Ертеңгілік
«Алтынсың ғой анашым»
Тәрбиеші: Шуканаева Р. С.
Бадамша ауылы
2013ж
8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік.
Жүргізуші:
Перуза Рая.
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,
Әйелдер күні бүгін халықаралық!
Жарыққа бізді әкелген аналарды,
Бүгінгі мерекемен құттықтайық!
Ұйтқысы жанұяның берекеміз,
Аналар, құтты болсын мерекеміз!
Әрқашан аналарым аман болса
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз! -
деп ақын ағаларымыз жырлағандай құрметті аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, балабақша апайлары сіздерді бүгінгі 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілей отырып, «Ақбота» тобының балалары «Алтынсың ғой анашым» атты ертеңгіліктің пердесін әнменен ашады.
Ән: «Ән айтамыз анаға»
1. Шернияз: Асыға күтіп жүргенмін,
Болар деп қашан мейрамың.
Суретін салдым гүлдердің,
Келеді соны сыйлағым.
2. Алима: Мейірің мол-ақ бір маған,
Ер жетер әлі-ақ балғының.
Әзірше сыйға арнаған,
Гүліңнің ана, ал гүлін.
Сыйлық тапсыру.
Жүргізуші: Перуза.
8 наурыз аналар мерекесі және немерелерін жанындай жақсы көретін, мейірімді әжелеріміздің де мерекесі. Ал, қазір біздің балалар өздерінің әжелеріне арнаған тақпақ, әндерін айтып береді.
Тақпақтар:
1.Әсем: Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ жаулығың кірлемей,
Аман есен жүрші әжем.
2.Әсел: Менің әжем бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем
Ерсайын. Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаншымасые ешқашан,
Аналардың жүрегі.
4. Шадияр: Менің әжем сабыырлы,
Табар деп әр кез ақылды
Менің әжем бауырмал,
Жинайды алыс жақынды
Ән: «Әжемнің шайы»
Жүргізуші: Ер жеткізіп, елге берген баласын,
Рая. Ақылдысың, ардақтысың анашым.
Қарайтыным қас қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме данашым – деп аяулы аналар
сіздерге арнап тағыда тақпақ әндер жолдаймыз.
Тақпақтар.
1 Айша.
Өмірдің иесі сен ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сенде ғана.
2. Дилназ.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – қуанышы көңілдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген – бар өмірдің сұлуы.
Ерсұлтан.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.
4. Әділет.
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.
5. Жансерік.
Ақ сүт берген балаңа,
Күш – жігерін жұмсаған.
Бұл өмірде жан – ана,
Тең келеді кім саған.
6. Камила.
Еркелеттің асырадың,
Мойныңа кеп асыламын.
Аман болшы ардақты анам,
Мен әрқашан қасыңдамын
Ән: «Айналайын ақ мамам»
Жүргізуші: Рая.
Біздің балалар өз аналарын өте жақсы көреді, олар ата – анасына ұқсауды арман етеді, әрине олар кішкентай болса да аналарына көмектесіп, қамқор болғысы келеді. Ал, біздің ұлдар ертеңгі сарбаздар, қазір олар өз аналарын, елін, жерін қалай қорғау керек екенін көрсетеді.
Би: «Сарбаздар»
Жүргізуші: Қазір балалар бет перде кейсін,
Аңдар қонаққа келсін.
Ертегі кейіпкерлерінен,
Балалар өздерін көрсін.
Ойнайтындар:
Әлібек -- Көжек.
Алима -- Түлкішек.
Әлімжан – қонжық.
Айша – Тиін.
1-ші Көжек шығып жан – жағына қарайды.
Сен қайдасың мама, қайда кеттің,
Сені таба алмай тұрмын.
Сенен озып секіріп, тура кеттім,
Жолымды таба алмай қалдым.
Белгісіз қайда қалғаным,
Сені жоғалтып алдым. (жылайды)
Музыкамен түлкішек шығады.
Мен қасқырдан да, аюдан да қорықпаймын,
Шығыңдар бәріңмен де күресемін.
Мен енді үлкен – кіші демеймін,
Мен енді ешкімненде тығылмаймын
Өйткені мені қорғайтын анашым бар.
-
Көжектің қасына келеді.
-
Көжек – ау, көжек сен неге жылайсың?
Көжек: Мен анамды жоғалтып алдым
Түлкішек: Сенің анаң қандай еді?
Көжек: Ол ма, ол, ол сондай әдемі, сұлу.
Түлкішек: Сен өтірік айтасың, ең сұлу ол менің анам, нанбасаң қара әне ! (қолымен артын көрсетеді) Көңілсіз дауыспен:
Ой қайда кетті менің анам, қайда. Қалай мен оны жоғалтып алдым, енді не істеймін, енді не істеймін. (жылайды)
Аюдың жүрісіне арналған музыка ойнайды:Көжек: Тыныш, тыныш, есітіп тұрсың ба? Осында біреу келе жатыр. Мүмкін қасқыр шығар, мен онан қорқамын, тез, тез тығылайықшы.(екеуі шыршаның артына тығылып қалады)
Музыкамен қонжық келеді.
Қайда менің мейірімді анам
Менімен бірге ол жоқ
Мына орман қап-қараңғы , тып –тыныш
Бірден белгілі, орман бөтен,
Құлпынай теріп жүріп, анамнан адасып қалдым,
Бөтен орманға кетіп қалдым ба?
Енді не істеймін, енді неістеймін.
(қонжық жан- жағына қарайды, шыршаның қасына келеді)
Қонжық: Әй кім бар бұл жерде! Біреулер тығылып орырма өзі.
(көжек пен түлкішек сығалап қарайды)
Ау, ау бұл сендер ме, көжек пен түлкішек.
Бұл жерде не істеп отырсыңдар?
Көжек пен түлкішек бірге: Біз анамызды жоғалтып алдық.
Көжек: Біз анамызды іздеп жүрміз.
Түлкішек: Ал сен өзің не істеп жүрсің?
Қонжық: Мен де анамды жоғалтып алдым, менде іздеп жүрмін
Ал, сендердің аналарың қандай өзі?
Көжек : Менің анам сондай сұлу, әдемі.
Түлкішек: Ал, менің анам бәрінен де сұлу.
Көжек: (аяғымен тепкілеп) Жоқ, жоқ менің анам әдемі, менің.
Түлкішек: (аяғымен тепкілеп) қайдағы сенің анаң, менің анам әдемі, сұлу.
Тез ойнаған музыкамен түлкішек пен көжек керісіп жатады
-Менің анам
-Менің анам……………….
Қонжық екеуін айналып жүгіріп жүреді, қойыңдар, қойындар не болды сендерге, (аяғымен жерді бір теуіп) тоқтаңдар енді сабыр етіңдер, дүниеде ең сұлу, ең ақылды ол аналар емес пе, онанда оларды тауып алайық та.
Көжек жоқ менің анам сұлу дедім ғой менің анам.
Түлкішек: менің анам дедім ғой менің.
Музыкамен бәрі бірге жерді тепкілеп шуласады.
Ішке жүгіріп тиін келеді.
Ой мен сендерді қайда жүр десем, көжек, түлкішек, қонжық та осында екен ғой.
Тиін: Сендерді аналарың іздеуде,
Таба алмай безілдеуде.
Асығыңдар, асығыңдар,
Тез арада табысыңдар.
Аңдар бірге: Алақай , алақай анамызды таптық , рақмет саған тиін.
Түлкішек: Демек біздің аналарымыз бізді бірге іздеп жүрген екен ғой. Жақсы болды, енді бірге қуантамыз.
Көжек: Әрине анаң қасыңда болса көңілдісің, бақыттысың.
Тезірек анамды көргім келіп тұр.
Қонжық: Өзім бірінші алға түсіп анамнан кешірім сұраймын,
Ол да мені кешіреді деп ойлаймын.
Бәрі бірге: Біз әр кез анамызды ренжіттік,
Анасыз күн жоқ екенін енді білдік.
Енді ешқашан анамызды ренжітпеуге уәде бердік.
Тиін: Еркелесек, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Жылытқан бізді жүрегімен,
Мейірімді жан тек сен деймін.
Билеп бәрі кетіп қалады.
Жүргізуші: Мінекей осындай оқиғалар аналарын тыңдамайтын балалардың арасында да кездеседі. Бұндай балалар біздің арамызда жоқ деп ойлаймын, солай ма балалар.
Балалар: Я, біз аналарымызды тыңдаймыз.
Жүргізуші: Ал, қазір біздің ер балалар мерекеде аналарына көмектеседі, керек десеңіздер олар тамақ та пісіріп береді. Бізде осындай керемет аспаз жігіттер де бар. Қане аспаздар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би: «Аспаздар»
Жүргізуші: Сенің анаң асыл адам,
Сондықтан сен мақтан балам.
Ана сүтін ақтау үшін,
Алға ұмтыл қыз бен балам.
Аяулы аналар өздеріңіздің сүйікті балаларыңыз сіздерге арнап тақпақтар айтады.
Аягөз.
Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Н. Тамерис.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Д. Тамерис.
Бесіктерін әнімен,
Тербетуде аналар.
Жасай берсін әнімен,
Жер бетінде аналар.
Мирас.
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңіз зор екен.
Құтты болсын апатай,
Құтты болсын мерекең.
Аружан.
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты мерекең.
Т. Алишер.
Мен өмірге келгенде,
Ақ сүт берген анашым.
Әсем әнмен тербеткен,
Сәбиіңнің санасын.
Азамат.
Өмірде мынау ең жақын,
Аяулы сенсің анашым.
Болмаса да мейлі зор даңқың,
Мен үшін бірақ данасың.
Ару.
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын жадыраған,
Қуанышты берекең.
Жүргізуші. Құрметті қонақтар қазір біздің қыздар дайындаған шағын көрініске куә болыңыздар.
Көрініс: «Үш ана»
Ортада кішкене стол тұрады. Жан жағында 4орындықтар.
Алдында қуыршақтың орындығы, онда әдемі қуыршақ отыр.
Жүргізуші: Ойыннан келген Ару қыз,
Қуыршағын іздеді
Астынан үстелдің тапты да
Хал сұрауды көздеді.
Ару: Қуыршақты қолына алып айтады:
Қызым қалың қалай?
Жыбырлап тағы да столдың астына кіріп кеттің бе?
Тағы да түскі ас ішпей отырмысың.
Бұл қыздарман не істеуге болады. (басын ұстап шайқайды)
Сен бұлай отыра берсең шырпы секілді ап – арық болып қаласың.
Кел, түскі асқа самса жеп ал.
Жүргізуші: Ару қыздың осы сәт
Анасы үйге кіреді
Тағат тапай қызының
Қалын сұрап біледі.
Анасы: Асел.
Қызым қалің қалай, Тағы да ойнап кетіп, қулық жасап, тамақ ішуді ұмытып кеттің бе? Саған әжең жүз рет тамағыңды іш деп айқайлады, ал сен қазір, қазір деп келген жоқсың. Ой, ой бұл қыздарға обал –ақ, обал – ақ, не істеуге болады. (басын ұстап шайқайды)
Сен бұлай отыра берсең шырпы секілді ап – арық болып қаласың.
Кел, түскі асқа самса жеп ал. (Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші: Анасының артынан
Аптығып әже кіреді
Ол дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әже: Асем.
Әже сөмкесін орындықтың үстіне қойып, өз қызының қасына келіп:
Қалың қалай қызым, емханада жүгіріп жүргенде, тамақ ішуге уақытың болмаған шығар. Сен кешкі тамаққа құрғақ нан жеп жүрдің бе? Күні бойы тамақ ішпей жүре беруге болмайды ғой, Сен дәрәгер болсаңда тыным таппайсың, ой, ой бұл қыздарға обал – ақ, обал – ақ.
Сен бұлай отыра берсең шырпы секілді ап – арық болып қаласың.
Кел, түскі асқа самса жеп ал. (Қызының қасына тамаққа отырады)
Жүргізуші: Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады
Әрқайсысы сұқтанып
Өз қызына қарады
Қатысушылыр тұрып, мінекей ана болу да оңай емес, аналарды сыйлау керек.
Жүргізуші:
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін .
Келесі би сіздер үшін.
Би: «Гүлдер»
Жүр: Тамашаға толтырып тұнық төрді,
Жетті көктем үкілеп үміттерді,
Барша үйге бақыт боп, береке боп,
Жанарынан нұр шашып күліп келді – деп құрметті аналар, әжелер қыздар көктем айының ең алғашқы пердесін біздің мерекеміз ашып, шуағын шашып келгендіктен қазір біздің балалар өздерінің көктем туралы тақпақ әндерін жолдайды.
Тақпақтар:
Дияра.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты,
Сай саламен су ақты.
Айбек.
Көктем келді күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
Санжар.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау – бақшада орманда,
Құстар әні төгілді.
Гауһар.
Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Ән: «Көктем»
Вальс: «Ардақты анам»
Жүргізуші: Перуза.
Түнде оянсам шошиды- ау деп
Маған шырақ жаққан анам.
Оянғанда ойнасын деп
Сылдырмағын таққан анам.
Жүргізуші: Рая.
Талантты ғып тапқан анам,
Мен кіммін деп мақтана алам
«Ана сүтін алдамастан,
Адам бол» – деп баққан анам
Менің анам асыл адам.
Құрметті асыл аналар ,осы қуанышты күні сіздерге дендеріңіздің саулығын, шаңырақтарыңызға ырыс байлығын тілей отырып, сіздердің аялы алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегіміз келеді.
Осымен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Ендігі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Балқия апайға береміз.
«Айгөлек» балабақшасы.
Достарыңызбен бөлісу: |