Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун



Дата27.03.2023
өлшемі40.73 Kb.
#471205
Мағжан Жұмабаев


Қазақ лирикасында «Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп (школ) ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ… Орыстың бейнешілдігін қазаққа аударды, өлеңді күйге айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді…» М. Жұмабаевтың ақындығы жөнінде бұдан сексен екі жылдай уақыт бұрын Ж. Аймауытов айтқан осы пікірбайлам қазір де өз ақиқатын жоғалтпағанына мына кітапты оқыған адамның көзі анық жетеді.

Жумабаев, М. Стихи и поэмы [Текст] : пер. с каз. Б. Жылкыбаева / М. Магжан. Жумабаев. - Алматы : Принт-СВ, 2008. - 54,[12] с.


Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,


Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі - сол екі су жағасына,
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!
Где б ты ни был, К Турану лицом повернись,
Вспомни реки – Дарья, к ним скорее верьнись.
Берега этих рек не спеша обойди.
Над могилами предков с молитвой склонись!

Жумабаев, М. Магжан. Пророк [Текст] : стихи, поэмы, рассказ: пер. с каз. / коммент. Б. Канапьянова. - Астана : Аударма, 2010. - 366,[2] с.


Другие народы, душой устремясь к небесам,


Ключи подбирают к наукам, иным чудесам.
И, вспыхнув во мраке Звездою, Луной или Солнцем,
Они с высоты дарят свет торжествующий нам.

перевод С.Нуртазин


СҮЙЕМІН

Күлдей күңгірт шашы бар
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп - сұр көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрме ауыр күрсінер
Менің бір қарт анам бар.
Неге екенін білмеймін –
Сол анамды сүйемін!

ЛЮБЛЮ

Плохо видит она, снег в ее волосах
Доживет ли до ста, знает только Аллах
Четки держит в руках, ее пальцы дрожат
Время быстро течет, кто же в том виноват?
Чашу силы своей осушила до дна
Когда рядом я с ней, то вздыхает она
Это мама моя, чем я ей помогу?
Почему-то ее не любить не могу.

I LOVE

Her eyesight has weakened, there’s snow in her hair.
Allah only knows if she’ll live some more years.
She holds beads in her hands, and her fingers are trembling,
Time flows quickly, who is to be blamed? It’s like gambling.







She has drained to the bottom the cup of her strength,
When I'm with her, she sighs as she sees me at length.
That’s my Mom, how can I help her? I know for some reason -
I can’t help but love her in fame or in treason.

1993 жылы Мағжан Жұмабаевтің 100 жылдығына арнап «Жазушы» баспасынан шығарылған өлеңдер жинағында бірқатар өлеңдерін: Мое желание, Темная буревая ночь, Эй, Сарсембай!, Мотылек, И меня ты, смерть, убаюкай!, Жизнь, Все гуще лес... – Л.Степанова, Тенгри, Я спешу – А.Ширяев, Повсюду, Луч – А.Казанцев, Гульсум-ханум, Ораза – Қ.Бақбергенов, Женщина, Александр Блок, Старый город – Р.Тамарина, Болезнь – Т.Васильченко, Настроение – Б.Канапьянов, Весной, Зимняя дорога – А.Жовтис.


In winter – snowstorms covering with white


In summer - the heat scorching every mite.
There aren’t any trees and mountains and water
However, the land of Saryarka for me is hotter.

The native land, where I saw the first light,


The motherland, where my navel string was cut,
Where I played, run after clegs and flies,
My childhood memories are the golden times.

You are my source, I was begotten in your soil.


We are united, You own my flesh and soul.
All luminaries are faded, the Sun is dark,
Elsewhere I can’t even see a spark.

Автор перевода Диана Дарбаева


Жалпы, М.Жұмабаевтың поэзиялық аудармалары болып табылатын он бес шығарманың үшеуі шығыс əдебиетінен алынған туындылар болса, екеуі — орыс əдебиетінен алынған авторы белгісіз өлеңдер, ал төртеуі — еуропалық əдебиеттен, алтауы — орыс əдебиетінен аударылған авторлық өлеңдер. Аудармалар қатарына Мағжан қаламынан туған «Біраз Фетше» деп аталатын өлеңді де қосуға болады деп есептейміз.


М.Жұмабаев еуропалық əдебиеттен екі ақыннан төрт шығарма тəржімалаған. Олар — неміс ақындары И.В.Гетенің «Айрылдым сенен, жан сəулем», «Орман патшасы» туындылары жəне Г.Гейнеден аударылған «Екі бетің, сұлу қыз...», «Күннің батуы» өлеңдері.
В.А.Жуковский аудармасындағы «Орман патшасы» 8 шумақ болса, М.Жұмабаев аудармасында 16 шумақтан тұрады. Оның себебі — аударма барысында Мағжан орысша мəтіннің бір шумағын екі шумаққа келтіріп аударған. Алайда бұл өзгерістен туындының көркемдік болмысына да, құрылымына да ешқандай нұқсан келмейді. Ырғақтық, үндестік жағынан да, буын өлшемі тұрғысынан да орысша нұсқаның өлшемі сақталған. Тіпті Мағжан жасаған шумақты бөлшектеу тəсілі авторлық суреттеулер мен жолаушы, жас бала, орман патшасы арасындағы диалогтардың ара-жігін аша жеткізуге əсер етіп тұрғаны байқалады. Салыстырып байқалық:
В.А.Жуковский аудармасы бойынша:
«Дитя, я пленился твоей красотой:
Неволей иль волей, а будешь ты мой».
«Родимый, лесной царь нас хочет догнать;
Уж вот он: мне душно, мне тяжко дышать».
Ездок оробелый не скачет, летит;
Младенец тоскует, младенец кричит;
Ездок погоняет, ездок доскакал...
В руках его мертвый младенец лежал.

М.Жұмабаев аудармасы бойынша:


«Жараланды жүрегім,
Ғашықпын, бала, көркіңе.
Енді маған келерсің!
Қоймаспын, сірə, еркіңе!» —
«Жан ата, орман патшасы
Қуып бізге жетті ғой.
Келіп қалды мінекей,
Қысылдым, демім бітті ғой!»
Жолаушы енді қысылып,
Шаппайды, ұшып келеді.
Қайғырады нəресте,
Нəресте жылай береді.
Құйындатып жолаушы,
Үйіне ұшып келіпті.
Бірақ оның қолында
Нəресте жолда өліпті.

Үзіндіден байқалып тұрғандай, М.Жұмабаев аудармасында шумақ құрылымы бөлшектенгенімен, көркемдік мазмұн, сюжеттік-композициялық тұрғыдан ешқандай өзгеріс жоқ. Диалогтар да, авторлық бейнелеулер де өз орындарын сақтаған, суреттеулер мен диалогтар орысша мəтіндегі мазмұндарынан ауытқымаған.


Осы орайда айта кеткен жөн, Гетенің алғашқы балладаларында махаббат сарындары басымдық танытып жататын болса, веймар кезеңіндегі балладаларында ақын ақылмен ұғып болмайтын тылсым жайттерді бейнелеуге баса көңіл қояды, сол арқылы жаратылыс құпияларына ақындық қиялмен бойлауға ұмтылады, осындай көркемдік мақсатына сəйкес, кейіпкерлерін де табиғатпен біте қайнасқан жаратылыс иелері бейнесінде көрсетуге бейіл танытады. Гете шығармасындағы дəл осы сипаттар Мағжан аудармасында мейлінше дəл жеткізілген. Бұл жағдайдың өзі аударма барысында Мағжанның орысша мəтіндегі көркемдік қасиеттерге нұқсан келтіріп алмауды айрықша құнттағанын байқатады. Сонымен бірге неміс ақынының көркемдік-шығармашылық мақсатын М.Жұмабаевтың ақындық сұңғыла түйсікпен дəл танығанын айғақтайды.
Гете поэзиясынан М.Жұмабаев аударма жасаған келесі шығарма «Айрылдым сенен, жан сəулем» деп аталады. Бұл тұстағы бір өкінішті жайт — М.Жұмабаевтың бұл өлеңге қай ақынның аудармасы арқылы келгенінің əзірше беймəлім болып отырғандығы.
Туындыны эксперименттік аударма ретінде бағалауға мүмкіндік беретін жағдайлардың тағы бірі— шығарманы ақынның өзі «Біраз Фетше» деп атауы. Бұл жайт туындының түп негізі А.Фет өлеңінде жатқанын анық көрсетеді. Осы орайда еске түсіре кетер болсақ, шығыс əдебиетіндегі сияқты, қазақ əдебиетінің тарихында да нəзирашылдық аударма дəстүрі болған. Бұл тұрғыдан келсек,«Біраз Фетше» өлеңін ұлттық əдебиетіміздегі назирашылдық дəстүрдің М.Жұмабаев шығармашылығы арқылы жаңа кезеңге сай жаңғыруының үлгісі ретінде қабылдаудың да орайы бар.
Мағжан ақынның А.А.Фет поэзиясына қызығушылық таныту себептеріне байланысты кейбір ойларымызды алдыңғы тараушада баяндағандықтан, бұл тұста тек Фет өлеңіне қатысты кейбір жайттердің мəнін бағамдау үшін орыс əдебиетшісі Н.Н.Скатовтың: «Фет остался лириком, хотя и особого склада». В лирике Фета (во всяком случае, в значительной ее части) есть своеобразная первобытность, о которой хорошо сказал В.Боткин: «Такую наивную внимательность чувства и глаза найдешь разве только у первобытных поэтов. Он не задумывается над жизнью, а безотчетно радуется ей. Это какое-то простодушие чувства, какой-то первобытный праздничный взгляд на явления жизни, свойственный первоначальной эпохе человеческого сознания. Поэтому-то он так и дорог нам, как невозвратимая юность наша» [9], — деген пікірінде келтірілген ХІХ ғасырдағы орыс өнертанушысы, əдебиет сыншысы В.Боткиннің бағасын ескере отыруды жөн көрдік.
Шындығында да, А.Фет өлеңі мен сол өлеңнен «ғашықтар сыбыры, түнгі жарық, гүл, бұлбұл, ессіз аймаласу, көз жасы, таңғы сəуле» сияқты бейнелерді ала отырып, қайта жырланған «Біраз Фетше» өлеңін өзара туыстырып тұрған қасиет — табиғат суреттері мен адам сезімдерінің мейлінше тұнық, мейлінше табиғи күйінде бейнеленуі. Сондай-ақ екі туындыны өзара жақындастырып тұрған тағы бір қасиет — екі өлеңге де тəн болып келетін көріністер алмасуына негізделген динамикалы сюжет, табиғат пен айналадағы əрекет-құбылыстарды адамның сезім-əсерімен ұштастыра бейнелеуге негізделген көркемдік мазмұн, поэтикалық образдылықтың шынайылығы.
Қай тұрғыдан келгенде де, ұлттық əдебиетімізде жаңашыл ізденістерімен бірегей із қалдырған М.Жұмабаевтың «Біраз Фетше» туындысы көркемдік-образдылық сипаттары жағынан қызықты құбылыс екендігі анық.
М.Жұмабаевтың аудармашылық тəжірибесінде оның Гете, Гейне, Лермонтов шығармаларын аудару үлгісіне қарағанда, бөлектеу сипатымен көрінетін аудармасы — А.В.Кольцовтан аударылған«Шалдың үміті» өлеңі.
А.В.Кольцовтың төрт шумақтан тұратын өлеңінде бейнеленген кейіпкердің арманы, аңсар сезімдері, кейіпкер қиялындағы сурет-көріністер, көңіл-күйіндегі өзгеріс-құбылулар Мағжанның үш шумақтан тұратын аудармасында толық берілген. Алайда Мағжан-аудармашы түпнұсқадағы тармақ, шумақ санын, буын, бунақтар өлшемін, соған сəйкес келетін өлең ырғағын сақтамаған.
Үстірт қарағанда, бұл жағдай қазақ ақынының аударма барысында еркіндікке жол беруі сияқты əсер ететіні шындық. Десек те, Кольцов шығармасының жанрлық басты ерекшелігі əуенділік, əуезділік, əнге бейімділік болып табылатынын ескерсек, Мағжан-аудармашының бұл «еркінсуін» шығармашылық тапқырлық ретінде бағалаған орынды. Өйткені Кольцов өлеңі орыстың халықтық əуендеріне салып айтуға бейім болса, Мағжан аудармасындағы өлең мəтіні мазмұнына сəйкес келетін қазақтың халық əндерінің кез келген əуеніне үндесе кетеді. Демек, бұл тұста Мағжан-аудармашы түпнұсқаның сырт пішінін сақтаудан гөрі, өлеңнің көркемдік мазмұнын айқындай жеткізуге ықпалы тиетін музыкалық қасиетіне ден қоюды дұрыс санаған.
Мағжан аудармасындағы осы ерекшеліктен туындайтын тағы бір қызықты құбылыс назар аудартады. Ол — Кольцов өлеңіндегі лирикалық кейіпкер — орыс қартының жаратылысына тəн орыстық мінез-қасиеттердің Мағжан аудармасында қазақыланып кетуі. Мағжан аудармасындағы шал— қазақша армандап, қазақша қиялдайтын, қазақша өкініп, қазақша тəубаға келетін шал. Салыстырып байқалық:
А.В.Кольцов өлеңіндегі қарт арманының бейнесі:
Оседлаю коня,
Коня быстрого,
Я помчусь, полечу
Легче сокола.
Чрез поля, за моря,
В дальнюю сторону —
Догоню, ворочу Мою молодость!

Бұл — орыс деревнясында туып-өсіп, тірлік кешкен орыстың қунақ қимылды, қутың мінезді шалына тəн арман-қиял. Өлең əуені де орыс «частушкаларына» келеді.


М.Жұмабаев аудармасындағы қарт арманының бейнесі:
Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты,
Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты,
Жалпақ дала, кең теңіз бəрін өтіп,
Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты.

Бұл — сайын сахарада туып-өсіп, қиялымен қиырды кешкен, арманымен аспанды кезген, көңілі жүйрік қазақ шалының аңсар сезімі. Осы іспеттес тəтті армандар қазақтың халық əндерінен молынан ұшырасып жататыны да мəлім.


Үзіндіден байқалып тұрғандай, М.Жұмабаев аудармасында Кольцов өлеңіндегі «Жүйрік атты ерттеп мінсем, сұңқардай самғап ұшсам, даланы да, теңізді де кешіп өтіп, жастық шағымды қуып жетіп, кері қайтарсам!» деген қарт арманы түгелдей көрініс берген.
Осы тұста айта кеткен жөн, М.Жұмабаев аудармасында Кольцов өлеңінің көркемдік мазмұны толық сақталған. Өзгешелік сол көркемдік мазмұнды жеткізу тəсілінен аңғарылады. Нақтылай айтқанда, Кольцов өлеңіндегі көркемдік мазмұн лирикалық кейіпкердің ішкі ой-сезімдерінің динамикасы (арманның өкінішке ұласуы) арқылы жеткізілсе, аудармадағы көркемдік мазмұн ішкі диалог үлгісінде беріледі.
Жалпы алғанда, М.Жұмабаевтың А.В.Кольцовтан жасаған аудармасы қазақ əдебиетіндегі аударма тəжірибесі үшін де, аудармашылар үшін де назар аударуды қажетсінетін шығармашылық ізденіс болып табылары сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет