ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ 4-ТОҚСАНДА ЖҮРГІЗГЕН БАҚЫЛАУ ІС-ШАРАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ 2012 ЖЫЛДЫҢ ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Республикалық бюджеттің атқарылуын талдау
2012 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджетті атқару барысында оны екі мәрте нақтылады (6-кестеге қараңыз).
6-кесте
Республикалық бюджеттің 2011-2012 жылдардағы түсімдері мен шығыстары туралы ақпарат
млрд.теңге
Көрсеткіштер атауы
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
іс жүз. 2012 ж./ іс жүз. 2011 ж.
|
іс жүз.
|
% ат-қар.
|
бек.
|
нақт.
|
іс жүз.
|
ауыт.
|
% атқар.
|
ауыт.
(%)
|
өсім/
төмен. (8-бағ - 3-бағ)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымы
|
Түсімдердің барлығы,
соның ішінде:
|
5 331,2
|
99,6
|
5 788,2
|
6 090,4
|
6 068,1
|
22,3
|
99,6
|
113,8
|
0,0
|
Кірістер, соның:
|
4 451,7
|
102,4
|
4 626,5
|
4 729,9
|
4 763,4
|
33,5
|
100,7
|
107,0
|
-1,7
|
салық түсімдері
|
3 001,2
|
102,3
|
3 221,1
|
2 951,7
|
2 975,6
|
23,9
|
100,8
|
99,1
|
-1,5
|
салықтық емес түсімдер
|
108,9
|
126,1
|
58,5
|
241,3
|
249,9
|
8,6
|
103,6
|
229,5
|
-22,5
|
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер
|
16,1
|
113,4
|
30,2
|
20,0
|
17,3
|
-2,4
|
87,7
|
107,5
|
-25,7
|
трансферттер түсімдері
|
1 325,4
|
101,1
|
1 316,7
|
1 517,2
|
1 520,7
|
3,4
|
100,2
|
114,7
|
-0,9
|
Бюджеттік кредиттерді өтеу
|
99,2
|
106,4
|
124,0
|
123,8
|
125,5
|
1,7
|
101,4
|
126,5
|
-5,0
|
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер
|
0,36
|
115,7
|
0,51
|
0,51
|
0,35
|
0,16
|
-68,6
|
97,2
|
-47,1
|
Қарыздар түсімдері
|
779,9
|
85,5
|
1 037,2
|
1 236,3
|
1 178,9
|
27,4
|
95,4
|
151,2
|
9,9
|
Республикалық бюджет шығыстарының құрылымы
|
Шығыстар, соның ішінде:
|
5 402,3
|
99,2
|
5 788,2
|
6 111,7
|
6 070,0
|
-41,8
|
99,3
|
112,3
|
0,1
|
Шығындар
|
4 605,1
|
99,1
|
5 253,4
|
5 301,0
|
5 259,4
|
-41,6
|
99,2
|
114,2
|
0,1
|
Бюджеттік кредиттер
|
183,9
|
99,7
|
180,0
|
174,5
|
174,5
|
-
|
100,0
|
94,9
|
0,3
|
Қаржы активтерін сатып алу
|
338,3
|
100
|
76,1
|
361,7
|
361,7
|
-
|
100,0
|
106,9
|
0,0
|
Қарыздарды өтеу
|
275,1
|
99,9
|
278,7
|
274,5
|
274,3
|
-0,2
|
99,9
|
99,7
|
0,0
|
2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы салық түсімдерінің төмендеп, республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің шикізаттық секторға деген тәуелділігінің күшейгені байқалады. Мұны Ұлттық қордан түсетін трансферт түсімдерінің 2011 жылмен салыстырғанда 14%-ға өскені растап отыр. Бұл ретте бюджеттің кіріс бөлігі 33,5 млрд. теңгеге орындалмаған.
2013 жылғы 1 қаңтарға салықтық міндеттемелер бойынша бересі сомасы 2011 жылмен салыстырғанда 64%-ға немесе 142,9 млрд.теңгеге төмендеп 81,3 млрд. теңгені құрады. Бересі төмендеген тұста бюджетке өндіріп алынған салықтардың сомасы 16,0 млрд.теңгені немесе 11,2%-ды құрады. Бересі сомасының басым бөлігі (88,8%) борышкерлерді банкрот деп тану (44,4%), салық төлеушілердің тіркелуін (прокуратураның талап-арыздары бойынша) заңсыз деп тану (12,5%), салықтық тексерулердің актілері бойынша хабарламалардың күшін жою (31,9%) есебінен төмендеген.
Сонымен бірге, біздің бақылау-талдау іс-шараларымыздың қорытындысы республикалық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға айтарлықтай резервтердің бар екендігін көрсетеді, осы резервтерді бюджетке салықтық емес төлемдердің уақтылы және толық түсуін қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар есебінен жұмылдыруға болады.
Мәселен, Есеп комитеті Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде қатты пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің республикалық бюджетке толық және уақтылы түсуін бақылау барысында 49 келісімшарт бойынша тарихи шығындар сомаларының 28,0 млрд. теңге мөлшеріндегі қалдығының түрлі себептерге байланысты өтелмегенін, 32 келісімшарт бойынша тарихи шығындар мөлшерінің белгіленбегенін анықтады.
Алайда, республикалық бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерді төмендетіп жоспарлау республикада салықтық базаны ұлғайту үшін ішкі резервтерді пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мәселен, 2012 жылға салықтық емес түсімдер бойынша болжам 2011 жылғы іс жүзіндегі түсімдерден 16,8%-ға (49,6 млрд.теңге) төмен болды. Сонымен бірге, 2012 жылдың бюджетін нақтылау кезінде аталған болжам 7,3 есе ұлғайып 241,5 млрд. теңгені құрады.
Республикалық бюджеттің 2012 жылғы шығыстары 2011 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға өсіп, 6 068,1 млрд. теңгені немесе төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының 99,6%-ын құрады. Есепті кезеңнің қорытындысына сай шығыстар бойынша 41,8 млрд. теңге игерілмеген.
Бақылау іс-шаралары барысында шығындардың және мемлекеттік активтердің өсуімен қатар мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдалану көлемінің де ұлғайғаны анықталды. Егер 2011 жылы бақылау іс-шаралары барысында анықталған, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 63,1 млрд.теңге болса, ал 2012 жылы оның мөлшері 126,8 млрд.теңгеге жетті.
Жүргізілген бақылау іс-шаралары барысында бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың мынадай фактілері анықталды:
индустриалдық-инновациялық жобаларды іске асыру кезінде:
1) сотта істердің қаралуына байланысты «Сарыарқа» ӘКК» АҚ 2010 жылы «Қарағанды қаласында индустриалдық парктің инфрақұрылымын салу» жобасын тоқтатып қойған. Ал осы жобаны іске асыруға 21,5 млрд. теңге бөлінген. 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, ондағы жұмыстардың бар болғаны 18,5%-ы ғана (2,9 млрд.теңге) орындалған.
2) «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салуға бөлінген бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылуда, жобаның құны 112 млрд. теңгеге қымбаттаған. 2011 жылы және 2012 жылдың 4 айында Жоба операторының, яғни бірлескен қазақ-қытай компаниясы – «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС-ның шеккен шығыны 1,3 млрд. теңгені құрады;
3) «Ауылшаруашылық машина-жасау конструкторлық бюросын құру» жобасы (құны 719 млн.теңге) іске асырылмаған, оны орындауға бөлінген қаражат «Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы» АҚ-ның шотында жатыр;
4) «Алтай» өңірлік технопаркін құру және дамыту» жобасы іске асырылмаған, осыған мақсатқа көзделген 300,0 млн.теңге қаражат 2009 жылдан бері «Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы» АҚ-ның шотында жатыр;
5) «Оңтүстік» ӘКК-ның өрт сөндіру депосы ондағы ақауларға байланысты 2011 жылдан бері жұмыс істемей тұр, ал оның құрылысына 140,7 млн. теңге жұмсалған болатын;
нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында:
6) Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2010 -2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде жалпы сомасы 5,7 млрд. теңгеге жабдықтар мен техника сатып алынған, ал олар есірткі заттарын іздеуге, табуға және анықтауға арналмаған;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында:
7) Павлодар облысының Шарбақты ауылында орталық су құбыры болмаса да, 1 037,2 млн. теңгеге кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде;
8) Тараз қаласында құны 512,0 млн. теңгені құрайтын 30 пәтерлік екі тұрғын үй 2011 жылдан бері қоныстанбаған;
9) Павлодар облысының Ленинский кентінде құны 505,9 млн.теңгені құрайтын 100 пәтер 2011 жылдан бері қоныстанбаған, олардың құрылысына қаражат бөлінген кезде елді мекеннің даму әлеуеті ескерілмеген;
10) Маңғыстау облысының Құрық ауылында қаржыландырудың жоқтығынан, кәріз желілерінің колекторын тазарту құрылыстарына дейін реконструкциялау жөніндегі жұмыстар 2010 жылдан бері тоқтап тұр, ал осы құрылысқа 289,9 млн. теңге жұмсалған;
11) су құбырлары желісінің құрылысы аяқталмағандықтан, Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» алабының құны 109,5 млн. теңгені құрайтын су тарту құрылыстары 2008 жылдан бері пайдаланылмай келеді;
12) Ақмола облысының Астрахан ауданында ұңғымаларда су қоры болмағандықтан, құны 76,4 млн. теңгені құрайтын су құбырлары желісі 2008 жылдан бері пайдаланылмай тұр;
13) Ақмола облысының Қосшы кентінде тұрғын үйлер мен түпкі тұтынушылар болмағандықтан, құны 35 млн.теңгені құрайтын электрмен жабдықтаудың кварталішілік желісі 2011 жылдан бері жұмыс істемей тұр;
әлеуметтік салада:
14) Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы Асар шағын ауданында сметалық құны 357,9 млн.теңгені құрайтын 280 орынға арналған балабақша 2012 жылғы шілдеден бері пайдаланбай тұр;
15) Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатының құны 200,9 млн. теңгені құрайтын спорттық-сауықтыру кешені штатының болмауына байланысты 2012 жылғы сәуірден бері жұмыс істемей тұр.
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың негізгі себептері:
мемлекеттік сараптамалардың сапасына бақылаудың болмауы;
мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын жобалар құнының қаржылық негізділігіне тәуелсіз мемлекеттік сараптаманың жоқтығы;
жеткілікті дәрежеде әзірленбеген жобаларды басым жобалар тізбесіне енгізуге бастамашылық жасаған лауазымды адамдардың жауапкершілігінің болмауы.
Инвестициялық жобаларға сараптама жасаудың қолданыстағы жүйесі тиімсіз әрі үйлестірілмеген, онда қатысушылар арасында мүдделер қақтығысын туындататын бірқатар элементтер кездеседі және бұл жүйе жемқорлық пиғылдарға қарсы тұруға қауқарсыз.
Инвестициялық жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізуді (олардың сметалық құны, құрылыстың қаржылық негізділігі мәселелері) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға – «Мемлекеттік сараптама» РМК қамтамасыз етеді, оның жұмысының сапасына мемлекеттік органдар бақылау жасамайды.
Бұл ретте инвестициялық жобалардың мемлекеттік сараптамадан өтуінің талаптары тек құрылыс қызметімен байланысты жобаларға ғана қолданылады. Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға мемлекеттік сараптамасыз қаражат бөлінуде. Мәселен, 2013 жылғы республикалық бюджетте аталған жобаларға 62 млрд.теңге қарастырылған.
2012 жылы дебиторлық берешек 2011 жылмен салыстырғанда 1,7 есе немесе 56,3 млрд.теңгеге өсіп 140,6 млрд. теңгені құрады. Оның өсуіне шарттардағы аванстық төлемдердің алдын ала төленіп, өнім жеткізушілердің шарттағы міндеттемелерін бұза отырып орындағаны себеп болған.
Республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін трансферттердің өсу үрдісі сақталуда.
Есепті кезеңде бөлінген субвенциялардың көлемі бұрынғы жылмен салыстырғанда - 11,1%-ға, нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі 61,1%-ға ұлғайған (1-диаграмманы қараңыз).
1-диаграмма
Нәтижесінде 2012 жылы трансферттердің үлес салмағы жергілікті бюджеттердің жалпы кірістері көлемінде 61,7%-ды құрады, ал 10 өңірде 70%-дан асты, бұл өңірлердің республикалық бюджетке қаржылық тәуелділігінің сақталып отырғанын көрсетеді.
Сонымен қатар, республикалық және жергілікті бюджеттерге төленетін салықтар мен басқа да төлемдердің ара-жігін айқындау мен оларды бекітудің қолданыстағы жүйесі өңірлерді әлеуметтік-экономикалық саланы дамытудың бірдей мүмкіндіктерімен қамтамасыз етпей отыр. Оның үстіне, аталмыш жүйе жергілікті атқарушы органдарды шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ салық салынатын базаны кеңейтуге ынталандырмайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі күшейе түсуде.
Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау және бағалау
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-да (бұдан әрі – Холдинг) жүргізілген бақылау барысында жалпы сомасы 94 млрд.теңгеге бюджеттік кредиттер мен Ұлттық қор қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері, сондай-ақ 161 млн. теңгеге бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары анықталды.
Холдинг пайыздық ставкасы 0,01%-бен алған бюджеттік кредиттер мен Ұлттық қор қаражатын еншілес ұйымдарына 1,02%-ға дейінгі ставкамен беріп отырған. Сөйтіп, 1,8 млрд. теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы алған. Өз кезегінде, Холдингтің еншілес ұйымдары түпкі қарыз алушыларға кредит берген кезде 6 пайызға дейін баратын жылдық сыйақы ставкасын қолданып отырған.
Сонымен қатар, олар жобалардың өтінім берушілеріне кредиттік ресурстарды бөлген кезде олардың құжаттарын тиісті дәрежеде қарамаған.
Мысалы, тиісті материалдық базасы жоқ және төлем қабілеттілігі мен қаржылық орнықтылығы бойынша талаптарға сай келмейтін өтінім берушіге Ақмола облысында 5000 бас ірі қара мал бордақылайтын алаң салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға 3 064,1 млн.теңге кредит бөлінген.
2009 жылы «Атырау Агро Өнімдері» шаруа қожалығының 119,5 млн. теңге мөлшеріндегі бюджеттік кредит есебінен салынған жылыжай кешені құрылыс нормалары сақталмағандықтан қирап құлап қалған.
Республикалық бюджеттен азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын (бұдан әрі – Тұрақтандыру қорлары) қалыптастыруға бөлінген бюджеттік кредитті пайдаланудың тиімділігін бақылау барысында оларды қалыптастыру кезінде мәлімделген агроөнеркәсіп нарығына реттеушілік ықпал жасау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізілмегені анықталды.
Тұрақтандыру қорларын құру кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі оларды қалыптастыру мен пайдаланудың тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
Тұрақтандыру қорларын ұйымдастыру процесіне үш делдалдық ұйым қатысқан. Бұл ретте, бюджет кредитінің берілетін қаражаты бойынша пайыздық ставканың ұлғаюы есебінен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ға – 87,7 млн. теңге, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ға 472,5 млн. теңге қосымша кіріс түскен.
Бақылау барысында кредиттік ресурстарға деген нақты қажеттілік ескерілместен шығыстарды жоспарлау фактілері анықталды. «Шымкент» және «Каспий» ӘКК-лары бюджеттік кредиттің талап етілмеген 764,6 млн. теңге қаражатын қайтарған.
Бөлінген 17 105,0 млн. теңге кредит қаражатының 9 059,2 млн.теңгесіне немесе 53%-ына азық-түлік тауарларын сатып алу жүзеге асырылған.
Сонымен қатар, жеміс-көкөніс өнімдерін тиісінше сақтау, оларды уақтылы өткізу қамтамасыз етілмеген, соның салдарынан 379,5 млн. теңгенің өнімдері бүлініп, ысырап болған.
Кредит саясатын іске асыру саласында Есеп комитеті анықтаған бұзушылықтардың елдің ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығы үлесінің біртіндеп төмендеп бара жатқан тұсында орын алып отырғанын атап өткен жөн. Егер 2009 жылы аталмыш көрсеткіш 6,3 % болса, ал 2011 жылы - 5,2%, 2012 жылдың 9 айында 4,1 % болды. Шаруалардың қазіргі заманғы техникамен қамтамасыз етілуі төмен деңгейде қалып отыр, өнімділікті арттыру бойынша инновациялық технологияларды енгізудің жай-күйі нашар.
Жалпы алғанда, бюджеттік кредит берудің әлеуеті экономикалық белсенділікті ынталандырудың құралы ретінде нашар пайдаланылуда. 2009-2012 жылдар аралығында бөлінген бюджеттік кредиттердің көлемі республикалық бюджет көлемінің 2,5%-ын құрады. Дамыған елдерде аталған көрсеткіш орталық мемлекеттік бюджеттер көлемінің бестен біріне дейін барып отыр (АҚШ-та – 22%, Жапонияда – 16,7%).
Есеп комитетінің бақылау іс-шаралары көрсетіп отырғандай, көп жағдайда кредит қаражаты тиімсіз пайдаланылуда, межеленген мақсаттарға қол жеткізілмеуде, кредиттер өтеудің мерзімі жүйелі түрде бұзылуда.
Соңғы үш жылдың ішінде бюджеттік кредиттерді пайдалануға қатысты бұзушылықтар сомасының өсіп жатқандығы байқалуда (7-кестеге қараңыз).
7-кесте.
Бюджеттік кредиттерді пайдалануға қатысты бұзушылықтар
млн. теңге
|
|
Атауы
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
|
|
Бұзушылықтар көлемі
|
56,8
|
1 775
|
19 340
|
|
Бағдарламалық құжаттарды бағалау бойынша
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бақылау барысында бағдарламалық құжаттардың үйлестірушілері мен орындаушыларының жоспарланған іс-шаралардың орындалуына, нысаналы индикаторлар мен түпкі нәтижелерге қол жеткізілуіне тиісті дәрежеде бақылау жасамағаны анықталды.
Бағдарламалық құжаттарда қарастырылған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша ресми статистика және тиісті есеп жүргізілмейді. Осыдан кейін жауапты мемлекеттік органдар бұрыс ақпарат ұсынуда, бұл осы бағдарламалардың іске асырылу барысын бағалауды бұрмалауға алып келуде.
2-диаграммада анықталған бұзушылықтардың бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бөлінген қаражаттың жалпы үлесіне шаққандағы ара-қатынасы жөнінде деректер келтірілген.
2-диаграмма
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарындағы 196 іс-шараның 9-ы орындалмаған, 9-ы заңнама талаптарын және іске асыру мерзімін бұза отырып сапасыз, ішінара орындалған. Жалпы 18,1 млрд.теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды.
Білім беру объектілерін салу кезінде жинақтау перспективаларының ескерілмегенін, сондай-ақ олардың құрылысы білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау объектілеріне қажеттілікті анықтау ережесі мен әдістемесін бұза отырып жүргізілгенін атап өту керек. Мәселен, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жаңадан салынған 4 мектепте толымдылықтың төмен деңгейі байқалды.
Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бақылау қорытындысы бойынша жалпы 2 млрд.теңгенің бұзушылықтары анықталды. 2011-2012 жылдары және 2012 жылдың 1-жартыжылдығында жоспарланған 22 іс-шараның тек 2-уі немесе 9%-ы ғана орындалған.
Туризм индустриясының инфрақұрылымын салу кезінде мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік принципі іске асырылмай отыр, елдің туристік кластерін дамытуға базалық жағдай жасау мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттік инветицияларды жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылданбаған.
Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауында «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығының құрылысы басталмаған, «Маңғыстау облысында «Кендірлі» халықаралық курортын салу» және «Алматы облысының Текелі қаласы маңында тау шаңғысы базасын құру» инвестициялық жобалары іске асырылмаған.
Сонымен қатар, Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруда алға басудың жоқтығы байқалады. Мәселен, 2011 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум жариялайтын Саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан 2009 жылмен салыстырғанда бір позицияға төмендеп, әлемнің 139 елі арасында бар болғаны 93 орынға тұрақтаған.
Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалау Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері ұзақ мерзімді перспективаға арналған мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес келетіндігін, елдегі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың проблемалық мәселелерін қамтып отырғанын көрсетті.
Сонымен бірге, Бағдарламаның Қазақстан аумағының 22%-ын эфирлік цифрлық телехабармен қамту, 250 ауылдық пошта байланыс бөлімшесін салу және жаңғырту жөніндегі нысаналы индикаторларына қол жеткізілмеген.
«Электрондық үкімет» және «Электрондық әкімдік» қызметтерін пайдаланудың төмен деңгейде екендігі байқалады. Мәселен, 2011 жылы жеке пайдаланушылардың саны 8,9 млн.адамды құрады, бұл ретте «Электрондық үкімет» және «е-әкімдік» қызметтерін бар болғаны 270 мың адам (жалпы пайдаланушылар санының 3%-ы) пайдаланған. 2011 жылы «электрондық үкімет» порталына көзделген 20 қызметтің 5-уі ғана енгізілді. 2012 жылдың 1-жартыжылдығында «онлайн» режимінде көрсетілуге тиісті 23 қызметтің орнына 9 қызмет (соның ішінде 5 мемлекеттік қызмет) ұсынылған.
Анықталған бұзушылықтар 2,8 млрд. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасында көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында көзделген 44 инвестициялық жобаның тек 11-і ғана іске асырылуда, жалпы сомасы 604,0 млрд. теңгеден асатын 21 жобаны іске асыру қаржыландыру болмағандықтан басталмаған. Техникалық-экономикалық негіздемелеріне 250,9 млн. теңге жұмсалған, құны 246,4 млрд. теңгені құрайтын жеті жоба орындалмаған, олар концессионерлер болмағандықтан қажетсіз болып қалды.
Жалпы сомасы 36,1 млрд. теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталмағаны және қаржы тәртібінің бұзылғаны анықталды.
Сонымен қатар, тиісті материалдық-техникалық базаның болмауы, құрылыс жұмыстарының тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауы, материалдар мен көрсетілетін қызметтер құнының қымбаттауы, құрылыс мерзімінің созылуы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының уақтылы іске асырылуына қатер төндіріп отыр.
Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды (бұдан әрі - АЭА) дамыту және экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада көзделген 14 нысаналы индикатордың 6-уы орындалмаған. Бағдарламаның іс-шаралар жоспарындағы 74 тармақтың 8-і атқарылмаған, 13-і ішінара, 5-уі орындау мерзімін бұза отырып орындалған. Сонымен қатар, жалпы сомасы 771,6 млн.теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды, тиімсіз жұмсалған қаражаттың көлемі 2,2 млрд.теңгені құрады.
АЭА-тардың көпшілігінде олардың аумағында өз қызметін іс жүзінде жүзеге асырып отырған қатысушылардың үлесі олардың тіркелген санына шаққанда бар болғаны 10 пайызды құрайды. «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА аумағында тіркелген 124 қатысушының тек 40-ы ғана жұмыс істеп тұр. «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі» АЭА-да 31 қатысушының – тек 1-уі, «Оңтүстік» АЭА-да 23 қатысушының – 1-уі, «Ақтау теңіз порты» АЭА-да 18 қатысушының 5-уі ғана жұмыс істейді. «Бурабай» АЭА-да тек бір ғана қатысушы тіркелген.
Өңірлердің бюджетіне АЭА-тардың қызметінен түсетін салықтық түсімдердің төмен деңгейде екендігі байқалады. Мысалы, 2010 жылы «Оңтүстік» ӘКК-да жобаларды іске асырудан түскен түсімдердің үлес салмағы өңірдің бюджетіне түскен түсімдердің жалпы көлеміне шаққанда 0,04%-ды, 2011 жылы 0,03%-ды құрады.
«Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА-да мүліктік кешенде үй-жайдың болмауына байланысты 32 қатысушы өз қызметтерін жүзеге асыра алмай отыр. Сонымен бірге, кешендегі үй-жайлардың бір бөлігі АЭА-тың қатысушысы болып табылмайтын заңды тұлғаларға жалға берілген.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2009 -2011 жылдарға арналған бағдарламаны бағалаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 19,7 млрд.теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны, сондай-ақ 5,7 млрд.теңгенің жабдықтары мен техникасының пайдаланылмай отырғаны анықталды.
Бағдарламаның күтілген 9 нәтижесінің 3-уі орындалып, 2-уіне ішінара қол жеткізілген, 4-уіне қол жеткізілмеген, бұл жауапты мемлекеттік органдардың оны тиімсіз іске асырғанын, олардың арасындағы үйлестіру жұмыстарының нашар жүргізілгенін көрсетеді. Сондай-ақ Бағдарламаның іс-шараларындағы 66 тармақтың 39-ы орындалып, 21-і ішінара орындалған (1-уі құпия), 6-уы орындалмаған.
2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы аралық кезеңде тиімсіз іске асырылған. Бағдарламада 2010-2012 жылдарға көзделген тікелей нәтижелердің 52 көрсеткішінің 12-сі (23%) орындалмаған, 33 нысаналы индикатордың 7-уі (21%) орындалмаған.
Бағдарламаны орындау бойынша қаржы ресурстары болмағандықтан Жоспардың 33 іс-шарасы жүзеге аспаған, 21-і ішінара орындалған.
Сонымен қатар, Бағдарламаны іске асыру кезінде жалпы 7,5 млрд. теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды.
Мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру кезінде 8 нысаналы индикаторға толық көлемінде қол жеткізілмеген, Бағдарламаның іс-шаралар жоспарының 7 тармағы орындалмаған. Жалпы сомасы 25,1 млрд. теңгеге бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды.
ҚР-да электр эненргетикасын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылуын бағалау барысында жалпы сомасы 47 млрд.теңгенің бұзушылықтары анықталды.
Жүргізілген бақылау барысында осы Бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатының толық көлемінде игерілмегені және екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырылғаны анықталды. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталы уақтылы толықтырылмаған, бұл бюджеттік инвестициялардың уақтылы іске асырылуына және олардың нәтижелеріне қол жеткізілуіне кері әсер етті.
Қосымша өндіруші қуат уақтылы жасалмауда, бұл энергия жүктемесін жабу үшін электр энергиясының шектеулілігіне және оның біркелкі өндірілмеуіне, сондай-ақ жекелеген өңірлерде оның тапшылығына әкелуде.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын бағалау барысында 41 млрд.теңгенің бұзушылықтары анықталды.
Бюджет кодексінің 44-бабының 7-тармағын бұза отырып, 2011 жылы «Даму» КДҚ» АҚ-ға бөлініп, өткен қаржы жылында пайдаланылмаған 3,1 млрд.теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферттер сомасы республикалық бюджетке қайтарылмаған, екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы пайдаланылмаған қаражат қалдығы 1,7 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелердің бұзылуына жол берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |