Әож 37. 091. 3: 347. 787. 5(043. 3) Қолжазба құқында



бет1/2
Дата04.03.2016
өлшемі0.5 Mb.
#41223
түріДиссертация
  1   2

ӘОЖ 37.091.3:347.787.5(043.3) Қолжазба құқында



Жолдасова Бибикул БАЛКИБЕКОВНА

БОЛАШАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚУШЫЛАРДЫ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРГЕ БАУЛУҒА КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

13.00.08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

С.А.Жолдасбекова

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының

докторы, профессор

А.Усманов


педагогика ғылымдарының

кандидаты А.З.Тұрсынбаев

Жетекші ұйым Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті





Диссертация 2010 жылы «18» желтоқсан сағат 10-00 М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде қорғалды. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, 342 ауд.


Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, 2-қабат.

Автореферат 2010 жылы «17 » қарашада таратылды.



Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Д.А.Кемешев

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі күні елімізде жаһандану үдерісінде бірнеше стратегиялық қадамдар жасалып, саяси, экономикалық, мәдени жүйенің өзгеруі әсерінен Қазақстанның нарықтық экономика жағдайында демократиялық жолмен дамуы білім беру кеңістігінде де келелі өзгертулер енгізуде.

Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы және елдің денсаулығын жақсарту міндеттерімен бірге жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі ерекше атап көрсетілген. Қоғамда еңбекқор, кәсіби даярлығы талапқа сай, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар даярлау қажеттігі туады. Өйткені, кез келген мемлекеттің жоғарғы мектебінің маңызды әлеуметтік міндеті болашақ маманның өз мүмкіндіктерін көрсете алуына мүмкіндік береді. Осы айтылған міндеттер – кәсіби мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі алғы шарттар болып табылады.

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты ел экономикасын қабілетті мамандармен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау. Білім беру жүйесіндегі кез-келген жаңалық оқу үдерісін ұйымдастыру мен жоспарлауда түбірлі өзгерістер алып келеді. Сондықтан, қазіргі қоғамдық өзгерістерге сай даму қарқыны болашақ мамандарды даярлау барысында рухани, ұлттық болмысты қалыптастыруда білім беру моделін жаңаша құруды қажет етуде. Мұндай туындаған қажеттіліктер болашақ бакалаврларды ұлттың рухани қазынасымен, өнеге-өнерімен сусындатуды талап етеді. Осы орайда болашақ технология пәні мұғалімдері іс-әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында кәсіби мәнді сапалар қалыптасып, тұлғасының дамуы көзделеді.

Болашақ маманның кәсіби даярлығын қалыптастыру жән өзін-өзі әрі қарай үздіксіз білім алу арқылы дамытуын жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің заңдылықтарын,студенттерді оқыту технологиясын ашып көрсету, маманның іс-әрекет моделін құрылымдау С.И.Архангельский, В.П.Беспалько, В.А.Сластенин, С.Я.Батышев, А.П.Сейтешев, П.Р.Атутов, В.Д.Симоненко еңбектерінде қарастырады.

Қазақтың ұлттық өнері негізінде мәдениет пен даму заңдылықтарын тарихи – философиялық, фольклорлық-этнографиялық тұрғыдан зерттеген Л.Гумилев, Ә.Қоныратбаев, Х.Арғынбаев, Н.Сәрсенбаев, С.Қасқабасов, М.Балтабаев, Б.Байжігітов, т.б. ғалымдардың құнды еңбектерін атауға болады.

Кейінгі жылдары Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде оқушылар мен студенттердің тәрбиесін жетілдіру мақсатында өнер түрлерін пайдалану жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктері ашып көрсетілген. Мәселен, Т.А.Қышқашбаев, Р.К.Дүйсембінова зерттеулерінде халық музыкасы, Д.А.Кемешев, Ұ. М. Әбдіғапбарова т.б. бейнелеудегі қолөнер арқылы тәрбие беру мәселелері сипатталады.

Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлау жолдары мен әдістеріне Е.С.Асылханов, Г.Ж.Меңлібекова, Ы.Наби, Б.К.Момынбаев, А.Б Абибулаева, И.Б.Сихымбаев, В.В.Егоров, Е.Ш.Қозыбаев, О.Сыздық, Б.Т.Кенжебеков, К.К.Болатбаев, К.Болеев, К.Ж.Каракулов, А.А.Жолдасбеков, Б.А.Оспанова, С.М.Кеңесбаев, С.Т.Каргин, У.Ш.Ибрагимов, Б.Мухамеджанов, Ж.Ж.Жанабаев т.б. ғылыми еңбектерінде ішінара тоқталып, талдаулар жасаған. Сонымен қатар жоғары білімді мамандар даярлау ерекшеліктерін К.А.Дүйсенбаев, У.Н.Нышаналиев, С.З. Қоқанбаев, М.Қозыбақов, Г.Ш.Альназарова, А.Қ.Қозыбай, С.А.Жолдасбекова және т.б. зерттеулерінде технология пәні мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру мәселелерін қарастырған.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқушыларға үйрету бойынша, Б. Алмұхамбетов, С.А. Жолдасбекова, Ф. Жұмабекова, А.Д.Райымқұлованың еңбектерінде сәндік-қолданбалы өнердің оқушыларға көркемдік, әсемдік, эмоционалдық сезімін дамытуға эстетикалық тәрбие берудегі мүмкіндіктері қарастырылады. Е.Асылханов қазақтың қолданбалы өнерінде көрініс алған ұлттық мәдениеттің, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер арқылы эстетикалық тәрбие, оқушылардың адамгершілік сапаларын қалыптастыру факторына тоқталса, М. Мырзақанов сәндік-қолданбалы өнердің жасалу техникасы мен технологиялары арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуды қарастырады. М. Ж. Қозыбақовтың еңбегінде болса сәндік-қолданбалы өнер түрлерін студенггерді көкем еңбекке баулудың дидактикалық бағыттарын зерделейді. Балалар мен жастардың қолөнер бұйымдарын жасаудағы іскерліктерін қалыптастырып қабілеттерін жетілдіруге, шеберліктерін шыңдауға аса мән береді. Қ.Ералин, Қ. Ижанов, Р. Қанапьянова, А. Манабаева, Ұ.Әбдіғапбарова зерттеулерінде қазақтардың осы өнер түріне балалар мен жастарды үйретудің жолдарын саралап көрсетуге талпынады. «Сәндік-қолданбалы өнер» түрлерінің мазмұнын, ерекшеліктерін, функцияларын, принциптерін айқындайды, мүмкіндіктеріне тоқталады.

Халқымыздың қолөнері арқылы студенттер мен мектеп оқушыларын оқыту, тәрбиелеу мәселесіне еңбектер арналғанымен, (атап айтсақ, М.Орынбеков, Қ.Мұқанов, К.Ш.Нұрланова, К.О.Жеделов, С.Толыбеков, С.Төленбаев, М.Өмірбекова, Б.Байжігітов, т.б.) олар халық қолөнерін үйрету және сол арқылы өмірге даярлау мәселелерін шешуді ғана зерттеу нысаны етіп алған.

Жоғарыда аталған авторлардың еңбектеріне талдау жасау барысында болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу мәселелері жеткілікті түрде толығымен зерттелмегені анықталды. Осыған орай, жоғары оқу орындарының маңызды міндетінің бірі кәсіптік оқыту мамандығы бойынша студенттерді дайындауда халқымыздың ұлттық қолөнерінің бір түрі – сәндік-қолданбалы өнерге үйрету болғандықтан, аталмыш мәселе төңірегінде арнайы зерттеу жүргізу қажеттігі анықталды.

Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға болашақ мұғалімдерді үйрету, бір жағынан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық үрдістер және оқытуды соған бейімдеу мәселесімен астарласып жатса, тағы бір жағынан, жастар арасындағы сәндік-қолданбалы өнерге көзқарастағы ауытқулар, өнерге деген талап пен талғамның өзгеруіне байланысты туындап отыр. Осыған орай, ғылыми зерттеулерді, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламаларды зерделеу барысында оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау қажеттілігі мен бұл туралы арнайы теориялық зерттеудің болмауы. Сонымен қатар ЖОО-да болашақ технология пәні мұғалімін оқушыларды сәнді-қолдабалы өнерге кәсіби даярлау әдістерінің қажеттігі мен бұл қажеттілікті жүзеге асыруға негіз болатын арнайы педагогикалық шарттардың болмауы арасында қайшылық бар екені байқалды. Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары» деп алуымызға себеп болды.

Зерттеу объектісі: жоғары оқу орнында болашақ технология пәні мұғалімін кәсіби даярлау.

Зерттеу пәні: болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау үдерісі.

Зерттеу мақсаты: болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу, педагогикалық шарттарын айқындау және оны эксперимент жүзінде тексерістен өткізіу.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

егер:


-болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары, қазіргі күй-жайы, мазмұны теориялық негізделсе;

-сәндік-қолданбалы өнерді меңгеруде өзіндік дербес жұмыстар мазмұны анықталып, педагогикалық шарттары айқындалса және практикалық жүзеге асырылу әдістемесі жасалынса, онда болашақ технология мұғалімін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау барысы жетілдіріледі, өздігінен дербес шығармашылық ізденіске дағдыландырады, өйткені болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау үдерісі тиімді болады.



Зерттеу міндеттері:

- болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу;

- оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға болашақ технология пәні мұғалімдерін кәсіби даярлаудың мазмұндық-құрылымдық моделін жасау;

- болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығын жетілдірудің педагогикалық шарттарын айқындау;

- болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың әдістерін ұсынып, оның тиімді жолдарын тәжірибелі-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.

Жетекші идея: болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығын теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемелік нұсқаулармен қамту оның кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылық танымын жетілдіре түседі.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері жеке тұлғаның іс-әрекеті туралы философиялық, психологиялық теориялар; таным теориясы; жеке тұлғаны қалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық ой-тұжырымдар; кәсіптік педагогикалық білім беру теориясы, сәндік-қолданбалы өнер туралы тарихи-педагогикалық зерттеулер; оқыту мен тәрбиелеудегі іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлық қатынастардың психологиялық тұжырымдамалары, іс-әрекет теориясы, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми материалдары, Білім және ғылым министрлігінің жоғары білім беру мәселелері туралы нормативтік құжаттар мен оқу кешендері (тұжырымдамалар, стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар және т.б.); педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар; сонымен бірге автордың педагогикалық және зерттеушілік іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқу-әдістемелік кешендерге, бағдарламаларға, аудиториядан тыс жұмыс формаларына, озық педагогикалық технологиялар мен іс-тәжірибелерді талдау жасау, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), практикалық әдістер (өнімдерге талдау жасау, салыстыру), тәжірибелік-эксперимент деректерін статистикалық өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың әлеуметтік-мәдени алғышарттары нақтыланып, оның қазіргі жағдайын талдау теориялық тұрғыда негізделді;

- оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұндық-құрылымдық моделі жасалып, оның компоненттері, көрсеткіштері анықталды;

- болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуда кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалды;

- болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың әдістері ұсынылып оның тиімділігі тәжірибелі-эксперименттік жұмыс барысында тексерілді.

Зерттеудің практикалық мәні:

- жоғары педагогикалық оқу орны студенттерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттарын іске асыру мақсатында «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері» атты элективті курстың бағдарламасы жасалды және оның тиімділігі іс-тәжірибеде тексерілді;

- жоғары педагогикалық оқу орындары студенттерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығының теориясы мен практикасына арналған «Казақтың сәндік-қолданбалы өнері», «Белдікті бұйымдарды конструкциялау мен модельдеу», «Тігін материалдарын көркем өңдеу» әдістемелік құралдары дайындалды және сынақтан өткізілді;

- болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау үшін «Өнер – ұлттық тағылым» атты үйірме жұмысының бағдарламасы жасалып, жоғары оқу орындары тәжірибесіне ендірілді.

Зерттеу нәтижелерін жоғары педагогикалық оқу орындарының кәсіптік білім мамандық шеңберіндегі 050120-«Кәсіптік білім» мамандығы бойынша студенттер даярлайтын факультеттерде пайдалануға болады

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

1. Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге баулуға даярлықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері әлеуметтік-мәдени алғышарттары мен мазмұнын талқылау арқылы сипатталуы;

2. Болашақ технология пәні мұғалімін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлықтарын қалыптастыру моделінің негізделуі және оны сипаттайтын өлшемдері мен көрсеткіштері;

3. Жоғары оқу орындарында болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттарын пайдалану бұрыннан қалыптасқан сәндік-қолданбалы өнер дәстүрін меңгерту және ғылыми тұрғыда сапасын арттырып жетілдіру негізінде жүзеге асады.

4. Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға студенттерді кәсіби даярлауға арналған оқу-әдістемелік кешен (оқу бағдарламалары, элективті курс бағдарламалары, оқу құралдары, оқу-әдістемелік нұсқаулар т.б.) болашақ мұғалімге өз мамандығын жетік меңгеріп шығуына септігін тигізеді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Зерттеудің бірінші кезеңінде (2004–2006 жж.) зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, обектісі, пәні, құндылығы, болжамы, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы анықталды, тәжірибелі-эксперименттік жұмыстың жоспары әзірленіп, кезеңдері айқындалды, психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерге талдау жасалды, қарастырылып отырған мәселенің қазіргі жағдайына шолу жасалды, қазақтың сәндік-қолданбалы өнеріне байланысты материалдар жинақталып, айқындау эксперименті ұйымдастырылды.

Зерттеудің екінші кезеңінде (2006–2008 жж.) Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау бойынша білім беру мазмұны, оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар талданды, жоғары педагогикалық оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығын жетілдіру әдістері ұсынылды. Осы негізде болашақ мұғалімдердің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлауға арналған элективті курс бағдарламасының мазмұны әзірленді, зерттеу нәтижесі тәжірибеден өткізілді.

Зерттеудің үшінші кезеңінде (2008 – 2010 жж.) алдын ала жасалған қорытындыларға түзетулер ендірілді, эксперимент материалдары жүйеге келтірілді, соның негізінде теориялық тұжырымдар құрылды, педагогикалық эксперимент нәтижесінде алынған деректер статистикалық өңдеуден өткізіліп, қорытындыланды және зерттеу жұмысын жүйелеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу базасы:

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде жүргізілді.

Экспериментке 492 студент қатысып, оның 252-і эксперимент тобында, ал 240-ы бақылау тобында болды.

Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі:

Автордың педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізделуімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара байланыстағы әдіс-тәсілдерді нақты қолдануымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытылуымен, олардың тиімділігін 050120-«Кәсіптік білім» мамандықтары бойынша оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуімен тексеріліп қамтамасыз етілді.



Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі баптары мен нәтижелері эксперимент барысында жүзеге асты және диссертацияның негізгі қағидалары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда (Алматы қаласы, 2007ж., Астана қаласы, 2009 ж., Шымкент қаласы, 2009ж.), жоғары оқу орындары профессор оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында (Кентау қаласы, 2006 ж., Шымкент қаласы, 2007 ж.) баяндалды.

Басылым көрген оқу құралдары мен әдістемелік құралдарда, мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда («Хабаршы» Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2005; «Білім» 2006, 2007, 2008; «Хабаршы» Астана, ЕГИ, 2007; «Хабаршы» Е.Букетов атындағы ҚарМУ, 2007; «Ұлт тағылымы» 2009; Білім-Образование, №2, 2010; «Университет жаршысы» Ш.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, 2009; Зерттеуші-Исследователь. Ғылыми журнал, 2010) көрініс тапты.

Зерттеу нәтижелері республикалық бірқатар жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне енгізілді. Зерттеу материалдары бойынша 26 еңбектер жарияланды. Соның ішінде 3 оқу-әдістемелік құрал, 1 әдістемелік құрал, 2 оқу бағдарламасы, 21 ғылыми мақала бар.

Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асырылуы баяндалады.

«Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың мән-маңызы ашылып, педагогикалық, психологиялық аспектілері баяндалып, бұл мәселенің қазіргі зерттелу жағдайына талдау жасалды және оқу-тәрбие үдерісінде алатын орны мен қызметі анықталды, оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуда студенттердің кәсіби даярлығының мазмұндық-құрылымдық моделі құрылып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері негізделді.

«Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың тиімді жолдары» атты екінші бөлімде жоғары оқу орындарында болашақ техология пәні мұғалімдерін кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалып, оларды іске асыру әдістемесі көрсетілді, элективті курс бағдарламасының мазмұны берілді. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының мазмұны баяндалып, оның нәтижелеріне талдау жасалды.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми тұрғыдан ұсыныстар берілді.

Қосымшаларда элективті курстың бағдарламалары, эксперимент материалдары, сабақ үлгілері келтірілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Ал, жоғары білімді педагог маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеуіне үлес қосатын ұрпақ тәрбиелей алады.

Заманауи жаңа технологиялық дәуірдің негізгі ерекшелігі-технологиялық мәдениеті мен ұлттық дәстүр бойында қалыптасқан тұлғаны мектеп қабырғасынан тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл міндеттің білім берудегі және кәсіптік дайындықтағы өз шешімін табуының көрінісі ретінде Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты «Технология» білім саласының басты мақсатында оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әр түрлі материалдарды өңдеуге үйрету барысында қазіргі заманғы технологиялық үдеріске және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру қажеттілігі көрсетілді.

Әлемдік тәжірибеде ғылыми білімнің жаңа саласы – технологиялық білімнің қалыптасуы қазіргі мектептердегі осы өзгерістерге себеп болды. Сондықтан, білім беру саласында мектептегі технологиялық білім беру барысында оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда шығармашылығын дамытуды басқару мұғалімнен осы педагогикалық іс-әрекет түріне тиісті дайындығы болуын талап етеді. Ол іс-әрекеттің мазмұнына мыналар енеді: оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулудың мақсаты мен нәтижелерін жобалау; сәндік-қолданбалы өнерге үйретудің мазмұнын, әдістерін, құралдары мен формаларын іріктеу мен модельдеу; оқушылардың сәндік-қолданбалы өнері шығармашылығын дамытудың жеке бағдарламаларын (бағыттарын) құрастыру; шығармашылық іс-әрекет барысында жоспарлау мен мониторинг жүргізу және т.б. Алайда, технология мұғалімдерінің көпшілігі әлі күнге дейін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу іс-әрекетін ұйымдастыруда қиындықтарды бастан кешіп отырғандығын мойындау керек. Мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттің осы түрін өз бетінше меңгеруі тиісті оң нәтиже беріп отырған жоқ.

Сонымен, мектепте өскелең ұрпақты еңбекке даярлау жүйесін дамыту қисыны оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу тұрғысынан алғанда, технология мұғалімдерінің педагогикалық білімін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.

Оқушылардың сәндік-қолданбалы өнері шығармашылығын дамыту міндеттерін шешуге болашақ технология мұғалімдерін даярлаудың құрылымы, мазмұны мен шарттарын жетілдіру тетіктерін теориялық ой екшеуінен өткізу, әзірлеу мен негіздеу үшін Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытудың негізгі үдерістеріне талдау жасалды.



Жүргізілген зерттеулерге сай болашақ "Технология" пәні мұғалімін даярлауда кәсіптік білім бағдарламаларының мазмұны мен оны жүзеге асыруға қойылатын талаптарды атап көрсетсек:

  1. Білім берудің гуманистік мақсаттарын, яғни студенттердің-болашақ технология пәні мұғалімінің кәсіби даярлығын қалыптастыруды жүзеге асыру тұлғалық даму нәтижелерінің айқын берілуін талап етеді, алайда осы мамандықтың білім мазмұнында кәсіптік білім мекемесінде дамыту мақсаттарына қол жеткізу үдерісінің бағытын ашып көрсете алатын компонент жоқ.

  2. Маманға қойылатын талаптардың бір бөлігінде болашақ технология пәні мұғалімінің тұлғасына қойылатын кешенді талаптар, яғни оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу саласында оны маман ретінде сипаттайтын кәсіби қасиеттердің жиынтығы көрсетілмеген. Құжаттарда мұндай талаптардың жиынтығы реттелмеген сипатта келеді.

  3. Кәсіби іс-әрекет барысында технология пәні мұғаліміне пәнаралық байланыстардың жоғары деңгейінде және негізгі педагогикалық функциялардың бірлігінде (дамытушы, қалыптастырушы, қолданбалы, ақпараттық, зерттеушілік және т.б.) педагогокалық міндеттерді шешуіне тура келеді. Алайда, болашақ технология пәні мұғалімін кәсіби даярлауда білім берудің дәстүрлі мазмұны шығармашылықты дамытатындай дәрежеде түрленіп келмейді.

  4. Талапкерлердің түрлі интеллектуалдық, шығармашылық және басқа да түрліше даму ерекшеліктерін ескере отырып, сәндік-қолданбалы өнері бойынша шығармашылықты дамыту саласында дайындықтың бастапқы деңгейін теңестіруге, студенттердің өз әлеуетін тануына, шығармашылықты жетілдіру жұмысы бойынша мәселелерді айқындауға бағытталған мазмұнды жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Алайда, мамандықтың оқу жоспарында және оқу пәндерінің бағдарламаларында мұндай мазмұн арнайы көрсетілмеген, реттелмеген, ал жүзеге асырылып келе жатқан мазмұнның өзара байланысы төмен.

  5. Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу саласында маман ретінде болашақ технология пәні мұғалімінің кәсіби даярлығын дамыту барысында алынған нәтижелері үздіксіз және бірізді қадағалау, талдау мен түзетуді қажет етеді. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің іс-әрекетін реттейтін құжаттарда оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу тұрғысынан, маманның кәсіби даярлығын бағалау критерийлерінің сапалық жүйесі көрсетілмеген. Соған орай, көрсетілген аспектідегі мониторингілік іс-әрекет қағаз жүзінде ғана орындалып келеді.

  1. Болашақ маманды кәсіби және шығармашылық дамыту мақсатына қол жеткізу оның кәсіби даярлығының барлық компоненттерін (тұлғалық, жалпымәдени және арнайы) жүзеге асыруда тұтастық пен өзара байланысты қажет етеді. Алайда, мамандық бойынша негізгі кәсіптік білім бағдарламасының құрылымында әрбір жеке компонент өз алдына дербес, басқаларымен байланысы аз болып келеді.

  2. Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу барысында студенттердің оқу-кәсіптік және оқу-шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудың қолда бар модельдері педагогикалық білім беру нәтижелеріне ретімен және үздіксіз қол жеткізуге барлық уақытта кепілдік бере алмайды.

Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуға кәсіби даярлау теориясы мен практикасына жасалған талдау жалпы білім беретін мектепте білім беру үдерісін технологиялық қамтамасыз етудің келесі мәселелерін айқындау мен қалыптастыруға мүмкіндік берді:

1. Педагогикалық үдерістің субъектілеріне қатынасы бойынша, біздер студенттерді тұлғалық дамытудың тетіктерін «іске қосу» қиындықтарын, сонымен қатар оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу іс-әрекетіне даярлау тұрғысынан алғанда, кәсіби және шығармашылық даму, өзін-өзін дамыту критерийлері мен көрсеткіштері жүйесінің болмауын байқаймыз.

2. Педагогикалық үдеріске қатысты біздер келесі қиындықтарға жолығамыз:

- оқу үдерісін дәстүрлі жүйеде жүргізу студенттердің өзін-өзі талдау жасау және өз білім ауқымын, өзін-өзі дамытуын жобалау тәсілдері мен құралдарын меңгеру мүмкіндігін жоққа шығарады;

- студенттердің оқу-кәсіби іс-әрекетінде пәндік бағыттылықтың үстем болуы, мұның өзі оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу барысында студентердің кәсіби даму мен шығармашылық мақсаттарына қол жеткізуге кедергі жасайды;


  • студенттің білімін бағалаудан студенттің тұлғасын бағалауға көшу және керісінше; оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу іс-әрекетіне студенттердің дайындық деңгейін бағалайтын критерийлер мен көрсеткіштердің болмауы;

- кәсіптік білім беру мекемесінде студенттерді даярлаудың көрсетілген аспектінде мониторинг іс-әрекеті жүйесінің болмауы.

3. Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекеттестік және өзара қатынастар жүйесінде біздер студенттердің белсенділігін төмендете отырып, педагогтың өз белсенділігін үстем ету деректеріне жолығамыз, мұның өзі оның іс-әрекет әрі шығармашылық субъекті ретінде дамуына мүмкіндік бермейді. Адамның толыққанды дамуы көбіне тұлғалық қатынастарда оның қандай орын иеленетіндігіне байланысты болатындығы белгілі. Тұлғаралық "студент-студент", "педагог-педагог", "педагог-жетекші", "студент-ата-ана" қатынастар жүйесінде болашақ маманның бойында тиісті қажеттіліктер, кәсіби және шығармашылық мүдделер, адамгершілік және эстетикалық сезімдер, сонымен қатар технология мұғалімінің кәсіби және шығармашылық қалыптасуы үшін маңызды болып табылатын басқа да көптеген қасиеттер қалыптасады. Соған орай, оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуға технология мұғалімдерін кәсіби даярлау барысында студент өзіндік білім бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс, мұнда оқытушылар мен басқа да білім субъектілері тарапынан оның оқу-кәсіптік және оқу-шығармашылық іс-әрекетіне тұрақты қолдау көрсетілуі керек.

Жалпы білім беретін мектепте технология пәні мұғалімінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуға даярлығын технологиялық қамтамасыз ету бойынша көрсетілген мәселелер келесі іс-әрекет бағыттарының маңыздылығын анықтап берді:


  • оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға болашақ мұғалімдерді даярлаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, болашақ технология мұғалімдерінің педагогикалық білім мазмұнын, әдістерін, құралдарын және формаларын түзетуге мүмкіндік беретін тұжырымдамалық негізгі және базалық педагогикалық технологияларды таңдау;

  • осы маманды даярлаудың мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, мамандық бойынша оқу пәндерін дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

  • көрсетілген аспектіде технология пәні мұғалімінің кәсіптік және шығармашылық бағалау критерийлерін әзірлеу;

  • болашақ мамандарды жоғары оқу орындарында кәсіби даярлау барысында бақылау-бағалау шараларын жүзеге асыру құралын әзірлеу.

Зерттеу барысында технология пәні мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетіне кешенді талдау жүргізу қажеттілігі мынаған байланысты болып келеді: біріншіден, оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу бойынша іс-әрекет пен функциялардың негізгі түрлерін негіздеумен, екіншіден, әрбір атап көрсетілген педагогикалық іс-әрекет түріне сәйкес келетін біліктіліктер жиынтығын анықтаумен, олардың қалыптасу деңгейін бағалау критерийлерін және бақылау-бағалау шараларына қойылатын талаптарды әзірлеумен, үшіншіден, оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу іс-әрекетіне даярлау барысында студенттердің оқу-танымдық және оқу-шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жағдайына қойылатын талаптарды даярлаумен байланысты. Технология мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетін зерттеуге жүргізілген талдау осы міндеттерді шешудің дайын жауаптарын бере алмады. Технология пәні мұғалімінің іс-әрекет құрылымынан оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға іс-әрекеттердің құрылымдық компоненттерін атап көрсетуге мүмкіндік берді (Кесте 1).
Кесте 1 - Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға іс-әрекеттердің құрылымдық компоненттері


Іс-әрекеттің құрылымдық ком-

понент-тері



Технология пәні мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетін құраушылар

Технологиялық

Сәндік-қолданбалы өнері

Психологиялық-

педагогикалық



Субъект

Технолог (техник)

Шебер

Мұғалім

Себептер

Адамның материалдық, көркем-эстетикалық қажетіліктерін қанағаттандыру

Халықтық сәндік -қолданбалы өнерге қажеттілікті қанағаттандыру

Шығармашылық өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыруда тұлғаның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру

Мақсаты

Оқушылардың еңбек үдерісі сапасын арттыру, оқыту құр-алдарын жетілдіру үшін, техникалық, технологиялық, көркем және шығармашылық іс-әрекеті мен өнер-тапқыштығын ұйым-дастыру мен жүзеге асыру

Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын қайта жаңғырту, оқушыларды сәндік -қолданбалы өнер бұйымдарын жасауға үйрету

Шығармашылық саласында тәжірибе беру іс-әрекетін ұйымдастыру. Шығармашы-лық арқылы тұлғаны дамыту. Шығармашылық әлеуетті өз бетінше дамыту техно-логиясын үйрету. Іс-әрекетті шығармашылық өзгертудің технологиялық тәсілдеріне үйрету

Пәні

Еңбек заттары, өндірістік өнім, материалдар, энергия түрлері. Білім беру үдерісін оқу-бағдарла-малық, әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз ету

Сәндік-қолданбалы өнері бұйымдарын жасауға қажетті материалдар, өнертану, компо-зиция заңдылық-тары бойынша мәліметтер

Адамның шығармашылық әлеуеті, субъектінің шығармашылық әлеуеттің түрлі деңгейіне қол жеткізу заңдылықтары мен шарттары

Мазмұны

Жобалау, технология-лық, кон­структорлық, өнертапқыштық, кәсіп-керлік, көркем және басқа да міндеттер

Көркемдік, жобалаушы, сәндік, кәсіпкерлік және т.б. шәкірт тәрбие-леу міндеттері

«Технология» пәні және оқушыларды сәндік- қолдан-балы өнеріне баулу арқылы тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен дамытудың педагогикалық міндеттері.

Функция-лар

Есептік-талдау, өндірістік- техноло-гиялық, конструктив-тік-техникалық, бақы-лаушы, ұйымдастыру-шы, экономикалық, танымдық, өз бетінше білім алу және т.б.

Сәндік ісмер, қолөнер шебері, өз бетінше білім алу, үнемдеу, жобалаушы, құрастырушы, ұста

Үйретуші, тәрбиелеуші, дамытушы, гностикалық (танымдық), ақпараттық, жобалаушы, коммуникативтік, әдістемелік, зерттеушілік, бақылаушы, ұйымдастырушы, өз бетінше білім алу және т.б.

1 – ші кестенің жалғасы

Құралдар

Оқу шеберханаларының материалдық жабдықталуы. Жабдықтар, аспаптар, құрылғылар, техникалық және технологиялық құжаттама, анықтамалық әдебиет

Шеберхананың материалдық жабдықталуы, аспаптар, құрылғылар, сәндік-қолданбалы өнері бойынша әдебиеттер

Көрнекі оқу құралдары мен жабдықтар, оқулықтар, оқу құралдары, нұсқаулық карталар, жұмыс дәптерлері, тірек конспектілер және т.б. Қол өнеріне баулуда оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулудың педагогикалық жүйелерін жобалау тәжірибесі

Іс-әрекет нәтижесі

Техникалық-техноло-ги­ялық шығармашы-лыққа және өнертап-қыштыққа, сонымен қатар өзіндік шығар-машылық әлеуетті жүзеге асыру

Сәндік-қолданбалы, шығармашылыққа және өнертанушы, сонымен қатар өзіндік шығармашылық қабілетін жүзеге асыру

"Технология" пәні арқылы оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулуда шығармашылығын дамыту іс-әрекетіне дайындығы

Болашақ технология мұғалімдерін кәсіби даярлау барысында жоғары оқу орындары педагогтарының рөлі зор маңызға ие. Сондықтан педагогтардың кәсіби-мәдени, интеллектуалды және кәсіби-шығармашылық әлеует деңгейі оқушыларды сәндік-қолданбалы өнеріне баулу іс-әрекетіне студенттердің кәсіби даярлығын қалыптастыруда шешілетін педагогикалық міндеттердің күрделілік деңгейіне сәйкес келуі керектігіне көз жеткіздік.

Сонымен, біздер Қазақстандағы педагогикалық білім беру жүйесінің даму үдерістері мен кәсіптік жалпы білім беру мекемесінде білім беру үдерісін жүйелі жоспарлау және ұйымдастыруға негізделген заманауи әдістерге талдау жасадық. Мұның өзі технология мұғалімінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу іс-әрекетіне даярлығы үдерісінің белгілі бір жақтарын, байланыстары мен функцияларын сипаттайтын базалық білім моделінің негізгі элементтерін анықтауға мүмкіндік берді (сурет 1).

Біздер теориялық зерттеулер мен тәжірибелерді ескере отырып болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға болашақ сәндік өнер мамандарының кәсіби даярлығын жетілдірудің мазмұндық-құрылымдық моделін жасадық. Осы модель аясында өлшемдер мен көрсеткіштер қарастырылады.

Ұсынып отырған теориялық модельде болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау: мотивациялық-құндылық; мазмұндық; іс-әрекеттік; креативтік компоненттермен тұтастықта қарастырылады.

Аталған компоненттер өлшемдер мен көрсеткіштерді, деңгейлерді анықтауға мүмкіндік береді.



Біріншіден, мотивациялық-құндылық компонент – болашақ технология пәні мұғалімдері оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға белсенділігі

Cурет 1 - Болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығының мазмұндық-құрылымдық моделі


мен саналы сезінуі, қызығушылығы, ұмтылысы құндылықтарын меңгерту барысында олардың өмірлік маңызын жете түсінуі және оның өмірлік қажеттілігін ұғындыруы, мәдени құндылықтарды өндіруге, таратуға, тұтынуға ұмтылуы, бұйымдардың жасалу технологиясына көркемдік қызығушылығы жоғары білікті мұғалім болуға талпынысы.

Екіншіден, мазмұндық компонент – болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға сәйкес қалыптасқан білімі. Сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының түрлері мен шығу тарихын, материалы мен түстік үйлесімін, композициялық шешімін, ою-өрнектері мен жасау технологиясы жөнінде мәліметтерді білуі және сәндік-қолданбалы өнер бұйымын жасау арқылы оның қажеттілігі мен мағынасын түсіне білуі.

Іс-әрекеттік компонент – болашақ технология пәні мұғалімдері оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға сәйкес іскерлігі, адамның күнделікті жан-жақты әрекетінде қоғамға, өмірге, өнерге, табиғатқа, еңбекке шынайы қарым-қатынас жүйесін жүзеге асыруы, ақиқат өмірді шығармашылық тұрғыдан меңгеруі, практикалық іс-әрекетінде теориялық білімі мен біліктілігін ұштастыра білу іскерлігі, меңгерген технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалана білу қабілеті.

Креативтік (шығармашылық) компонент – кәсіби даярлықтың жоғары деңгейіне қол жеткізуі, оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға қажеттілікті сезінуі, өз көзқарасын сараптау және бағалау деңгейінің өсуі, сонымен бірге өзінің кәсіби әрекетінде жинақталған әсерін «әдемілік заңы» бойынша шығармашылықпен ауыстыра білуге дайын болуы, идеяларды шығармашылықпен ойлап таба білуі.

Демек, оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуда болашақ технология пәні мұғалімінің кәсіби даярлығының өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды (2-кесте)

Сонымен бұл бағыттағы мұғалімнің кәсіби даярлығы – күрделі екендігіне көз жеткіздік. Берілген модельдің негізінде зерттелген компоненттердің қалыптасу деңгейлері анықталды.

Берілген модельдің негізінде зерттелген компоненттердің қалыптасу деңгейлері анықталды.



Жоғары деңгей: сәндік-қолданбалы өнердің тарихы мен түрлері туралы білімі терең, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары жөнінде өзіндік талғамы айқын және тұрақты, сәндік-қолданбалы өнердің жасалу техникалары мен кәсіби орындалуын толық меңгерген, сәндік-қолданбалы өнер құндылықтарын меңгеру барысында олардың өмірлік маңызын жете түсінеді, қажеттілігін ұғынады, бұйымдардың жасалу технологиясына қызығушылығы, көркемдік талғамы жоғары, жоғары білікті мұғалім болуға талпынады; кәсіби

педагогикалық біліктіліктері мен педагогикалық шеберліктерін үнемі жетілдіріп отырады, ақиқат өмірді шығармашылық тұрғыдан меңгерген,

Кесте 2 – Болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығының өлшемдері мен көрсеткіштері


Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

1

2

3

Мотивациялық-құндылық компонент

Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға сәйкес белсенділігі, қызығушылығы, ұмтылысы


- сәндік-қолданбалы өнердің мәнін түсініп білуге құлшынысы жоғары және оны орындауға белсенділігі;

- педагогикалық үдерістің теориялық негіздерін білуді саналы сезінуі;

- педагогикалық іс-әрекеттерді толық мәнді жүзеге асыруға ұмтылуы;

- бұйымдардың жасалу технологиясына қызығушылығы;

- жоғары білікті мұғалім болуға талпынысы


Мазмұндық

компонент



Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға сәйкес қалыптасқан білімі


- сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау жөніндегі білімі, түсінігі;

- педагогикалық үдерістің теориялық негіздері бойынша білімі;

- педагогикалық іс-әрекеттерді толық мәнді сипаттау бойынша білімі;

- талдау, жинақтау, пайымдау, дәлелдеу т.б. ой операцияларын атқара алуы;

- сәндік-қолданбалы қолөнер жұмыстарында жеке тұлғаның өз туындысын оның композициялық көрінісін сақтай отырып жасай білуі және қолөнер құндылықтарына қызығуы;


Іс-әрекеттік компонент

Болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға сәйкес іскерлігі


- адамның күнделікті жан-жақты әрекетінде қоғамға, өмірге, өнерге, табиғатқа, еңбекке шынайы қарым-қатынас жүйесін жүзеге асыруы;

- ақиқат өмірді эстетикалық-шығармашылық тұрғыдан меңгеруі;

- теориялық білімі мен практиканы ұштастыра білуі;

- практикалық іс-әрекетінде теориялық білімі мен біліктілігін ұштастыра білу іскерлігі;

- меңгерген технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалана білу қабілеті


Креативтік компонент

Болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға сәйкес креативті шығармашылығы

  • сәндік-қолданбалы өнерді шығармашылықпен жүзеге асыруы және кәсіби даярлықтың жоғары деңгейіне қол жеткізуі;

  • сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасау жөніндегі креативті тұлғалық білімі;

  • өз көзқарасын сараптау және бағалау деңгейінің өсуі;

  • өзінің кәсіби әрекетінде жинақталған әсерін шығармашылықпен қолдана және басқа жағдайға ауыстыра білуге дайын болуы;

- соны идеяларды шығармашылықпен ойлап таба білуі.

теориялық білімі мен практиканы ұштастыра біледі, меңгерген технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда тиімді пайдалана біледі; өз мүмкіндігін жоғары бағалайды, шығармашылық қабілетін белсенділікпен дамытып отырады, соны идеяларды шығармашылықпен ойлап тауып, өз әрекетінде тиімді пайдаланады.

Жоғары деңгей мұғалімнің кәсіби даярлығының жоғары дәрежеде қалыптасуымен ерекшеленеді.



Орта деңгей: сәндік-қолданбалы өнердің тарихы мен түрлері туралы біршама білімі бар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары жөнінде өзіндік талғамы бар, бірақ тұрақты емес, сәндік-қолданбалы өнердің жасалу техникалары мен технологиясын біршама меңгерген, сәндік-қолданбалы өнер құндылықтарын меңгеру барысында олардың өмірлік маңызын түсінеді, қажеттілігін ішінара ұғынады, бұйымдардың жасалу технологиясына қызығушылығын, көркемдік талғамын таныта алады, жоғары білікті мұғалім болуға талпынады; кәсіби педагогикалық біліктіліктері мен педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге тырысады, оқушыларға сабақ беруді ұнатады, ақиқат өмірді шығармашылық тұрғыдан түсінеді, теориялық білімі мен практиканы ұштастырады, меңгерген технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалана біледі; өз мүмкіндігін бағалайды, шығармашылық қабілетін дамытып отырады, соны идеяларды ойлап тауып, өз әрекетінде пайдаланады.

Сонымен, орта деңгей студенттің өз бойында кәсіби даярлықтың құрамдас компоненттерін өздігінен қалыптастыруға деген ұмтылысымен, талпынысымен ерекшеленетіндігін байқаймыз.



Төменгі деңгей: студент сәндік-қолданбалы өнердің тарихы мен түрлері туралы білімі жеткіліксіз, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары жөнінде өзіндік талғамы байқалмайды, сәндік-қолданбалы өнердің жасалу техникалары мен технологиясын аз меңгерген, сәндік-қолданбалы өнер құндылықтарын меңгеру барысында олардың өмірлік маңызын жете түсінуге, қажеттілігін ұғынуға мән бермейді, бұйымдардың жасалу технологиясына қызығушылығы, көркемдік талғамы тұрақты емес, жоғары білікті мұғалім болуға талпынысы бар; кәсіби педагогикалық біліктіліктері мен педагогикалық шеберліктерін жетілдіріп отыруы жүйелі түрде емес, ақиқат өмірді шығармашылық тұрғыдан меңгеруде, теориялық білімі мен практиканы ұштастыра білуде сырттан көмек келуін қажет етеді, технологиялық білім, біліктіліктерін жаңа білім алуда пайдалануда қиналады; өз мүмкіндігіне сене бермейді, шығармашылық қабілетін дамытуға аса мән бермейді, соны идеяларды ойлап табуда, оны өз әрекетінде пайдалануда өз-өзіне сенімсіз, тек дайын үлгілермен жұмыс жасауға икемді.

Бұл деңгейдегі болашақ мұғалім шығармашылық қабілетін дамытып, соны идеялар ойлап тауып, өз бетімен ізденуден гөрі дайын біліммен қанағаттануымен сипатталады.

Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығын жетілдірудің педагогикалық шарттары анықталды:


  • жоғары оқу орындарында технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау қажеттілігі жөнінде қоғам сұранысын анықтау;

  • болашақ технология пәні мұғалімдерінің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығын жетілдірудің мазмұндық-құрылымдық моделін жасау;

  • болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулудың тиімді жолдарын ұсыну;

  • болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында элективті курс бағдарламасын жасау;

  • студенттердің іс-әрекетіне ұсыныстар ендіру жиынтығын қамтамасыз ету.

Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлауды ұйымдастыру: оқушылардың ақыл-ойы мен практикалық іс-әрекетін белсендендіретін және олардың жүзеге асуын қамтамасыздандыратын оқыту формаларына, әдістеріне, бағдарлауға; оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін үйрену барысындағы іс-әрекетін ұйымдастыруда орындаушылық іс-әрекетінің шығармашылық ізденіспен ұласуына; сәндік-қолданбалы өнерін үйрету үдерісінде оқушыларды сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, ақпарат алып, оған талдау бере білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін анықтауға, техникалық құжаттарды жасауға қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды сұрыптауға, жоспарды құра білуге, технологиялық тапсырмаларды ұйымдастыруға және орындауға, іс-әрекет нәтижелерін бағыттап, бақылауға, өзіндік талдау мен өзіндік баға бере білуге үйретуде; сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасау үдерісінде оқушылардың оған деген қызығушылығын, сұранысын арттыруға, онымен әсерленуіне; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте кезеңдеп қалыптастыруға; мұғалім, оқушылар мен ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынаста, ынтымақтастық шығармашылыққа жұмыс жасауына; болашақ технология пәні мұғалімдері оқу материалдары мен қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін оқыту әдістемесін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отырды.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде үш кезеңде жүргізілді.

Экспериментке 492 студент қатысып, оның 252-і эксперимент тобында, ал 240-ы бақылау тобында болды

Анықтау экспериментінің нәтижесі студенттерді сәндік-қолданбалы өнері түрлерінен білімінің төмендігін, «Технология» пәні сабағында сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын жан-жақты меңгертуге, құзырлылығын қалыптастыруға байланысты жұмыс формалары мұғалімдердің бұл саладан арнайы даярлықтарының жоқтығына байланысты ішінара қарастырылатынын көрсетеді.

Бұны оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу іс әрекетіне технология пәні мұғалімінің кәсіби сапасын анықтау мақсатында, мұғалімдерге арналған сауалнамаларға берген жауаптары дәлелдейді. Мысалы, «Ең қажетті кәсіби сапалар», «Маңызды кәсіби сапалар», «Ұнамды кәсіби сапалар», «Қажетті кәсіби сапалар», «Бейтарап маңызды кәсіби сапалар» анықталды. Сонымен қатар, оқушылар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалауда шығармашылық тұрғыда мәселені толығымен шеше алады деп ойлайсыз ба?» деген сауалға: 14% - «иә», - «жоқ», 20% - «ойламаппын» деп жауап берсе, 11% - сұрақты жауапсыз қалдырды. Мұндай көрініс мұғалімдердің бағдарламаға енгізілген тақырыптармен ғана шектелетінін, оқушылардың сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылығын қалыптастыру мәселесінің өздігімен дербес іздестірмейтіндігінен туындап отыр. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына жасаған талдау да қарастырылып отырған мәселеге аса мән бермейтінін айғақтайды.

Біз осының бәрін ескере отырып, болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге үйретуге кәсіби даярлауды жоғары оқу орны барысында жүзеге асыруды көздедік. Әрі оны жүзеге асыру үшін «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері» тақырыбында элективті пән бағдарламасы 3 курсқа 3 кредит көлемінде жасадық. Мұнда, 15 лекция, практика 30, СӨЖ 45, ОБСӨЖ 45 сағат жоспарланды.

Сонымен қатар, «Мектептегі жоба» пәнінің бағдардамасы дайындалып оқушыларды «Сәндік-қолданбалы өнер элементтері», «Тігін бұйымдарының сән үлгілері», «Түксіз кілем тоқу» бөлімдеріне педагогикалық талаптарды, оқушылардың меңгеретін білім, іскерлік, дағдысын ескере отырып қосымшалар жасадық. Бұл бөлімдерге не бәрі 15-сағат көлемінде уақыт бөлінетіндіктен (бұл әрине аз) біз қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін студенттерге меңгертуді «Өнер - ұлттық тағылым» атты үйірме сабағы арқылы жүзеге асыруды жөн көріп, 1-2 курс студенттерімен кезеңдеп өтетін үйірме жұмысының жылдық жоспарын жасадық (Кесте 3).

Оқу бағдарламасына ендірілетін сәндік-қолданбалы өнер түрлері тақырыптарының мазмұнын нақты өлшемдер арқылы (қарастырылатын мәселенің баланың жасына қарай түсінікті болуы, көркемдік құндылығы, орындалу технологиясының жеңілдігі) сұрыптадық.



Қалыптастыру экспериментінің алғашқы кезеңінде «Өнер-ұлттық тағылым» үйірме жұмысының жылдық жоспары жүзеге асты. Курсты оқыту мақсаты студенттерді қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінде кездесетін ою- өрнектермен таныстырып, олардың қолдану мақсатына сай мәні мен мағынасын түсіндіру, ою-өрнек композициясының шешімін дұрыс табуға үйрету. Сонымен қатар, құрақ-құрау, кестелеу, тігу технологияларын меңгерту, әрі көркемдік талғамын арттыру болып табылады. Мұғалімдердің анықтау эксперименті кезінде берген жауаптарының нәтижесі, ұсыныстары ескерілді, сабақты меңгеру барысында бас киім тігу, ою-өрнек композициясы мен түстік шешімін табуға, аса назар аударылды. Студенттерді сәндік-қолданбалы өнерге баулу білімі мен іскерлігін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілді.
Кесте 3 – «Өнер – ұлттық тағылым» үйірмесінің тақырыптық бағдарламасы

Тақырыбы

Сағ. саны

Әдіс-тәсілі,

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнердің бүгінгі өмірдегі маңызы және оның шығу тарихына мәліметтер

2

Талдау, әңгімелеу

Сәндік-қолданбалы өнер түрлері мен олардың композициялық шешімі.

2

Саяхат, талдау

Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарындағы ою-өрнектердің мәні мен маңызы.

4

Талдау, эскиздер салу

Ою-өрнектер композициясының түстік шешімі

4




Геометриялық ою-өрнектер композициясы.

Кілем, алаша өрнектері. Ши бұйымдарына өрнек салу.



8

Талдау, эскиздер салу

Өсімдіктектес ою-өрнектер.

Ұлттық киімдердегі өрнектер.



4

Талдау, эскиздер салу

Жануарлартектес ою-өрнектер композициясы.

Олардың сәндік-қолданбалы өнерде кездесуі




4

Талдау, эскиздер салу

Ғарыштық ою-өрнектер композициясы.

Құрақ құрау. Көрпеше, жастық құрақ түрлерінің өрнектері мен олардың мәні.



8

Талдау, эскиздер салу

Жүннен жасалған бұйымдар.

10

Практикалық

Көркемдік кесте. Сыйлықтық үй тұрмысы бұйымдарын кестелеуде қолданылатын ою-өрнектер.

8

Практикалық

Бас киім тігу, ою өрнектермен әшекейлеу.

6

Практикалық

Сырмақ сыру.

6

Демонстрациялау және практикалық

«Өнер - ұлттық тағылым» қолданбалы өнер әлеміне саяхат (көрме)


2

Демонстрациялау, талдау

Барлығы:

68



Болашақ мұғалімдерді сәндік-қолданбалы өнерге үйрету іс-әрекетінің нақты нәтижесі, оқушылардың танымдық және әлеуметтік қызығушылық бағдарын болжайтын практикалық-бағдарлық тәсілге негізделді.

Жұмыс барысында инновациялық технологиялар, шығармашылық іс-әрекеттің тәрбие құралдары, әдіс-тәсілдері кең көлемде пайдаланылды. Әрі сәндік-қолданбалы өнерді түсініп, оны бағалауға, әрі құрметпен қарауға баса назар аударлды.

Қалыптастыру экспериментінің осы кезеңінде ЖОО-ның оқытушыларына арнап «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне үйретудің инновациялық технологиясы» тақырыбы бойынша семинар жүргізілді (8 сағат, оның 4 сағаты лекция, 4 сағаты практикалық сабақтар). Мақсаты – болашақ мұғалімдерді оқушыларды сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің жасалу технологиясымен, таныстыру және оларды оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға үйрету.

Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде үйірме жұмысының жоспарына енген тапсырмалар, қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай үйрету қағидалары арқылы жүзеге асырылды. Оны оқушылардың үйріме жұмысы барысында меңгерген білім мазмұны айғақтайды. Мәселен, егер «Ісмерлер тобы» (2 курс) үйірме жұмысында: кілем тоқу, құрақ құрау, кестелеу, бастырмалау технологиясын меңгерсе, «Шеберлер тобы» (3 курс) ши тоқу, сырмақ сыру, киіз, текемет басу технологиясының қыр-сырын меңгеріп, оны өздері дербес жасау технологиясын меңгереді, шығармашылық ізденіске бейімделеді. Тапсырмалар бойынша жасалған бұйымдардың мазмұны оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолөнеріне қызығушылығын арттырып, оларды жасау технологиясынан іскерлігін шыңдалып, оларды күнделікті өмірде пайдалана алатынын көрсетті. Сонымен, бұның бәрі үйірме жұмысының тиімділігін, студенттердің үйірме сабағынан алған білім, іскерлігін логикалық тұрғыда толықтырып отыратынын дәлелдейді.

Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде 050120-Кәсіптік білім мамандағы бойынша оқу жоспарын зерделей келе «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері» эллективті курсы өтілді. Мұнда, сәндік-қолданбалы өнер түрлерінен меңгерген білімі, іскерлігі, дағдысы, мәдени деңгейі олардың, арнайы ұйымдастырылған көрмелерге қойған өзіндік шығармашылық туындылары арқылы, көрме барысында жүргізілген сауалнамалар арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық туындылары да, сауалнамаға берген жауаптар да студенттерді сәндік-қолданбалы өнер түрлерін, соның ішінде ою-өрнек түрлерін бір-бірінен жақсы айыра алатынын, олардың символикалық, семантикалық мәнін жақсы түсінетінін, оларға деген қызығушылығының жоғары екенін, олардың дүниетанымды, адами қасиеттерді, рухани-мәдениетті дамытудағы мүмкіндігінің мол екенін түсінетіндігін көрсетті.

3-курста «Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» (3-кредит) міндетті кәсіби пән бағдарламасының мазмұнына «Сәндік-қолданбалы өнерді оқыту» әдістемесі тарауына толықтырулар енгізіліп, әдістемелік нұсқаулар жасалынып, ол бойынша сабақ өтілді. Сабақта берілген нақты тақырыптар бойынша жазылған рефераттар мен баяндамалар да «Қазақтың ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктерін оқыту әдістемесі», «Ою-өрнек түрлерімен оқушыларды таныстыру», «Қазақтың дәстүрлі тері өңдеу өнерін үйрету әдістері» және кейс тапсырмалары «Сәндік-қолданбалы өнер - әдеміліктің символы» берілді. Студенттер сабақ барысында және педагогикалық іс-тәжірибие барысында оқушылардың сәндік-қолданбалы өнеріне деген қызығушылығын, дүниетанымдық сана-сезімінің өсуін, рухани-мәдениетінің жетілуін, оның бүгінгі таңдағы қажеттілігін түсінуіне әсер етті.

3-4 курс студенттері шығармарашылық зерттеу әрекеттеріне қатысып (конференция, олимпиада және т.б.), жүлделі орындарға ие болуы да олардың білім деңгейлерінің жоғарылағанын, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне аялы көзқарасының қалыптасқанын айғақтайды. Оқушылардың шығармашылық туындыларының облыста, ауданда ұйымдастырылған көрмелерде, байқауларда жүлделі орын алулары да, кейбір оқушылардың мектеп бітірген соң жоғары оқу орындарының 050120-Кәсіптік білім, «Бейнелеу өнері және сызу» «Дизайн» т.б. мамандығы бойынша оқуға түсуі де оқушылардың даярлық деңгейінің жетілгенін, мұғалімдердің оқушылармен жұмыс істеу әдістемесінің тиімділігін көрсетеді.

Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде қатарласа ұйымдастырылған сабақтан тыс жұмыс формалары мен әдістері (тарихи мұражайларға саяхат, шеберлермен кездесулер, пікір-талас, дөңгелек стол, «Ою-өрнек сыры» диспут СҒЗЖ, СӨЗЖ, ОСОЖ, СӨЖ және т.б.) студенттердің осы саладағы кәсіби даярлығын қалыптастыруда елеулі рөл атқарды, ол туралы диссертацияда мазмұнды баяндалды. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы, бақылау кезеңінде қайтара жүргізілген зерттеу әдістері, яғни студенттердің сәндік-қолданбалы өнерге баулуға болашақ мұғалімдердің кәсіби сапасының даму деңгейінің жоғары деңгейге көтерілгендігін дәлелдейді (кесте 4).

Кесте 4 - Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау деңгейінің көрсеткіштері (%):



Деңгейлері


Эксперимент тобы – 252 студент


Бақылау тобы – 240 студент



Басы

Соңы

Басы

Соңы

Жоғары

8,9%

38,82%

6,8%

17,9%

Орта

34,5%

39,43%

54,9%

55,1%

Төменгі

56,6%

21,75%

38,30%

27,0%



Сурет 2 - Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлау деңгейінің диаграммасы (%):


Эксперименттің қорытынды нәтижесінен мынаны көруге болады: егер, эксперимент басында жоғары деңгейді алғашында студенттердің 8,9% көрсетсе, эксперимент соңында ол 38,82%-ға жоғарылады; орта деңгейді алғашында 34,5% көрсетсе, эксперимент соңында 39,43%-болды; ал төменгі деңгейді 56,6% көрсетсе, экспримент соңында төмен деңгейді көрсеткендер 21,75% болды. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сонымен, тәжірибелі-экспримент жұмысы студенттердің оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлығының мазмұндық-құрылымдық моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің дұрыстығын біздің ұсынған әдістемеміздің тиімділігін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет