ӘОЖ 574:579.68:551.35.054.5(574.54)
Қолжазба құқығында
ЕРБОЛАТОВ НУРКАСЫМ НУРТАЗАЕВИЧ
Жаңадария өзені гидрофаунасының экологиялық жағдайын бағалау
6M060800 – Экология мамандығы
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2013ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институты «Химия және экология» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т. Байкенжеева
Ресми оппонент: биология ғылымдарының кандидаты,
Е.Ж.Шорабаев
Магистрлік диссертация 2013 жылды «7» маусым, сағат 900 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институты (№ 302 дәрісхана) диссертациялық кеңесінде қорғалады.
Мекен-жайы: 120014 Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі 66, №9 оқу ғимараты
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады (120014, Қызылорда қаласы, Байсеитов көшесі №100).
КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы.
Диссертациялық жұмыс қысқартулар мен белгілер, кіріспе, 3 бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, компьютерлік мәтінмен 102 бетті құрайды. Жұмыста 10- кесте, 47- сурет, 106 ғылыми әдебиет қолданылды.
Тақырыптың өзектілігі. Адамзат үшінші мың жылдыққа өте күрделі экологиялық мәселелермен аяқ басты. Бұл мәселелердің шешілуі жер бетіндегі цивилизациялық даму және адамның өмір сүру жағдайларымен тікелей байланысты. Қарыштап дамыған ғылыми-техникалық прогресс табиғи ортаның қайтымсыз бұзылуына соқтыруда. Экология соңғы жүз жылдықта өзгергені сонша, тек адам денсаулығына ғана емес барлық түрдің эволюциялық процесіне әсер етуде.
Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік саммит (Йоханнесбург қаласы, 2002 жыл) барлық елдерді 2005 жылға қарай Су ресурстарын бірігіп басқару және суды тиімді пайдалану жоспарларын әзірлеуге шақырды. Үшінші (Киото, 2003 жыл) және төртінші (Мехико, 2006 жыл) Бүкіл әлемдік су форумдарында су дағдарысы, ең алдымен, басқару, мүдделі тараптар іс-қимылдарының келісілмегендігінің және жеткіліксіз қаржыландырудың дағдарысы болып табылатындығы атап көрсетілді.
Қазақстандағы су проблемаларының себептері де осыған ұқсас және оларды шешудің жаңа әдістерін қолдануды талап етеді.
Бүкіл су объектілері бойынша дерлік жер үсті суларының сапасы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді. Негізгі трансшекаралық өзендер Ертіс (Қытай), Іле (Қытай), Сырдария (Өзбекстан), Жайық (Ресей) өзендері қатты ластануға ұшыраған. Су объектілеріне негізгі ластаушы заттар химия, мұнай өңдеу, машина жасау өнеркәсібі мен түсті металлургия кәсіпорындарының суларын жіберу кезінде түседі. Өзендердің сулары еліміздің аумағына Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан аумағынан ластанған күйде келеді. Бұл ретте, Қытай мен Қырғызстан Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) қосылған жоқ. Бұл мәселелер осы елдермен екіжақты келісімдерде де жеткіліксіз қаралған, оларға Трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп мониторингтеу және олардың ластануының алдын алу жөніндегі ережелерді енгізу кажет.
Егер санамаланған су проблемаларының себептерін жоймаса, 2015 - 2020 жылдарға қарай экономиканы, экологиялық орнықтылықты дамыту және елдің халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін нақты қауіп туындайды.
Қазақстан Республикасында «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң 1997 жыл 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқада қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әралуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануға ұйымдастырылған.
Осыған байланысты жекелеген аймақтардың фаунасын және жекелеген түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын, отрядтарын түгелдеу, зерттеу қажеттілігі
өзінен-өзі туындайды.
Қызылорда обылысындағы Жаңадария өзенінің гидрофаунасы тұңғыш рет зерттелгелі отыр, зерттеу нәтижесі түрлі экологиялық факторларды айқындап, олардың гидрофаунаға әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде гидрофаунаны классификациялауға, қорғау шараларын ұйымдастыруға, көбейтуге, өзен бойында эко-этно туризмді ұйымдастыру жұмыстары мен мал шаруашылығын қайта жандандыруға жол ашады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жаңадария өзенінің гидрофаунасына гидробиологиялық-экологиялық талдау жасау;
Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндерттер:
- Жаңадария өзенінің гидрографиясын және тарихын сипаттау;
- Жаңадария өзенінің гидрохимиялық көрсеткіштеріне талдау жасау;
- Жаңадария өзенінің гидрофаунасының түрлік құрамы мен таралуына экологиялық мониторинг.
- биоиндикациялық әдіс бойынша Жаңадария өзенінің гидрофаунасына
экологиялық-систематикалық талдау.
Зерттеу нысаны: Жаңадария өзені мен оның гидрофаунасы.
Зерттеу нәтижесінің теориялық құндылығы мен практикалық мәні:
- Жаңадария өзені гидрофаунасының түрлік құрамы классификацияланды (тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр).
- өзеннің экологиялық жағдайына гидрофаунадағы индикатор-сапробты түрлер арқылы баға берілді.
- алынған ғылыми нәтижелер өзен суына метерологиялық, гидробиология-лық, антропогендік және зоогендік өзгерістерін анықтауға көмектеседі.
- зерттеу жұмысындағы индикатор-сапробты зоопланктондарды және биоиндикация әдісін жоғары оқу орындарының экология, гидроэкология, гидробиология, экологиялық биотехнология, су микробиологиясы пәндерінің лабораториялық сабақтарында пайдалануға болады.
- зерттеу мәліметтерін аймақтың экологиялық тұрақтылығы мен биологиялық алуантүрлілігін сақтау - потенциалдық қорын молайту мақсатында қолдануға болады.
Ғылыми жаңалығы:
Алғаш рет Жаңадария өзені гидрофаунасының токсономиялық түрлік құрамы айқындалды.
Жаңадария өзені гидрофаунасында бұрын кездеспеген зоопланктонды ағзаның Neodiaptomus schmakeri түрі анықталды.
Зоопланктонды ағзалардың маусымдық сукцессиясы жыл мезгілдері мен су нысандарының экологиялық жағдайына және түрдің төзімділік жағдайына тәуелді екені анықталды.
Зерттеу әдістері.
Гидробиологиялық сынамалар алу В.И.Жадин (1960) мен А.С. Константинов (1986) ұсынған әдістер бойынша жүргізілді.
Су сапасына гидрохимиялық сынамалар алу Қызылорда Қалалық СЭС мекемесінде ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысы негізге алынып, сонымен қатар А.Г. Муравьев (1999) нұсқаулықтары бойынша жүргізілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
-
Жаңадария өзенінің физикалық-географиялық орны
Жаңадария өзенінің зерттелу тарихы, географиялық жағдайы, климаты, топырақ және өсімдік жамылғысына талдау жасалынды. Жаңадария өзені Тұран ойпатында Қызылқұмның солтүстік-батысымен және Арал теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу жерге дейін созылып жатыр. Жаңадария сан ғасырдан бері ағып жатқан қос өзеннің Әмудария (Жейхун) және Сырдария (Сейхун) аралығында өз арналарын табиғи жағдайға байланысты өзгертіп отырған. Әр заманда Тораңғыл, Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария өзектері Сырдарияның ескі арналары болған.
Жаңадария өзенінің жалпы ұзындығы 625км болса, каналының ұзындығы
-592,3км. Су шығыны - 50м3/сек. Бастауын Сырдария өзенінен алады (1-сурет).
1-сурет. Жаңадария өзені сынама алынған учаскелер.
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Жаңадария өзені гидрофаунасының экологиялық жағдайын ғылыми-зерттеу жұмыстары 2011-2013 жылдары Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарына қарасты «Жаңадария» өзенінде жүргізілді.
Зерттеу нысаны ретінде Жаңадария өзені мен оның гидрофаунасы алынды.
Жаңадария өзеніндегі Тораңғылсай, 42 немесе 1271 пикеті, Ақан, Жаманқара, Бесжан, Құмжарған, Қышбөгет учаскелері, Зерттеу нүктелері 1-суретте көрсетілген.
Гидробиологиялық сынамалар алу В.И.Жадин (1960) мен А.С. Константинов (1986) ұсынған әдістер бойынша жүргізілді.
Су сапасына гидрохимиялық сынамалар алу Қызылорда Қалалық СЭС мекемесінде ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысы негізге алынып, сонымен қатар А.Г. Муравьев (1999) нұсқаулықтары бойынша жүргізілді.
Су сапасын биоиндикация (индикаторлық ағзаларды қолдану) әдісімен бағалау Р.Пантле мен Г.Буктің Сладечек модификациялаған әдістемесі, биологиялық индексті есептеу Ф. Вудивисс және Майер бойынша жүргізілді.
Жаңадария өзені гидрофаунасының түрлік таксономиялық құрамын анықтау үшін М.В.Чертопруд, Е.М.Хейсин, Р.Ласуков, Б.М.Мамаев және В.И.Жадиндердің анықтамалықтары қолданылды.
3 Жаңадария өзені гидрофаунасына сипаттама
3.1 Жаңадария өзенінің гидрофаунасының түрлік құрамына, таралуына экологиялық мониторинг
Жалпы Жаңадария өзенінде зоопланктондар негізінен қарапайымдылардан (Protozoa), коловраткалар (Rotatoria) және шаянтәрізділерден (Crustacea): ескекаяқтылар (Copepoda) мен бұтақмұрттылардан (Cladocera) құралады.
Зерттеу жұмыстары барысында Жаңадария өзенінің гидрофаунасы 5 типтен, 17 кластан, 27 отрядтан, 54 тұқымдас, 83 туыс, 110 түрден тұратыны анықталды (1-кесте).
Анықталған түрлерді отрядтарына қарай бөлетін болсақ, Коловраткалар -Rotatorida отрядының 5 тұқымдасының 8 туысы, 18 түрі кездесті, ол өзен гидрофаунасында кездесетін жалпы түрлердің ішінде (16,36 %) құрайды. Келесі жиі кездесетін отрядтардың қатарына Қоңыздар - Coleoptera отрядының 2 тұқымдасының, 7 туысы, 11 түрі кездесті, ол өзен гидрофаунасында кездесетін жалпы түрлердің ішінде (10%) , сонымен қатар Тұқытәрізділер - Cypriniformes отрядының 1 тұқымдасының 10 туысының 11 түрі (10%) кездеседі (1-кесте).
1-кесте. Жаңадария өзенінде кездесетін жануарлар отрядтары
№
|
Отряд
|
Тұқымдас
|
Туыс
|
Түр
|
Жалпы түрлердің алатын үлесі, %
|
1
|
Коловраткалар-Rotatorida
|
5
|
8
|
18
|
16,36
|
2
|
Тұмсықсыздар-Arhynchobdellea
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
3
|
Тұмсықтылар-Rhynchobdellea
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
4
|
Тақтажелбезектілер-Eulamellibranchia
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
5
|
Өкпелілер-Pulmonata
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
6
|
Ескекаяқтылар-(Веслоногие)-
Copepoda
|
3
|
5
|
9
|
8,18
|
7
|
Бұтақмұрттылар- (Ветвистоусые)-
Daphniiformes
|
5
|
5
|
8
|
7,27
|
8
|
Щитни-Notostraca
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
9
|
Онаяқтылар-Decapoda
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
1-кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
10
|
Бүйір жүзгіштер-(Бокоплавы)- Amphipoda
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
11
|
Өрмекшілер-Aranei
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
12
|
Су кенесі-Acariformec
|
1
|
2
|
2
|
1,81
|
13
|
Біркүндіктер-(Поденки)-Ephemeroptera
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
14
|
Инеліктер-Odonata
Теңқанатты инеліктер- Zygoptera
|
3
|
4
|
5
|
4,54
|
15
|
Түрлі қанатты инеліктер-Anisoptera
|
2
|
5
|
8
|
7,27
|
16
|
Көктемдіктер-(Веснянки)- Plecoptera
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
17
|
Қандалалар-(Клопы)- Heteroptera
|
7
|
8
|
9
|
8,18
|
18
|
Қоңыздар-Coleoptera
|
2
|
7
|
11
|
10
|
19
|
Жылғалықтар-(Ручейники)-
Trichoptera)
|
2
|
2
|
2
|
1,81
|
20
|
Қосқанаттылар-Diptera
|
5
|
8
|
8
|
7,27
|
21
|
Карптәрізділер-Cypriniformes
|
1
|
10
|
11
|
10
|
22
|
Алабұғатәрізділер- Perciformes
|
2
|
3
|
3
|
2,72
|
23
|
Лақалар- (сомообразные)-
Siluriformes
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
24
|
Шортантәрізділер- Esociformes
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
25
|
Құйрықсыздар-Anura, Ecaudata
|
2
|
2
|
2
|
1,81
|
26
|
Қабыршақтылар- Squamata
Жыландар тармағы-Serpentes
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
27
|
Кемірушілер- Rodentia
|
1
|
1
|
1
|
0,90
|
Барлығы
|
54
|
83
|
110
|
100
|
Жаңадария өзенінің гидробионттарының экологиялық жіктелуі
Планктондан коловраткалар (Rotatoria), шаянтәрізділер (Crustacea), ескекаяқтылар (Copepoda), бұтақмұрттылардың (Cladocera); нейстоннан бактериялар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар), Notonecta glauca, Plea minutissima, Gerris sp. Sigara laterali; нектондардан (балықтар, басаяқты моллюскалар), Cyprinus carpio – сазан, Carassius carassius–карась, Ctenopharyngodon idella– ақ амур, Anodonta cygnea; бентостардан (фитобентос, зообентос, бактериобентос) кездеседі. Олардың экологиялық жіктелуі 2-кестеде көрсетілген.
2- кесте. Жаңадария өзенінің гидробионттарының экологиялық жіктелуі
Тіршілік форма
|
Түр саны
|
Жалпы фаунадағы алатын % үлесі
|
Планктон
|
35
|
31,8
|
Нейстон
|
47
|
42,7
|
Нектон
|
21
|
19,09
|
Бентос
|
7
|
6,36
|
Барлығы:
|
110
|
100
|
Жаңадария өзеніндегі жануарларды су ортасында өмір сүру дәрежесіне қарай төрт экологиялық топқа бөлуге болады (3- кесте).
Тұщы су гидрофаунасы өзінің түрлік құрамы бойынша мұхит пен теңіз гидрофаунасынан көп айырмашылықта болады. Мысалы, теңіз суында қосмекенділер мен насекомдар кездеспейді. Ал тұщы суларда тікентерілер типі мен басаяқты моллюскалар классының өкілдері кездеспейді.
3-кесте. Жаңадария өзені гидрофаунасының су ортасында өмір сүру
дәрежесіне қарай экологиялық топтарға жіктелуі
Экологиялық топтар
|
Түр саны
|
Жалпы фаунадағы алатын % үлесі
|
Сулы ортада тіршілік ететіндер
(көбеюі және дамуы)
|
59
|
53,65
|
Сулы ортада тіршілік ететіндер
(басқа орталарды да белсенді)
|
23
|
20,9
|
Дамуы суда болатындар
(тіршілігі судан тыс жерлерде)
|
26
|
23,64
|
Дамуы құрлықта жүретіндер
|
2
|
1,81
|
Барлығы
|
110
|
100
|
Жаңадария өзені гидрофаунасын зерттеу барысында Тораңғылсай учаскесінде омыртқасыздардың 25 түрі, омыртқалылардың 10 түрі кездесті, 42 немесе 1271 пикетінде омыртқасыздардың 49 түрі, омыртқалылардың 13 түрі кездесті, Ахан учаскесінде омыртқасыздардың 43 түрі, омыртқалылардың 15 түрі кездесті, Жаманқара учаскесінде омыртқасыздардың 70 түрі, омыртқалылардың 18 түрі кездесті, Бесжан учаскесінде омыртқасыздардың 50 түрі, омыртқалылардың 18 түрі, Құмжарған учаскесінде омыртқасыздардың 56 түрі, омыртқалылардың 20 түрі, Қышбөгет учаскесінде омыртқасыздардың 70 түрі, омыртқалылардың 20 түрі кездесті. Зерттеу нүктелері 1-суретте көрсетілген. Жаманқара, Қышбөгет учаскелерінде омыртқасыздар саны басқа учаскелерге қарағанда көптеп кездесті. Құмжарған, Қышбөгет учаскелерінде омыртқалылар саны басқа учаскелерге қарағанда көбірек болды. Сараптай келе түрлік құрамы көп нүктелерге Жаманқара, Құмжарған, Қышбөгет учаскелері болды (4-кесте).
4-кесте. Жаңадария өзенінің гидрофаунасының омыртқасыз және омыртқалы жануарлары
Класс
|
Жаңадария өзені участоктары
|
Тораңғыл- сай
|
42/
1271
|
Ахан
|
Жаман- қара
|
Бесжан
|
Құм-
жарған
|
Қыш-
бөгет
|
Омыртқасыздар
|
Коловраткалар
|
3
|
7
|
9
|
13
|
8
|
8
|
14
|
Сүліктер
|
|
|
|
|
|
2
|
|
Қосжақтаулы моллюскалар
|
|
|
|
1
|
|
1
|
1
|
1-кестенің жалғасы
|
Құрсақаяқтылар
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Шаянтәрізділер
|
1
|
3
|
2
|
8
|
6
|
4
|
6
|
Бұтақмұрттылар
|
|
5
|
4
|
7
|
5
|
5
|
6
|
Жапырақ-аяқтылар
|
|
1
|
1
|
|
1
|
1
|
1
|
Жоғары шаянтәрізділер
|
|
1
|
1
|
2
|
1
|
1
|
2
|
Өрмекшітәрізділер
|
1
|
3
|
2
|
3
|
2
|
3
|
3
|
Бунақденелілер
|
19
|
28
|
23
|
35
|
26
|
30
|
36
|
Омыртқалылар
|
Балықтар
|
8
|
11
|
13
|
15
|
16
|
16
|
16
|
Қосмекенділер
|
1
|
1
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Қабыршақтылар
|
1
|
1
|
|
1
|
|
1
|
1
|
Cүтқоректілер
|
|
|
|
|
|
1
|
1
|
Барлығы
|
35
|
62
|
58
|
88
|
68
|
76
|
90
|
Жаңадария өзеніндегі омыртқасыздар екі үлкен топқа бөлінеді:
Зымырықтар (коловраткалар) (Rotifera) және Буынаяқтылар (Arthropoda). 2011-2013 жылы зерттеу кезеңінде Жаңадария өзеніне зерттеу жүргізілген телімдеріндегі зоопланктонның құрамында 4 отряд, 14 тұқымдас пен 18 туыстан тарайтын 35 таксон анықталды. Мейлінше түр алуандылығымен көзге түскені зымырықтар (18 түр) болды.
Бұтақмұртты шаянтәрізділерден (Cladocera) небәрі 8 түр көрініс берді. Ал ескекаяқтылардың әр алуандылығы 9 түрге жетті, оның біреуі тоғышар түрге жатады. Факультативтік планктерлерден 5 түр кездесті [62-70, 105].
Толық зерттелген өзеннен біз Қазақстан үшін омыртқасыз планктондардың 3 сирек түрін, бір эндемикалық түрі мен бір эндемикалық түршесін таптық.
Нақты тоқталар болсақ фондық (бедерсіз, бір түсті) түрлер Сырдария және Жаңадария өзендерінің авансағасында кең таралған түрлер: зымырықтар (Lecane luna, Brachionus angularis, Brachionus calyciflorus, Brachionus nilsoni, Keratella quadrata, Keratella valga monospina), Synchaeta pectinata Lecane (Monostyla) punctata, бұтақмұрттылардан су түбінде мекендеуші түр (Ilyocryptus agilis), циклоптар (Acanthocyclops trajani, Thermocyclops taihokuensis). Ал омыртқасыз планктондардың сирек түрлері Lopocharis naias, Lecane nana, Lecane (Monostyla) acruata, Lecane luna.
Бұтақмұртты шаянтәрізділердің фондық түрлері Ilyocryptus agilis,Moina mongolica.
Ескек аяқты шаянтәрізділер Neodiaptomus schmakeri бұрын тек Қиыр Шығыс су қоймалары арқылы ғана белгілі болатын (Боруцкий және басқалары., 1991). Бірінші рет 2003 жылы Шардара су қоймасының (Оңтүстік Қазақстан) күзгі зоопланктонының құрамынан табылған. Аналығының орташа ұзындығы 1,38, ал аталығы - 1,25 мм болды. Жаңадария өзенінің авансағасында бұл түрді жолықтыруымыз біздің Қазақстан аумағындағы екінші тың табысымыз болды. Оның қауымдастығының саны 221-1530 дана/м3 жеткен.
Жаңадария өзенінің жағалауындағы құрылық омыртқасыздарынан инеліктер, жыртқыш қандалалар, қоңыздар, алтынкөздер және біркүндіктер т.б түрлерді кездестіруге болады.
2012 жылы 17-20 Қыркүйек күндері аралығында Біркүндіктердің Жаңадария өзенінен жаппай ұшуын байқадық.
2011-2013 жылы мамыр-тамыз айларында Жаңадария өзенінің жағалауына далалық зерттеулер жүргізілген кезде бунақаяқтылардың, 2 класы, 10 отряды, 25 тұқымдасына жататын 46 түрінің 100-ден астам данасы түрлік құрамын анықтау үшін жиналды. Омыртқасыздар фаунaсында жәндіктер басым түседі, олардың көпшілігі мына отрядтарға жатады: қаттықанаттылар (қоңыздар), жартылай қаттықанаттылар (қандалалар), жарғаққанаттылар, қосқанаттылар.
Сирек және эндемикалық түрлер: Әмірші инелік (Anax imperator Leach 1815) бұл инелік Қазақстанның қызыл кітабына енген.
Сонымен қатар жиі кездесетін түрлерге: кәдімгі суқоңызы (Cybister lateralimarginalis De Geer, 1774), жиектелген жүзгіш қоңыз (Dytiscus marginalis Linnaeus, 1758), үлкен қара сусүйгіш (Hydrophilus piceus Linnaeus, 1758), кәдімгі жүзгіш қандала (Ilyocoris cimicoides (Linnaeus, 1758)
Жаңадария өзенінің омыртқалы жануарлары
Жаңадария өзенінің төменгі ағысындағы аборигендік ихтиофауна 5 туыстастан 13 түр бар. Түр жағынан карп туыстастары неғұрлым бай болып табылады. Бұл туыстасқа бүкіл ихтиофаунаның 33,3% құрайтын балықтың, оның ішінде басым доминант түр ретінде сазан көбірек кездесті, сонымен бірге санының жоғарылылығымен мөңке, амур, толстолобик (дөңмаңдай) байқалды. Сарыкөл, Жаманқара, Байбол көлдер жүйесінен балықтың 10 түрі, оның ішінде сазан, амур, мөңкелер түр саны жөнінде көбірек кездесті, қызылқанат, лақалардың саны аздап кездессе, алабұға сирек кездесті.
Өзеннің екі участогінде балықтар әртүрлі мекен етеді. Көлдерге жақын жерлерде балықтар көптеп шоғырланған, себебі су тасу уақытында балықтар үшін қолайлы келеді. Жаңадария бойынан белгіленген участоктардан 42 немесе пикет 1271, Ахан, Бесжан, Жаманқара, Құмжарған, Қышбөгеттен аумен ұсталған балықтар саны балық түрлерді қоса есептегенде 771 особь болды. Балық аулау барысында 13 балық түрінің тіршілік ететінін байқадық.
Жаңадария өзенінде көбірек кездескені сазан – 33,3%, ақамур –18,4%, мөңке – 14,7%, табан – 3,4%, толстолоб – 7,1%, лақа –3,76%, жыланбасбалық –2,59%, алабұға – 1,94%, шортан – 4,15%, көксерке – 1,81%, ақмарқа – 2,20%, қызылқанат – 3,89%, қылышбалық –2,85% балықтар болды. Олар төмендегі кестеде көрсетілген.
Сирек кездесетін түрлер
Арал мен Сырдария өзенінің ихтиофаунасындағы 7 түр Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енді (2008):
1. Acipenser nudiventris Lov., 1828 – пілмай (аралдық қауымдастық) - 1 санат
2. Pseudoscaphirhynchus fedtschenkoi (Kessl.,1872) - Сырдария тасбекіресі -1 санат
3. Salmo trutta aralensis Berg, 1908 - Арал албырты (құмжа) - 1 санат
4. Aspiolucius esocinus (Kessler, 1874) – шортан тектес ақмарқа (лысач) - 1 санат
5. Barbus brachycephalus brachycephalus (Kessler,1872) - Арал қаязы - 2 санат
6. Barbus capito conocephalus (Kessler, 1872) - Түркістан қаязы - 2 санат
7. Cottus jaxartensis Berg, 1916 – Шатқалдық тасқазғыш - 4 санат
Көптеген «қызылкітаптық» түрлер өзінің мәртебесі бойынша «Жойылып бара жатқандар» санатына жатады (1), екі таксон «Кеміп бара жатқандар» санатына (2) және біреуі «Анықталмағандар» санатына сәйкеседі (4). Нақты алғанда, «жойылып бара жатқан» деп аталған түрлер, міне, көптеген жылдар бойы Қазақстан шегінде кездеспейді және оларды бассейнде мүлдем жоғалып кеткендер деп батыл есептеуге болады (тек Сырдария өзенінің басында әлі де болса көрініп қалатын тасбекірені қоспағанда). Ал тасқазғыш тек Сырдарияның оң жақ төменгі тармақтарында мекендейді.
Жаңадария өзені сүтқоректілері
Тоғайлы жерлерде кәмшәт тұқымдастардан борсық (Meles meles) мекендейді. Жұптұяқтылардың жасағынан мұнда жабайы шошқаның ортаазиялық түршесі кездесті (Sus scrofa). Аквалды экожүйеге барынша тән кеміргіштер өкіліне ондатра (Ondatra zibethicus) жатады. Ол өзен сағасының тік жағалары мен жайпақ жерлерін мекендейді.
-
Биоиндикациялық әдіс бойынша Жаңадария өзенінің гидрофаунасына экологиялық-систематикалық талдау
Суқоймалардың ластануын биологиялық индикациялау.
Суқоймалардың ластану дәрежесіне баға беру екі тұрғыдан жүргізіледі. Оның біріншісі - судың гигиеникалық, мысалы, су сапасының мүмкін болатын төмендеуін анықтаумен, ал екіншісі - су экожүйелерін қорғаумен байланысты.
Біз Жаңадария өзенін биоиндикациялауда өзен экожүйесіндегі өзгерістер мен ондағы зиянды заттардың пайда болуына аса сезімтал зоопланктондарды, макрозообентостарды пайдаландық. Биологиялық индикация әдісімен жүргізілетіндіктен зерттеу барысында нысандар таңдап алынды және өзен суының химиялық құрамына, санитарлық жағдайына талдау жасалынды.
Гидробиологиялық зерттеулер нәтижесінде Жаңадария өзені суқоймасынан табылған гидрофаунаның 110 түрінің 23-индикатор-сапробты түрлерге жататындығы анықталды. Гидрофаунаның сапробтылығы бойынша тарататын болсақ, анықталған 23 индикатор-сапробты түрлердің 4-альфа-мезосапробты, 3-бета-мезосапробты, 2-олигосапробты, 8-альфа-бета-мезосапробты, 4-бета-альфа -мезосапробты, 1-олиго-бетасапробты, 1-бета-олигосапробты ағзалар (5- кесте).
5- кесте. Жаңадария өзені гидрофаунасындағы индикатор-сапробты түрлердің сандық қатынасы
№
|
Учаскелер
|
α
|
β
|
ο
|
α- β
|
β-α
|
β-ο
|
ο-β
|
Саны
|
1
|
Тораңғылсай
|
|
|
1
|
1
|
1
|
|
|
3
|
2
|
42/1271
|
|
|
1
|
1
|
2
|
|
|
4
|
3
|
Ахан
|
2
|
2
|
1
|
5
|
1
|
|
1
|
12
|
4
|
Жаманқара
|
3
|
2
|
2
|
7
|
3
|
1
|
1
|
19
|
5
|
Бесжан
|
2
|
1
|
1
|
5
|
2
|
|
|
11
|
1-кестенің жалғасы
|
6
|
Құмжарған
|
2
|
1
|
1
|
6
|
3
|
1
|
1
|
15
|
7
|
Қышбөгет
|
4
|
2
|
2
|
6
|
3
|
1
|
1
|
19
|
Ескерту* α-альфа, β- бета, ο-олиго сапробты ағзалар
Жаңадария өзені орташа дәрежеде ластанған альфа-бета-мезосапробты 3 класты суларға жататыны анықталды.
Жаңадария өзені бойында белгіленген учаскелер Мұнда: Тораңғылсай суы ластану дәрежесі бойынша 3-4 класты құраса, 42 немесе пикет 1271, Ахан, Бесжан орташа дәрежеде ластанған, 3 класты суларға жататыны анықталды. Ал Құмжарғанға қарағанда Жаманқара мен Қышбөгет біршама таза учаскелер екендігі дәлелденді.
Жаңадария өзенінің суын ластаушы заттар (фенолдар, мұнай өнімдері) қалыпты жағдайдан ауытқымайды. Судың ластану индексі 1,56 Бұл су сапасының көрсеткіштік мәліметтері бойынша 3-класты су индексіне тән.
-
Жаңадария өзенінің гидрохимиялық көрсеткіштерін талдау
Жаңадария өзені суының органолептикалық көрсеткіштері
Су температурасын өлшеу үшiн сынапты және спиртті термометрлер көмегімен мен (0,10 дəлдiкке дейiн) оларды суда 5 мин ұстап өлшедiк. (9-кесте.) Жаңадария өзенінің суының температурасын өлшеу көктем, жаз, күз айларында жүргізілді.
9-кесте. Жаңадария өзені суы температурасы жыл маусымдары бойынша
Жыл маусым-дары
|
Жаңадария өзені суы температурасы
|
Тораңғылсай
|
42/
1271
|
Ахан
|
Жаманқара
|
Бесжан
|
Құм-жарған
|
Қыш-бөгет
|
Көктем
|
8
|
8,7
|
9
|
9,4
|
10,1
|
11,3
|
12
|
Жаз
|
25
|
25,4
|
27,7
|
28,5
|
28,3
|
29,2
|
28
|
Күз
|
9
|
10,3
|
10,6
|
10
|
11
|
11,1
|
11,6
|
Жаңадария өзені суына жүргізілген гидрохимиялық талдаудың нәтижелері
Жаңадария өзенінің орташа су температурасы 27,40С, көктемде 9,70С, күзде 10,50С. Судың иісі қалыпты деңгейдегі нормативке сәйкес келеді.
Еріген оттегінің мөлшері жазда 5,9 мг/дм3. Жазда еріген оттегімен қанығуы 70 пайыз. Оттегіні химиялық пайдалану-2,9 мгО2/дм3. ОБП5 – 2,98 мгО2/дм3.
Судың минералдануы орташа 105 мг/дм3, кермектігі 9,3 мг-экв/л. Өзен суы тұщы, жұмсақ суға жатады. Негізгі иондар мөлшері қалыптағыдай, тек сульфат ионымен құрғақ қалдық мг/дм3 шекті мөлшерден артады. Гидрокарбонаттар, магний және кальций концентрациясы, азотты қосылыстар, фосфаттар концентрациясы шекті мөлшерден қалыпты жағдайда. Барлық ластаушы заттар (фенолдар, мұнай өнімдері) қалыпты жағдайдан ауытқымайды. Судың ластану
индексі 1,56 Бұл су сапасының көрсеткіштік мәліметтері бойынша 3-класты су
индексіне тән.
2-сурет. Жыл маусымдары бойынша Жаңадария өзені суындағы сульфаттардың мөлшері.
Біздің зерттеу жұмысымыздың келесі кезеңі Жаңадария өзенінің №1 Көпір, №2 Ахан, №3 Бесжан және №4 Қышбөгет учаскелеріндегі су құрамының сульфаттар мөлшерінің маусымдық ауытқу деңгейін анықтау болды (2-сурет).
Жүргізілген зерттеулер жылдың әртүрлі маусымы бойынша су құрамының сульфаттар концентрациясының белгілі тәуелділікте болатыны дәлелденді: барлық зерттелінген жерлерде бұл көрсеткіштердің максималды шамасы жаз мезгілінде, ал минималды шамасы күз мезгілінде тіркелді.
Көктем мезгілінде Жаңадария өзенінің №1 Көпір, №2 Ахан, №3 Бесжан және №4 Қышбөгет учаскелеріндегі су құрамында сульфаттардың 536 мг/л, 531 мг/л, 527 мг/л және 519,3 мг/л шамаларды құрады. Бұл мезгілде №2 Аханда жоғарылады.
Көктем мезгілінің көрсеткішімен салыстырғанда жаз мезгілінде судың сульфаттар шамасы максималды шамаларды көрсетті және 565 мг/л, 552 мг/л, 536 мг/л және 513 мг/л құрады. Бұл мезгілде Жаңадария өзенінің №1 Көпір учаскесіндегі көрсеткіш жоғарылады.
Күз мезгілінде №1 Көпір, №2 Ахан, №3 Бесжан және №4 Қышбөгет учаскелеріндегі су құрамындағы сульфаттар мөлшері 495 мг /л, 512 мг/л, 518 мг/л және 511 мг /л көрсетті, сөйтіп №3 учаскеге қарағанда №1 учаскеде төмендеді.
Алынған мәліметтер көрсеткендей, аталған жерлерде барлық жағдайларда сульфаттардың концентраңиясы төмен болғанын дәлелдейді, сонымен қатар жылдың күз, көктем және жаз мезгілдерінде алынған нәтижелер белгіленген ШРК мөлшерінен (100 мг/л) төмен шамада кездескені айқындалды.
3-сурет. Жыл маусымдары бойынша Жаңадария өзені суының кермектілігі
Жүргізілген зерттеулер жылдың әртүрлі маусымы бойынша су құрамының кермектілік шамасы белгілі тәуелділіктің бар екенін дәлелдеді: барлық зерттелінген жерлердің бұл көрсеткіштерінің максималды шамасы жаз мезгілінде, ал минималды шамасы көктем мезгілінде тіркелді (3-сурет).
Күз мезгілінде Жаңадария өзенінің №1 Көпір, №2 Ахан, №3 Бесжан және №4 Қышбөгет учаскелеріндегі су құрамының кермектілігінің көрсеткіші 8,5 мг-экв/л, 9 мг-экв/л, 8 мг-экв/л және 7,8 мг-экв/л көрсетті. №2 Ахан учаскесінде бұл көрсеткіш жоғарылады.
Көктем мезгілінде №1 Көпір, №2 Ахан, №3 Бесжан және №4 Қышбөгет учаскелеріндегі су құрамының кермектілігінің максималды шамалары тіркелді және 7,1 мг-экв/л, 8 мг-экв/л, 7,6 мг-экв/л және 7,1 мг-экв/л жетті. Бұл мезгілде барлық учаскелерде кермектілік көрсеткіштері бірдей болды.
Көктем мезгілінің көрсеткішімен салыстырғанда жаз мезгілінде судың кермектілік шамасы максималды шаманы көрсетті және 10 мг-экв/л, 11мг-экв/л, 11,3мг-экв/л және 10,2мг-экв/л құрады. Бұл жағдайда Жаңадария өзенінің №2 Ахан учаскесінде бұл кермектілік шамасы жоғарғы көрсеткішті көрсетті.
Алынған мәліметтер көрсеткендей, аталған жерлерде барлық жағдайларда судың кермектілігінің шамалары жоғары болатынын дәлелдеді, сонымен қатар жылдың көктем мезгілінде алынған нәтижелер белгіленген ШРК мөлшерінен (7,0 мг-экв/л) жоғары шамада кездескені айқындалды.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Жаңадария өзені Тұран ойпатында Қызылқұмның солтүстік-батысымен және Арал теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу жерге дейін созылып жатыр. Жаңадария сан ғасырдан бері ағып жатқан қос өзеннің Әмудария (Жейхун) және Сырдария (Сейхун) аралығында өз арналарын табиғи жағдайға байланысты өзгертіп отырған. Әр заманда Тораңғыл, Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария өзектері Сырдарияның ескі арналары болған.
Жаңадария өзенінің жалпы ұзындығы 625км болса, каналының ұзындығы
-592,3км. Су шығыны - 50м3/сек. Бастауын Сырдария өзенінен алады.
2. Судың минералдануы орташа 105 мг/дм3, кермектігі 9,3 мг-экв/л. Өзен суы тұщы, жұмсақ суға жатады. Негізгі иондар мөлшері қалыптағыдай, тек сульфат ионымен құрғақ қалдық мг/дм3 шекті мөлшерден артады. Гидрокарбонаттар, магний және кальций концентрациясы, азотты қосылыстар, фосфаттар концентрациясы шекті мөлшерден қалыпты жағдайда.
3. Зерттеу жұмыстары барысында Жаңадария өзенінің гидрофаунасы 5 типтен, 17 кластан, 27 отрядтан, 54 тұқымдас, 83 туыс, 110 түрден тұратыны анықталды.
4. Гидробиологиялық зерттеулер нәтижесінде Жаңадария өзені суқойма-сынан табылған гидрофаунаның 110 түрінің 23-индикатор-сапробты түрлерге жататындығы анықталды. Гидрофаунаның сапробтылығы бойынша тарататын болсақ, анықталған 23 индикатор-сапробты түрлердің 4-альфа-мезосапробты, 3-бета-мезосапробты, 2-олигосапробты, 8-альфа-бета-мезосапробты, 4-бета-альфа -мезосапробты, 1-олиго-бетасапробты, 1-бета-олигосапробты ағзалар.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР
1. Ерболатов Н.Н., Байкенжеева А.Т. ЖАҢАДАРИЯ ЖӘНЕ ҚУАҢДАРИЯ АРНАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ. «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Жас ғалымдар кеңесі», «Білім. Ғылым. Инновация: Өзекті мәселелері мен даму жолдары» II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы. -Қызылорда, 2011, 283-285 бет.
2. Байкенжеева А.Т., Ерболатов Н.Н. Жаңадария өзені гидрофаунасының систематикалық құрылымы. MATERIAŁY IX MIĘDZYNARODOWEJ NAUKOWI-PRAKTYCZNEJ KONFERENCJI «STRATEGICZNE PYTANIA ŚWIATOWEJ NAUKI - 2013» 07-15 lutego 2013 roku Volume 25 Nauk biologicznych Chemia i chemiczne technologie Przemyśl Nauka i studia Польша, 2013, 22-24 бет.
3. Байкенжеева А.Т., Ерболатов Н.Н. Жаңадария өзені ихтиофаунасы. «Приоритеты науки, техники и образования» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы,- Киев-Қызылорда, 2013, 161-163 бет.
РЕЗЮМЕ
Ерболатов Нуркасым Нуртазаевич
Оценка экологического состояния гидрофауны реки Жанадария
Специальность 6M060800 - Экология
Актуальность работы.
Гидрофауна реки Жанадарья, расположенной в Кызылординской области, впервые подвергается исследованию. В результате исследования были выявлены различные экологические факторы и изучение их влияние на гидрофауну.
Это в свою очередь дает возможность на классификацию гидрофауны, организацию мер защиты и увеличения, развития экотуризма, развитие сельского хозяиства.
Цель работы:
Гидробиолого-экологическая оценка гидрофауны реки Жанадария.
Задачи:
- Описание гидрографии и истории реки Жанадария;
- Оценка гидрохимических показателей реки Жанадария;
- Экологический мониторинг разновидностей гидрофауны и ее размножения;
- Экологический-классификация и оценка гидрофауны реки Жанадария методом биоиндикации.
Научная ценность работы.
Впервые был уточнен токсокологический состав гидрофауны. Экологически загрязненные водоемы уменьшают разновидности гидрофауны.
Впервые в гидрофауне реки Жанадария был выявлен следующий вид зоопланктона как: Neodiaptomus schmakeri.
Было доказно что зоопланктон обладает вынослвостью к сезонной сукцессии и экологического состояния перепадов воды.
Методом биоиндикации был проведен анализ гидрофауны и воды реки Жанадария.
Практическая ценность работы:
Полученые свидения доказывает экологические постоянство региона, помугут в сохранении биологического разнообразия видов, потенциальном увеличении фонда.
Результаты исследования:
В ходе исследования было выявлено, что гидрофауна реки Жанадария состоит из 5 типов 17 классов, 27 отрядов, 54 семейстов, 89 родов, 110 видов.
Если раделить их по отрядом, из 5 отрядов Коловратки-Rotatorida встречаются 8 родов, 18 видов, это составляет 16,36% от общего количества.
Следующим наиболее часто встречающимся отрядом Жуков-Coleoptera относится 2 семейстов, 7 родов, 11 видов, среди гидрофауны реки это состовляет 10%, наряду с этим из 1 отряда Карповые-Cypriniformes встречаются 1 семейстово 10 родов из 11 видов это составляет (10%) от общего количества.
SUMMARY
Erbolat Nurkasym Nurtazaevich
Evaluation of the ecological condition of hydrofauna of the river Zhanadariya
Speciality 6M060800 - Ecology
Relevance of the work.
Hydrofauna of the river Zhanadarya which is located in the Kyzyl-Orda region, was exposed to investigation for the first time. As a result of the study identified a variety of environmental factors and the study of their impact on hydrofauna. And this, in its turn enables the classification of hydrofauna and the organization of measures to protect and increase, the development of eco-tourism and the development of Agribusiness.
The purpose of the work:
Hydrobiological and ecological assessment hydrofaunaof the river Zhanadariya.
Objectives of the work :
Description and history of hydrography of the river Zhanadariya;
Evaluation of hydrochemical characteristics of the river Zhanadariya;
Environmental monitoring of varieties of hydrofauna and its multiplication;
Environmental - a systematic assessment of the hydrofauna of river by bio-indication.
The scientific value of the work.
The toksicological structure of hydrofauna was revealed for the first time. Environmentally polluted water reduces species of hydrofauna.
For the first time in hydrofauna of Zhanadariya river was identified the form of zooplankton as following: Neodiaptomus schmakeri. It has been proved that zooplankton has endurance to seasonal succession and ecological status of water drops.
The method of bio-indication was analyzed hydrofauna of water and river Zhanadariya.
The practical value of the work:
The obtained proves the environmental persistence of witness region will help in the conservation of biological diversity of species and the potential increase in the fund.
The results of the study:
The study found that hydrofauna of river Zhanadariya consists of 5 types of 17 classes, 27 orders, 54-species, 89 are related, 110 species.
If we will define them to the order, from the 5 forces of Rotifers-Rotatorida found
8 related, 18 species, it is 16.36% in total. The next most frequent detachment beetles Coleoptera 2 is related,7-species, 11 species of river hydrofauna it composes 10%, along with that of the order Cypriniformes has been found 10 forms which is 11 (10%) from total amount.
Достарыңызбен бөлісу: |