ӘӨЖ 37.012
КИІМДЕГІ КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Б.Б.Құланбаева, оқытушы, Ғаппарова Н.Ж.
«Сырдария» университеті, Жетісай қ.
Киім материалдық тыс жүйе, адам денесіндегі жасанды жамылғы,ол табиғаттың сыртқы қоршаған әсерлерінен сақтап және жеке адамның кейпін, дәуірдің көрінісін бейнелейді. Жеке адамның эстетикалық талғамы оның киім кие білуінде ғана емес,сонымен қатар оның жүріс тұрысы, сөйлеген сөзі, адамдармен қарым қатынасы,қандай салада болсын кәсіби іс әрекетін атқаруында ол қоғамға қандай пайда әкеліп әрі өзін тартымды ұстану нәтижесінде байқалады. Адам бойындағы әсемдік, ұсқынсыздық, күлкілі немесе қайғылы нәрселер жөнінде көзқарасы негізінде, шындықтағы құндылықтарды эстетикалық талғаммен бағалайды. Заман ағымына сай эстетикалық талғам және техника жаңалықтары мен жетістіктеріне байланысты өнер туындыларын әзірлейтін адамдарда талғам болуы қажет, себебі ол өзінің болашақ туындысының сипатын, мәнін белгілі деңгейде бағдарламасын түзідеді,әрі қоғамда эстетикалық талғам заңдылықтарын құрайды.
Заттық дүниенің үйлесімділігін табудың мақсаты:адамның заттық дүниемен байланысын тиімді ұйымдастыру, оның еңбегі мен оқуын, тұрмысын, демалысын тиімді әрі салауатты түрде ұйымдастыру. Ескеретін басты нәрсе, адам затқа емес, зат адамға қызмет ету қажет.Сонымен, заттық ортаны үйлестіру негізінде - қоғамдық өмір мен адамдардың рухани өмірінің деңгейіне байланысты әрі материалдық жағдайға сай тиімді қажеттіліктер қалыптасты. Сондықтан да, сұлулық заңына сай шығармашылық қабілеті бай іскер жеке адамды тәрбиелеу біздің алдымызда тұрған басты міндет.Қазіргі заман адамдары, заман талабына сай жоғары дамыған талғамға ие. Адамдардың сырт пішіміне қарап олардың жастарын немесе қай маман иесі екенін ажырату қиын.Костюмнің эстетикалық рөлі адамның сұлулығы мен рухани құндылығын айқындау, сыртқы ортамен үйлесімділігін табу.
Моданы көшеге алғаш жастар киіп шығады себебі олар жаңалыққа құмар әрі батыл әрекет жасай алады,суретші модельердің, дизайнердің іс-әрекеті мен заттық дүние, қоршаған орта олардың эстетикалық талғамы мен мәдениеттілігін байқатты. Сондықтан да, жастардың психологиясын біздің қоғамымыздың эстетикалық көрсеткіштеріне байланысты ұлттық дәстүрге сай жағымды қасиеттерге тәрбиелеуіміз қажет. Адам, өзінің жеке басында эстетикалық талғамды дамыту үшін ол айналадағы сұлулықты сезініп, түсініп оны қабылдай білуі қажет. Соның нәтижесінде ол әдемі, сұлу нәрсені көріп оның құндылығын бағалауға қабілеті арта түседі. Жеке бастың сапалық қасиеттері негізінде әрбір адамның талғамының дамуы негізінде жақсара түседі.
Киім адамның мінез құлқын, сыртқы қоршаған ортамен қарым-қатынасын, беделін,кейпін,жан дүниесін айқындап көрсетеді.Жастардың қоршаған ортадағы заттарға эстетикалық талғамына әсер ететін факторлардың бірі – демонстрациялық залдағы киім үлгілері,газет-журналдар,көрмелердегі киім үлгілері мен суреттеі, қоршаған ортадағы адамдар, ақпараттық құралдар.Киім үлгілерін таңдауға жастардың шығармашылық қабілетін туындату үшін, оларды дайын модельді іздемей, өз бетінше шешім қабылдауға және жағымды әдістерді бойына қаыптастыруға көмектесу қажет.Сондықтан да, мода үлгілерін газет журнал беттерінен оқып, өз ой-өрістерін кеңейтіп,әдемілікті түсініп, сезіне білуге үйрету аса қажет етеді.В.Г.Белинский эстетикалық талғам эстетикалық дамудың неғұрлым жоғары дәрежесін сипатайды деп есептеген, әрі ол жөнінде былай дейді: «Өнерді нағыз толық түсіну үшін мықтап зерттеп, даму қажет;адамның табиғаттан алатын эстетикалық сезімі зерттеу мен даму арқылы алынатын эстетикалық талғам дәрежесіне дейін көтерілуі тиіс».Жеке адамның эстетикалық бағалауларында, көзқарастарында, пікірлерінде әрдайым сол қоғамның, таптың немесе адамдар тобының адамгершілік, әлеуметтік саяси және басқа көзқарастарының өзінше бір таңбасы болып табылады.
Адам көзі қоршаған ортаға байланысты өз қалпында қабылдай бермейді,яғни заттардың бейнесін адам көзіне сырт қарағанда сол заттардың шын бейнесі әр уақытта дұрыс көре алмайды. Көздің мұндай кемшілігін киімді модельдеу барысында қолдану өте тиімді. Модельерлер киім үлгілерін дайындауда осы көз бояшылық білімін қолданып, адам денесінің сымбаты мен бетәлпет сұлулығы барлық адамдарда кездесе бермейді. Осы кешіліктерді жасыру үшін модельерлер киімнің көзбояушылық әсерін пайдаланады. Модельерлер киімді көркемдеп жобалау барысында негізгі міндеті адам тұлғасындағы кейбір кемшіліктерді көрсетпей әдемі сұлу етіп көрсетуді алдына міндет етіп қояды. Көлемі бірдей төрт фигура - ішінде үшбұрыштың ауданы үлкен болып көрінеді онан соң шеңбер, сосын овал, соңында төрт бұрыш пішімі кішірейіп көрінеді.
Қара және ақ түсті екі бірдей квадраттардың пішімдері әртүрлі болып көрінеді. Қара квадрат ақ түсті квадраттан кіші болып көрінеді. Квадратты екі бірдей бөлікке горизонталь және вертикаль сызықтармен бөлсек , вертикаль сызықты квадрат ұзын, горизонталь сызықты квадрат қысқа болып көрінеді.
Көзбояушылық әсердің (иллюзия – латын тілінен аударғанда «illusium» - призрак) үш түрі кездеседі. Олар:
Физикалық – ол күн сәулесінің шағылысуы, сәуленің сынуы (стакан ішіндегі суда тұрған қасық) барысында байқауға болады.
Физиологиялық- көзбояу, ол адам көзінің құрылымына байланысты /көздің көрермендік жазықтығына қарай түрліше сезінуі/.
Психологиялық – тұтас форманы қабылдауға, назар аударуы, жинақталған тәжірибенің әсері болуы мүмкін.
Ал костюмнің көзбояушылық әсері физиологиялық, психологиялық тұрғыда (яғни, түсті қабылдау, сәуле, бұрыш, өлшем, форма, жазықтық бағыты мен арақашықтарды салыстыруда т.с.с.) пайда болады.Әсіресе түстік үйлесімділікті қабылдауда көзбояушылық әсер күшті байқалады.
Ұзындықтары бірдей екі кесіндінің бірдей екі кесіндінің біріншісінің ұшы сүйір ал екіншісі доғал болса онда, біріншісінің көлемі ұзын болып көрінеді,екіншісінің ұзындығы қысқа болып көрінеді.
Етегі кең киімдер адам фигурасын толық етіп әрі кішірейтіп көрсетеді. Егер жолақты матаданкөйлек тіккенде жолақтарын көлденең орналастырса,дене толық болып көрінеді.Матаның жолақтарын тігінен етіп орналастырып тіксе,денені ашаң етіп көрсетеді.Ашаң мен толықтау келген әйелге киім тіккенде осы жағдайды ескеру қажет.Үш бұрышты мойын ойындысы иықты үлкен, бөксені кішкентай етіп көрсетеді. Практикада дене құрлысына мынадай кемшіліктер кездеседі.Мысалы, оң иығы сол иығынан биік болады бұл кезде биік бөксеге жолақ қойып немесе белдік, шарф, иініш т.с.с. жапсырма қолданып кемшілікті жасыруға болады.Үлкен және кіші шеңбердің контрасты әсерінен ішіндегі шеңбер кіші болып көрінеді.Адам бетін кішірейту үшін кең шеңберлі қалпақ кигізіледі,ал сопақ беттерді үлкейту үшін кіші шеңберлі бас киім кигізіледі немесе киім жағасын пайдалана отырып адам бетін әдемі етіп көрсетуге болады.Биік қалпақты қыз бойы ұзын болып көрінеді. Иығы қушық қыздар үшін иықты үлкен болып көріну үшін иінішті киім кигені дұрыс.Киім жан-жақты толық болып көріну үшін киімде иллюзиялық көзбояушылық сызықтар мен түстер өзара үйлесімін табуы тиіс.
Түстер де адам денесіне өз әсерін тигізеді. Мысалы, суық түстер адам денесін кшірейтіп жеңіл етіп көрсетеді. Ал,жылы түстер адам денесін үлкейтіп айшықты етіп көрсетеді.Суретші модельерлер киім дайындау барысында бірнеше композициялық тәсілдерді пайдаланады:
1.Композициялық орталықты табуды қажет етеді, ол белдік, жаға, қаусырма, түрлі әшекейлер болуы мүмкін.
2.Кіші элементтер өзара үйлесімді болуы тиіс, яғни жаға, жең мен киім етегі, белдігі т.б.
3.Киім түрі оның қолдану мақсатына сай келуін ескеру қажет.
Костюм композициясын шамадан артық сәндеу.
Костюм композициялау элементтерінің бірі сәндеу.Киімді сәндеу барысында киім сызығына, пішіміне, матасына, құрылысына, түсіне үйлестіре таңдау қажет.Сәндеу бұл киімге қосымша әсемдік беру мақсатында қолданылады.Бірақ , сәндеу кез – келген костюмде қолданылмайды.Тарихи кезеңедерде киімді сәндеу элементтері киім тігуде негізгі рөл атқарды.Мысалы, бір киімнің өзінде әртүрлі сәндеулерді қолданып киімді ауырлатып,тіпті адамнан киім басым етіп көрсетеьді.
1912 жылы модада қазіргі кездегі мода ағымындағы сәндеулер қолданылған.Тарихи кезеңдерде мода ағымына байланысты киімді сәндеуде және оны пайдалануда өз ерекшеліктері болады. Моданың уақытша ағымы барысында сәндеудің кейбір түрлері қайталанып отырады.Тоқыма, бау, таспа, сутаж,кең түрде қолданылатын.Осы таспа мен сутажды 70-жылдардың басында мода ағымына қайтадан киімді сәндеу қолданылатын жаңа композицициялық шешімін тапқан.
Қазіргі кезде киімді сәндеуде мынадай сәндеулер қолданылады: үлпек,табиғи және жасанды үлпектер,мата,тоқыма теріледі және жасанды ұсақ түйек заттар машина тігістері,опликация,моншақтар,кестенің түрлері, шашақтар т.б. және сонымен қатар бүрмелер,буфалар,қатпарлар,ролик және бантиктерді әр түрлі материалдардан киімді әшекейлейді.
Жоғарыда айтылғандай сәндеу киімге қосымша әсем түр береді.Киімді сәндеу барысында сол киімді қай мезгілде киетінін анықтап және киілу мақсатына (үй киім,сән-салтанатқа жұмысқа,спорттық) көңіл аудару керек.Күзге киетін жеңіл пальтоның жағасы қаракөлдің терісінен ықшамды етіп тігілсе қыстық пальтоның жағасы үлкендеу және (кесте, менежка,әдіп, апликация қондырмасы,жаға,манжет,гүлдері) сәндеудің арасында киімнің қолдану мақсатына қарай өзгеруге болады.Мысалы:Белдік тағып күнделікті киім кисе сол киімге гүл, бант қондырса ол киімді сән-салтанатқа киюге болады.Киімді сәндеу негізгі композициялық ойлардың шешімін табуда үлкен рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |