Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Алынғандығы туралы хабарламасымен сәлемдемелерді қабылдау



бет63/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.4 Алынғандығы туралы хабарламасымен сәлемдемелерді қабылдау

Халықаралық сәлемдемелер тек алынғандығы туралы жай хабарламамен қабылдап алынады.


Алынғандығы туралы хабарламамен сәлемдемелерді қабылдау барысында сәлемдеме CN 07 бланкісімен сүйемелденеді. Жөнелтуші CN 07 бланкісін латын әріптерімен өзінің немесе басқа тұлғаның атына толтырады.
Алынғандығы туралы хабарламасы бар халықаралық сәлемдемелерді ресімдеу барысында өндірістік объектінің жұмыскері қосымша тиіс:
1) Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттары негізінде тиісті елге алынғандығы туралы хабарламасымен сәлемдемені қабылдауға рұқсатынын барын тексеруге;
2) сәлемдеменің мекен-жай бетінің жоғарғы бөлігіне және сүйемелдеу бланкісіне «Avis de reception» («Алынғандығы туралы хабарлама») белгісін, мөрқалыбының бедерін немесе жапсырмасын жапсыруға немесе «A.R.» әріптерін қоюға;
3) сүйемелдеу мекен-жайына хабарландыруды тіркеуге;
4) түбіртектің «айрықша белгісі» жолында «Хабарламамен» белгісін қоюға.


2.5 103н. тізімі бойынша сәлемдемелерді қабылдау

Бір немесе бірнеше мекен-жайға 5 немесе одан да көп сәлемдемелерді жіберу барысында жөнелтушімен үш данада 103н. тізімі толтырылады.


103н. тізімі бойынша қабылдап алынатын сәлемдемелер ішкі сәлемдемелерге белгіленген тәртіпте және келесі ерекшеліктерді есепке алу тәртібінде ресімделінеді:
1) Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аймақтардың шарттарына сәйкес жөнелтушімен әр сәлемдемеге СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісі және қажетті мөлшердегі CN 23 кедендік декларациясы толтырылады;
2) тиісті еліне және Қазақстан Республикасының ХПАО-да кедендік тексеруге арналған CN 23 кедендік декларациясы (CN 23 кедендік декларациясының 15 бағаны) заңды тұлғаның басшысымен (оның орынбасарымен) лауазымы көрсетіліп қол қойылу және мөрімен расталу тиіс;
3) қажетті кезде жөнелтушімен кедендік декларацияға басқа да сүйемелдеу құжаттары тіркеледі (инвойс, шот-фактурасы және т.б.).
Өндірістік объектінің жұмыскері тиіс:

        • сәлемдемедегі, СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегі, CN 23 кедендік декларацияларындағы және 103н. тізіміндегі мекен-жай сәйкестігін тексеруге. Жазбалар сәйкес келмеген жағдайда сәлемдемені қабылдамауға;

        • әр сәлемдемеге CN 23 кедендік декларациясының қажетті санын және СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінің толтыруын, мекен-жай жазуының дұрыстығын және сүйемелдеу құжаттарында жөнелтушінің қолының бар болуын тексеруге;

        • әр сәлемдемені өлшеуге, тізімге салмағын көрсетуге, немесе тізімде көрсетілген салмақ пен нақты салмақ сәйкестігін салыстыруға. 103н. тізімінде көрсетілген салмағымен сәйкес келмеген жағдайда түзетулер енгізуге және қолын қоюға.

  • 5 немесе одан да көп сәлемдемелерді тапсыру барысынжда олар ұқсас болып келсе, жұмыскер бір сәлемдемені өлшеп, жалпы салмақты көрсетуге құқылы;

        • тарифтеуге, 103н. тізімінде көрсетілген төлем сомасының сәйкестігін тексеруге, қосымша қызмет көрсетілген және «Абайлаңыз» белгісі бар болған жағдайда қосымша төлеммен тарифтеуге;

        • автоматтандырылмаған қабылдау кезінде тізім бойынша қабылдап алынған сәлемдемелерге сәлемдемелердің нөмірлері қойылған (№ ден № дейін ) бір түбіртек жазып беруге, «Қайда» жолында тізім бойынша қабылдап алынған сәлемдемелердің санын жазбаша түрде көрсетуге, «Кімге» жолында «Тізім бойынша» белгісін қоюға, түбіртектің қайырма бетіне ПМ бедерін қоюға.

Автоматтандырылған қабылдау барысында қабылданған сәлемдемелердің саны, бірінші және соңғы нөмірі (ШПИ), жалпы салмағы және 103н. тізімі бойынша барлық қабылданған сәлемдемелердің жалпы төлем сомасы көрсетілген ұқсас түбіртек беріледі;

  • сәлемдемеге СР 73 жапсырмасының жоғарғы бөлігін, ал СР 73 жапсырмасының төменгі бөлігін сүйемелдеу мекен-жайына жабыстыруға, сәлемдеменің реттік нөмірін қоюға (ШПИ жабыстыруға), 1н. дәптерінің түбіртегіндегі, СР 73 жапсырмасындағы, сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегі нөмірлерге сәйкес сәлемдеменің нөмірін (ШПИ) 103н. тізіміне қоюға немесе сәлемдемеде, СР 71 сүйемелдеу мекен-жайында және 103н. тізімде қойылған нөмірлер сәйкестігін тексеруге;

  • 103н. тізіміне қолын және қабылдау күннің ПМ бедерін қоюға;

  • 1н. дәптерінен немесе ДК-дан түбіртек және 103н. тізімінің көшірмесін беруге.

Заңды тұлғаларға өндірістік объектілерден алынған бағдарламалық қамсыздандыруға сәйкес нөмірлеуді жүргізуге және сәлемдемелерге ШПИ өздеріне жабыстыруға рұқсат етіледі.
Операциялық терезелер арқылы қабылданған кәдімгі халықаралық сәлемдемелер СР 71 сүйемелдеу мекен-жайымен, CN 23 кедендік декларациясымен, алынғандығы туралы хабарламамен, 103н. тізімімен, шот-фактуралармен (бар болған жағдайда) бірге өндірістік бақылаудан өткеннен кейін белгіленген кесте бойынша 2 данада жасалатын 16н. жүкқұжатына жеке-жеке жазылып жөнелту үшін беріледі. 16н. жүкқұжатында көрсетіледі: сәлемдеменің түрі, ШПИ нөмірі, тиісті елі. Ерекше белгілер болған жағдайда олар «Белгілер» бағанында көрсетіледі, сәлемдемелердің жалпы жинағы жазбаша, сүйемелдеу құжаттары цифрмен көрсетіледі.
Автоматтандыру қабылдау барысында жүкқұжат ДК-дан ұқсас деректермен 2 данада беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет