Есболат айдабосын. Тибет аруы әҢгіме



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата25.10.2022
өлшемі444.85 Kb.
#463314
1   2   3   4   5
Тибет аруы

........... 
Арада екі-үш жыл өткен. Дәм айдап, қызмет бабымен жаздың 
аптап ыстығында қайтадан Қытай астық. Бабаларымыз 
Ханбалық атаған Бейжіңнің жазы ыстық келеді. Бүгінде 
аспан ашық екен. Кеше түнеріп тұр еді, таңға жуық соққан 
өкпек жел сол көк тұманды басқа жаққа тықсырып кеткен 
секілді. Таза ауада сәл тыныстап тұрдым да, жер асты 
жолына түстім. Метроға мініп, Чаңпиңге бармақшымын. 
Чаңпиң — Бейжіңдегі ең шеткері ауданның бірі. Бұрын 
іргелес Хэбэй провинциясына қарасты уезд 1956-жылдан 
бері қала құрамына кіріпті. Бұл ауданның бір ерекшелігі 
студенттер қалашығы іспеттес, Қытайдың іргелі деген 
оншақты оқу орны осында орналасқан. Біз оқыған Мұнай-Газ 
Университеті де сол жерде. 
Қытайға келгелі қамқорлығын аямаған ұстазым, профессор 
Панға амандасып қайтпақшымын. Кеше қоңырау шалғанда, 
бүгін кешке жұмыста күтемін деген, ертіп алып, қытай 
моншасына барып, алаңсыз әңгімелесіп шер тартқатсам 
деген жоспар бар. Он үшінші жолмен Сиарчи бекетіне дейін 


барып, түсіп қалдым. Осы жерден Чаңпиңге жүретін жалғыз 
метроға міндім. 
Елдің жұмыстан қайтар шағы, адам көп екен. Қысыла-
қымтырыла ішке кірдім, жап-жаңа метро көлігі қамшы 
салдырмас жорғадай зулай жөнелді. Айналам дабырлаған 
халық, біреулер әңгіменің көрігін қыздырып жатыр, біреулер 
телефонына телміріп шұқшиып отыр. Бір кезде әудем жерден 
тақылдаған баланың дауысы естілді. Баланың дауысымен 
бірге таныс дыбыс, таныс үн құлағыма жетті. Елең ете 
қалдым. Көптен бері естімеген сөз, қазақ сөзі, қазақ болғанда 
да ақын қазақтың сөзі. 
«Ей, тәкәппар, дүние! 
Маған да бір қарашы. 
Танисың ба сен мені 
Мен қазақтың баласы!» О, тоба, Қасымның өлеңі. 
Құдыретіңнен айналайын қазақтың қайсар ақыны жазған 
жаухар жырды жыпырлаған қытайдың ішінде тұрып айтып 
жатқан кім болды екен. Өңім бе, әлде түсім бе? Аяғымның 
ұшына тұрып, кеңірдегімді созып жан-жағыма қарай 
бастадым. Жатаған келген қытай азаматтарының төбесінен 
көз асырғаныммен, іздегенімді таба алмадым. Осы кезде әлгі 
өлеңші бала тағы бастады. 
«Қараңғы қазақ көгіне, 
Өрмелеп шығып күн болам. 
Надандықтың кегіне, 
Күн болмағанда кім болам» 
Сұлтанмахмұттың жақұт жыры. Енді күмәнім қалмады. Қой, 
бөгелуге болмас, мына бір бала қазақ болса барып бетінен 
сүйейін, әке-шешесінің қолын алайын, қытай болса оны 
көрейін. Көзім жасаурап, жүрегім атқақтап елді кимелей 
жаңағы дауыс шыққан жаққа өнімсіз жылжыдым. Мұнымды 


жұмыстан шаршап қайтып бара жатқан өзге жұрттар 
жақтырмай кірпіше жиырылып жатыр. Оған қарайтын мен 
жоқ, елдің аяғын өкшемен басып-жаншып, әркімнен бір 
кешіріп сұрап ілгерілеп келемін. 
Метро есігіне тақау орындықта ақсұр келіншек отыр, шашы 
желкесіне түскен толықтау жігіт оған басын сүйеп қалғып 
кетіпті, күйеуі секілді. Келіншектің алдында басын тақырлап 
алғызған, тек шүйдесіне тұлым тастаған үш-төрт жастағы 
бала. Тақылдап тақпақ айтып отырған сол сабаз. Ара-тұра 
қолындағы ұялы телефонын қосады да жоғары көтеріп 
тыңдайды, ол дыбыс та көпшілікке анық естіліп тұр, 
телефонның ішінде бір бала әлгі тақпақты айтып жатыр. 
Бірақ ол баланың дауысы мен мына баланың дауысы 
ұқсамайды. Оныкі қазақы дауыс, таныс секілді, әйтеуір қос 
құлаққа жағып бара жатыр, сол мезетте ой-санам мен сезімім 
қосылып іздеп жадымды жаңғыртып жіберді. Ақыры бұл 
дауыстың авторын қиналмай-ақ тауып берді. Көзім 
шырақтай жанды. Толағайдың дауысы екен, иә!иә! өзімнің 
үлкен ұлым, өзім жаттатқан өлеңдерді айтып жатыр. Ал 
мына тақырбас бала кім сонда? Миымдағы 4-5 жылдық 
мұрағатты қопара бастаған сана-сезімім енді бұған жауап 
беремін дегенше метро бір бекетке аялдады да, жұрт есікке 
қарай ұмтылды. Өткен-кеткенге жол беріп, тосылып қалдым. 
Қарасам әлгі ерлі-зайыпты да сыртқа шығып барады екен. 
–Тоқтай тұрыңызшы дегенді, не қазақша не қытайша 
айтарымды білмей «ты….ты…дың…дың…» деп қолымды 
ербеңдетіп, күлкілі кейіпте тұтығып қалыппын. Олар мені 
байқамады, бір-бірінің қолынан ұстаған күйі сыртқа шығып 
кетті. Асыққан жолаушылар топырлап міне сала есік қайта 
жабылды. Жалма-жан метро терезесіне үңіліп қарағанымда 
анық көрдім, келіншекті басында шырамытқан едім, енді 
таныдым. Соның нақ өзі. Қамар екен. Қасындағы бұрынғы 
жігіті секілді, аздап қарын байлап, шашын өсіргені болмаса, 


түрі өзгермеген. Екеуі телефондағы бейнежазба арқылы 
Толағайдан тақпақ үйренген тұлымды ұлды жетелеген күйі, 
қалың қытайдың арасына сіңіп бара жатты…. 
 
Бейжің, 
22.11. 2014 жыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет