2005 жылғы 3-ші тоқсанға Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы АҚПАРАТ
Жиынтық көрсеткіштер
2005 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша ауданда өнеркәсіп өнімін өндірумен 10 ірі кәсіпорындар мен 36 шағын және орта бизнесті кәсіпорындар айналысады. Ағымдағы жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі қолданыстағы бағаларда 3 миллиард 451 миллион 452 мың теңгені құрды. Берілген көрсеткіш алдыңғы жылдың ұқсас кезеңінде 10,4 пайызға төмен.
Мыс-химиялық комбинатында нағыз көрсеткіште өндіріс көлемінің қауырт төмендеуіне байланысты: мыс концентратын өндіру алдыңғы жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша үш жүз он үш мың тоннаға, осы жылы он екі мың тоннаға дейін төмендеді (нақты көлемнің индексі - 33,4 пайызға). Жалпы аудан бойынша 9 айдағы қорытындыда нақты көлемнің индексі 51,6 пайызды құрайды.
2005 жылғы 24 тамызда ауданның өнеркәсіп кәсіпорындар басшыларымен жүргізілген жиналыс және талдау негізінде ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі төрт миллиард жеті жүз тоқсан бір миллион теңге деңгейінде 2004 жылғы деңгейде 7,2 пайызға төмендеуімен болжанды.
Ағымдағы жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша «ЕХМЗ Казниобий» ЖШС-де өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 50 миллион 972 мың теңгеге артқан. Кәсіпорында ай сайын 9 мың тоннаға дейін шикізаттар өңделеді және 4,5 тонна металл кесектеріндегі ниобийлар шығарылады. Кәсіпорынның келесі жоспарында – жаңа технология жүйелерін енгізу және жартылай фабрикаттардан дайын өнімдерді шығаруға өту есебінен шығарылған өнімдердің ассортименттерін көбейту. Жылдық қорытынды бойынша «ЕХМЗ Казниобий» ЖШС өндірілген өнімдердің көлемі 94 миллион 800 мың теңге деңгейінде болжанады.
«Первомайка механикалық зауыты» акционерлік қоғамымен ағымдағы жылы келесі түрдегі өнімдердің өндірілуі игерілді: МТЗ 80, МТЗ 82 тракторларына жабу жабдықтары, қарды тазалау үшін шнекоротор, алдыңғы және артқы төгетін, сүр шөпті жинайтын құрал, мырышталған профлист, полимерлік жағылған профлист, мырышталған мүйіс, әр түрлі қырдағы құбырлар. Кәсіпорында өнеркәсіп өндірістерінің көлемі құндық көрсеткішінде 25 пайызға артқан.
Мыс-химиялық комбинатының Артемьевск кенішінде бағыттас қазбаларға қатысты ары қарай жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бағыттас қазбалардың жалпы көлемі 288 мың 606 тоннаны құрды, соның ішінде Зырян қаласында - 152 мың 456 тонна, Николаев байыту фабрикасында – 136 мың 150 тонна. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап айлық тиеу жоспары Зырян қаласында – 78 мың тонна, Николаев байыту фабрикасында – 24 мың тонна.
Мыс-химиялық комбинатының басшылығымен кездесулер және кеңес берулер – ауданның негізгі қалақұрылымындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар – ағымдағы жылы Артемьев кенішінің ашылуы болмайды деп есептелуін көрсетеді. Пайдалануға берілген кенішіні енгізудің ұйғарылған мерзімі – 2006 жылғы 1 тоқсан.
Қарастыру мерзімінде күрделі құрылысқа 2 миллиард 357 миллион 663 мың теңге сомасына немесе 2004 жылғы деңгейде 156,6 пайызға инвестициялар салынды. Жалпы алаңы 4624 кв.метрден 85 үйлер пайдалануға енгізілді, немесе алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіндегі 66 пайыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы алаңы 440 кв.метр тағы 8 үйлер пайдалануға енгізу жоспарлануда. «Құрылыс индустриясын дамыту жөнінде іс-шаралар» бөлімі бойынша 2005-2007 жылдарға арналған ауданды дамыту Бағдарламасына сәйкес 3 іс-шаралар орындау көзделуде.
Бүгінге күнге дейін Бағдарлама деп аталған іс-шараның орындалуы жөнінде нақты жұмыс жүргізілді.
Ауданда 4 кәсіпорындар ағаштар өңдеумен әрекет етеді. Жеке кәсіпкер Б.М.Игліковпен аяқ жол плиткаларын, ағаштан және пластикадан терезе мен ағаш блоктарын шығару жолға қойылған. Жеке кәсіпкер Ю.С.Меркульевпен жаңа технология бойынша пластикадан терезе мен ағаш блоктарын өндіру ашылған. «Первомайка механикалық зауыты» ААҚ-да ағымдағы жылдың басынан 1213 шаршы метр мырышталған профлист, 3826 шаршы метр полимер жағылған профлист өндірілді. «Мырышталған ыдыс-аяқтар зауыты» ЖШС-де 2775 кв.метр шатырлар.
Ағымдағы жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілердің жалпы саны 1855 адамды құрды, соның ішінде заңды тұлғалар – 191, жеке тұлғалар – 1664. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен барлық деңгейдегі бюджеттерге 118 миллион 903 мың теңге сомасында салық төлемдер мен жиындар аударылды. (жалпы 2004 жылға 100 миллион 594 мың теңге). Осы көрсеткіш ағымдағы жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен жалпы көлемнің 22,9 пайызын құрайды. (2004 жыл: түсімдердің жалпы көлемі – 699 миллион 685 мың теңге, ШКС – 100 миллион 594 мың теңге, пайыз – 14,3; 2005 жыл (9 айдағы): түсімдердің жалпы көлемі – 517 миллион 616 мың теңге, ШКС – 118 миллион 903 мың теңге, пайыз – 22,9). Ағымдағы жылдың 9 айында шағын кәсіпкерлік субъектілермен 489 миллион 886 мың теңге сомасында қызметтер көрсетілді және тауарлар шығарылды немесе алдыңғы жылдың ұқсас мерзімінде 2,1 рет жоғары.
Ауданның аумағында 5 рыногтар жұмыс жасайды (Заря, Звезда 7, Быт Сервис, Восточный, Асар), 395 магазиндер, 39 дәріханалар, 50 кафе, 80 нен аса қызмет көрсететін объектілер.
Бағдарламадағы іс-шараларды орындау нәтижесінде 83 жаңа жұмыс орындары құрылған 19 жаңа шағын бизнес объектілері ашылған және 923 мың теңге сомасында салық төлемдер түсті.
Ағымдағы жылы ауданда Бағдарламаға сәйкес 2 екінші деңгейдегі кассалық-есептесу банктер орталығы ашылған:
2005 жылғы 19 сәуірде – «Каспийский» банкі – жұмыс істейтіндер 12 адам.
2005 жылғы 17 қазанда - «АльянсБанкі» - жұмыс істейтіндер 7 адам.
Шемонаиха қаласында «Наурызбанк» кассалық-есептесу орталығын ашу жөнінде мүмкіндік ойлар бар.
1 қазандағы жағдай бойынша ауданда 4 екінші деңгейдегі кассалық-есептесу банктер орталығы қызмет етеді: Халық банкінің КЕО, ТұранӘлем банкінің КЕО, Каспийский банкінің КЕО, Альянс банкінің КЕО.
Шемонаиха қаласында «Валют Транзит банкі» кассалық-есептесу орталығын ашу жөнінде мүмкіндік ойлар бар.
Ағымдағы жылдың 01 қазандағы жағдайы бойынша ауданның банк филиалдарында депозиттердің жалпы көлемі 759 миллион 886 мың теңгені құрды, 1 жылда 11,6 пайызға көбейіп немесе 79 миллион 576 мың теңгені құрды.
Ағымдағы жылдың 01 қазандағы жағдайы бойынша банк мекемелерімен 709 миллион 58 мың теңге жалпы сомасына несиелер берілді, соның ішінде шағын бизнеске – 99 миллион 461 мың теңге.
Достарыңызбен бөлісу: |