ӘОЖ 629.421.32:536 Жайлаубеков М.А. (Қарағанды, ҚарМТУ)
Жұмабеков А.Т. (Қарағанды, ҚарМТУ)
Жаркенов Н.Б. (Қарағанды, ҚарМТУ)
Сұңғатоллақызы А. (Қарағанды, ҚарМТУ)
АВТОМОБИЛЬ ӨНЕРКӘСІБІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ
Еліміздегі техника саны мен автомобиль паркі экономикамыздың даму деңгейі мен халықтың жағдайының негізгі көрсеткіші болып табылады. Қазақстан осы деңгейге бірнеше жыл бұрын аяқ басты.Елімізде автомобиль өнеркәсібі саласы аяғына тұра бастады.Автомобиль өнеркәсібі әлемдік экономиканың өсіуінің драйвері болып саналады.
Отандық автоөндірістің дамуы бірнеше себептерге байланысты; біріншіден ол өте үлкен мультипликаттық әсер беріп, соңынан көптеген қосалқы өндірістер ашуға себеп болады, сөйтіп пластик материалдардан бастап, аккумуляторға дейін шығарады. Екіншіден бұл өндірістер елімізге инновацялық технологиялардың, шетелдік инвесторлардың келуіне және ондаған мың жұмыс орындарын ашуға себеп болады.
Сурет 1 - «Агромаш Холдинг» АҚ
Мамандардың есептеулеріне қарағанда, ҚР алдыңғы қатарлы үш автоөндіріс орындары толық қуатында жұмыс істей бастағанда 80-100 мыңдаған жұмыс орындары ашылар еді.
Үшіншіден автомобиль жасауда қосымша құнға қосылатын қаржының пайыздық мөлшері өте жоғары болады, сондықтан индустриялдық бағдарламалардың мақсатының өзі сонда. Кейбір деректер бойынша автомобиль өндірісіне салынған әрбір теңге 300% кіріс кіргізеді. Алдын ала болжамдарға қарағанда 2017 жылы автомобиль өндірісінің қосымша құны 134 млрд.теңгені құрайды. Оның үстіне тұрғындарды және бизнесті заманауи автомобильдермен қамтамасыз ету, әрі коммерциялық техникаларды қоса өндіру күн тәртібінен түспек емес. Бағалары да қолжетімді болу керек. Мұның барлығы Қазақстанның өз өндірісінде ғана шешімін таппақ. ҚАБА басшысының айтуына қарағанда, айтулы қадамды автомобильдің қосалқы бөлшектерін Қазақстанда өндіру және оның көлемін 50% жеткіз.
«Агромаш Холдинг» АҚ келешекте өздерінің жергілікті автомобиль моделін шығаруға жоба-жоспарлар жасауды және оған ҒИТКӘ (ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық әзірлемелерді) қоса пайдалануды көздеп отыр. Қосымша инновацияларды құру, бұл салада Г. Лаврентьевтің ойынша қазіргі таңда қазақстандықтар үшін 10-14 мың доллардың седан автомобильдерін шығару. Әзірге жалғыз ғана Қазақстандық бренд және талғамайтын Ssang Yong Homad, ол Қостанай қаласындағы «Агромаш Холдинг» АҚ жиналады. Бұл саланы мемлекет тарапынан қолдау туралы айтар болсақ, олар әртүрлі. Индустриялды саясат аясындлағы, арнайы әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар мысалы «Бизнестің жол картасы – 2020» «Өнімділік – 2020» автомобиль өндірісінің қысқа мерзімде жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуіне көмектесті. ІЖӨ автомобиль өндірісінің үлесі өсіп келеді. 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында машина жасау саласының барлық өнімдерінің 9,31% құрады. Алғашқы екі айда бұл көрсеткіш 26% құрап, 70 млрд. теңге болды. Үкімет жағының қолдауымен, кедендік бажсыз автомобильдердің ұсақ және қосалқы бөлшектерін ҚР ішінде өндіретін автомобильдер үшін тасымалдау мүмкін болды. Әрі ҚР өндірілген автомобильдерді сатып алушы қосымша құн салығынан босатылады. Мемлекеттік ұйымдармен мекемелер. Индустриализациялау бағдарламасының аясында экспортқа автомобиль шығарушыларды қолдайтын жобалар жұмыс істейді.
Бұл дегеніміз жаңа нарыққа шығу стратегиясын қолдау үшін жасалатын маркетингке, басқа елдерде жұмыс жүргізетін дилерлерді қолдауға жұмсалатын шығындарға компенсация. Бұдан басқа ТДҰА (технологиялық дамудың ұлттық агенттігі) қолдауымен лицензиялық төлемдердің 50% жеңілдіктер жасалады. Мысалы осы жеңілдіктерді Allur компаниясы Ssang Yong Group және Iveco компанияларымен контракт жасағанда пайдаланды. «Өнімділік – 2020» бағдарламасының аясында автоөндірушілерге арзан пайызды несиелер берілді және ҚДБ-лизинг (Қазақстан Даму Банкісі) арқылы жұмыстар жүргізілді. Осының арқасында дәнекерлеуші және автомобильді бояйтын жаңа құрылғылар сатып алынды. Сөйтіп автоөндірістің оқшаулануын жоғарылатуға қол жеткізілді. 2005 жылдың 20 сәуірінен отандық өндірушілер шығарған автомобильді сатып алуға жеңілдетілген несиелер қарастырылды. Жеңілдетілген несиелеудің жылдық мөлшері 4%, ал тиімді әсерлі мөлшері 7,5%, несиені пайдалану ұзақтығы 5 жыл. Алғашқы төлем 20%.
Сурет 2 - ЖШС «СемАЗ» зауыты
Осы шарттарға лизинг үшін заңды тұлғалар да пайдалана алады. Бұл жеңілдіктер бағасы 5-6 млн. теңге тұратын автомобильдерге арналған. Бұл мақсаттар үшін екінші деңгейдегі отандық 8 банктерден 15 млрд. теңге бөлінеді. Сараптамашылардың пікірінше, қатал бәсекелестік, ЕАЭО шекаралардың ашықтық жағдайында, Қазақстан Республикасының БӘСҰ (бүкіләлемдік сауда ұйымына) кіруі кезінде, мемлекет тарапынан қосымша қолдаулар қажет етіледі. Автомобиль өндірушілердің айтуынша келешектегі екі жылдың ішінде осы саланы дамытудың кем дегенде 12 шарасы қарастырылуда. Салыстыру үшін айта кетсек, Ресей Федерациясында автомобиль өндірушілерді қолдау үшін 15 мемлекет бағдарлама жұмыс істейді.
«Астана Моторс» компаниясының басқарушы директоры Антон Афониннің пікірінше, экономикалық шекаралар жоқ жерде, ЕАЭО ішіндегі нарықта өнімді әртүрлі бағамен ұсынуға болмайды. Оның ойынша ресми импорт жасаушылар, шетелдік автомобиль өндірушілерге Евразиялық экономикалық одақ ішінде автомобиль бағасын теңестіруді дәлелдеуі керек дейді. Ойымызды қорытындылай келе үкімет пен автомобиль өндірушілердің бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесі еліміздегі индустрияландырудың қарсыластары айтқандай бизнесті байыту емес, ал керісінше экономиканың шикізаттық емес секторын көтеру және еліміздің инновациялы индустриализациялау саласындағы үлесін арттыру болып табылады. Осының бәрі – Қазақстан азаматтарының жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқан дүниелер.
Достарыңызбен бөлісу: |