taizharys
«ТАЙЖАРЫС-ТАЛАНТ»ҚҚ taizharys@mail.ru
«ЕЛІМ ДЕП СОҒАР ЖҮРЕГІМ!» +7 707 825 32 52
VI Халықаралық байқауын жариялайды +747 507 75 12
Тәуелсіздік мерекесі-әр қазақ баласы үшін маңызды күн.Ұлт болашағы-ұрпақтың қолында. Осы тарихи күнде әрбір қазақтың баласы өзінің өнер, білім, ғылым,спорттағы жетістігімен үлес қосуы керек. Патриоттық тақырыпта саңқылдап өлең оқып, ән айтып, түрлі аспапта ойнап, шығармасы мен бейнелеу, қол өнері арқылы өзінің айшықты ойын бедерлеп жеткізіп жүрген жас өрендерімізге тағы бір жаңа мүмкіндік ұсынып отырмыз. Еліміздегі және шет елдегі қазақ балалары ынталанып отырған жобаға шақырамыз!
Байқаудың өтетін уақыты: 16-желтоқсан. Алматы қаласы. Қазақстан Жазушылар Одағының концерт залы
Барлық сұрақтар мен өтініштер 8 747 507 75 12, 8 707 825 3252 номерінде және taizharys@mail.ru парақшасында қабылданады.
Байқаудың аудиториясы: Балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер, өнер мектептері, өнер орталықтары және колледждер.
Байқауға қатысатын шығарма саны—1
Байқаудың номинациялары:
КӨРКЕМСӨЗ (өлең, қарасөз, прозадан үзінділер)
САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ (проза, драма, поэзия)
ВОКАЛ (ЭСТРАДА, ДӘСТҮРЛІ ӘН, ТОПТЫҚ ОРЫНДАУЛАР, ХОР)
АСПАПТА ОЙНАУ (Ішекті, ұрмалы, үрмелі,пернелі аспаптарда халықтық, классикалық бағыт бойынша жеке, ансамбль, оркестрлер)
ХОРЕОГРАФИЯ (классикалық,заманауи, ұлттық бағытта жеке және топтық орындаушылар)
ДӘСТҮРЛІ ӘН (халық әндері, халық композиторларының әндері)
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ (живопись, натюрморт, пейзаж т.б)
ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР (ағаш, металл, саз, пластик, қайыс, былғары жұмыстары т.б)
ТІГІН ӨНЕРІ(құрақ, киім тігу,моншақ, макраме т.б)
ЖАЗБАША ШЫҒАРМА(эссе, шығарма, новелла, әңгіме)
ҮЗДІК ФОТОСУРЕТ(қатысушының өзі түсірген фотосуреттері)
«ЕЛІМ ДЕП СОҒАР ЖҮРЕГІМ!» VI Халықаралық байқауының
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
«Тайжарыс-Талант» ҚҚ және балалар өнерінің орталығы мектепке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, өнер мектептері, қосымша білім беретін орталықтар және колледж студенттері арасында ЕРКІН тақырыпта «ЕЛІМ ДЕП СОҒАР ЖҮРЕГІМ!» VI Халықаралық байқауын жариялайды;
Достарыңызбен бөлісу: |