Педагогикалық жағдаят №1



Дата19.05.2022
өлшемі17.86 Kb.
#457568
түріСабақ
Пед жағдаяттар (1)


Педагогикалық жағдаят №1
Орта буын сыныптарындағы оқушылардың тәртіптерінің нашарлауы (үзілістегі қыз балалардың төбелесуі, сабақ үстінде әңгімелесіп отырулары) олардың үлгерімдеріне қатты әсер ете бастады. Сынып жетекшілері бірнеше сыныптағы балаладың мінез құлқындағы өзгерістерді әлеуметтік педагогқа баяндады.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен? Жауабы



Педагогикалық жағдаят №2
Педагогтың: «Мен сенің әжетханада темекі шеккеніңді көрдім» деген сұрағына
Оқушы: «Сабақ үстінде емес қой. Негізінде әжетхана мектептің іші емес. Біз ол жерде не істесек те өзіміз білеміз»,- деп жауап қайтарды.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?



Педагогикалық жағдаят №3
Қатты шыққан дыбыстан айқайдан шаршаған педагог оқушылырға :Сіздер мектепке неге үшін келесіздер? Мектепке сіздер бірдеме білу үшін келмейсіздер ме?-дейді. Оқушылар:-Біз–бірімізбен әңгімелесу үшін келеміз деп жауап берді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?



Педагогикалық жағдаят №4
Педагог ұялы телефон қолынан түспейтін оқушыға: Ұялы телефонды дыбыссыз режімге қойыңыз не болмаса өшіріңіз дейді. Оқушы болса – мен олай жасай алмаймын, себебі мен ватсапта отырмын. Мен ешқашан телефонсыз жүре алмаймын, ұйыктасамда телефонмен бірге ұйыктаймын дейді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?



Педагогикалық жағдаят №5
Жартыжылдық қорытынды бақылау жұмысы кезінде оқушы әжетханаға сұранады.Мұғалім рұқсат берді - тек телефонды тастап кетуін талап етті. Оқушы жок тастамаймын анам айтқан телефонды тастама деп, себебі қазір әртүрлі жағдайлар болып жатыр деген дейді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет