Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Мерей» балабақшасы



бет1/10
Дата21.09.2023
өлшемі183.25 Kb.
#478117
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
fca1857f76dbddc4e3700d0a9aef6bcd


Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
«Мерей» балабақшасы





2016 - 2017 оқу жылы
Мақсаты:Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. Жас мамандардың ашылуына, өз әріптестеріне өздерін көрсете білуіне көмектесу. Жас мамандар өздерін педагогикалық ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне, бейімделуіне ықпал жасау.


Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: мультимедиалық презентация, проектор, экран.

Өткізілу әдісі: тренинг.

«Бүгінгі күнімізді жағымды көңіл-күймен бастайық!» (ұстаздарға арналған психологиялық ойын)


І. Сәлемдесу: Танысу шеңбері
Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Бір-бірімізді жақсы білеміз бе?
Алдында отырған адамның жақсы нені ұнататынын ұнатпайтын бір қасиетін айтып шығады. Мысалы: сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды ұнатпайды.
ІІ. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.
Қажетті құралдар: доп
Уақыты: 10-15 минут
Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:
Жүргізуші: «Ә» әрпі
Ойыншы: «Әдемі»
Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз?

А) Суреттен нені байқадыңыз?
Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз.
Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз:
Ай
Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез-келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.
Ақ түсті келбет
Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.
Қара түсті келбет
Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет