Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №161 қаулысы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №161 қаулысымен бекітілген
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.
2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеуді жылумен жабдықтаушы немесе электрмен жабдықтаушы ұйым (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші) сарапшы ұйымдарды, ғылыми институттар мен қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып жүзеге асырады.
3. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Қызмет көрсетуші алдыңғы нормалар бекітілген сәттен бастап кемінде 18 айдан кейін және кемінде бес жылда бір рет қайта қарайды.
2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен
жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
4. 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:
N0 = Q0
Sжx6 ,
мұнда:
N0 – 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы;
Q0 – есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерде бір жылыту маусымы ішінде тұтынылатын жылу энергиясының жиынтық саны (Гкал/жыл);
Sж – жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың немесе есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердегі үй-жайлардың жалпы алаңы;
6 – жылыту кезеңіндегі айлар саны.
5. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылыту үшін қажетті жылу энергиясының саны (Гкал/жыл) мынадай формула бойынша есептеледі:
Q0 = qmax x tішкі – tот x 24 x n0 x 10-5- Q0те
Tішкі – tеж ,
мұнда:
Q0 – жылу энергиясының саны (Гкал/жыл);
qmax – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (ккал/сағ);
tішкі – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытатын тұрғын үй-жайларындағы ішкі ауа температурасы (°C);
tот – жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (°C);
tеж – жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (°C);
n0 – жылытуды жобалауға арналған сыртқы ауаның есептік температурасы минус 30°C-ға дейін және ғимараттардың жылытылатын
үй-жайларының ішкі ауасының орташаланған есептік температурасы 18°C болатын аудандарда сыртқы ауаның 8°C орташа тәуліктік температурасымен және жылытуды жобалауға арналған сыртқы ауаның есептік температурасы минус 30°C-дан төмен және ғимараттардың жылытылатын үй-жайларының ішкі ауасының орташаланған есептік температурасы 20°C болатын аудандарда сыртқы ауаның 10°C орташа тәуліктік температурасымен сипатталатын жылыту кезеңінің ұзақтығы (жылына тәулік);
Q0те – көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкі болып табылмайтын тұрғын емес үй-жайларды жылытуға арналған жылу энергиясының шығыны.
24 – бір тәуліктегі сағат саны.
Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (qmax), жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (tішкі), жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tот), жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (tеж), жылыту кезеңінің ұзақтығы (n0) ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004 (Азаматтық ғимараттардың энергия тұтынуы мен жылу қорғанысы) талаптарына сәйкес анықталады.
6. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі үйлердің жобалау деректерін ескере отырып анықталады. Жобалау деректері болмаған жағдайда, сағаттық жылу жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
qmax= qүл x S ,
мұнда:
qүл – 1-кестеге сәйкес көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығыны (сағатына 1 шаршы метрге ккал);
S – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың жалпы алаңы (шаршы метр).
1-кесте. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу
энергиясының нормаланған үлестік шығынының мәні
Қабаттар саны
|
Сыртқы ауаның есептік температурасы
|
-100С
|
-150С
|
-200С
|
-250С
|
-300С
|
-350С
|
-400С
|
-450С
|
-500С
|
-550С
|
1. 1999 жылға дейін салынған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді қосқанда
|
1
|
128
|
134
|
140
|
145
|
149
|
151
|
158
|
163
|
169
|
176
|
2
|
121
|
127
|
128
|
135
|
138
|
140
|
146
|
152
|
161
|
167
|
3-4
|
67
|
72
|
78
|
83
|
86
|
88
|
92
|
96
|
100
|
104
|
5-9
|
56
|
60
|
64
|
69
|
72
|
77
|
79
|
85
|
87
|
93
|
10
|
50
|
59
|
63
|
66
|
69
|
74
|
75
|
80
|
84
|
89
|
11
|
48
|
57
|
61
|
66
|
69
|
74
|
75
|
80
|
84
|
89
|
12
|
48
|
57
|
61
|
66
|
69
|
73
|
74
|
79
|
83
|
88
|
13
|
49
|
58
|
62
|
68
|
69
|
74
|
76
|
81
|
85
|
90
|
14
|
49
|
58
|
63
|
69
|
71
|
75
|
78
|
82
|
87
|
91
|
15
|
51
|
60
|
64
|
71
|
72
|
76
|
79
|
84
|
88
|
93
|
16 және одан көп
|
53
|
62
|
66
|
73
|
74
|
78
|
82
|
86
|
91
|
95
|
2. 1999 жылдан кейін салынған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлер
|
1
|
34
|
40
|
45
|
51
|
57
|
63
|
68
|
74
|
81
|
86
|
2
|
29
|
33
|
38
|
43
|
48
|
53
|
58
|
63
|
68
|
73
|
3
|
28
|
33
|
37
|
43
|
48
|
52
|
57
|
62
|
67
|
72
|
4-5
|
24
|
28
|
32
|
37
|
41
|
45
|
49
|
54
|
58
|
62
|
6-7
|
23
|
27
|
30
|
35
|
38
|
42
|
46
|
50
|
54
|
58
|
8
|
22
|
25
|
29
|
33
|
36
|
40
|
44
|
48
|
52
|
55
|
9
|
22
|
24
|
29
|
33
|
36
|
40
|
44
|
48
|
52
|
55
|
10
|
20
|
24
|
27
|
31
|
34
|
38
|
41
|
45
|
49
|
52
|
11
|
20
|
23
|
27
|
31
|
34
|
38
|
41
|
45
|
49
|
52
|
12 және одан көп
|
20
|
23
|
26
|
30
|
33
|
37
|
40
|
43
|
47
|
50
|
7. Елді мекенде көп пәтерлі тұрғын үйлерде коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда, жылу энергиясын тұтыну нормаларын есептеуді жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша есептік кезең ішінде техникалық және пайдалану сипаттамалары бірдей үйлерді жылытуға арналған жылу энергиясын нақты тұтыну бойынша мынадай формула арқылы жүргізуге жол беріледі:
Nq = (Qнақты / F),
мұнда:
Nq – тұрғын үйдің 1 шаршы метріне арналған жылу энергиясын нақты тұтыну нормасы, Гкал/м2;
Qнақты – ғимараттың есептік кезең ішінде жылу энергиясын нақты тұтынуы, Гкал;
F – ғимараттың алаңы, м2 .
3. Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі
8. Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормаларын есептеу тәртібі ток қабылдағыштардың жүктемесі мен олардың жану сағатына сәйкес жүргізіледі.
9. Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормасы (Np) мынадай формула бойынша анықталады:
Np=n*ТL* РL + ТR *РR*D (кВт.сағ.),
мұнда:
n – шамдардың саны;
ТL – бір шамның бір айда жанатын сағаты;
РL – бір шамның қуаты, РL = 0,06 кВт.
ТR – бір розетканың бір тәулікте жанатын сағаты, ТR = 7,5 сағат;
РR – бір электр розеткасының қуаты, РR = 0,6 кВт.;
D – бір айдағы тәулік саны.
Бір шамның бір айда жанатын сағаты 2-кестеде келтірілген мәндерге сәйкес анықталады.
2-кесте
Ай
|
Жану сағаты (ТL, сағ)
|
1
|
2
|
Қаңтар
|
410
|
Ақпан
|
310
|
Наурыз
|
260
|
Сәуір
|
160
|
Мамыр
|
120
|
Маусым
|
100
|
Шілде
|
100
|
Тамыз
|
140
|
Қыркүйек
|
190
|
Қазан
|
310
|
Қараша
|
380
|
Желтоқсан
|
440
|
Бір жыл ішінде жиыны
|
2920
|
Есепке алу аспаптары болмаған жағдайда электр энергиясын тұтыну нормасын есептеу кезіндегі шамдардың саны 3-кестеге сәйкес есептеледі.
3-кесте
-
Тұрғын үй
|
Шамдардың саны
|
1 бөлмелі жатақхана
|
1 шам
|
1 бөлмелі
|
4 шам
|
2 бөлмелі
|
6 шам
|
3 бөлмелі
|
7 шам
|
4 бөлмелі
|
8 шам
|
5 бөлмелі
|
9 шам
|
6 бөлмелі
|
11 шам
|
Ескертпе: Егер тұрғын үй бөлмелерінің саны 6 бөлмеден асатын болса, онда шамдарды есептеу мынадай формула бойынша анықталады: бөлмелер саны + 5 = шамдар саны.
Достарыңызбен бөлісу: |