Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы -
филология ғылымдарынын кандидаты, доцент
1956 ж. 26 қарашада Саратов облысы, Ершов ауданы,
Новорепино селосында туған.
1979 ж. Орал педагогикалық институтын “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығын бітіріп, ұстаздық жолын орта мектептен бастаған.
1982 ж. - оқытушы, ізденуші, доцент қызметтерін атқарып келеді.
1982 – 2001 жж. – оқытушы, аға оқытушы, доцент БҚМУ.
1994 – 1997 жж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ізденушісі.
1997 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Батыс Қазақстан топонимиясының этнолингвистикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1998 ж. - филология ғылымдарының кандидаты.
2000 ж. – доцент атағы берілді.
2005 ж. “Қазіргі қазақ тілі синтаксисі” курсы бойынша электронды оқулығы жарық көрді.
Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: тіл білімінің этномәдени жүйесі: ономастика, Батыс Қазақстан облысының типологиясы. Аймақтық топонимдердің этнолингвистикасы және оның даму жолдары, тіл білімінің грамматика саласы: қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем проблемалары.
Марапаттары: Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері
Негізгі еңбектері:
-
«Батыс Қазақстан облысының топонимиясы» атты жоғарғы курс студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған арнаулы курс бағдарламасы.-Орал, 1999.
2. «Қазіргі қазақ тілі» курсының фонетика саласы бойынша бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы.-Орал: «Ағартушы» баспасы, 2000.-8,25 б/т.
3.«Ақжайық өңірінің топонимиясы»: тарихи- этнолингвистикалық зерттеу.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2001.-б.171.
4.«Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі».-Орал:«Полиграфсервис», 2001.-б.176.
5. Жер – су атауларындағы ұлттық таным // «Ономастикалық хабаршы».-Астана, 2004.-№1.-Б.14-17.
6.Қ.Жұбановтың лингвистикалық терминологиясының ерекшеліктері.«Жұбанов тағылымы».-Ақтөбе, 2004.-б.122.
7. Синтаксис ғылымындағы кейбір өзекті проблемалар // Ұстаз.Ғылыми-әдістемелік журнал,2004.-№1.- Б.5-11.
8. «Батыс Қазақстан облысы жер–су атауларының ерекшеліктері және ономастикалық тұжырымдама»// «Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру-әрбір азаматтың парызы». Халықаралық ғылыми–практикалық конференция.-Орал, 2005.-28-29 қазан.
9.Жер–су атауларындағы әлемнің тілдік көрінісінің сипаты// «Ономастикалық хабаршы».- Астана, 2005.-№1.-Б.34-37.
10.«Құрмалас сөйлем синтаксисі» атты электрондық оқулық (2005 жылы қарашада университеттің кеңесінде қорғалды).-Орал: БҚМУ, 2005.
11.Қадыр Мырзаәлі суреткерлігі және қазақ сөз қолданыстарының тілдік сипаты»//«Қадыр Мырза Әли және рухани әлем». Республикалық ғылыми–практикалық конференция.-Орал, 2005.-27 қыркүйек.
12.«Батыс Қазақстан облысындағы қазақ топонимдері туралы
тұжырымдама». Қазақ ономастикасы: тәжірибелер мен ізденістер, республикалық ғылыми–практикалық конференция.-Астана, 2006.-31 қаңтар.
13.«Батыс Қазақстан облысындағы жер-су, елді мекен атауларының қалыптасу тарихы».«Тіл саясатындағы ономастиканың орны» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция.-Орал, 2006.-15 қыркүйек.
14.«Грамматикадағы ұлттық тәрбие мен рухтың берілу жағдайы» //«Мемлекеттік тіл: білім және саясат»: Халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция.-Орал, 2006.-13-14 сәуір.
15.Тілдің әлеуметтік табиғаты және тіл заңдары. Ғасырлар
тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция,2006.-Б.58-61.
16.Ұлттық тіл-таным мен дәстүрдің бесіктен даритын белгісі.Мемлекеттік тілдің теориялық және практикалық мәселелері.-Орал, 2006.
17.«Ана тілі - ұлттық рухтың айнасы». Халықаралық конференция.-Орал, 2007.
18.«Әлемді тіл арқылы танудағы онимдердің рөлі».«Х.Кәримов және қазақ тілінің диалектологиясы»// Жинақ, ҚазМУ, 2007.
19.Білімнің жаңа парадигмасы және оның мәдени тілтанудағы орны. «Т.Жанұзақовқа 80 жыл» //Республикалық ғылыми практикалық конференция.-Алматы, 2007.
20.«Жер-су атауларының терминдік сипаты». «Қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі» //Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция.-Атырау, 2007.- 14-15 мамыр.
21.«Қазақ болмыс және ұлттық таным» //«Тілтаным»,2007.-№1.
22.Ономастикалық бірліктердің ментальді-когнитивтік сипаттары //«Ғалым ұстаз С.Ғ.Шарабасов және қазақ филология мәселелері».-Орал, 2007.-б.151.
23.Концепт - тілдің танымдық қасиеті.«Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы, және қазіргі жайы» //Халықаралық конференция.-Алматы, 2007.-Б.252-256.
24.«Тілдің әлеуметтік табиғаты және тіл заңдылықтары» //ҚазМУ хабаршысы, 2007 .
25.«Тіл табиғатындағы ұлттық таным». Тілтаным: «Арыс»
баспасы,2007.-№4.
26.«Топонимдік атау-ұлттық творчестволық процесс». «Академик Қ.Жұмалиев және ұлттық рухани әлем»// Республикалық ғылыми-практикалық конференция.-Орал, 2007.-б.250.
27.Ұлт тілі - ұлт дүниетанымын жеткізетін негізгі құрал// БҚМУ Хабаршысы.-Орал: БҚМУ баспасы, 2007.-№4.-Б.3-7.
28.«Мемлекеттік тілдің мәртебесін асыру туралы». «Әділет
органдары қызметіндегі мемлекеттік тілдің рөлін арттыру және оның бүгінгі күнгі ахуалы» // Республикалық ғылыми-практикалық конференция.-Орал, 2008.
29.«Үштұғырлы тіл саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру жолдары».«Мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің тиімді әдістері»// Аймақтық ғылыми-практикалық конференция.-Орал, 2008.-9-10 қаңтар.
30.Құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша бақылау-пысықтау жаттығулар жинағы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БАҚ және БО, 2009.
31.Әдеби шығармалар арқылы құзіреттілікті қалыптастыру. «Ұлттық білім беру жүйесін жаңарту және адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның рөлі»// Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –Орал, 2009.-18-19 мамыр.
32. Х.Есенжановтың «Ақжайық» роман-трилогиясындағы фитонимдердің тілдік құрылысы.«Жаңа ғасырдағы түркітану: рухани құндылықтарды сақтау және зерттеу мәселелері» // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.-Орал, 2009.
33.«Тілтаным».-Алматы, 2009.-№2.-Б.82-89.
34.«Орда», «Нарын», «Жайық» символдық топонимдерінің коннатациясы.
І. Өмірбаяны:
1956 жылы 26 қарашада РФ Саратов облысы, Ершов ауданы, Новорепино селосында дүниеге келген.
1964 жылы Орал облысы, Казталовка ауданы, Богатырев орта мектебіне оқуға келіп, 1974 жылы үздік аттестатпен осы мектепті аяқтаған.
1974-75 жылдары Богатырев орта мектебінде мұғалімдік қызметін бастайды.
1975-79 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі квалификациясы бойынша үздік дипломмен аяқтаған.
1979-82 жылдары Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған.
1982 жылдан бері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушылық қызмет атқарып келеді.
ІІ. Ғылыми дәрежесі:
1. 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының диссертациялық кеңесінде «Орал облысы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты» тақырыбында проф.Ж.А.Манкееваның жетекшілігімен кандидаттың диссертация қорғалды.
2. 1999 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімімен доцент атағы беріледі.
ІІІ. Ғылыми бағыттағы монографиялары:
-
«Ақжайық өңірінің топонимиясы» 1998 жыл, 200 бет, Алматы, «Арыс» баспасы;
-
«Батыс Қазақстан облысы жер- су атауларының сөздігі» 2002 жыл, 250 бет, Орал қаласы, «Полиграф» баспасы; (Облыстық әкімшіліктің ұсынысы бойынша)
-
«Орал қаласы көше атауларының баяны», 2012 жыл, 150 бет,Орал, «Университет» баспасы.
-
«Батыс Қазақстан облысындағы ономастикалық кеңістік» 2016 ж, (баспада)
ІҮ. РУМС –тың шешімімен шығарылған ғылыми-әдістемелік оқу құралдары:
1.Қазіргі қазақ тілі фонетикасы бойынша сырттай бөлім студенттеріне арналған көмекші құрал. 1987 жыл, 4 баспа табақ, Орал, «Полиграф» баспасы.
2. «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі». (Бақылау-пысықтау жаттығулар жинагы) 2000 жыл, 250 бет, Алматы, «Арыс» баспасы. 2007 жылы РУМС-тың шешімімен екінші рет қайта бастырылып, толықтырылып шығарылды.
3.Қазақ тілі. (Орыс аудиториясына арналған практикалық оқу құралы) 2008 жыл, 250 бет, Орал, «Университет» баспасы.
4.«Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық құрылымдар» 2013 жыл, 300 бет, Орал,»Университет» баспасы. РУМС-тың шешімімен Республиканың барлық жоғарғы оқу орындарына таратылды.
Ү. Электронды оқулықтар: (университеттің ғылыми кеңесінде қорғалып, оқу залына орналастырылған)
1. «Құрмалас сөйлем синтаксисі». 2002 жыл.
2. «Қазақ тілі. Әлемнің жеті кереметі» 2009 жыл, (Астана қаласында өткізілген орыс аудиториясындағы интерактивті сабақтар конкурсында жүлде алды)
3. «Лингвистикалық сөзжұмбақ» 2012 жыл, (Диск облыс мектептеріне таратылды.
4. «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі ғылымындағы қиындық тудыратын проблемалар» (15 сағаттық лекциялар қоры), 2015 жыл. Университеттің оқу залына орналастырылды.
ҮІ. Ғылыми мақалалар:
1. «Ізденіс», «КазГу хабаршысы», «Тіл таным», «Ономастикалық хабаршы», «Вестник ЗКГУ» журналдарына әр жылдары жарияланған 70-тен аса ғылыми мақалалар бар.
2. Халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда жасалған баяндамалар мен жинаққа енген ғылыми мақалалар 40- тан асады.
(Тізім қоса берілді)
ҮІІ. Ғылыми жетекшілік:
1Ахатова Нурсауле –«Сырым баба шешендік сөздерінің тілдік құрылысы» 2001ж;»
2.Ақболатова Лунара –«Жарнама тілінің ерекшеліктері» 2012 ж;
3.Ашенова Ранида –«Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер мен шешендік сөздердің салыстырмалы тілдік ерекшеліктері» 20014-16 ж.
4.Дипломдық жетекшілік 120- дан асады.
ҮІІІ. Қоғамдық қызметі:
1.Облыстық, қалалық ономастикалық комиссия мүшесі.
2.Астана қалалық «Ұлағат» қоғамдық қорының мүшесі.
3. «Республикалық , облыстық әйелдер ассоциациясының мүшесі.
Достарыңызбен бөлісу: |