Жасанды интелект



бет1/12
Дата15.09.2022
өлшемі140.5 Kb.
#460793
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жасанды интелект


Лекция
Жасанды интеллект.
Информатиканың өзекті мәселесінің бірі – адамның ойлау қабілетін формальдандыру информациялық технологияны интеллектендіру. Бұл бағыттағы ілім – жасанды интеллект деп аталады. Жасанды интеллект адамның интеллектуалды ойлау қабілетінің кейбірін ЭЕМ-де орындауға мүмкін түрде модельдеу программалау не адам орындайтын іс-әрекеттерді орындау сияқты мәселелермен айналысады. Жалпы жасанды интеллект – компьютерде интеллектуалды программаны дайындауға байланысты информатика бөлімі. Жасанды интеллект программалары көбінесе арнайы дайындалған Пролог, ЛИСП тағы сол сияқты программалау тілдерінде құрылады. Жасанды интеллект математикалық есепті шешуде, медициналық болжауда, шахмат ойнау сияқты ойындар теориясында мәтінді бір тілден екінші тілге аударуда, теореманы дәлелдеуде, коммерциялы мекемелерде және тағы басқа салаларда жиі пайдалануда. Қазіргі кезде жасанды интеллект нысанды тани және сөйлей де алады. Мысалы, санды тану үшін жасанды интеллект икемді тұжырымдамалар, жинақты схемалар тағы сол сияқты пайдаланылған, бірақ мұндай жұмыстардың орындалуы әлі жоғары дәрежеде емес. Оларды жетілдіру жөнінде ғылымдар көп еңбек жұмсауда. Бұл бағыттағы жетістіктер ЭЕМ-нің одан әрі дамуына және адамның программалау шеберлігіне байланысты жалпы жасанды интеллектіде программалау оңай жұмыс емес. Ол үшін компьютерде сақтаулы білім қорын пайдаланып нақты жағдайға қолданылатын динамикалық программа құрылуы тиіс. Әдетте бұл бағытты машиналық интеллект деп атайды. Машиналық интеллектінің тағы бір бағыты – интеллектуалды әрекеттің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмдерін қарастырып кеңінен алғанда адамның ой-өрісін зерттеп нақты жағдайда адам сияқты іс-әрекет жасайтын техникалық құрылғы дайындау.
Жасанды интеллектінің екінші бағыты. Адам еңбегін автоматтандыратын электромеханикалық құрылғы робот дайындау. Роботтың келешекте дамуы микропроцессорлық техниканың одан әрі дамуына байланысты бұл бағыттағы ілім роботтық техника делінеді. Ол жасанды интеллектінің әдістерімен идеяларына тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет