Қуыршақ (Психологиялық монопьеса) кейіпкер



бет1/5
Дата27.05.2023
өлшемі61.43 Kb.
#474361
  1   2   3   4   5
4 Қ. Мұрат Қуыршақ монопьеса


Қуыршақ
(Психологиялық монопьеса)
КЕЙІПКЕР:
Шебер


Үңгір. Ұстаның жасырын қуыршақтар шеберханасы. Жан-жағында әртүрлі орналасқан қуыршақтар тұр. Ортада шашы бетін жауып, тізерлеп ұста отыр.
– Бағзы замандарда адамзатпен бірге қуыршақтар да жер бетінде өмір сүріпті. Өздерінің қалалары, ауылдары, заңдары және дәстүрлері болғанымен, олар адамдарға бағыныпты. Әр жыл сайын күн тұтылған кезде, салық ретінде, өз қолдарымен балаларын адамдар патшалығына өткізіп отырған екен. Адамға берген қуыршақ балалар ешқашан ата-анасына тірі қайтпаған. Күн тұтылуға жақындағанда, қуыршақ елінде жаппай жоқтау басталады. Жер мен көктің арасы қуыршақ дауысынан жарылардай болып күңіренеді. Осы уақыттарда қара сиқырмен айналысатын әйелдің беті жоқ, мүгедек болып туылған жалғыз қызы болыпты. Әлгі әйел бар білгенін сол қызына үйретіп, орманда жалғыз тұрған екен. Қатігез дәуірдің заңына бағынып, бетсіз туған жалғыз қызын шырылдатып, өзге қуыршақ балалармен бірге салық ретінде беруге тура келетін күн де туады. Жол бойы беті жоқ қуыршақ бала қасындағы тағдырластарына қара сиқырды үйреткен деседі. Сол кезеңнен бастап, адамдар елінде жаппай сәбилер өлімі етек алыпты. Олардың барлығы да қорыныштан жүректері жарылып өліп отырған. Ашуланған адамдар қуыршақ еліне жиі шабуыл жасап, тыныштық бермепті. Қырылған елдің зарын естіген Құдай адамдарға қатты назаланып, қуыршақтар халқын басқа ғаламшарға көшіріп жіберген екен. Адамнан қулық асқан ба?! Жансыз қуыршақтарды жасап шығарыпты. Алайда, беті жоқ қыздың елесі кейбір қуыршақтардың ішіне кіріп алып, әлі де зұлымдығын жасауда деп айтылады аңыз бойынша...
Өлімнен бастау алып, өлімге құятын өзеннің үсті толған иесіз қайықтар. Судың бетін есіп келеді, есіп келеді, тоқтаусыз есіп келе жатқан ескектер... Әне, әне көрдіңдер ме?! Бүйірі опырылған қайықтың ішінде жұпыны киінген, белі бүкірейген шешем келе жатыр.
Қуыршақ ұстасы қол бұлғап айқайлап:
– Апа, апа, апа, мен мұндамын! Неге жалғыз қалдырасың? Бәрі қатыгез болып кеткен. Апа, кетейікші үйге, алып кетші мені. Білемін... Әлі таппадым... Оны таппадым... Жоқ таба алмадым... Уәдемді орындай алмағаныма жаным ауырады. Орындағым келді, – орындай алмадым. Неге үндемейсіз, не болған сізге? Болмайтын затқа ренжитін болыпсыз ғой. Апа, менің қуыршақтарым бар, қарашы!
Әр қуыршағын ұстап көрсетеді
– Мынау – актриса. Менің актрисам. Сұлу ғой иә?! Ал мынау – жай қуыршақ. Анау – дәрігер. Біздің ауылдың баласы. Бәрі жақсы қуыршақтар. Мыналардан басқасы (бизнесмен мен дәрігер қуыршақтарды көрсетіп). Менімен ойнайды бұлар. Ренжітпейді. Біз бірге тамақтанамыз. Бірге ұйықтаймыз. Апа тағы қайда кетіп барасыз, маған әлі ренішіңіз қайтпады ма? Менің кесірімнен бетіңе түскен әр әжімді көрген сайын қатты қиналатынымды білесің бе? Апа тоқташы! Апа кетіп қалды... Қарамады... Қайран, апам! Ертегілеріңді сағындым!
Еееееееех, қуыршақтарым-ау, міне өзіміз тағы жалғыз қалдық. Бітпейтін жалғыздық... Бала болғым келеді. Бала кезде бойымның өспей қалғанын, санамның есеймегенін, әкем мен шешемнің қартаймағанын ұйқының алдында Алладан тілейтінмін. Ол кезде дүниенің парқына бармасам да бақытты едім. Құм жеп, топыраққа аунап, байқұс шешемнің ішіне тоңған аяғымды жылытып ұйықтайтын маған басқа өмірдің, ғажайып қоғамның құны бір тиынға да қажет жоқ еді. Қазір ештеңе де қалған жоқ. Тек сендер ғана барсыңдар...
Аааааа, мұнда екенсің ғой! Өмірімді алғашқылардың бірі болып құртқан сенсің! Сен, сен, бәріне кінәлі! Алғаш көрген сәттен-ақ ұнамап едің. «Бәрі жақсы болады, тек келіссеңіз болды. Сіздің жасаған қуыршақтарыңызбен Қазақстанның ғана емес, әлем халықтарының балалары ойнайтын болады. Сіз ұлттық бренд жасап, тарихқа атыңызды алтын әріптермен жазып қалдырасыз»... Атаңның басы тарихта қалдық! (Қолын қуыршаққа шығарып)
Мына мен сорлы, сенің алаяқ екі жүзді екеніңді біліп тұрып келісімімді бердім ғой. Бойымдағы бар өнерімді салып тұрып, бірінен-бірі өтетін он сегіз қуыршақ жасап, жүрегімдегі он сегіз сәбиді аялап шығардым. Сол кезде сен маған не істедің?! Жауап бермейсің, әәәә. Дұрыс! Сен де ұят жоқ қой. (Пауза)
Қуыршақтардың бәрін жасап, саған өткізгеннен кейін, асыңа түскен ұры иттей бір-ақ күнде қуып шықтың. Сенің жауыздығың мен сатқындығыңды көтере алмай, тоқтамай ішіп, араққа түсіп кеттім. Талай ішіп алып біреудің қуыршақ дүкенін сындырып, түрмеге де түстім. Ал сен өсіп кеттің... Сол кездерде, менің үйімде жауқазындай жарым мен аққудың балапанындай екі бүлдіршінім бар еді. Мен ішкілікке салынғаннан-ақ, үйдің бар ауыртпалығы әйелімнің мойнына түсті. Ал мен олардан ойда жоқта айырылып қалдым. Бұл жерде қателесіп кетті... Жазықсыз сәбилерді емес, мені алу керек еді! Мені, мына сорлыны алу керек еді! Мені, мені алу керек еді...


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет