Есептік циклдың кезеңдері. Трансформациялық кесте



Дата16.07.2016
өлшемі85.23 Kb.
#203677
ЖОЖ 657.372.14 (574)

Ахунова Динара Зиятқызы

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университеті, Семей қаласы

ЕСЕПТІК ЦИКЛДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ. ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ КЕСТЕ



Последовательность этапов учетного процесса от анализа хозяйственных операций до составления финансовой отчетности и закрытия счетов называется учетным циклом.

Трансформационная таблица включает предварительный пробный баланс, составленный на основе записей в Главной книге, корректирующие проводки; окончательный пробный баланс; разграничение сальдо счетов, относящихся к отчету о прибылях и убытках и к отчету об изменениях в капитале; проводки, закрывающие временные счета; сальдо, относящиеся к отчетному бухгалтерскому балансу.
The sequence of stages from the the accounting process analysis of business transactions before financial reporting and closing accounting is called a cycle.

Transformational table includes a preliminary trial balance, based on the entries in General Ledger, adjusting entries and a final the trial balance; differentiation account balance relating to the profit and loss statement and statement of changes in equity; posting, closing temporary accounts, balances relating to the accounting balance sheet.
Шаруашылық операцияларын талдаудан қаржылық есептілікті құру және шоттарды жабуға дейінгі есептік процесс кезеңдерінің бірізділігі есептік цикл деп аталады. Есептік цикл келесідей кезеңдерден тұрады:

  • Алғашқы құжаттардың негізінде операцияларды талдау;

  • Бас журналға операцияларды тіркеу;

  • Бас кітапқа жазбаларды көшіру;

  • Трансформациялық кестені құру көмегімен есепті кезеңнің соңында шоттарғады түзету жасау (трансформациялау);

  • Есепті кезеңнің соңында шоттарды жабу;

  • Трансформациялық кестенің негізінде қаржылық есептілікті құру.

Қаржылық есептілікті құру үшін бухгалтер ағымдағы есепті кезеңге жататын мәліметтерді алуы керек. Бұл есептеулерді жүргізуді, талдауды, құжаттардың жобасын дайындауды талап етеді. Олардың барлығы жұмыс құжаттары деп аталады.

 Егер Бас журналда немесе Бас кітапта қателік табылса, оны түзету керек. Қателіктерді түзету түзету жазбаларының көмегімен жүргізіледі. Түзету жазбалары – бұл алдында толықтай немесе жартылай қате жасалған журналдық жазбаның бір бөлігін немесе барлығын түзету үшін жасалатын журналдық жазбалар.

Әдетте қателерді түзету үшін қате жазбаларды сызып тастап, дұрысын қайта жазады (сторно әдісі немесе қызыл сторно әдісімен). Әрбір түзету жасалған жазбаға толық түсініктеме көрсетіледі.  

Шаруашылық операциялар тікелей шоттарға тіркелуі мүмкін. Мұндай жағдайда әрттүрлі шоттарға жазылған шаруашылық операцияларды талдау және тіркеу кезінде жіберілген қателіктерді табу қиын болады.

Талдауды келесідей түрде жүргізеді:


  • фирманың активтері мен пассивтеріне шаруашылық операциялардың әсерін талдайды;

  • активтердегі көбеюді - дебет бойынша, пассивтердегі көбеюді - кредит бойынша бейнелейді;

  • бухгалтерлік жазбаларды жасайды.

Мұны шаруашылық операцияларды журналға хронологиялық тізбектеу жолымен шешуге болады. Көбіне фирманың бірнеше журналдары болады, дегенмен ең қарапайымы және қолайлысы Бас журнал деп аталады.

Бас журнал Жол 2

Күні

Сипаттамасы

Жазба туралы анықтама

Дебет

Кредит

2011

қазан, 17



Телефон шығындары

7210

700




Жабдықтаушылар шоты

3310




700

Телефон станциясынан шот алынды. Төменде түсініктеме берілді, шаруашылық операцияның мәнін түсіну үшін, ол қысқа болуы керек. Бас журналда тіркелген шаруашылық операциялар одан кейін бас кітапқа тіркеледі. Бас кітапта әрбір шот үшін жеке бет ашылады.



Бас кітап


Жабдықтаушылар шоты шот 3310
Күні

Ескерту

Жазба туралы анықтама

Дебет

Кредит

Сальдо

Дебет

Кредит

2011

қазан, 30






Жол 2




700




700



Бас кітап

Телефон шығындары шот 7210

Күні

Ескерту

Жазба туралы анықтама

Дебет

Кредит

Сальдо

Дебет

Кредит

2011

қазан, 30






Жол 2

700




700



Трансформациялық кесте Бас кітаптың жазбалары негізінде құрылған алғашқы сынама балансты, түзету жазбаларын; соңғы сынама балансты; пайда мен зияндар туралы есепке және капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есепке жататын шоттардың қалдығына шек қою; уақытша шоттарды жабатын жазбалар; есепті бухгалтерлік балансқа жататын қалдықтан тұрады. Трансформациялық кестенің әрбір тарауы екі бөлікке бөлінген: шоттардың дебеті және кредиті бойынша жазбалар үшін. Демек, ол біздің үйреншікті есептік регистрлардан, мысалы, айналым балансынан көп айырмашылығы жоқ.

Трансформациялық кестені құру бірнеше бірізді кезеңдерден тұрады. Алдын ала сынама баланс шоттардың дебеті және кредиті бойынша сәйкес тарауға айқарма жазылатын соңғы есепті күнге шоттардың қалдықтары бойынша жасалады. Түзетілген жазбаларды орындағаннан кейін шоттар бойынша пайда болған айналымдар «Түзетілген жазбалар» тарауына көшіріледі, соның негізінде соңғы сынама баланс үшін шоттар бойынша қалдықты алады. Алынған сомалар трансформациялық кестенің сәйкес тарауына жазылады. Осы тараудан шоттардың қалдығы пайда мен зияндар туралы есепке және капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есепке жататын трансформациялық кестенің тарауына көшіріледі. Осы жазбалардан кейін уақытша шоттар жабылады, берілген шоттар бойынша айналым сомалары трансформациялық кестеге жазылады, және есепті бухгалтерлік баланстың тарауына кіргізілетін соңғы қалдық сомалары қалыптасады.

Трансформациялық кестені дайындау келесідей кезеңдерден тұрады.


1. Бас кітаптың немесе алдыңғы тексеру балансының негізінде сынама баланс шоттарының қалдығы жазылады.

2. А, в, с әріптерін қою және әрі қарай әрбір түзетілген жазбаларды теңдестіру үшін сәйкес шоттардың жолдарына трансформациялық жазбалар көшіріледі.

3. Трансформациялық сынама балансты құру үшін, түзету сомалары сынама баланстың сәйкес бағандарына қосылуы немесе олардан алынып тасталуы керек.

4. Трансформациялық сынама баланстың бағандарына тұрған сомалар пайда мен зияндар туралы есептің немесе баланстың бағандарына көшіріледі (шоттардың түрлерінен тәуелді). Пайда мен зияндар туралы есептің бағандары сомаларының арасындағы айырма есепті кезеңдегі таза табысты немесе таза залалды көрсетеді.

Трансформациялық кесте бухгалтерге келесідей операцияларда көмектеседі:

1) қаржылық есептілікті дайындауда;

2) трансформациялық жазбаларды орындауда;

3) Келесі есепті кезеңнің басына дайындау үшін шоттарды жабуды Бас журналға тіркеу.

Қаржылық есептілікті дайындау. Трансформациялық кестені құру қаржылық есептілікті дайындауға көшуді жеңілдетеді, сондықтан «Пайда мен зияндар туралы есеп», және «Баланс» бағандарына шоттврдың қалдықтары көшірілген.

Алдымен, пайда мен зияндар туралы есеп, содан кейін капиталдың құрымындағы өзгерістер туралы есеп және баланс жасалады.

Трансформациялық жазбаларды орындау. Трансформациялық кестеде сынамалы балансты жасаудың алдында тікелей қаржылық есептілікті дайындау үшін үлкен маңызы бар трансформациялық жазбаларды жүргізу керек. Осы сәтте трансформациялық жазбалар Бас журналда тіркелуі мүмкін. Алайда бұл тіркеуді трансформациялық кесте мен қаржылық есептілікті жасау аяқталғанға дейін қоя тұрған ыңғайлы. Бұл міндет шоттарды жабумен бір уақытта орындалуы мүмкін. Бас журналда трансформациялық жазбаларды тіркеу – қиын операция емес, өйткені бұл жазбаларды трансформациялық кестеден көшіріп алуға болады. Одан кейін олар Бас кітапқа көшіріледі.

Шоттарды жабуды тіркеу. Есепті кезеңнің соңында журналдағы қорытынды жазбалар (сlosing entries) екі мақсатты көрсетеді.

Біріншіден, есепті кезеңнің соңында қорытынды жазбалар кірістер мен шығыстар шоттарын жабу арқылы (осы шоттардың қалдықтарын қажетсіздендіру) келесі есепті кезең үшін негізін құрайды. Бұл операция пайда мен зияндар туралы есеп таза пайданы, сонымен қатар қатаң анықталған есепті кезең (цикл) үшін кірістер және шығыстарды бейнелейтін болғандықтан қажет. Сондықтан кірістер мен шығыстар шоттары есепті кезеңнің соңында жабылып, келесі есеп беру кезеңінің басында бұл шоттардың қалдығы нольге тең болатындай қалдықтары қажетсіздендірілуі керек.

Екіншіден, есепті кезеңге кірістердің жиынтық сомасын есептеу қажет. Кірістер мен шығыстардың барлық шоттарының қалдықтары пайдамен зияндардың «Қорытынды пайда (залал)» шотына көшіріледі. Бұл шоттың қалдығы «Капитал» шотына көшіріледі. Бұл шотты тек шоттарды жабу процедурасы барысында пайдаланады, ол қаржылық есептілікке қосылмайды.

«Қорытынды пайда (залал)» шотының қалдығы «Капиталдың жұмсалуы» шотына тасымалданады. Бұл операция кірістер мен шығыстар іс жүзінде меншікті капиталдың өсуін немесе азаюын бейнелейтіндіктен қажет, сондықтан, қорытынды жазбалар таза өсімнің (кірістердің) немесе кемудің (шығыстардың) сомаларын «Капиталдың жұмсалуы» шотына тасымалдауды қамтамасыз етуі керек.

Кірістер мен шығыстар шоттары уақытша немесе номиналдық деп аталатындықтан, олар әрбір есепті кезеңге нөлдік қалдықпен ашылады, осы кезең ағымында кірістер мен шығыстар сомаларын жинақтайды, содан кейін қорытынды жазбалар арқылы нөлдік қалдыққа қайта барады, өйткені оның қалдықтары капиталдың жұмсалуы шотына көшіріледі. Бухгалтер бұл шоттарды фирманың капиталының өсуі немесе кемуін бақылау үшін қолданады, бұл ақпарат әкішілікке және компанияның табысты қызметінде қызығушылығы бар басқа да тұлғаларға қолданылуы мүмкін.

Бас кітаптың шоттары бойынша трансформациялық және қорытынды жазбаларды тасымалдауда қателіктер жіберілуі мүмкін, сондықтан барлық уақытша шоттарда нөлдік қалдықтардың болуын және шоттарды жапқаннан кейін жасалған жаңа сынама баланс арқылы дебеттік және кредиттік жиынтықтардың теңдігін тексеру керек. Онда тек тұрақты шоттар бейнеленетіндіктен, уақытша шоттар жабылуы тиіс.

Есепті кезеңнің соңында жүргізілетін трансформациялық жазбалар сәйкестік ережесіне сай кірістер мен шығыстар сәйкес болуы шарт. Реверсивті жазба (reversing entry) – жаңа есепті кезеңнің бірінші күніне жүргізілетін Бас журналдағы жазба. Ол толықтай өзінің атына сәйкес – кері жазба – және кредитті дебеттеу және дебетті кредиттеу арқылы трансформациялық жазбаны жоюды ұсынады. Реверсивті жазба барлық трансформациялық жазбалар бойынша емес, тек трансформациялық аударымдар (есептелген кірістер және есептелген шығыстар) бойынша қолданылады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:




Мыржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. и др. Основы бухгалтерского учета по МСФО. – Алматы: Экономика, 2009 г.



Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық І -Қарағанды, 2009



Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық ІІ.-Қарағанды, 2009



Финансовый учет 1. Учебное пособие с практическими заданиями, разработанное по программе GAP на основе МСФО, 2007


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет