Ерсінұлы Қ. Қалдырған ізің мәңгілік / Қ. Ерсінұлы // Орталық Қазақстан. 2005. 24 наурыз



Дата16.06.2016
өлшемі17.02 Kb.
#140000
Ерсінұлы Қ.

Қалдырған ізің мәңгілік / Қ. Ерсінұлы // Орталық Қазақстан. - 2005. - 24 наурыз
Жақында академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің мемориалдық мұражайында «Қалдырған ізің мәңгілік» атты кездесу кеші өтті. Академик Е.А.Бөкетовтің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл кешке мұрындық болған - облыстық тарихи өлкетану мұражайының қызметкерлері.

Жиынға техника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Евней Арыстанұлының алғашқы шәкірті және аспиранты Виталий Павлович Малышев, медицина ғылымдарының докторы, профессор Е.Бөкетовтің аспиранты, қазіргі таңда ҚР ҰҒА академигі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі РМҚК «Еңбек гигенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығының» директоры Ғабдолла Әбдіқожаулы Құлқыбаев және ғұлама ғалымның мемориалдық мұражайының меңгерушісі, Евней Арыстанұлының туған інісі Қамзабай Арыстанұлы Бөкетов қатысты.

Әуелгі сөз кезегін алған В.Малышев:

- Мен 1960 жылдан бастап институтқа келгеннен және дүниеден өткенге дейін ол кісіні білетінмін. Біз бір лабораторияда жұмыс істедік. Бөкетов жақсы ұйымдастырушы, құрылыс ісінің де керемет білгірі болатын. Осы бүгін біз жиналып отырған ғимаратты өте аз мерзім ішінде салғызып, 1972 жылдың сәуір айында бастап, сол жылдың бірінші қыркүйегінде, ашылу салтанатын өткізді.

Бұл дегеніңіз сол кездің өзі үшін тамаша қарқын ғой.

Евней Арыстанұлы кейбір күрделі дүниелерді оңай шеше білді. Ол басшылар алдында осындай құрылыс ел болашағы, экономикасы үшін өте қажет екендігін жеткізіп, түсіндіре білу арқылы қаржы мәселесін шешті. Бұл оңай шаруа емес еді,- деді.



Сонымен қатар, Виталий Павлович Е. Бөкетовтің ғылыми жетістіктерінің бірі, тас көмірден мұнай өнімдерін (бензин және тағы да басқа өндіру теориясын әңгімелеп берді. Оның өзі бір жеке тақырып. Ғабдолла Әбдіқожаұлының айтуынша: «Евней өзін қоршаған адамдарына махаббат шуағын төгіп жүретін адам болатын. Ол кісі 58 жас өмір сүріпті, осы уақыт ішінде 25 ғылым докторын, 60 ғылым кандидатын даярлап, өзін ұстаз тұтқан тамаша шәкірттер тәрбиеледі. Қамзабай аға ғұламаның отбасы туралы біраз әңгімелегеннен кейін, кездесу кеші соңында жиналған қауымды мұражайды аралап, тамашалауға шақырды.

Кездесуге келген Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультетінің студенттері мен Тәттімбет өнер колледжінің оқушылары үшін бұл өте бір маңызды рухани кеш болғандай.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет