесінше, рейтинг төмен болған сайын, мемлекеттік басқарудың да сапасы төмендейді.

Мысалы, 70% рейтинг сол мемлекеттегі мемлекеттік басқару сапасының әлемдегі мемлекеттердің 70 пайызына қарағанда жоғары және 30 пайызына шаққанда төмен екендігін білдіреді. Сандық көрсеткіштерді жеңілдету үшін бағалау жүйесін 7 баллдық шкалада пайдаланады, яғни 1 – ең жоғары баға (бұл дегеніміз мемлекеттің рейтингісінің осы категория бойынша 90-100% екендігін білдіреді), 7 – төменгі (0%, мемлекет осы категория бойынша ең төменгі позицияны алады). «Екілік» - 75-90%, «үштік» - 50-75%, «төрттік» - 25-50%, «бестік» - 10-25%, ал «алтылық» - 0-10% рейтингтерді білдіреді.

Кестеге сәйкес Канада төрт көрсеткіш бойынша өте жоғары бағаланса, керісінше «Саяси тұрақтылық және күш көрсетудің болмауы» көрсеткіші бойынша «екіге» бағаланған.

Қазақстан 2-ші кестеге сәйкес екі көрсеткіш бойынша «Тұрғындардың пікірлерін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі» және «Сыбайлас жемқорлықтың болуы» - «бестік», ал өзге көрсеткіштер бойынша «төрттік» рейтингке тұрақтаған.

Келесі 3-ші кестеде Біріккен Ұлттар Ұйымымен (әрі қарай - БҰҰ) жүргізілген электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша әлем елдерінің глобальды рейтингісінде, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық коммуникациялық технологияны (одан әрі – АКТ) пайдалану тенденциясын жүйелі түрде бағалаған зерттеуінде Қазақстан мен Канаданың алатын позицияларына талдау жасалады. Зерттеу БҰҰ-мен 2003 жылдан бастап бірнеше жылда бір рет жүргізіледі [6]. Осы зерттеуде қамтылған барлық мемлекеттер, рейтингте негізгі үш құрастырушы: интернет-қызмет көрсету сапасының деңгейін, АКТ-инфраструктураның даму деңгейін және адами капиталын бағалаумен байланысты бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет