«Бекітемін»
______________
Мектеп директоры
-
Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс
-
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс туралы жалпы мағлұмат беру
-
Уақыты: 45 мин.
-
Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
-
Өткізілетін күні:
-
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, карта.
-
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.
- Картамен бағдарлану дегенді қалай түсінесіңдер?
- Картамен бағдарланудың қандай түрлерін білесіңдер?
- Карта жергілікті жермен қандай мақсатта салыстырылады?
- Картадағы зат бейнесін табу үшін не істеу керек?
- Жергілікті жердегі затты карта бойынша қалай іздестіреді?
б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Жергілікті жерде карта көмегімен жасалатын қозғалыс
Ұрыс жағдайында да, бейбіт уақытта да карта көмегімен түрлі жағдайларда: жолмен және жолдан тыс, жабық жерлерде, түнде, сондай-ак көруге киыншылык туатын басқа да жағдайларда қозғалыс жасауға тура келеді. Берілген маршрут бойынша бағытпен қателеспей жүру үшін козғалыска мұқият дайындалу және жолда үнемі өзі түрған жерін аныктап отыру кажет.
Жол бойымен қозгалыс жасау кезінде алдын ала картамен жақсылап зерделеп алып, козғалыс маршрутын: жол сипатын, жол бойындағы құрылыстарды, көкжиек тұсына қатысты жалпы бағыт жолын, өтуге қиын учаскелердің орналасуын жөне оларды айналып өтуге болатын жолдарды, жол айрығы мен жол қиылыстарын есте сақтау керек. Содан соң картада қозғалыс дұрыстығын бақылау үшін қажетті маршрут бойынша негізгі бағдарлар таңдап алынып, іріктеледі. Бүкіл маршруттардың ұзындығы мен таңдалып алынған бағдарлар арасындағы қашықтықтар өлшенеді және жазылып алынады.
Қозғалыс уақыты картада бағдарланған болуы тиіс. Бұл бағдардан келесі бағдарға жылжи отырып, картаны жергілікті жермен жүйелі түрде салыстырып отыру керек. Жүріп өткен қашықтық пен бағдарлар бойынша қозғалыс д ұрыстығын бақылау — кез келген нүктеде таңдалып алынған бағдарлар қатынасындағы маршрутта өз тұрған жерінде және козғалыстың соңғы пунктін айқын білу үшін қажет. Әсіресе бағдарлану дұрыстығына күмән туғызатын жерлерде қорғану кезінде мұкият болған абзал.
Жолдан тыс қозгалыс жасау маршрут картада жолдың бір бұрылысы жақсы танылатын жергілікті жер бағдарларымен көрсетілетіндей етіп белгіленеді. Маршрутты мүмкіндігінше жергілікті заттардың (орлар, байланыс желілері, т.б.) түзу сызықты бағыттарымен сәйкес келуі керек. Бір бағдардан келесі бағдарға козғалу кезінде, жолдағы қозғалыска карағанда, карта бойынша жиі бағдарланып оны жергілікті жермен сәйкестендіріп отырған жөн.
Жабық жерлерде қозғалыс багыты компас бойынша бағдар жасалып, ұсталынады. Сондықтан да қозғалыс маршрутын зерделеп, таңдағанда азимут бойынша козғалу үшін міндетті түрде мәліметтер дайындалады. Ормандағы қозғалыс кезінде бағдар ретінде тоғай жолдарын,алаңқайларды, орман жолдарын,өзендерді және тағы басқаларды пайдалануға болады.
Түнгі қозғалыста бағдарлар жол бойындағы бір – біріне жақын қашықтықтағы нысандардан таңдап алынады. Бағдар ретінде мүмкіндігінше көрнекті және қараңғыда тану оңай болатындай заттарды, мысалы, биіктікт еорналасқан заттар,көпірлер, ұшы көрінетін биіктіктерді пайдалану қажет.
в) Қорытынды бөлім – 9 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар
-
Жергілікті жерде карта көмегімен жол бойымен қозғалу тәсілдері туралы айтыңдар.
-
Жергілікті жерде карта көмегімен қозғалу кезінде бағдарларды таңдауға қандай талаптар қойылады?
-
Маршрутты дайындау кезінде жаяу жүру үшін бағдарлардың ара қашықтығы қанша болғаны тиімді?
-
Жолдан тыс, жабық жерде, түнде қозғалыс жасаудың ерекшелігі неде?
-
Түнгі және күндізгі жаяу қозғалыс кезіндегі маршрут ұзындығының айырмашылықтары жөнінде айтып беріңдер.
Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________
Достарыңызбен бөлісу: |