ӘОЖ 372.8:91
Шымкентте халық саны өсу үстінде
Турданова М.С., Тасболат Б.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қаласы
Тәуелсіз Қазақстанның ендігі демографиялық дамуы Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына да байланысты болды. Көп ұлтты республикада ұлтаралық қатынастар дамуының тізгінін тең ұстап, сабыр мен салқынқандылыққа негізделген саясат аласапыран заманда алуан түрлі ұлт өкілдерін ұлтаралық жарасым мен ынтымақта ұстауының феноменіне бүкіл әлем таң қалуда.
Қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі – адам, сондықтан әрбір елдің экономикалық өсімі, халықтың саны мен сапасына, білімі мен мәдениетіне және өмір сүру деңгейіне байланысты. Ал халықтың санын анықтау үшін жалпы ұлттық санақтың атқарар жұмысы маңызды. Мемлекетті өркендетіп, халықтың өсімі, әл-ауқаты, жаңа өзгерістер, тұрмыс жағдайының жақсарту үшін жалпыұлттық санақ арқылы анықталады, қорытындыларына сүйенеді.
Демография - кез келген мемлекет үшін маңызды мәселе. Ұлттық халық санағы ауқымдылығы мен маңыздылығы өте зор мемлекеттік науқан. Бұл іс шара арқылы халықтың нақты саны, жас құрамы, жыныстық құрамы, урбанизация дәрежесі және т.б. мәліметтер қаралып, нәтижесінде негізделген ақпарат алынады, мемлекеттің бүкіл саласында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін аса қажетті процесс. Санақ мемлекеттің белгілі бір кезеңдегі даму деңгейін айқындауға мүмкіндік береді. Әрбір кезекті халық санағын лайықты дәрежеде өткізу – ел дамуының ұзақ мерзімдік даму стратегиясына сәйкес болашақты болжап, жаңа міндеттер мен межелер белгілеуге ықпал етеді. Халықтың сандық және сапалық өсуі, жалпы демографиялық ахуал, әлеуметтік жағдай жөніндегі нақты мәліметтер қоғамның барлық саласы үшін де өте қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауының бір тармағын демографиялық ахуалға әрдайым арнайды. Әсіресе, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық ахуалға айрықша көңіл бөлген.
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 272 мың 400 адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар - 10 529,1 мың (57,6 пайыз), ауылдықтар - 7 743,3 мың адам (42,4 пайыз). 2017 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 238,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсіп отыр. Қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 192,7 мың адам туған. Бұл 2017 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8 пайызға артық [3,4б.]. Халық ең көп қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан облысы болды.
2018 жыл Шымкент қаласы үшін маңызды жыл болды, халқының саны миллионнан асып нәтижесінде мегаполисті қалаға айналды. 2017 жыл Оңтүстік Қазақстан облысының халық саны республикада бірінші орынға шықты 2 894 816 адам. Облыс халқының 43%-ы қалада 1 317 031 адам болса, 55%-ы ауылда 1 577 758 адам. Халықтың 1 шаршы шақырымға шаққандағы адам саны республика бойынша 6,6 адамнан келсе, Оңтүстік Қазақстан облысында 24,7 адамнан келді. Ал халықтың табиғи өсімі 2017 жыл 5 айлық көрсеткіш бойынша 25 234 адамды құраса, 2016 ж. 28 504 адам болған. Туу көрсеткіші 2017 жылы 5 айлық көрсеткіш бойынша 31 409 бала, 2016 жылы 35 207 бала [1, 1б.]. Халқының саны күрт өсуіне байланысты Шымкент қаласы үшінші мегаполис қазіргі таңда инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстан Республикасындағы жетекші өнеркәсібі мен экономикалық өсімі жоғары орталықтандырылған аймақа айналды.
2018 жылғы Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші халық саны 979,8 мың адамды құрап, 1,3% артты. Өнеркәсіп өнімінің 405,6 млрд. теңгеге дейін жеткізіліп, 2017 жылмен салыстырғанда 103,5% өсті.
Шымкент қаласының халқы 2019 жылғы 1 шілдеге 1 023 768 адамды құрап, 2018 жылғы 1 шілде мен салыстырғанда 17772 адамға өсті. 2019 жылғы қантар маусым аралығындағы ішкі көші қоны көрсеткіштері бойынша қала аумағында Республикамыздың басқа облыстарынан келгендер саны арттып 25 383 адам, ал қала аумағынан кеткендер саны 21 673 адамды құрап, көші қон айырмасы 3710 адам болды. Сыртқы көші қон бойынша қала аумағына алыс және жақын шет елдерден 488 адам келсе, 184 адам Шымкент қаласы тіркеуінен шығып шет елдерге көшкен. Сыртқы көші қон айырмасы 304 адамды құрады. Көші қон бойынша қала аумағына барлығы 38 983 адам келіп, 34 969 адам қала аумағынан тіркеуден шыққан, көші қон айырмасы оң болып 4014 адамды құрады.
2019 жылғы қантар маусым да қала аумағында 13018 сәби дүниеге келсе, 2350 адам қайтыс болды. 2019 жылғы 1 шілдедегі халықтың табиғи өсімі 10668 адамды құрады [2, 5б.].
Статистикалық деректерге шолу жасағанда халық санының өсуі бірінші кезекте туу көрсеткішіне тәуелді болып отырғаны аңғарылады. Шымкент қаласы халық саны көп әрі тығыз орналасқан өңір, туу көрсеткіші жоғары деп қабылдау дағдысы қалыптасқан. Алайда статистикалық дерекке жүгінсек, бүгіндері туу бойынша ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысына тиесілі болып отыр деген болжамда бар. Дегенмен еліміздегі әрбір бесінші азамат осы өңірде дүниеге келеді.
Міне, сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-демографиялық ғылым айқындаған екі жолды - табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды оң пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, әсіресе жас отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына үкімет тарапынан жан-жақты, нақтылы, тұрақты және жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жәрдем ұйымдастырылып келеді. Ал сырттан келетін көші-қонға келсек, шетелдердегі қазақтарды елге қайтару үшін де түрлі шаралар іске асырылуда.
Жалпы, демографиялық өсімді арттыру үшін ана мен бала денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы тиіс. Мемлекет басшысы осы мәселеге айрықша мән беріп, еліміздегі ана мен бала өлімін төмендету үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік ахуалды түзеуді тапсырған. Халық денсаулығын жақсарту мақсатында арнайы бағдарламалар да қабылданды. Бұл өз нәтижесін беруде. Мемлекет тарапынан көрсетілер көмек пен қолдаудың арқасында елімізде соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 25 пайызға артқаны байқалды. Ана мен бала денсаулығы - демографиялық саясаттың негізгі көрсеткіші. Қалай десек те, демографиялық көрсеткішті ұлғайтуға экономикалық, мемлекеттік шаралар ықпал ете алады. Мемлекет тарапынан арнайы бағдарламалар жүзеге асып, жүйелі жұмыс істеп отырса, ол елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруына дем бере алады. Ал егер мемлекеттік тұрғыда ұлттық құндылықтар мен отбасы институтын нығайтуға бағытталган шаралар жалғасын тапса, демографиялық өсімнің одан ары дамуына жол ашылады.
Пайдаланған әдебиеттер
Демография. Оңтүстік Қазақстан. 2017. № 122, 24 шілде. 1б.
Демография. Шымкент келбеті. 2019. №63 (1705). 9 тамыз. 5б.
Әлемдегі қазақ халқы 18 миллион! Президент және Халық. 2017. №10-11. 17 наурыз. 1-4б.
Қазақ әлемі (қазақтың саны қанша? Қазақ қашан қайдан құрылан, қырылған және атылған?). Тәтімов М. Алматы: Қазақстан-Атамұра, 1993.-160б.
Халық санағы сан арқылы сапаға. Ақиқат. 2019.№2.26-28б.
Достарыңызбен бөлісу: |