Ерназар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы Тезисі және 2016 жылға тапсырмалары 2015 жылғы 30 қараша күні Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»



Дата07.07.2016
өлшемі62.05 Kb.
#183399
Ерназар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы Тезисі және 2016 жылға тапсырмалары
2015 жылғы 30 қараша күні Қазақстан халқы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты 20-шы Жолдауын жариялаған тарихи сәттің куәгері болды. Жолдау дағдарыс жағдайында экономикалық реформаның негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмаларды қамтиды.

1. Жеке инициативалар арқылы экономикалық өсім

2. 100 нақты қадам реформалары

3. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы және әр азаматтың әлеуметтік

жауапкершілігі


Ауыл шаруашылығы

Округте барлығы 38 шаруа қожалығы, оның ішінде 24 малшаруашылығымен айналысады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауын барысында 2015 жылы мал шаруашылығын дамытуға 3 адам 5,9 млн.теңге несие алды. 2015 жылғы инвестицияның жалпы сомасы 20 млн. теңгені құрайды.

Өткен жылмен салыстырғанда ет өнімі 3 %, сүт 3 %, жұмыртқа 3, %, жүн 1% ұлғайған. Өткен жылмен салыстырғанда ІМҚ 4167 бастан 4730 басқа, ҰМҚ 8549 бастан 9414 басқа, жылқы- 1328 бастан-1826 басқа, шошқа 56 бастан 66 басқа ұлғайған. Құс 7749-7756

2015 жылы 2518 га аумақ егін егілді. Ауыл тұрғындарымен 21 га картоп, 10 га слынды. 10,7 тонна қатаң мал азығын дайындалды.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша округте ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, осыған байланысты 2015 жылы мал шаруашылығын дамытуға 3 адам 5,9 млн.теңге несие алды.

Округ аумағында 2015 жылдан ветеринарлық пункт жұмыс істейді.(1 ветврач, 1ветфельдшер және 2 санитар).

«Құлан» бағдарламасы бойынша «Гаухар» шаруа қожалығының басшысы Майкенов Дархан, «Абзал» шаруа қожалығының басшысы Избастин Каирбек жылқы өсіру үшін 4 млн теңгеден несие алуға «Аграралық несие корпорация» АҚ құжаттары тапсырылды.

«Сыбаға » бағдарламасы бойынша «Мақсұт» шаруа қожалығының басшысы Утенов Танирберген 8 млн теңге, «Анар» шаруа қожалығының басшысы Сапарбеков Нығымет «Аграралық несие корпорация» АҚ жылқы өсіру үшін 10 млн теңгеден несие алуға құжаттары тапсырылды.

Оралов Ерсин ЖЖК-2020 мемлекеттік бағдарламасы бойыншаң шағын құс фермасын ашты.



Салық
2015 жылы бюджетке жергілікті салықтан түскен түсім сомасы 1825923 мың теңгені құрады, оның ішінде

- жер салығы- 134700 теңге

- мүлік салығы - 89800 теңге

- көлік салығы- 1601423теңге

Қолма –қол ақшаны бақылау шотына -167400 теңге қаражат түсті

( Сосновка және Қоянбай орта мектебінің асханаларын жалға беру)

Алгоритм бойынша округ бюджетіне 47565 теңге түсім түсті.
Шағын және орта бизнес
Округ бойынша барлығы 14- сауда дүкені, 2-кафе, 1-ЖЖ стансасы, 1 дөңгелек жөндеу шеберханасы, 1 дәріхана, 1 шағын наубайхана, 1 тігін қызметін көрсету, 1 шаштараз жұмыс істейді.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлермен 15 меморандум жасалынып, дүкендерде әлеуметтік бұрыштар ашылған. Жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында 19 шаруа қожалықтарының басшыларымен меморандумдар жасалды.Тыл ардагерлеріне және жалғыз басты аз қамтылған отбасыларына жеңіл бағамен отын босату туралы 4 кәсіпкермен меморандумдар жасалып, орындалуы қадағалануда. 2015 жылы тұрақтандыру қорынан 16 тонна ұн тасымалданды.




Әлеуметтік сала
2015 жылы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту орталығында 4 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 16 адам жіберілді. 2015 жылы 16 жаңа жұмыс орны ашылды. Жастар тәжірибесі бойынша Ерназар дәрігерлік амбулаториясына 1 адам жіберілді.

Мемлекеттік атаулы көмек- 3 отбасына,11 адамға 202800 теңге төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 3 от басына ,11 балаға 97800 теңге төленді. Үйде тәрбиеленіп оқитын мүгедек 1 балаға 138700 теңге материалдық көмек берілді.

Жалғызбасты қарттар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға (24 адамға) төрт әлеуметтік жұмысшы үйде қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болшаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын іске асыру барысында ауылдық округ аумағында меншік нысанына қарамастан әлеуметтік обьектілерде мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кедергісіз кірулерін қамтамасыз ету мақсатында пандустар орнатылды. «Өрлеу» бағдарламасына 3 отбасы (15 адам) тартылды.

Құрылыс
2015 жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Ерназар ауылында бір үлгідегі мал қорымы салынды, Мал қорымын салу үшін 1 млн 885,7 мың теңге бөлінді..

Ерназар ауылдық округінің Ерназар ауылында 2014 жылдың тамыз айынан бастап ауыл тұрғындары өз қаражаттарына Қатымхана салуда (аумағы 420,0 м2), жер актісі берілді. 2015 жылғы 9 желтоқсан күні өткізілген, Ерназар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдері жиналысының шешімімен Ерназар ауылдық округі әкімінің бақылау шотына түскен 167429 теңге қаражат Ерназар ауылындағы хатымханаға 2 темір есік алуға және оны орнатуға жұмсалды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Мукинов» шаруа қожалығының басшысы Мукинов Х.К Ерназар ауылында Сосновка орта мектебінің автобус қоятын тұрақ салуды бастады.
Денсаулық сақтау

Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт жұмыс істейді.

2015 жылы ана мен бала өлімі тіркелген жоқ, туу -24 бала, өлім жағдайы – 27 адам, Табиғи өсім -1,3

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл сайын ауыл тұрғындары скринингтен өткізіліп отырады, барлығы жоспарланған 327 адам өтті. Туберкулезді анықтау, алдын алу мақсатында флюорографиядан 1027 адам тексерілді, оның ішінде жылжымалы флюрография 547 адам өтті.

2015 жылы туберкулез ауруымен ауырған 2 адам, қатерлі ісік ауруымен ауыратын 4 адам есепке алынды.
Білім беру

Округте жалпы білім беретін 2 мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны-314, мектеп алды дайындық тобында-36 бала. Мұғалімдер саны барлығы-54, оның ішінде 49 жоғары білімді, 5- арнайы орта білімді. Округ бойынша балаларды тасымалдау 100 пайыз.(59 оқушы).

Қоянбай және Сосновка орта мектептерінің базасында толық күнді келумен 50 балаға арналған 2 шағын орталық және қысқа күнді келумен 32 балаға арналған бір топ жұмыс істейді.

2015 жылы 11 сынып түлектерінің саны - 16 оқушы, ҰБТ-ға 8 оқушы қатысты (Қоянбай орта мектебінен 2 оқушы, Сосновка орта мектебінен 6 оқушы). Сосновка орта мектебінде 1 оқушы ерекше үлгілі аттестатқа бітірді. Округ бойынша ҰБТ-ның орташа балы 60,8 балды құрады.


Орман шаруашылығы

Округ аумағында «Семей орманы» резерваты мемлекеттік мекемесінің Морозов филиалы орналасқан. Осы филиалда 93 адам жұмыс істейді. Сосновка орманшылығының аумағында 34 га болатын питомник орналасқан, қарағай көшеттерін отырғызу үшін оның 8,5 гектар жеріне қарағай тұқымдары егіліп өсіріледі. 2015 жылы 572 га алқапқа ағаш көшеттері отырғызылды.



Абаттандыру және санитарлық тазалық

2015 жылдың сәуір айынан округтің барлық елді мекендерінде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 540 тонна көң-қоқыстар шығарылды. Ескерткіштерге ағымды жұмыстар жүргізілді. 240 ағаш, 30 тал, 32 шаршы метр гүлдер отырғызылды.


Қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау

Округ аумағында 2015 жылы 11 қылмыс тіркелді, оның ішінде ашылғаны 8

Әкімшілік жауапкершілікке барлығы 182 адам тартылды, оның ішінде: қоғамдық ортада маскүнем күйінде болғандары үшін -46 адам, ұсақ сотқарлық үшін 27 адам, тұрмыстық отбасылық қарым-қатынас үшін-10 адам, тіркеуде және жеке куәліктері жоқ- 13 адам, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түңгі уақытта заңды өкілдердің бірге еріп жүрмей көшеде жүргендері үшін – 6 адам, тыныштықты бұзғандары үшін -3 адам, жол ережелерін бұзғандары үшін-79 адам. Арнаулы профилактикалық емдеу мекемесіне емделуге 1 адам жіберілді.

Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімінде ішімдік ішетін, бұрын сотталған, босатылған барлығы 25 адам профилактикалық есепте тұрады.


Ішкі саясат, мәдениет және спорт
Округте Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыстары үнемі бақылауда. Жолдауды іске асыру барысында 2 топ құрылғын: 10 адамнан тұратын 1 топ ақпараттық- насихат тобы, 7 адамнан тұратын 2-ші топ дін сұрақтары бойынша жұмыс істейді, 201,2015 жылдары Жолдау шыққаннан күннен бастап 2572 адамды қамтыған 41 кездесу өткізілді.Округте 9 адамнан тұратын ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді. Қоғамдық кеңес жастар арасында халықтың бірлігін, саламатты өмір сүруін , тендірлік теңдікті, тұрғындардың әлеуметтік дамыуын жандандыру туралы жұмыстарды насихаттайды. Округте ШҚО әділет басқармасында тіркелген екі мұсылман мешіті орналасқан. Округте этносаралық қарым-қатынастар тұрақты, округ аумағында басқа дін уағыздаушы адамдар және жастар арасында религиялық сектаға кіргендер тіркелмеген. Салауатты өмір салтын сақтау және жастарды спортқа қатыстыру мақсатында мектептерде 2 спорт залы жұмыс істейді. Ауыл жастары округте өтетін слеттарға, форумдарға үнемі қатысып отырады. Округте жыл сайын атаулы мерекелерге арналған ісшаралар өткізіліп отырады.

2016 жылға жоспар


  1. Қоянбай ауылы мен Ресей Федерациясы арасындағы 10 шақырым жолды жөндеу және кіре берісте стелла орнату туралы

  2. Қоянбай ауылына ұялы телефон қосу туралы

  1. Ерназар ауылының көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу

  2. Сосновка және Қоянбай орта мектептерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу



Ерназар ауылдық округінің әкімі Р.Заденов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет