Ереже Ақмола облысының білім жүйесі туралы



Дата02.06.2016
өлшемі201.93 Kb.
#110130
Ақмола облысы

білім басқармасының

2010 жылғы 07 қыркүйекте

бұйрығына қосымша

337

Ереже

Ақмола облысының білім жүйесі туралы

Бұл «Ақмола облысының білім беру Интернет – қорларының мазмұндық ережесі» Ақмола облыстық білім беру ұйымдары әкімшілігінің Интернет- қорларын сәйкестендіру үдерісі мақсатында құрылған.



Жалпы ережелер

    1. Облыстық білім жүйесі - бұл білім жүйесіндегі автоматтандырылған ақпаратты - есептеуіш орталығы. Облыстық білім жүйесінің негізі электронды үлгідегі ақпараттардың алмасуы болып есептеледі.Ол білім жүйесінде нақты қызметтің бағасын көрсетеді. Электронды үлгідегі ақпараттардың алмасуын қамтамасыз ету үшін теңдестіру, ақпараттандыру, формаландыру ұйымдастырылады.

    2. Теңдестіру процесі кадрлық құрам мен оқушылардың білім жүйесінде берілген негізгі мағлұматтардың банкін ұйымдастырады. Білім ұйымдарының қызметкерлері белгіленген нормативтік уақытта теңдестіруді жаңарту мен рәсімдеу жұмысын іске асырады. Мағлұматтарды теңдестіру банкі білім жүйесіндегі статистикалық және сараптамалық хабарламаларды өңдеп жинақтайды және электронды модельдегі ақпараттар алмасуының рәсімдеу көздері болып табылады.

    3. Ақпараттану процесінде электронды модельдегі ақпараттардың алмасуын және мағлұматтарды теңдестіру банкіндегі автоматтандырылған коммуникациялық байланыс жүйесін қалыптастырады.Бұл желідегі байланыс жүйесін қамтамасыз ететін білім ұйымдарындағы әкімшілік Интернет- қуаттарының ВВS – IT™ SLash®. кешені. Білім жүйесіндегі ақпараттану процесі шарттарды сақтай отырып ағымдағы ақпараттарды таза, сенімді және өзекті етеді.

    4. Формаландыру процесі – бұл бағытты өлшеу және білім процесіндегі құбылыстарды негізге алған мағлұматтарды теңдестіру банкі.

Мониторингтің дистанциялық жүйесі

ВВS – IT™ формаландыру процесінде статистикалық мамандандырылған, тест және сұрау үлгісіндегі қорытындыларды өзгертіп, электронды модельдегі ақпараттар алмасу қызметіне дайындайды.



    1. . Білім ұйымдарының Интернет-қорлары (виртуалды есептегіш құралдар) – бұл мамандандырылған бағдарламаның қамтылуымен жабдықталған, автоматтық жүйеде қызмет ететін физикалық қорлардың сервері.Ақпараттандыру жүйесінде білім мекемесі ВВS – IT™ SLash® автоматты түрде мағлұмат алу үшін Интернет – қорларына қосыла алады.

    2. . Мамандандырылған бағдарламаның қамтамасыздануы – бұл мағлұматтар білім жүйесіндегі ақпараттарды өңдеу және алмасу қызметін қамтамасыз етеді. ЭЕМ-да микробағдарламалардың терілуі мен негізгі бағдарламалардың жиынтығын қамтамасыз етеді.

    3. . Электронды ақпараттармен алмасу үлгісі – бұл мамандандырылған кешенді құрайтын бағдарламаның қамтамасыздануы. Облыстық білім жүйесіне қатысты тармамандандырылған қызметтік міндеттер аясында қызмет етеді.

    4. Интернет желісіне қосылу білім ұйымдарының Интернет – провайдер (АҚ «Қазақтелеком», АҚ «ASTEL» т.б) келісім шартқа отыруы арқылы іске асады. Облыстық білім жүйесіндегі ЭЕМ операторлары, білім ұйымдары және қолданушылар үшін өз еркімен қажеттілігіне және қолында бар техникалық жабдыққа байланысты қосыла алады.

    5. Облыстық білім жүйесіндегі терминал – бұл ЭЕМ , білім ұйымдарының қызметкерлерімен белгіленген нормативтік уақытта, рәсімдеу және әрі қарай теңдестіруді жаңарту іске асырылады. Мағлұматтарды рәсімдеу көздері электронды модельдегі ақпараттар алмасуы болып табылады.

    6. Облыстық білім жүйесіндегі SAT – сервер – бұл Интернет желісінде бөлінген мамандандырылған ЭЕМ, білім жүйесінде ақпараттар алмасуының функционалды орындаушысы. Облыстық білім жүйесінде SAT – сервермен басқаруды оператор іске асырады. Ақмола облыстық білім жүйесіндегі SAT – сервердің доменналық аты : akmoedu.kz.

    7. Облыстық білім жүйесінің операторы – Аппаратты -бағдарламалық кешенді техникалық жағынан ұйымдастыратын және қолданушыларды үйрететін басқару қызметіндегі заңгер адам. Ақмола облыстық білім жүйесіндегі оператор ҚКҚМ « Білімдегі жаңа технологиялар және облыстық мониторинг орталығы» болып есептеледі.

    8. Білім ұйымдарындағы Интернет қорларының әкімшісі – ақпараттар үрдісінде техникалық жағынан ұйымдастыратын және ақпараттардың алмасуын әдістемелік жағынан басқару қызметіндегі адам. Интернет – қорларының әкімшілігін облыстық білім жүйесіндегі операторлардың куәландыру қорытындысы бойынша білім ұйымдарының басшысы өзіне жүктелген қызметтік бұйрық негізінде тағайындайды және босатады. Негізгі қызметі ( оқу ісінің меңгерушісі, информатиика мұғалімі т.б) болса да, Интернет – қорларының әкімшісі жұмысын бірге атқара алады. Ол үшін Интернет - қорларындағы операторлардың облыстық білім жүйесіндегі операторларды табысты куәландырудан өткізген жағдайда ғана қызметтік әкімшісін алмастыруға жібереді.

    9. Білім ұйымы Интернет –қорларының Операторы – бұл мамандандырылған бағдарламаның техникалық жұмысын

орындайтын , ЭЕМ – ды Интернет желісіне қосатын лауазымды тұлға.Интернет- қорларының Операторы өзіне жүктелген қызметтен облыстық білім жүйесі Операторының куәландіру қорытындысы негізінде және Интернет – қорлары әкімшісінің ұсынысы бойынша тағайындалады және босатылады. Интернет- қорларының Операторы өзінің негізгі қызметімен бірге ( зертханашы, информатика мұғалімі т.б.) қатар атқара алады.

1.14 Облыстық білім жүйесінің қолданушысы – бұл қызметтегі ақпараттарды электронды қызметті, ашық баспаларды және білім жүйесіндегі анықтамаларды мүддесіне қолданатын жай немесе заңды тұлға. Қызметтік ақпаратты және электронды қызметті алу үшін қолданушыға авторландыру қажет. Облыстық білім жүйесінде қолданушының теңдестіру нөмірі және сәйкестендірілген ену кілті болғанда ғана торландыру орындалады.


1.15. Интернет – қорлары Әкімшісінің куәлігі – бұл тұлғаның, ИКТ – құзырлығындағы және облыстық білім жүйесі Интернет – қорлары ішіндегі әкімшісінің біліктілігін дәлелдейтін, білім ұйымдарындағы лауазымды тұлғаның құжаты. ИКТ – құзырлығын және куәландыруды облыстық білім жүйесінің операторлары электронды тестілеудің қорытындысы негізінде тексереді.

1.16. Интернет – қорлары Операторының куәлігі – бұл ИКТ құзырлығындағы және облыстық білім жүйесі Интернет қорлары ішіндегі Операторлардың техникалық біліктілігін дәлелдейтін білім ұйымдарындағы лауазымды тұлғаның құжаты.

1.17. ИКТ – құзырлығы - бұл қызметтегі тұлға үшін міндетті, персоналды ЭЕМ-да және жұмысқа дағдыланған, білім ұйымдарының басшылары тағайындаған әкімшісі және Интернет қорларының операторлары. Егер қызметтегі тұлғаның ИКТ – құзырлығы жеткіліксіз болса, ол міндетті түрде компьютерлік біліктілігін жетілдіру курсынан өтуі қажет.

1.18. Электронды тестілеу – облыстық білім жүйесі SAT – сервер қорларын пайдаланып электронды үлгіде іске асатын тестілеу процедурасы. Электронды тестілеудің қорытындысы тестілеуден өткені туралы куәлік болып есептеледі және автоматты түрде SAT – сервер қорларына түседі. Ақмола облысындағы білім жүйесінің электронды тестілеу қорларының мекен жайы: slash.akmoedu.kz

1.19. Оқыту семинары – Интернет-қорлары мамандықпен қамтамасыз ету бөлігінде білім жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру және іс-тәжірибе жинақтау үшін оқытудың әдістемелік іс-шаралар кешені , оқыту семинары екі түрде өтеді: күндізгі және дистанциялық .Интернет – қорларының әкімшісі үшін оқыту, біліктілігін жетілдіру әрі-қарай жалғастырылады, бақылау және облыстық білім жүйесі Интернет- қорлары мен жұмыс жасағанда регламент сақтайды. Интернет қорларының операторлары үшін ақпарат – қатынас технологиясының дамуы жағдайына байланысты техникалық ақпараттардың алмасуын қамтамасыз ету үшін оқыту және біліктілігін арттыру жұмыстары өткізіледі.

2.Облыстық білім жүйесіндегі нормаға сәйкес құқықтық базасы.

2.1 Білім жүйесіндегі барлық адамдарға ашықтық пен жариялық қажет екенін белгілейді, білім мониторинг процедураларына, аудиттарға, білім ұйымдарының жеке меншіктігіне қарамай Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» 27.07.2007 ж. №319-3 (7, 10, 28, 43, 55 баптары)

2.2. Қ. Р. 27.11.2000 ж. №107-2 « Әкімшінің процедурасы туралы» заң. (13, 15-1, 15-2 баптары) нормаға сәйкес электронды түрде мемлекеттік қызметін ұсынады, биліктегі атқарушы органдарының ақпараттар алмасу деңгейіндегі олардың құрылымы үшін, басқару шешімдерін қабылдау негізінде әділдік пен ақиқатты қажет етеді.

2.3. Облыстық атқарушы орындарының қаулысы.

Білім басқармалары мен аудан әкімдеріне (облыстық мәні бар қалаларға) білім ұйымдарында Интернет-қорларын пайдаланатын облыстық білім жүйесіндегі бағалау сапасын қалыптастыруды тапсырады.



2.4. «Облыстық білім жүйесінің мониторингі» облыстық ведомстволық бағдарламасы.

Басқару үрдісінде және білімді ақпараттандыруда, білім жүйесіндегі мониторингіне толықмасштабты сызбаларды ендіру үшін бағытталған.



2.5. Облыстық ведомстволардың бұйрықтары мен өкімдері. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындаушы құрылым мен бақылау, білім жүйесіндегі барлық элементтердің қарым-қатынастарын регламенттейді және үйлестіреді. Облыстық білім жүйесінің ішінде бірдей ережелер мен қағидалар енгізеді.

2.6. Жергілікті орындаушы орындарының қаулысы.

Облыстық білім жүйесі қорларды қамтамасыздандыру мақсатында облыстық нормативтік реттеуші құжаттардың таратылуын қамтамасыз етеді.



2.7.Жергілікті білім ведомстволарының бұйрықтары мен өкімдері облыстық білім жүйесі буындардың қызметі мен жұмыстың жіберілуінің ұйымдастырылуымен қамтамасыз етеді.

2.8. Білім ұйымдарының бұйрықтары мен өкімдері .

Қызметтегі әкімшінің міндеттерімен белгіленген қызметтегі тұлға Интернет-қорлары операторы; әкімшісі қызметкерлері мен Интернет- қорларының операторларының нақты міндеттерін бекітеді және білім ұйымдары қызметкелері өз жұмысында Интернет-қорларын пайдаланғаны үшін жауапкершілік алады.



3. Интернет-қорларының операторлары мен әкімшісі қызметінің міндеттерін жүктеу және босату.

3.1. Білім ұйымдары Интернет-қорларын келешекте жылдық жоспарға енгізу және дамыту негізінде аудан әкімдерінің бұйрығы немесе облыстық мәні бар қалаларды ілестіреді. Келешек жоспардағы іс- шаралар осы ереженің шартына сәйкес келуі керек.

3.2. Интернет-қорлары операторларының және әкімшісі қызметінің міндеттерін жүктеуге негіз болған Интернет-қорларының техникалық қамтамасыздануы және білім ұйымындағы қызметкерлердің өзі атқаратын қызметіне лайықтылығы.Білім ұйымдарындығы Интернет- қорларының дамуына облыстық білім жүйесіндегі операторлардың міндеттері контенттің толықтырылуы, баспаларды бақылау,білім ұйымының жұмысы туралы есеп беру және олардың мерзімінің сақталуын қадағалау жатады

Білім ұйымдары Интернет-қорларының техникалық жағынан алып жүру міндетіне ЭЕМ жұмысқа қабілетін, ЭЕМ Интернет желісіне қосылуын және мамандандырылған бағдарламаларды тікелей пайдалануын қамтамасыз етеді.

Интернет-қорлары әкімшісінің қызметіне оқу ісі меңгерушісінің міндеті жақын келеді (шағын комплектілі мектептер үшін – директор міндеті,білім бөлімдері үшін- жетекші маман)

Интернет- қорлары әкімшісінің қызметіне оқу ісінің меңгерушісінің міндеті жақын келеді (шағын комплектілі мектептер үшін- директор міндеті, білім бөлімдері үшін- жетекші маман).

Интернет- қорлары операторларына информатика кабинетінің зертхана міндеті (шағын комплектілі мектептер үшін- информатика мұғалімі, білім бөлімдері үшін- бағдарламашы-техник)

3.3.Интернет- қорлары әкімшісінің қызметтік міндеттеріне жатады:

3.3.1. Облыстық білім жүйесі операторының нормативтік құжаттар мен нұсқауларын алу.

3.3.2. Облыстық білім жүйесі операторлары ұсынған Интернет-қорларының ішінде басылымға берілген материалдарды орнықтыру және бақылауға алу.

3.3.3. Білім бөлімінің аудандық акиматы немесе облыстық мәні бар қалалар және білім бөлімдерінің тікелей басшылары нормативтік құқық талаптарына сәйкес облыстық білім басқармасының құжаттарын Интернет- қорлары толық сақталуын бақылау қажет.

3.3.4. Білім ұйымдарының Интернет- қорларын техникалық жағынан алып жүруін бақылау. Егер Интернет- қорларының операторы немесе әкімшінің қызметі алмасса, онда қосымша білім ұйымдары Интернет- қорларын техникалық жағынан қамтамасыз етуі іске асырылады.

3.3.5. Өткізілетін іс-шараларға келешектегі білім ұйымдарының жұмыс жоспарына Интернет- қорларының дамуын енгізу қажет.

3.3.6. Білім ұйымы Интернет- қорларының модульдік кері байланыс материалдарымен жұмысы.

3.3.7. Білім ұйымы Интернет- қорлары жүргізілетін модульдерін ескере отырып, ақпараттарды теңдестіру, анықтамалық баспаларды бақылау және ұйымдастыру.

3.3.8. Интернет -қорлары қызметі жайлы білім ұйымдарының басшыларына есеп беру.

3.3.9. Білім ұйымы қызметтеріне Интернет- қорларының контентінде материалдарды басылымға қалыптастыруда нақты көмек беру қажет.

3.3.10. Облыстық білім жүйесінің операторлары шартты сақтап және берілген құпия мәлімдемелерді жарияламау қажет.



3.4.Интернет-қорлар операторларының қызметтік міндеттеріне жатады:

3.4.1. Облыстық білім жүйесі операторларынан нұсқаулар алу.

3.4.2. Білім ұйымы Интернет- қорлары контент ішінде басылымға материалдар шығару үшін Интернет- қорлар әкімшісінің тапсырмасын орындау.

3.4.3.Білім ұйымындағы Интернет- қорларының мамандандыру бағдарламасының шартты түрде іске асыруын қамтамасыз ету.

3.4.4. Облыстық білім жүйесінің терминалы- ЭЕМ техникалық жағынан қамтамасыз ету.

3.4.5. Мамандандырылған бағдарламаның уақытында жаңартылуын және антивирустік бағдарламамен қамтамасыз ету.

3.4.6.Интернет- қорларындағы кері байланыс модульдерімен материалдарды қабылдау және тапсыру жұмысы.

3.4.7. Білім ұйымы Интернет- қорларының әрекет ететін модульдерді ескеріп, ақпараттарды теңдестіру және Интернет- қорларының анықтамалық әкімшісінің тапсырысы бойынша баспаға беру.

3.4.8. Интернет- қорлары мониторингінен бас тартқан жағдайда және мәлімдеме түскенде облыстық білім жүйесінің операторлары мамандандырылған бағдарламаның қамтамасыздануы мәселенің жойылуын қамтамыз етуі керек.

3.4.9. Облыстық білім жүйесінің операторлары шартты сақтап және берілген құпия мәлімдемелерді жарияламау қажет.

3.5. Қызметтегі міндеттердің орындалуын бақылауға алу және келешекте салыстырмалы әдістемелік жоспар түрінде жүзеге асырылып, айғақты түрде таратылады.

3.6. Интернет-қорлар әкімшісі қызметінің қорытындысы:

Білім ұйымдарының басшылары толықтыру бөлімінде Интернет- қорларының жұмысқа қабілеттілігін, білім ведомстволарының реттеуші құжаттарын облыстық білім жүйесінің операторы уақыт тәртібін белгілейді және нұсқауларды орындайды.

3.7. Интернет- қорларындағы оператор қызметінің қорытындысы ЭЕМ жұмысқа қабілеттілігін байқап, мамандандырылған бағдарламамен қамтамасыздандыру қажет.



3.8. Интернет- қорларының операторларының немесе әкімшісі қызметінің міндеттерінен босатылуы.

Бұйрық шыққан уақыттан бастап он күндік мерзім ішінде облыстық білім жүйесінің операторларына міндетті түрде операторлық және әкімшісі міндетінен босатылуы ескертіледі және содан соң білім ұйымының басшысы бұйрық негізінде іске асырады. Облыстық білім жүйесінің қорларына ену кодтарының құпиясын сақтау мақсатында ескертіледі.



3.9. Интернет-қорлары операторларын немесе әкімшісін ауыстыру.

Жоспарланған құжаттар, мамандандырылған бағдарламаның қамтамасыздануы, нормативтік қабылдау- тапсыру актісі, ЭЕМ (облыстық білім жүйесінің Терминалы) облыстық білім жүйесінің операторларына ескертілу негізінде іске асырылады, әкімшісі қызметінің немесе оператордың тағайындалуы осы ережеге сәйкес 1.11, 1.12 тарауларында жүзеге асады.

3.10. Интернет- қорларының операторлары және әкімшісі өзіне жүктелген қосымша қызметінің кесімді қызмет ақысы немесе қосымша ақы төлену мәселесін, тікелей ведомстволық деңгейде немесе білім ұйымдарының деңгейінде шешеді.

4. Білім ұйымдары лауазымды қызметкерлерінің ИКТ - хабардарлығын меңгеру деңгейі.

4.1. Білім ұйымдарындағы лауазым иелерінің ИКТ - хабардарлығы тізімі облыстық ағарту саласы қызметкерлерінің мамандықтарын көтеру және қайта даярлау институтында анықталып, облыстық білім басқармасында бекітіледі. Білім қызметкерлерінің ИКТ- хабардарлығына Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі тапсырыс беруі мүмкін және бұлай болған жағдайда ИКТ - хабардарлығы басымдыққа ие бола алады.

4.2. Білім ұйымының Интернет- қорының әкімшісі мен операторының міндетін орындау үшін қажетті ИКТ- хабардарлығы тізіміне электронды аспаптандыру жүйесіне еркін кіруді қамтамасыз ету қызметінің білім негізі мен еңбек дағдысы кіреді.

4.3. Білім ұйымы Интернет- қорының әкімшісі

-мөлшерлі құжаттармен жұмыс істеу ережесін электронды құжаттарды дайындау және жарыққа шығару әдістерін, электронды- ақпаратты алмасу әдістерін білуі тиіс.

-ЭЕМ операторының негізді базалық міндетін орындайды.

Интернет желісіне арналған қосымшалы электронды поштасы бар мәтінді және кестелі процессорларда жұмыс жасауды, оргтехника мен ЭЕМ-нің сыртқы жабдығын қолдануды меңгеруі тиіс.

4.4. Білім ұйымы Интернет- қорының операторы:

ЭЕМ-нің жөндеу, Интернет желісіне қосылу және операциялық жүйе параметрлерін интернет желісінің және облыстық білім беру желісінің қорларын (ізденістік, анықтамалық, машықтандыру, сервистік) электронды құжаттармен жұмыс істеу үшін қолднабалы бағдарламамен қамтамасыз етуді білуі тиіс. ЭЕМ операторларының негізді базалық міндетін орындауды білуі офистік және қарапайым графикалық қосымшалармен, антивирустық бағдарламаны қамтамасыз етумен, интернет желісінің қосымша салымдарымен және қызметтерімен жұмыс жасауы, ЭЕМ-ді интернет желісіне қосуды орындауы тиіс.



4.5. Білім ұйымдары лауазым иелерінің ИКТ- хабардарлығын көтеруі үшін оқыту- келешектегі жоспар бойынша өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда немесе сәйкес бағыттағы жеке тәртіп ретінен жүзеге асады.

5. Облыстық білім беру желісіндегі Интернет- қорларының әкімшілері мен операторларын (орындаушыларын) дайындаудың баға беру семинарына қатысу үшін тыңдаушыларды тіркеу.

    1. Облыстық білім беру желісінің құрамында арды дайындау, кеңес беру, техникалық бағыт берусұраныстарымен қамтылған мамандандырылған Интернет- қоры жұмыс істейді. Мамандандырылған Интернет -қорының мекен – жайы облыстық білім беру жүйесінің үшінші деңгейлі құрамындағы «SLASh” атауының бар болуымен сипатталады. Ақмола облыстық білім беру желісінің мамандандырылған Интернет – қорының мекен – жайы slash. akmoedu.kz.

    2. Тыңдаушыларды тіркеу облыстық білім беру желісінің мамандандырылған Интернет-қоры жүргізеді және екі мәселені қамтиды: жеке арнайы мәліметтерді енгізу және ИКТ- хабардарлығын меңгеру ісін электронды тестілеу.

    3. Тыңдаушыларды тіркеуге өткізуге рұқсат беру облыстық білім жүйесінің Операторы берген , білім ұйымының идентификациялық картасында көрсетілген идентификациялық нөмір бойынша жүзеге асырылады.

    4. Электронды тестілеу сұрақтары н.п. 4.3,4.4. тармақтарында көрсетілген білім мен тәжірибені қамтиды.

    5. Электронды тестілеу сәтті өткен жағдайда мамандыққа баға беру семинарын тыңдаушылардың тобына қабылдау негізі болып, ИКТ – хабардарлығын меңгеруге арналған тестілеуден сәтті өткені туралы куәлік табылады. Интернет – қорларының әкімшісінен іс атқарушысының міндеттемесін бір лауазым иесі қатар атқару үшін әр мамандық бойынша жеке- жеке электронды тестілеуден өтуі қажет.

    6. ИКТ – хабардарлығын меңгеру тестілеуінен сәтті өткені туралы куәлік нөмірі, оқып үйренгеннен соң мамандыққа тестілеу барысында қолданылады.

  1. Оқыту процедурасы.

    1. Интернет – қорының операторлары мен әкімшісін оқыту дистанциялық және күндізгі түрде өтеді.

    2. Облыстық білім жүйесінің операторын күндізгі оқыту түрі біліктілігін жетілдіру институттарында және тыңдаушылар тобы құрылған жағдайда білім қызметкерлерін қайта даярлаудан өткізеді.

    3. Дистанциялық оқыту облыстық білім жүйесінде мамандандырылған Интернет- қорларында қажеттілік туған жағдайда жеке өткізіледі.Ақмола облыстық білім беру желісінің мамандандырылған Интернет – қорының мекен – жайы slash. akmoedu.kz.

    4. Күндізгі оқыту семинар түрінде өтеді ол, әр тыңдарман қауым үшін алты академиялық сағатқа есептелген. Семинар теориялық және практикалық дайындықтан тұрады.Тыңдармандар оқу материалымен қаматамасыз етіледі.

    5. Дистанциялық оқыту түрі оқу материалын өздігінен оқып үйренуін және тәжірибелік жұмыс дағдыларын мамандандырылған бағдарламаның көмегімен, Интернет желісін және ЭЕМ пайдаланып меңгеруі тиіс. Оқудың уақыты мен мерзімін тыңдармандар өздері белгілейді.

7.Мамандыққа тестілеу.

7.1.Дистанциялық оқыту мен үйрену семинарының мамандыққа тестілеу соңғы кезеңі болып табылады. Тестілеуге оқытудан өткен адамдар ғана жіберіледі.

7.2. Мамандыққа тестілеу облыстық білім жүйесінің мамандандырылған Интернет қорының электронды тестілеу түрінде өткізіледі.

7.3. Мамандыққа тестілеуден өту үшін тесті сәтті өткені туралы куәліктің нөмірі және ИКТ- хабардарлығы бар екені көрсетіледі.

7.4.Мамандыққа тест облыстық білім жүйесіндегі мамандандарылған бағдарламаның қамтамасыздандырылуы және Интернет – қорларын пайдалану туралы сұрақтарды қамтиды

7.5. Мамандыққа тестілеуді сәтті өткен жағдайда, облыстық білім жүйесі Операторының куәлігімен расталады.



8. Сертификаттау (куәлік беру)

8.1.Куәлікке кіреді:

- Облыстық білім жүйесі Операторының заңды атауы;

- куәліктің нөмірі;

- куәлік алушының тегі, аты-жөні;

- мамандандырылуы;

- жарамды мерзімі:

- мөрді растайтын коды;

-куәлікті берген күні.


    1. Мамандандырылған Интернет- қорлары куәліктің нөмірін автоматты түрде тіркейді.Куәліктің нөмірін тексеру үшін мөрді растайтын кодты пайдаланады.

    2. Куәлікті облыстық білім жүйесінің Операторы береді

    3. Қызметтегі адамның куәлігінің төлемақысын .тікелей ведомстволар немесе білім ұйымдары іске асырады.

9. Облыстық білім жүйесі терминалының дайындығы.

9.1. Интернет – қорлары тұрақты жұмыс жасау үшін білім ұйымдары ЭЕМ болуы қажет.Ұйымдардың автоматты жұмыс орнына талап қоюы, Қазақстан Республикасының заңдарына сай.

9. 2. Облыстық білім жүйесінің терминалы рөліндегі ЭЕМ, толығымен Интернет байланысымен жабдықталған болуы қажет.

9.3 Мамандандырылған бағдарламаның жұмысын қамтамасыз ету үшін, білім ұйымдарының басқа бағыттағы Microsoft™ Windows® XP операциялық жүйесін немесе кешірек жетілдіруді қажет етеді.

9.4 Облыстық білім жүйесі терминалы рөліндегі ЭЕМ бағдарламасының құрамын қамтамасыз етуде  міндетті түрде болуы керек: антивирустік бағдарлама, мәтінді және кестелі редактор, бағдарлама үшін ZIP форматындағы архивтік файл, 5 және одан жоғары Adobe™Acrobat Readr® бағдарламасымен қамтамасыз ету, уақытында Интернет жүйесінің (браузер) бағдарламасымен және білім ұйымдарының қарауына байланысты электронды поштамен жұмыс жасау бағдарламасымен қамтамасыз етуі қажет.

9.5 Жорықтың үздіксіз берілуінде мәселе туындайтын білім ұйымдары үшін, ЭЕМ үздіксіз қоректену көздерімен 600м А|сағ наминалымен толықтыруы қажет.

9.6 Интернет желісіне қосылатын мүмкіндігі жоқ білім ұйымдары үшін нақтылы көрсетілген кеш дегенде 128 МБ көлемді сыртқы флеш- жинақтауыш бар болуы қажет.

9.7 Облыстық білім жүйесі терминалының қаржылай дайындығын білім ұйымдары немесе тікелей ведомстволар қолға алуы тиіс.



10. Облыстық білім жүйесі рұқсат етілетін ақпараттар алмасуы, ақпараттар көздері.

10.1 Бірінші деңгейлі ақпараттар көздеріне нормаға сәйкес құқықтық жергілікті, облыстық немесе республикалық мәні бар құжат болып табылады. Мынадай құжаттар ақпарат көздері белгісіне жатпайды; тіркелмеген және бекітуден өтпеген, әзірлеме сатысында жатқан және де, мемлекеттік құпияны сақтайтын құжаттар, жеке мәліметтерді ашатын құжаттар.

10.2 Екінші деңгейлі ақпараттар көздеріне білім ұйымының деңгейіндегі Қ. Р. Заңнамасына және іс жүргізу ережелеріне сәйкес құжаттар жатады.

10.3 Үшінші деңгейлі ақпараттар көздеріне лауазым иелерінің құжаттары және іс шаралар өткізетін мамандардың ұстаздар және басылымның мерзімі мен авторы көрсетілген жағдайда лайықты қызмет міндеттерін орындайды.

10.4 Сырттай ақпараттар көздеріне бұқаралық ақпарат құралдарының құжаттары халық пен оқушылардың хабарламалары мен үндеуі, нақты авторы мен ақпарат алмасу көзі көрсетілген жағдайда.

10.5 Технологиялық ақпараттар көздеріне есеп құралдарының көрсеткіштердің тіркелуі жүргізілетін, акт және журналдар кіреді.

10.6 Арнаулы ақпараттар көздеріне Қазақстан Республикалық ресми түрде қолдану анықтамалар, мемлекеттік стандарттар, техникалық және ғылыми нормативтер.

10.7 Электронды ақпараттар көздеріне барлық ұйымдардың мағлұматтарды электронды түрде сақтауы кіреді сонымен қатар мағлұматтар банк теңдестіру, білім статистикасының мағлұматтар банкі және басқа да жергілікті жерде кіреді. Ресми түрде қолданытылатын электронды қорлар кіреді, облыс және республика деңгейінде басылымға рұқсат етілген.

10.8 Облыстықбілім жүйесіндегі электронды жаңалық хабарламалары басылымға шығу алдында шындықпен сәйкес келуі үшін бақылауға алынуы қажет.

10.9 Кері байланыс тудыратын электронды хабарламалар Интернет- қорлары Операторының немесе әкімшісінің  жағынан тудыратын суреттер мен мәтіндерді жою мақсатында міндетті түрде бақылауға алынуы тиіс.

10.10 Облыстық білім жүйесі құжаттарын бақылау және басылымға жіберу Интернет-қорлары әкімшісі жүзеге асырады.



11. Теңдестіру.

11.1 Теңдестіру – облыстық білім жүйесі іс әрекеттің ажырамас іс жосығы болып есептеледі.Облыстық білім жүйесі мағлұматтарды теңдестіру банкі бар элементтердің қасиеттері өзгертілген немесе жаңа элементтер пайда болса онда міндетті түрде жаңартылуы тиіс.

11.2 Білім ұйымдары облыстық білім басшыларының нормалары мен  талаптарына сай теңдестіру процедурасын өздігінен іске асырады.

11.3 Облыстық білім жүйесі ақпараттар алмасуын білім жүйесінің операторы тағайындаған теңдестіру нөмірін беруді қарастырады,

12. Интернет-қорларының тілдік үлгісі.

12.1 Облыстық білім жүйесі Интернет-қорлары, Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасы ресми түрдегі тілдік саясатын басшылыққа ала отырып үш тілдік үлгіде : қазақ, орыс және ағылшын.

12.2 Интернет-қорлары бөлімдері қазақ және орыс тілдерінде толтырылуы міндетті.Ағылшын тіліндегі бөлім білім ұйымының қарауына байланысты толтырылады.

12.3 Интернет-қорлары бөлімдерінің тілдік үйлесімділігін міндетті болып есептелмейді, бірақ алғышарттық ерекшелік алады.

12.4 Ресми құжаттар және білім ұйымдарының жалпы халыққа үндеуі қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде басылымға шығады.



13. Электронды материалдарды қалыптау және баспаға беру.

13.1 Материалдарды қалыптау білім ұйымдарының жауапты тұлғаларының келешек жоспарларына сйкес жасалады.

13.2 Жаңалық құрылымы қамтиды:

Анонс (қысқа мазмұны)

Атауы

Автор


Толық мәтін және бейне

Интернет желісіндегі электронды құжаттың мекен-жайы және

сілтеме көздері

13.3. Мақала құрылымы қамтиды:

Атауы

Автор


Толық мәтін және бейне

Интернет желісіндегі электронды құжаттың мекен-жайы және

сілтеме көздері

Бекітілген файлдарды мұрағаттау

13.4.Электронды құжаттағы толық мәтіндердің мазмұны, пайдаланушы үшін басылымның мәнін ашатындай болуы керек.

13.5. Интернет-қорындағы жаңалықты айғақтайтын құжаттар, басылым шыққаннан кейін түзетуге немесе жоюға келмейді. Егер басылымға шыққан жаңалық хабарламаларында қателер жіберілсе, онда келешекте түсініктеме беру керек.



14. Ақпараттардың алмасуы.

14.1. Облыстық білім жүйесіндегі ақпараттардың алмасуы "Әкімшілік процедурасы туралы" Қазақстан Республикасының нормаларына сәйкес 7.11.2000ж. №107-2

14.2. Облыстық білім жүйесіндегі ақпараттар алмасуының бірден - бір ерекшелігі мәләметтердің электронды түрде берілуі.

15. Модульдермен жұмыс.

15.1. Элетронды үлгідегі ақпараттар алмасу модулі, жеке саланың міндеттерін ескере отырып әзірленеді және мамандандырылған бағдарламаның қамтамасыздануын біріктіреді.

15.2.ЭЕМ модульдік жүйесі автоматтандырылған тәртіппен қалыптасады

және әрі қарай тарауы мамандандырылған бағдарламаның қамтамасыз етуі арқылы басқарылады.

15.3. Модульдің қызметтік аясы облыстық білім жүйесінің операторларымен

әзірленеді және лайықты Интернет- қорларында басылып шығады.

15.4. Облыстық білім жүйесінің операторы орталықтандырылған модульдің реестірін қажеттілік туған жағдайда Интернет - қорлары операторлары немесе әкімшісі модульді іздеу және орнықтыруды жүзеге асырады.

15.5.Қызметтегі кейбір модульдер Интернет-қорының операторы немесе әкімшісінің мамандықтарын көтеру курсынан өтуін талап етеді.

15.6. Интернет-қорының операторы немесе әкімшісінің мамандықтарын көтеру курсын ұйымдастыру, облыстық білім жүйесінің операторларына дистанциялық мониторингте жаңа міндеттер пайда болған жағдайда жүзеге асырылады.

16. Ереженің қорытындысы.

16.1. Бұл ереже облыстық білім ведомствосының басшысымен және облыстық білм жүйесіндегі барлық міндетті орындаушы мекемелермен бекітіледі.

16.2. Бұл ереженің пункттері бұзылса, облыстық білім жүйесі жұмысының тоқтап қалуына әкеп соғады.

16.3.Бұл Ереженің орындалуын бақылау, облыстық білім жүйесі Операторына жүктеледі.



16.4.Бұл ереженің пунктарының тәртіппен сақталуына, білім ұйымының басшысы жауапкершілік алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет