ӘОЖ 37.035.6 :37.035
ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ-АЗАМАТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ
Қойшыбаева Қ.Б., Әміреева И.Т.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.
е-mail: icobay@ mail.ru
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өсіп өркендеуі, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі, осы негізде патриоттық-азаматтық тәрбие беру, бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі болуда.
«Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес « патриоттық-азаматтық» жастардың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады [1.].
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм (грек. patris – Отан) - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама берілген [2, 218].
Қазақстан халық жазушысы М.Мағауиннің еліміздің егемендік алғаннан бергі кезеңде ел тұтастығы, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында бірнеше шығармалары жарыққа шыққан болатын. Оның негізгі арқауы бүгінгі ұлт, Отан, жастарды туған жерін сүюге бағытталған еңбектерімен белгілі. Мысалы «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясын, «Ұлттың күретамыры», «Ұлтсыздану ұраны», т.б. кітаптарын айтуға болады. Жазушы қазақстандық отансүйгіштік туралы толғамды ой-пікірлерінің бірінде: «Қазақ дейтін халық үлкен халық, ұлы халық. Осы халықтың туын көтеріп, халық үшін қандай да күреске әзір болу керек. Адамның адамдығы – ел-жұрттың адалдықта, кісіліктің көрсеткіші – ұлтын сүю, халқын сыйлау», - деп отансүйгіштік тәрбие берудің маңызын сипаттай түседі [3, 208].
Б.Момышұлы өзінің еңбектерінде ерлік мәселесіне өзіндік анықтама берген.
Ерлік - кісінің қайрат-жігерінің, ақыл - ойының, ар-намысының, ынта-әрекетінің еңбектегі және ел қорғаудағы жеңісті де, жемісті көрінісі. Жеке адам ерлік әрекетке дейін батылдыққа, батырлықка тәрбиеленіп тәлім алады.
Ерлік дегеніміз не? Бұл адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі. Ержүректілік пен батырлықты найзаласқан қолма - қол ұрыстан көргісі келген адам қателеседі. Ерлік табиғат сыйы емес, ең алдымен өзінің ар - намысын да және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін - азаматтық парызын орындау үшін адамгершілік, теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас ұжым өмірінің игілігін ғана емес, сонымен қауып-қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға - жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауыпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр ету» - дейді Б.Момышұлы [4].
Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында Отанға деген махаббат ұлттың және құқықтык, сана-сезім, азаматтық өнеге мен табиғи түйсіктерді: өз отбасы, елі, халқы ауданы, ауласы, спорттық клуб, қаласын қолдау – бастауы болып саналатын азаматтық – патриотизм үлкен орын алады. Осылайша, азаматтық патриотизм негізінде халық рухында, ұлттық түсінікте, шығармашылыққа ұмтылуда, белсендік әлеуметтік салада тамыр алып жатқан - саналы талпыныс пен импульс жатыр. Азаматтық патриотизм туған табиғат пен өзінің топырағы арасындағы қатынас болып табылады, ол әлеуметтік мәдениет тұтастығы мен тұлғалар өмір сүретін рухани адамгершілік ортаны көрсетеді.
Азаматтық патриотизм ֊- адамның, қоғамның және мемлекеттің өзара әрекетінің ерекше механизмі, ол патриотизмнің басқа да түрлерін жинақтайды және мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық процестердегі өзінің ұлттық мәдени сәйкестігін қорғаумен байланысты.
Бірақ патриотизм түрлерін атап көрсету олар арқылы көрінетін халықтың шығармашылық, әлеуметтік-әскери мүмкіндігі оның өзіндік ерекшелігін нақтылау деген сөз емес. Патриотизмнің әрбір көрсетілген түрлерін өзінің негіздемесіне, өзіндік ерекшелігіне және өзінің болашағына деген халықтың тіршілік әрекетінің беталысын анықтайтын нышандық, нормативтік-құнды кеңістік ретінде өмір сүреді деп бекітуге болады. Бұндай кеңістік бір мезгілде виртуальды да, шынайы да болып келеді, мақсаттық, құрылымдық нәрселер сияқты Отан, мемлекеттік, әлеуметтік әділеттілік мағынасын білдіретін нышандар мен құндылықтар жағынан тұлғалардың жүріс-тұрысын, мінез-құлқын реттеу де бар.
Осылайша, тұлғалар үшін патриотизмнің өзіндік сана-сезімі, өз Отанына деген бағдары қаншалықты деңгейде анықталса, осы көрсетілген патриоттық бағыт кеңістігінің түрлері нормативтілікті соншалықты қабылдай түседі.
Осы жерден қоғам бірлігін, оның ішкі ұйымшылдығының деңгейін анықтайтын мақсаттар мен құралдардың арасында бейресми бай֊ланыс орнайды. Бұндағы мақсат֊ Отан құндылығында көрсетілген талаптар, ал құрал - қоғамдық байланыс пен оның беталысы арқылы жүзеге асырылатын мәдени артефакт, әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институттар сияқты қызмет түрлері. Патриотизмнің мұнда сақталған қоры елдің езгеруі, оның құдіреттілігін арттыру үшін қажетті әлеуметтік күштерді шоғырландырудың өзара түсіністік пен ынтымақтастық, ұжымшылдық пен ауызбіршілік.іс-әрекеттерінде көрінеді және осылайша, қажетті жетілдіруді жүргізу шарттарын қамтамасыз етеді.
Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, халықтың әлеуметтік психологиясының ерекшеліктері толымды көрініс табатын қоғамдық өмірді ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады.
Бүгінгі күндегі патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі – бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазірде Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет.
Бұндай жаңарған қазақстандық патриотизм мазмұнын қазіргі озық мәдениет құндылықтары ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениетінің дәстүрлі құндылықтары, оның айрықша руханилық, азаматтық пен өнегелілікке ұдайы ұмтылушылық құндылықтары да құрайды. Өткеннің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы өркениеттің мейлінше озық бағыттарын игере отырып, қазақстандықтар өз елін ең алдыңғы қатарлы шепке қайта шығара алады. Бұған халқымыздың жоғалмаған, қайта, жаңа әлеуметтік өмір жағдайында жаңарған патриотизмі қайта кепіл бола алады.
Патриоттық тәрбие тұлға қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады, ол жастардың алған білімдерінің негізінде азаматтық борыш ұстанымымен, жекебастық мүдделері қоғамдық ұстанымдармен астасып жататын тіршілік әрекеті үлгісіне даярлығын қамтамасыз етуі тиіс.
Патриоттық сезімнің қайнар көзіде объектісі де Отан. өз мазмұны бар, бұл сезімнің туындап қалыптасуының өз шарттары бар дей келе ол, «қазақстандық патриотизм» тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйішпеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние, психологиялық-әлеуметтік құбылыс. Ғалым отансүйгіштіктің өлшемі әр адамның өз Отанының қорғанысын, экономикасын, мәдениетін, ғылымын, рухани қабілетін арттыруға қосқан үлесі деп таниды. Ғалымның бұл пікіріне біздің патриотизм тек қару алып жауға карсы шығу ғана емес, күнделікті өмір салтында «Отаным», «халқым», «елім», «ұлтым» дегенді ұмытпау, өз мүддесін көздеп, не істесе де өзінің қазақ ұлтының өкілі, соның құрамдас бір бөлшегі екенін естен шығармау деген ой-пікірімізді нығайта түсті. Отанын қайда жүрсе де мақтан тұтса, оған жүрек қалауымен қызмет етсе, «патриоттық сезім - ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі қару-жарағы күшті болғанымен, ұлттың рухы төмен болса, әскердің қай түрі болса да әлсіздік көрсетеді» - дейді Ә.Қалмырзаев [5].
Бұдан патриоттық сана мен сезімнің мазмұны «Отан» деген ұлы үғым болып оның қалыптасуының басты шарттары Отанға деген сүйіспеншілік сезім ояту, Отанын көркейтуге үлкен үлес қосу және отансүйгіштікке өзін-өзі тәрбиелеуге бейімдеу екендігі айқындала түседі.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі Отан болып, оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар, жалпы ұлттық құндылықтармен толықтырылады. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де, ерлік істердің қайнар көзіне айналу - патриотизмге тәрбиелеудің арқауы болуы тиіс.
Азамат - патриоттың тұлғасы ой дербестігімен, біздің болашағымыз үшін жауапкершілікті мойнына ала алатын, маңызды рухани және адамгершілік қасиеттері бар, азаматтық парызды сезінетін, Отанға, туған жерге, ағайын-туғандарына, тіліне, өз халқының салт-дәсгүрлеріне, деген махаббатпен қарайтын, өз Отаны, тарихы, халқының жетістігі үшін мақтаныш сезімімен сипатталады.
«Отаным маған қандай жақсылық жасай алады деп сұрама, мен Отаныма не жасай аламын деп сұра өзіңнен» - деп айтқан ұлы ғұламаларымыз. Қазіргі кезде кең байтақ еліміздің тыныштығын қорғау - әр саналы азаматтың міндеті болса, мұны жүрекпен сезініп түсіне білу - әрбір жауынгердің Отан алдындағы борышы. Халқымыздың амандығын, шекарамыздың бұзылмауын ойлау - Қарулы күштеріміздің негізгі мақсаты.
Қандай қоғамда, қандай ортада ғұмыр кешпе Отанды қорғау әр азаматтың қасиетті де, қастерлі парызы. Ол бұған дейін де солай болған, әрі жұмыр жер бетінде жеке, дербес мемлекеттер бар шақта солай болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы: 2012.
2.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.7. /Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 728 б.
3.Мағауин М. Ұлттың күре тамыры /Көсемсөз, ой, толғамдар. - Алматы: «Қанағат-ҚС», 1999. - 236 б.
4.Момышұлы Б. Соғыс психологиясы. - Алматы, 1976. - 8 б.
5.Қалмырзаев Ә. Қазақстандық патриотизм калай қалыптасады //Егемен Қазақстан. – 1998 жыл 10 қаңтар. - №6. – 2 б.
Резюме
В статье рассматриваются и обсуждаются такие понятия как содержание патриотического и гражданского сознания и чувства и основные условия формирования понятия «Родина» и чувства любви к нему, патриотическое самовоспитание и саморазвитие.
Summary
The article deals with the following notions: the content ofpatriotic and citizen upbringing, the basic conditions for forming the feeling of love of the mother land, patriotic self- upbringing and self- development.
Достарыңызбен бөлісу: |