Аралар қалай бірікті?
Ертеде бал аралары қазіргідей топ-тобымен тұрмайды екен. Әрқайсысы жеке-жеке күн көріпті. Бал жинайын десе, балын кез - келген аң жеп кетіпті. Жалғыз ара жауына қарсы тұра алмағандықтан:
-Бұлай жеке дара жүргеніміз дұрыс емес екен, бірігіп, ортақ жауымызға қарсы тұрып қорғанайық, -дейді. Олар, сөйтіп, үлкен күшке айналады.
Бірақ дұшпандары бұлардың шаршап, ұйықтап қалған кездерін аңдып, балын ұрлап, ұясын бұза береді.
Бұдан кейін аралар ақылдасып:
-Күн сайын күзетші қойып отырайық, басқамыз ұйықтағанда, күзетші ара ұйықтамасын. Дұшпанның келгенін сезсе, бірлесе шабуыл жасап, жаудың үрейін ұшырайық,- деп келіседі. Бұл ара күні-түні ұя басында күзетте тұрады.Оны күзетші ара деп атайды. Ол бір сыбысты сезсе-ақ болды, барлық ара жиналып, дұшпанын сәйгел тигендей етеді.
Осыдан былай бал арасын алып аю да талқандай алмайды. «Бірлікшіл болсаң арадай бол» деген сөз осыдан қалған екен.
1. Аралардың бастапқыдағы шешімі.: бірігіп ортақ жауға қарсы тұру
2. Мәтіндегі негізгі ой.: бірліктің маңыздылығы
3. Аралардың негізгі қызметі.: бал жинау
Абай мен Әбіш
Бірде Абай әңгіме үстінде:
- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма?-деп сұрапты. Ол іркілместен:
- Ақ зат асыл ғой,-дейді.
- Неге, қара зат асыл емес пе ?
Әбіш күлімдеп:
- Қараны қалай асыл дейсіз?-дейді.
Біріншіден адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе? Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді.
Екіншіден, қағаз-ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиямен жазғаннан өнер-білім алады.
Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда адамның шаш-сақалы ағарады, ал адамда ақыл, қайрат, білім де азаяды, сондықтан қараны асыл ма деп ойлап қалдым,-дейді әкесі.
- Оның бәрін қайдан білдіңіз?
- Ақылмен білдім,-дейді әкесі.
1.Әбіштің Абайға туыстық қатынасы: баласы
2. Әңгіме барысындағы Әбіштің іс-әрекеті.: қызығушылық таныту
3. Абай мен Әбіш талқылаған мәселе.: жаратылыстағы ақ және қара заттың асылдығы
4. Мәтіндегі негізгі ой.: ақылдылығын бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |