ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА атындағы ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2013 жылдың 18 мамырында философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, халықаралық ғылыми педагогикалық білім беру Академиясының академигі Мұстафа Матайұлы Матаевтың 80-жасқа толу мерейтойына арналған «Қоғам, мемлекет және тұлға: Қазақстанның бүгіні мен болашағы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Қызылорда облысы Қазалы ауданының және Қызылорда қаласының құрметті азаматы Мұстафа Матайұлы Матаев Қызылорда облысы Қазалы станциясындағы қазақ орта мектебін алтын медальмен бітірген. 1955 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) философия-экономика факультетінен жоғары білім алып шықты. 1967 жылы Мәскеу қаласындағы КПСС ОК жанындағы Қоғамдық Ғылымдар Академиясының философия кафедрасыннан аспирантура бітірген.
1969 жылдан бері М.М.Матаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жұмыс жасап келеді. Философия кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы болды. 20-жылдан астам уақыт Құқықтану кафедрасының меңгерушісі болды, қазіргі уақытта М.М.Матаев сол кафедраның профессоры болып табылады.
М.М.Матаевтың ғылыми қызметінің бағыты – қоғамдық даму барысындағы обьективтік және субьективтік факторлардың диалектикасы, құқықтық философия, Қазақстан Республикасының құқық тарихы, мемлекет пен құқық мәселелері, қазақ аудиторияларында мемлекет пен құқық теориясын оқытудың ерекшеліктері және қазіргі қазақстандық қоғамның басқа да қоғамдық-саяси бағыттары.
М.М.Матаев Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталды, бірнеше рет Қазақстан коммунистік партиясы Қызылорда облыстық, қалалық комитетінің, Қызылорда облыстық атқару комитетінің грамоталарымен, КСРО және Қазақ КСР жоғарғы партия мектебінің медалдарымен, В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальмен, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері көкірек белгісімен, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ыбырай Алтынсарин көкірек белгісімен, Қазақстан Конституциясына 10 жыл мерекелік медалімен марапатталды.
М.М.Матаевтың қырықтан аса ғылыми жұмыстары жарыққа шықты және «Достарым менің, достарым» «Көзімнің нұры», «Ойлап тұрсам дүние....», «Ұстаздың тұғыры» ғылыми-философиялық кітаптары жарық көрді.
«Қоғам, мемлекет және тұлға: Қазақстанның бүгіні мен болашағы» конференциясы пәнаралық сипатқа ие. Конференция жұмысына философтар, мәдениеттанушылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, тарихшылар, психологтар, филологтар және т.б. мамандық өкілдері қатыса алады.
Конференция материалдарын жарыққа шығару жоспарлануда. Конференция еңбектерінің жинағына баяндамаларыңызды енгізу үшін материалдарыңызды ұйымдастыру комитетіне қағаз және электронды түрде 2013 жылдың 25 сәуіріне дейін тапсыруларыңыз керек.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақша және орысша.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Студенттер сарайы.
Конференцияның басталу уақыты: 2013 жылдың 18 мамыры, сағат 10:00. Қатысушыларды тіркеу: сағат 9:30.
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Материалдарды жарыққа шығару үшін мақалалар мына талаптарға сәйкес рәсімделу керек:
1. Мақала (баяндама) мәтінінің көлемі 4 беттен кем болмау керек және тіркеу үлгісі MS Word текстік редакторінде терілуі керек.
2. Таблицалардың, схемалардың, суреттердің аты болу керек және Wіndows бағдарламасында терілу керек.
3. Шеттері: жоғары жағы – 2 см, төменгі жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, сол жағы – 3 см.
4. Шрифт: Tіmes New Roman, KZ Tіmes New Roman, кегль – 12.
5. Интервал: бір.
6. Парақтың бірінші бетінің сол жағында міндетті түрде УДК көрсетілу керек.
7. Абзац (жаңа жол): 0,9 см.
8. Келесі жолда – ортада мақала атауы бас әріптермен (қою шрифтпен).
9. Мақала атауының астында – ортада жай әріптермен (қою шрифтпен) автордың (біріккен авторлардың) тегі, аты, әкесінің аты (толығымен), ғылыми атағы және біліктілігі (3 автордан артық емес) көрсетілу керек.
10. Төменде: жұмыс орындалған мекеменің толық атауы (қою шрифтпен).
11. Абзацтан кейінгі бір интервалдан кейін (бос жолдан) –мақала мәтіні басталады.
12. Әдебиеттер тізімі мәтін соңына орналастырылады және жұмыста ескеру тәртібіне сәйкес құрылады. Мәтінде әдебиеттерге сілтемелер осы жұмыстың әдебиеттер тізіміндегі номерге сәйкес номер түрінде тік жақшамен рәсімделеді.
Бір жолдан кейін – Резюме және кілт сөздер (үш тілде): қазақша, орысша және ағылшынша.
Резюме көлемі: 4-5 сөйлемнен кем болмау керек (шрифт: Tіmes New Roman, KZ Tіmes New Roman, кегль – 11).
Кілт сөздер: 4-5 сөз.
Тіркеу үлгісі
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)
____________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
____________________________________________
Ұйым, (мекеме), қызметі
____________________________________________
Мекен-жайы (индексті көрсету міндетті)
____________________________________________
Телефон (халықаралық байланыс кодімен)
_________________________
E-maіІ
_________________________
Баяндама атауы
______________________________________________
Қонақүйден нөмір брондау қажеттілігі (ия, жоқ)
______________
Электрондық почтамен жіберу кезінде электрондық хаттың "Тема" бөлімінде «Сүлеймен Есқараев және Тәуелсіз еліміздің прокуратурасы конференциясына осындайдан ________________ (баяндамашының тегі)» көрсетілу керек.
Материалдарды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз:
Қызылорда қаласы, Әбілқайыр хан көшесі нөмірсіз, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу корпусы, Құқықтану кафедрасы, е-mail: Bota_kz1974@mаіl.гu
Телефондары: (8-7242) 27-68-76
Ұялы тел: 87072805497 (Алтаев Ерлан), 87059509246 (Жусупова Бота), 87777569728 (Исаева Жанна).
E-mail: Bota_kz1974@mаіl.гu.
Достарыңызбен бөлісу: |