Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты қашықтан жүргізуді



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата31.10.2023
өлшемі0.49 Mb.
#481968
  1   2   3   4   5
Арнайы білім беру




Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты қашықтан жүргізуді 
ұйымдастыру бойынша арнайы білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік 
нұсаулықтар
 
Республикамызда орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты ерекше білім 
беруді қажет ететін балалар оқитын арнайы білім беру ұйымдарының жұмысын 
қашықтан жүргізу қажеттігі туындап отыр. Балалар мен ата-аналарға психологиялық-
педагогикалық 
қолдау 
көрсетуді 
ұйымдастыру 
үшін 
білім 
беру 
үдерісіне 
қатысушылардың барлығына электрондық платформалар мен басқа электрондық 
қайнаркөздерге қол жеткізу мүмкіндігі беріледі.
Оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері 
(ОО, ППТК). Жұмыс 40 минут ішінде қатысушылардың қажетті санының (маман, бала, 
ата-аналар) болуымен шектелмеген санда онлайн бейне-сабақтар, кездесулер
консультациялар өткізуге мүмкіндік беретін қашықтан жұмыс істеу режимінде ZOOM 
интернет-платформасы арқылы жүзеге асырылады. Онлайн сабақтарды көрсетілген 
немесе басқа жүйеде жүзеге асыру мақсатында есептік жазба құру, тіркелу, сабақтар 
кестесін баланың ата-аналарымен алдын ала келісу қажет. 
Жұмыстың бұл режимі ППТК мен ОО жағдайында іске асырылатын жеке және 
топтық сабақтарды ұйымдастыру кезінде тиімді әрі балалардың ата-аналарымен кері 
байланыс орнату үшін ыңғайлы. Маман мен ата-ана компьютер, телефон мен планшеттен 
де интернетке кіре алады, баламен жұмыс істеу кезінде қажет болатын бейне- және аудио 
байланысқа қосылу мүмкіндігі бар. Бейне-сабаққа сілтемесі немесе кездесу 
сәйкестендіргіші бар ППТК мен ОО-ның кез келген басқа маманы не басшылары қосыла 
алады.
Көрсетілген 
режимде жұмыс істеу бейне-көрсетулерді, аудиожазбаларды,
анимациялық материалды (мультфильм фрагменттері, қозғалатын объектілер және т.б.) 
кеңінен қолдануға, көрнекі-сюжеттік, дидактикалық материалдарды көрсетуге мүмкіндік 
береді.
Түзету сабақтары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі және маман алдында тұрған 
барлық міндеттерді орындауға бағытталған. 
Онлайн режимдегі сабақтарға төмендегідей балалар тартылуы мүмкін: 

сөйлеу тілінің бұзылыстары бар; 

зерде бұзылыстары бар; 

психикалық дамуының тежелісі бар;

тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған; 

есту, көру қабілетінің бұзылыстары бар. 
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен қашықтан сабақ жүргізу 
ерекшеліктері
1. Балаларға сабақтар ата-аналары (ата-аналарының бірі) міндетті түрде қатысқан 
жағдайда жүргізіледі. Ата-анасы бірлескен сабақ өткізуге көмектеседі (балаға керекті 
дидактикалық материалды жайып қойып, қажет болғанда оған нұсқаулықты қайталап 



түсіндіреді, қиындықтар туындағанда немесе тапсырма дұрыс орындалмағанда баламен 
бірлесіп орындауға кіріседі және т.б.).  
2. Аутистикалық спектрдегі ауытқулары бар балалармен жүргізілетін сабақтардың 
ерекшеліктері бар, бұл олардың эмоциялық-ерік саласы мен зейінінің бұзылуына 
байланысты, сондықтан бала ұзақ уақыт компьютер алдында отыра алмайды, психологпен 
(не басқа маманмен) байланыста бола алмайды. Бұл жағдайда ең оңтайлы нұсқа ретінде 
баланың ата-анасына арналған консультациялық онлайн сабақтар және оқыту 
семинарлары болып табылады, олардың барысында ата-аналар тапсырманы жазып ала 
алады, оларды орындау тәсілдерін нақтылап, туындаған сұрақтарға кәсіби жауаптар ала 
алады.
3. Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен логопедиялық жұмыс кезеңдерінің 
бәрін қосуға мүмкіндік беретін логопедиялық сабақтар өткізу едәуір ыңғайлы: 
сабақтардың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру; артикуляциялық, саусақтық жаттығу 
жасау; дыбыстау, сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық жақтары, байланыстыра 
сөйлеу тілін қалыптастыру.
4. Арнайы педагогтың (дефектологтың) сабақтары мынадай тапсырмалардан 
тұрады:
- жалпы моториканы дамыту бойынша; 
- қолдардың ұсақ моторикасын дамыту бойынша;
- қоршаған орта туралы түсініктерін байыту; 
- танымдық белсенділік пен білуге құштарлықты дамыту; 
- когнитивтік үдерістерді дамыту; 
- көру-кеңістіктік қатынастарды қалыптастыру
- сенсорлық түсініктерді дамыту. 
Қашықтан жұмыс режимде сабақтар өткізуге қойылатын талаптар: 
1. Компьютерлік технологияларды пайдаланумен болатын әрбір сабақ баланың жеке 
мүмкіндіктері және білім алуға қажеттіліктерін ескере отырып, жүргізілуі керек. 
2. Компьютер алдында отырған баламен жұмыс кезінде денсаулық сақтау факторлары 
міндетті түрде сақталуы қажет. Бұл талап ерекше білім беруді қажет ететін баланың 
психологиялық-дене күйінің ерекшеліктерінен туындайды. Көру арқылы, уақыт, 
эмоциялық тұрғыдан балаға көп жүктеме беруге болмайды. 6 жастағы бала үшін 
жұмыстың біржолғы ең көп ұзақтығы күніне 15 минуттан, 5 жастағы балалар үшін күніне 
10 минуттан аспауы керек. Компьютерлік ойындарды іріктеу кезінде баланың 
физиологиялық және жас мүмкіндіктерін негізге алу қажет.
3. Бір күн ішінде компьютерді пайдаланумен бір сабақтан артық сабақ өткізілмейді.
4. Компьютерді пайдаланумен сабақ өткізудің ұсынылатын уақыты: күннің бірінші 
жартысы.
5. Қашықтан сабақтарды аптасына 2 реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
6. Серуендеуге және күндізгі демалысқа бөлінген уақытта компьютермен сабақ 
өткізуге рұқсат етілмейді. 
7. Сабақты жоспарлау және жабдықтарды іріктеу кезінде педагогтың (үй жағдайында 
жұмыс істейтін), отбасының қолында бар құралдар мен оқулықтарды ескеру қажет.



Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен қашықтан жұмыс істеу сабақтарының 
құрылымы ППТК немесе ОО жағдайында қалыпты режиммен жүргізілетін сабақтардан 
ерекшеленбеуі керек: 
1. Дайындық 
кезеңі. Баланы компьютерлік ойындар мен жаттығуларға 
эмоционалдық тұрғыдан дайындау және дене дайындығына бағытталған. Жұмыс істеуде 
көру және моторлық анализаторларды дайындау үшін көзге арналған жаттығулар, 
саусақтармен жаттығулар жүргізіледі. Бала проблемалық жағдайға енгізіледі. 
2. Негізгі кезең. Алға қойылған түзету-білім беру міндеттері жүзеге асырылады. 
3. Қорытынды кезең. Баланың қызметінің нәтижелерін бағалау (рефлексия, өздік 
рефлексия), балаға түскен эмоционалдық, көру және бұлшықет күшін басу. Кері байланыс 
(ата-аналар сұранымдары, олардың сұрақтарына жауап беру).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет