7 сынып Геометрия
Пән мұғалімі Бабыр Қалдыбек
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамасын, қасиеттерін білуге есептер шығаруда, сол қасиеттерді пайдалана білуге баулу, үйрету.
Дамытушылық: Бұрыштың түрлерінің өзара байланысты түсіне білуге ұқсастығымен айырмашылығын ажырата білуге,жылдам ой қорыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Бұрыштардың сызбасын дұрыс түсініп, сауатты сала білуге дағдыландыру, тақырыптың нақтылығына көзін жеткізу.
Көрнекілігі: таблицалар,моделдер,дидактикалық материалдар.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, есептер шығару.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың құрал-жабдығының толық болуына назар аудару зейінін бір ортаға тоғыстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3.Өткен материалдарды қайталау.
А) Үшбұрыштар.
Б) Параллель түзулер.
4. Жаңа сабақты түсіндіру, жаңа сабаққа байланысты сұрақтар қоямын:
-
бұрыш дегеніміз не?
Төбе
Қабырға градустық өлшем
Тік транспортир
жазық
Бұрыш деп бастапқы нүктелері ортақ болатын әр түрлі жарты түзулерден құралған фигураны айтады.
-
Бұрыштың түрлері:
Шамасы 900-қа тең бұрышты тік бұрыш деп атайды.
900 –тан кіші бұрышты сүйір бұрыш деп атайды.
900-тан үлкен бұрышты доғал бұрыш деп атайды.
Тік бұрыш Сүйір бұрыш Доғал бұрыш
-
Сыбайлас және бір қабырғасы ортақ, ал өзге екі қабырғасы бір-біріне толықтауыш сәулелер болса , онда бұл бұрыштар сыбайлас бұрыш деп атайды.
В
А О С
Егер бір бұрыш қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш сәулелері болса, бұл бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды.
Қасиеттері :
10. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800- қа тең.
АОВ + ВОС = АОС =1800
20. Вертикаль бұрыштар өзара тең:
1 = 3; 2 = 4
5. Сабақты бекіту. Дайындалған көрнекіліктер арқөылы өтілген материалдарды бекітемін.
Сұрақтар қоямын:
А) Сыбайлас бұрыш дегеніміз не?
Б) Вертикаль бұрыш дегеніміз не?
В) Қасиеттері.
6. Есептер шығару.
№ 65; №66 – ауызша.
Берілгені: №68 ∠а- ∠в = 400
т/к ∠a; ∠в
Шешілуі: ∠а +∠в = 1800
∠а = 40 0 +∠в
40 + ∠в +∠в = 1800
2 ∠в = 1800 - 400
2 ∠в = 1400
∠в = 700
∠а = 400 + 700 = 1100
Жауабы: 1100 ; 700.
7. Сабақты қорытындылау.
Венн диаграммасы және салыстыру әдісі бойынша өтілген материалдарды бекітемін.
8. Үйге тапсырма §4,1, № 69
Салыстыру әдісі
Бұрыштар
|
Анықтамасы
|
Сызбасы
|
Қасиеті
|
Сыбайлас
|
|
|
|
Вертикаль
|
|
|
|
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
Сыбайлас бұрыш Вертикаль бұрыш
Достарыңызбен бөлісу: |