Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг қҰҚЫҚ негіздерімен



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#143359
  1   2   3   4
















С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІМЕН




СОӨЖ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА





СОӨЖ АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА


«Жоспарлау және болжау» пәні бойынша

Мамандық 050507 - «Менеджмент»

Курс - 4

Семестр - 7

Құрастырушы – аға оқытушы Оразбаева Д.Б.

Алматы, 2011

«Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасы отырысында қарастырылып, хаттамамен №___ «______» _____________ бекітілді.

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. ______________________________________Жақсығұлова Г.К.



Тақырып 1. Жоспарлау мен болжау тарихы

Сабақтың мақсаты: Жоспарлау мен болжау тарихын оқу

Оқу міндеттері:

- болжаудың даму кезеңдерін қарастыру

- орталықтандырылған жоспарлау ерекшеліктерін түсіндіру

Білім беру және оқыту әдісі: Тақырып бойынша мәселе сұрақтарын талқылау, презентация жасау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары


  1. Болжау тарихы

2. Орталықтандырылған жоспарлау

Тақырып бойынша тапсырма:

Сұрақ 1. Болжау тарихы

  1. Төмендегі мәтінмен танысыңыз

  2. Шағын топта талқылаңыз

  3. Бес минуттық эссе құрастырыңыз

  4. Эссе қорғау(ауызша)

Экономиканың обьективті түрде өсуі өндірушілер мен еңбек күшінің бөлінісін толық, әрі жоспарлы түрде зерттеуден басталады. «Анти-Дюринг» еңбегінде Ф. Энгельс дамыған қоғам туралы: «Өндірістегі анархия енді қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және қоғамның әр мүшесінің қажеттіліктерін қамтитын жүйемен алмасады» деп жазды. Өз заманында К. Маркс та қоғамдық жүйені өзгертуді, соның ішінде еңбек бөлінісін дұрыс ұйымдастыруға шақырды.

Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.

Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.

Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:

Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,

Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.

Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.

Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.



Жоспарлау мен болжау – бұл, Экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.

Зерттелетін процеске қарамастан болжаудың үш сатысы болады:



Алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:



  • Экономиканың даму бағытын анықтау;

  • Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;

  • Нәтежиеге қажетті ресурстарды анықтау;


Тақырып бойынша тапсырма:

Сұрақ 2. Орталықтандырылған жоспарлау.

  1. Теориялық материалмен танысыңыз

  2. Шағын топта талқылаңыз

  3. Бес минуттық эссе құрастырыңыз

  4. Эссе қорғау(ауызша)


Сабақ жүргізу жоспары:


Сабақ сұрақтары

Оқыту әдісі

Құзіреттерді қамту / бағалау әдістері

Уақыт, мин

білім

тәжірибелік дағды

коммуник. дағды

құқықтық білім

өзіндік білім

Сұрақ 1 Болжау тарихы






















Кіріспе: тақырыпты, сабақ мақсатын, тақырыптыңтнегізгі түсініктерін айту



















5

Негізгі бөлім:

- теориялық материалмен өздігімен танысу



Шағын топта жұмыс

+

Сұрақ-жауап



+

Эссе құру



+

Эссе қорғау



-

+

Әдебиетпен өздігімен жұмыс істеу



5

- шағын топта талқылау

Пікір талас

10

- Эссе құру




10

- Эссе қорғау




10

Қорытынды бөлім:

- қорытынды





















5

-бағалау



















5

Барлығы



















50

Сұрақ 2. Орталықтандырылған жоспарлау






















Кіріспе: тақырыпты, сабақ мақсатын, тақырыптыңтнегізгі түсініктерін айту



















5

Негізгі бөлім:

- теориялық материалмен өздігімен танысу



Шағын топта жұмыс

+

Сұрақ-жауап



+

Эссе құру



+

Эссе қорғау



-

+

Әдебиетпен өздігімен жұмыс істеу



5

- шағын топта талқылау

Пікір талас

10

- Эссе құру




10

- Эссе қорғау



















10

Қорытынды бөлім:

- қорытынды





















5

-бағалау



















5

Барлығы



















50


Таратып берілетін материал: силлабус, «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша арнайы әдебиет, теориялық материал

Әдебиет:

  1. Саханова А., Сейтмагамбетова. М., Есенжигитова Р. Государственное регулирование экономики – сборник кейсов. Алматы, 2002г.

  2. Мамыров Н., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики Казахстана. Алматы 2000г.

  3. Мамыров Н., Саханова А. Государство и бизнес. Алматы, 2000г.

  4. Мамыров Н., Саханова А., Ахметова И., Брузати Л. Алматы, 2002г.

  5. Черныш Е., Молчанова Н. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М., 2001г.


Бақылау сұрақтары

  1. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі қандай себептерден туындайды?

  2. Орталықтандырылған жоспарлаудың ерекшелігі неде?


Тақырып 2. Жоспарлау мен болжаудың әлемдегі және Қазақстандағы жағдайы

Сабақтың мақсаты: Жоспарлау мен болжаудың әлемдегі және Қазақстандағы жағдайын қарастыру

Оқу міндеттері:

- индикативті жоспарлау мәнін ашу

- контроллингтің ролін түсіндіру

Білім беру және оқыту әдісі: Тақырып бойынша мәселе сұрақтарын талқылау, презентация жасау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары


  1. Шетелдегі индикативті жоспарлау

  2. Фирмадағы контроллинг

Тақырып бойынша тапсырма:

Сұрақ 1. Шетелдегі индикативті жоспарлау.

  1. Төмендегі мәтінмен танысыңыз

  2. Шағын топта талқылаңыз

  3. Бес минуттық эссе құрастырыңыз

  4. Эссе қорғау(ауызша)

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау. Жалпы түрде жоспарлау, бастапқы ақпараттарды өңдеу және өзіне таңдауды қосатын және мақсаты ғылыми дайындау, қаржыны анықтау мен оған жету жолын қарастыруға негізделген, дайындау үдерісі мен қабылданған басқару шешімін көрсетеді.

Жоспарлау жасалу нысаны бойынша директивті, индикативті және стратегиялық болады.

Индикативті жоспарлауға толығырақ тоқталамыз.

Индикативті жоспарлау – бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады.
Тақырып бойынша тапсырма:

Сұрақ 2. Фирмадағы контроллинг.


  1. Төмендегі мәтінмен танысыңыз

  2. Шағын топта талқылаңыз

  3. Бес минуттық эссе құрастырыңыз

  4. Эссе қорғау(ауызша)

Контроллингтің жалпы тұжырымдамасы, басқару функциясы ретінде, оперативті және стратегиялық мақсаттарға жету үшін түрлі салалар қызметін үйлестіре және біріктіре отырып, кәсіпорын қызметінің барлық сфераларын қамтиды: қаржы және есеп, менеджмент және маркетинг. Бұл жерде тек маркетингтегідей компанияны басқару жүйесінің нарықтық бағытталуы туралы ғана емес, сонымен қатар, ұйымның ішкі және сыртқы ортасындағы өзгерістердің жоғары қарқыны жағдайында контроллинг жүйесінің қойылған міндеттерді орындау қабілеттілігі туралы да айтылады.

Менеджменттің жүйелік көзқарасы «контроллингті» менеджмент жүйесіндегі барлық кіші жүйелер қызметін үйлестірудің ұйымдастырушылық функциясы деп анықтайды. Дитгер Ханның пікірі бойынша, контроллинг автоматтандырылған басқару жүйесі ретінде сипатталады, осыдан контроллинг үш компонентке негізделеді деген тұжырым жасауға болады: экономикалық жүйе, басқару, ақпараттық жүйе.

Кәсіпорында контроллингті қолдану процесін оперативті контроллинг әдістерін қолданудан бастау, одан кейін стратегиялық контроллингті енгізу ұсынылады. Контроллингті жүзеге асырудың мұндай тәжірибесін көптеген ірі компаниялар қолданады. Стратегиялық контроллинг фирманың өмір сүруін қамтамасыз етуге және оның белгіленген даму стратегиясына жылжуын бақылауға, ал оперативті контроллинг компанияның ағымдағы мақсаттарына қол жеткізу үшін басқару жүйесін жасауға бағытталған.

Қазіргі экономиканың 1990-жылдары басталған трансформациялық процестері контроллингтің, соның ішінде стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесіне үлкен әсерін тигізді. Контроллингтің ұлттық немесе аймақтық модельдеріне сәйкес стратегиялық контроллингтің функциялары, міндеттері және әрекет ету аймақтары көп өзгере бастады.

Теоретиктер мен тәжірибешілер өз зерттеулерінде компанияның болашақтағы сәттілігі үшін неғұрлым қауіпті бар факторларды анықтады: ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау; қаржылық және экономикалық талдау; тұтынушы және өнім бойынша табыстылық; компьютерлік жүйелер және операциялар; процестерді оңтайландыру.

Берілген тенденцияның анықталуы контроллингті қолданудың жаңа аймақтарын көрсетеді. Неғұрлым мазмұнды бағыт болып контроллинг жүйесін өзгеріс жағдайларына және оның кез-келген қызметке әсер етуіне негізделе отырып, болашақта, стратегиялық жоспарда қолдану болып табылады.

Контроллингті стратегиялық және оперативті деп бөлуді кейбір авторлар дұрыс емес деп есептейді. Алайда, көбінесе, жетекші ғалымдар стратегиялық контроллингті контроллингтің бөлек бағыты ретінде қарастырады, бұл міндеттер мен функцияларды атқаруда неғұрлым орынды болып табылады.

Оперативті контроллингке қарағанда, стратегиялық контроллинг кәсіпорын басымдылықтарын тиімді қолдануға мүмкіндік жасауы керек және болашақ қызмет үшін жағдай жасауы тиіс.

Стратегиялық жоспарлар жасау барысында контроллинг қызметі атқарушылар мен басқарушылар арасында делдал ретінде қызмет етеді және олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Стратегиялық контроллингтің негізгі міндеті компанияның ұзақ қызмет етуіне, қызметті жоспарлауға, сонымен қатар сәттілік мүмкіндіктерін іздеуге, жасауға және оны сақтап қалуға бағытталған.



Сабақ жүргізу жоспары:


Сабақ сұрақтары

Оқыту әдісі

Құзіреттерді қамту / бағалау әдістері

Уақыт, мин

білім

тәжірибелік дағды

коммуник. дағды

құқықтық білім

өзіндік білім

Сұрақ 1. Шетелдегі индикативті жоспарлау






















Кіріспе: тақырыпты, сабақ мақсатын, тақырыптыңтнегізгі түсініктерін айту



















5

Негізгі бөлім:

- теориялық материалмен өздігімен танысу



Шағын топта жұмыс

+

Сұрақ-жауап



+

Эссе құру



+

Эссе қорғау



-

+

Әдебиетпен өздігімен жұмыс істеу



5

- шағын топта талқылау

Пікір талас

10

- Эссе құру




10

- Эссе қорғау



















10

Қорытынды бөлім:

- қорытынды





















5

-бағалау



















5

Барлығы



















50

Сұрақ 2 Фирмадағы контроллинг






















Кіріспе: тақырыпты, сабақ мақсатын, тақырыптыңтнегізгі түсініктерін айту



















5

Негізгі бөлім:

- теориялық материалмен өздігімен танысу



Шағын топта жұмыс

+

Сұрақ-жауап



+

Эссе құру



+

Эссе қорғау



-

+

Әдебиетпен өздігімен жұмыс істеу



5

- шағын топта талқылау

Пікір талас

10

- Эссе құру




10

- Эссе қорғау




10

Қорытынды бөлім:

- қорытынды





















5

-бағалау



















5

Барлығы



















50


Таратып берілетін материал: силлабус, «Басқарушылық шешімдерді жасау» пәні бойынша арнайы әдебиет, теориялық материал

Әдебиет:

  1. Саханова А., Сейтмагамбетова. М., Есенжигитова Р. Государственное регулирование экономики – сборник кейсов. Алматы, 2002г.

  2. Мамыров Н., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики Казахстана. Алматы 2000г.

  3. Мамыров Н., Саханова А. Государство и бизнес. Алматы, 2000г.

  4. Мамыров Н., Саханова А., Ахметова И., Брузати Л. Алматы, 2002г.

  5. Черныш Е., Молчанова Н. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М., 2001г.


Бақылау сұрақтары

  1. Индикативті жоспарлау деген не?

  2. Фирмадағы контроллинг процесі қандай этаптардан тұрады?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет