ӘОЖ 656.13 (574.54): 656.078 (574.54)
|
Қолжазба құқығында
|
ЕСИМОВ АЗАМАТ ГАНИЕВИЧ
Экономикадағы автокөлік ағынын тиімді
басқаруды жетілдіру
(Қызылорда облысының мәліметтері негізінде )
6М050600 – Экономика мамандығы
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының
кандидаты К.А.Өтегенова
Ресми опонент: экономика ғылымдарының
кандидаты А.Б.Әлібекова
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының президенті 2012 жылдың 27 қаңтарында жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты дәстүрлі Жолдауында он бағыт бойынша тапсырмалар берді. Оның ішінде, маңызды бағыттардың бірі – көлік-коммуникациялық кешенінің алдына үлкен міндеттер қойды.
Қазақстан Республиканың аумағында автомобиль жолдары желісінда автокөлік ағындарының салыстырмалы жағдайда төмен тығыздығы, автомобиль көлігімен тасымалдау ара қашықтығының алыстығы, автожолдардың қанағаттанарлық дәрежесінің жеткіліксіздігі көлік шығыстарының өсуіне және өндірілетін өнімнің өзіндік құнының артып кетуіне әкелетін болғандықтан, көлік ағындарын ғылыми зерттеулерге негізделе отырып тиімді басқаруды қажет етеді.
Халықаралық көлік дәліздерін, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қалпына келтіру және дамытуды мемлекеттің аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген, оның экономикалық кеңістігінің тұтастығын қамтамасыз ететін, өңірлік және әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы байланыс үшін қызмет ететін бағыттарда басымдық тәртібімен жүзеге асыру қажет.
Автокөлік құралдары санының жылдан жылға қарқынды өсуі жағдайында автокөліктермен жолаушылар және жүк тасымалдау ағындарын тиімді басқаруды жетілдіру мәселесінің алға қойылуы бүгінгі күнгі ұлттық экономикадағы көлік кешені рөлінің арта түсуіне әкелді. Сондықтан, автокөлік ағынын тиімді басқаруды экономикалық жетілдіру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Халық шаруашылығының материалдық өндіріс саласы және өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылым субъектісі ретінде көлік нарықтық экономиканың тиімді қалыптасуына елеулі әсер етеді. Көлік кешеніндегі шаруашылық субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайының нашарлауына ел экономикасының жүк қалыптастырушы салаларындағы өндірістің құлдырауы; отын-энергетикалық ресурстар бағасын қалыптастырудағы либерализация; салық жүктемесі деңгейіні жоғары болуы; қатал бәсеке күресіне мүлдем дайын болмау, менеджмент деңгейінің төмендігі әсер етуі мүмкін.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Автокөлік ағынын тиімді басқаруды қалыптастыру мен дамыту жөніндегі пікірлерді ресейлік ғалымдар А.П. Абрамов, А.П. Анисимов, В.П.Бычков, О.И.Волков, В.Г. Галабурда, Н.Д. Иловайский, В.А. Король, А.И. Малышев, А.В. Миротин, В.К.Скляренко зерттеп, үлкен үлестерін қосты. Автокөлікпен қызмет көрсету аясын дамыту арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер М.Д. Әбішов, М. Баишев, Т.Б. Баяхметов, М.М. Бекмагамбетов, Ж. Н.К. Есенғарин, Ж.Ихданов, М.Б. Кенжеғозин, А.Қ. Қошанов, Н.К. Мамыров, К.Н. Нарибаев, Н.К. Нұрланова, Р.К. Сатова, Л.Ф. Сухова, Ө.Қ. Шеденов және басқалар өздерінің ғылыми зерттеулерінде қарастырып, олардың іс жүзіне енгізілуіне елеулі үлестерін қосты.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - аймақтың жағдайына сай экономикалық дамудың маңызды тетігі ретіндегі автокөлік ағындарын тиімді басқарудың теориялық-әдістемелік және тәжірибелік негізін тұжырымдау.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- экономика саласы ретіндегі автокөлік кешенінің маңызын және ерекшелігін негіздеу;
- көлік нарығында автокөлікпен қызмет етуді мемлекеттік реттеу тетіктерін қарастыру;
- автокөліктер санының қарқынды артуы жағдайында аймақта автокөлікпен жолаушылар және жүк тасымалдауды экономикалық талдау;
- аймақтағы өнеркәсіп орындарына қызмет етуші автокөлік кәсіпорындарының экономикалық жағдайын бағалау;
- аймақтағы автожолдардың техникалық жағдайы және оның сапалы болуының автокөлік қызметі тиімділігіне әсерін зерттеу;
- автокөліктер арқылы тасымалдаудың өсуі жағдайындағы автокөлік ағындарын тиімді басқару жолдарын ұсыну.
Зерттеу нысаны – Қызылорда облысының көлік кешені жүйесіндегі автокөліктер ағыны және автожолдар жағдайы.
Зерттеудің пәні – аймақ экономикасын дамытуда автокөлік ағындарын тиімді басқарудың теориялық және тәжірибелік қырларының жиынтығы.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, автокөлік ағындарын тиімді басқару проблемаларын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметтері.
Зерттеу тәсілдері. Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық, салыстырмалы талдаулар, экономика-математикалық, болжамдау әдістерін қолдану көмегімен жүргізілді.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде автокөлік кәсіпорындарының тасымалдау қызметіне экономикалық талдау жасау арқылы жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Қазақстанда көлік нарығы қызметін қалыптастырудың ғылыми негіздері, формалары мен әдістері және оны мемлекетік реттеу қажеттілігі тұжырымдалды;
- зерттеліп отырған аймақтағы автокөлік қозғалысының, жүк және жолаушы тасымалы қарқындылығының қалыптасқан жағдайы мен ұйымдастырылуы зерттелді ;
- автокөлік кәсіпорындарының экономикалық жағдайын бағалау үшін ресурстық потенциалын тиімді пайдалану көрсеткіштеріне факторлық талдау жасалды;
- халықаралық жол құрылысының аймақтық бөлігіндегі қарқынына, демеуқаржыландырылуына және оны игерілуне баға беріліп, жол қозғалысының экономикалық өркендеудегі маңызы нақтыланды;
- автокөліктер арқылы тасымалдаудың өсуі жағдайындағы автокөлік ағындарын тиімді басқару жолдарын ұсынылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
- автокөлік ағындарының экономикалық теориясын дамытудың әдістемелік ережелері мен қызмет ету аясы анықталды;
- аймақта авткөлікпен жолаушы және жүк тасымалдау үрдісі зерттеліп, даму бағыттары қарастырылды;
- автокөлік кәсіпорындарының негізгі экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне факторлық талдау жүргізілді;
- қарқыны зерттеліп, автокөлік қызметінің өркендеуіне аймақтағы автожолдар құрылысының әсері негізделді;
- автокөлік ағындарын басқаруды дамытудың басым бағыттары ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған көлік кешенінде автокөлік ағындарын тиімді басқару бағыттарын анықтау негізінде қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Көлік экономикасы», «Сала экономикасы», «Кәсіпорын экономикасы», «Кешенді логистика» пәндерін оқытуда қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу. Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда жарияланған: «20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» облыстық ғылыми тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2012 ж.; «Жаһандану жағдайында тауарлар мен қызметтің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Қарағанды. - 2012 ж, 26 сәуір. Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,35 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 82 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Көлік ел экономикасын дамыту негізі және халық шаруашылығының барлық салалары мен сфераларындағы тығыз байланыс арқылы сипатталатын күрделі әлеуметтік-экономикалық және техникалық жүйе болып табылады.
Халық шаруашылығының материалдық өндіріс саласы және өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылым субъектісі ретінде көлік нарықтық экономиканың тиімді қалыптасуына елеулі әсер етеді.
Өндірістік процестің түрлі кезеңінде көлік дайын өнім жасап шығаруға қажетті құрамдас бөлшектер мен шикізатты тасымалдау бойынша ішкі технологиялық қызметті атқарады. Бұл жағдайда көлік шығындары өнім өндірісінің өзіндік құнына енгізіледі. Ішкі өндірістік (өнеркәсіптік) көлікке ішкі көліктік коммуникациялар мен техникалық құралдар (кіру жолдары, көтеру-көлігі құралдары, т.б.) жатады. Ішкі өндірістік қызметке қоса көлік басқа да маңызды міндетті - өндіріс сферасынан тұтыну сферасына дайын өнімді тасымалдауды жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, егер көлік өндіріс сферасынан тұтыну сферасына өнімді жеткізіп бермесе, онда өнім өндірісі болмады деген сөз, өйткені өнімге деген қажеттілік қанағаттандырылмайды. Тасымалдауды жүзеге асыра отырып, көлік маңызды материалдық өзгеріс енгізеді - тұтынушыға қатысты өнімнің орнын ауыстырады, оның кеңістіктік болмысын өзгертеді және тұтыну құнын қалыптастырады.
Көлікке тән тұрақты үш элемент материалдық өндірістің кез келген саласында бар, атап айтқанда: еңбек құралы – көлікті сақтауға, жөндеуге және оған қызмет көрсетуге арналған көлік құралдары, ғимараттар мен қодырғылар, жабдықтар; еңбек заты (тасымалдау объектісі) – жүктер мен жолаушылар; адамдардың мақсатты түрде әрекет етуі – еңбек.
Осылайша, көлік материалдық өндіріс саласы қатарына қосылған, бірақ өндірістік процесінде, өнімінде, техникасы, технологиясы, ұымдастырылуы мен басқаруында өзіндік ерекшелігі бар сала.
Автокөлік кешені - өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды қрамдас бөлігі, оның тұрақты және тиімді қызмет етуі экономиканы тұрақтандыру, көтеру және құрылымдық қайта құрудың, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсартудың, аумақтық тұтастықты қамтамасыз етудің, елдің қорғаныс қабілеттігінің айнымас шарттары болып табылады.
Автокөлік кешеніндегі шаруашылық субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайының нашарлауына ел экономикасының жүк қалыптастырушы салаларындағы өндірістің құлдырауы; отын-энергетикалық ресурстар бағасын қалыптастырудағы либерализация; салық жүктемесі деңгейіні жоғары болуы; қатал бәсеке күресіне мүлдем дайын болмау, менеджмент деңгейінің төмендігі әсер етуі мүмкін.
Автомобиль көлігінің материалдық-техникалық базасын жедел жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру қажеттігі инвестициялық капиталдың мол көлемін тартуды талап етеді. Автокөлік қызметінің рентабельдігі төмен болған жағдайда автокөлік бизнесін капитализациялау құнын арттыруды қамтамасыз ету үшін сырттан инвесторлар тарту өзекті мәселе.
Кесте 1 - Көлік өнімінің ерекшеліктері
Материалдық өндіріс саласы
|
Көлік саласы
|
1. Өнім - өндіріс процесінде өңделетін еңбек затынан ерекшеленетін нақты тауар
|
1. Өнім – дайын өнімдердің өндіріс сферасынан айналыс сферасына орын ауыстыруы немесе адамдардың орын ауыстыруы. Барлық сала өні-мінің матриалдық орын ауыстыруы нәтижесінде жүктің тұтыну құны шынайы болады.
|
2. Өнімнің өлшем бірлігі – т, дана, м және т.б. (өндіріс көлемі)
|
2. Өлшем бірлігі – тоннамен есептегендегі жүк тасымалының көлемі, жүкайналымы – ткм, авто-т-сағат, км және сағат; жолаушыларды тасы-малдау көлемі – жолаушылар, жолаушылар ай-налымы – жолаушы-км, ақылы км жол, клиент-пен жұмыссыз (ақысы төленген) тұрып қалу сағаттары
|
3. Өнімді өндіру, өткізу және тұтыну процесі – уақыт пен кеңістікте үлестірілген
|
3. Көлік өнімін өндіру мен өткізу процесі біріктірілген, соның нәтижесінде оны жинақтау және ысырап қылу мүмкін емес. Жұмыс ақысы, көп жағдайда, жұмыс алдында төленеді
|
4. Тасымалдау құны тасымалданатын жүк құнына қосылады, яғни тасымалданатын тауар құны өзгереді. Жолаушы көлігімен тасымалдау тоқтаса құнның қалыптасу процесі де тоқтайды
|
5.Өндірістік қордың айналым формасы Ақша-тауар...–өндіріс процесі`...-тауар-ақша`
|
5. Өндірістік қордың айналым формасы
Ақша - тауар - ...өндіріс процесі - ақша`
|
6. Өнеркәсіп саласында шығынның көп бөлігі жинақтау бұйымдарына, шикізаттарға жұмсалады
|
6. Өндіріс шығындарының құрылымында жинақтау бұйымдары мен шикізаттар шығыны жоқ
|
7. Көлік өнімі материалдық-заттай формада бол-мағандықтан және көлік кәсіпорында жинақтау бұйымдары мен шикізат қорын құру қажет болмағандықтан олар материалдық-техникалық жабдықтау мен қойма шаруашылығының күрделі жүйесіне қаражат жұмсамайды
|
8. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ролі зор
|
Ескерту – Организации, планирования и управление в автотранспортных предприятиях: Учеб. для вузов / под.ред М.П. Улицкого. – М.: Транспорт негізінде
|
Сыртқы экономикалық әрекеттердің жоғары қарқынмен дамуы, экономиканың жаһандануы көлік кешеніне халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграциялық процестерді қамтамасыз ету міндетін артуда.
Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына қосылуы елдің әлемдік экономика мен халықаралық саудаға бейімделуіне жаңа мүмкіндіктер береді.
Әлеуметтік-экономикалық реформалар сала ретінде автомобиль көлігіне түбегейлі құрылымдық өзгерістер әкеліп, көліктің өзге түрлерімен салыстырғанда әлеуметтік саланы дамыту мен экономикалық өсу стратегиясындағы орны мен ролін мынадай ерекшеліктермен сипаттап берді: көліктің басқа түрлеріне қарағанда автомобиль көлігінің нарықтық өзгерістерге аса бейімделгіштігі; жүктерді көліктен-көлікке қайта тиеусіз «есіктен-есікке» жеткізіп беруде автомобиль көлігінің эксплуатациялық және коммерциялық маневрлігі; көліктің өзге түрлерімен өзара әрекеттесуде автомобиль көлігінің жоғары технологиялық және жол жағдайларына бейімделгіштігі; көлік қызметінің тасымалдау реттілігі, жоғары маневрлігі және икемдігі, тасымалданатын жүк көлімі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ету; көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда тасымалдау процесін ұйымдастыру үшін бастапқы капиталдың аса төменгі деңгейі; аса жоғарғы жылдамдықпен 400 км дейін қашықтыққа жүктердің нақты түрін тасымалдауда, алыс қашықтыққа жедел, құнды, тез бұзылатын жүктерді тасымалдау мүмкіндігі, мұның өзі шаруашылық субъектілері үшін айналым құралдарына деген қажеттілікті қысқартуға мүмкіндік береді; өнімдерді жеткізу тізбегін қалыптастыруда логистикалық тәсілді жүзеге асыруды қамтамасыз ету; тауарларды ұсақ партиялармен жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі, бұл шағын бизнестегі кәсіпорындардың қызмет етуі үшін маңызды; автокөлік құралдарының жеке және заңды тұлғалар үшін меншік объектісі ретінде болуы; жоғарғы мобилизациялық және коммуникациялық мүмкіндіктің болуы елдің қорғаныс қабілеті мен ішкі қауіпсіздік үшін маңызды.
Материалдық-техникалық база автомобиль жолдары, өндіріс құралдары (қозғалмалы құрам) және өндірістік-техникалық база жиынтығы.
Кесте 2 - Автомобиль қозғалмалы құрамының жіктелуі
Автомобильдер
|
Көлік
|
Арнайы мақсаттағы, спорттық, өрт сөндіруші, коммуналдық, санитарлық, автокрандар
|
Жүк
|
Жолаушылар тасымалдаушы
|
|
Автобустар
|
Жеңіл автомобильдер
|
Конструкторлық үлгі бойынша
|
Жалғыз, автопоездар, мамандандырылған, жоғарғы өтімді
|
Жалғыз, бөлшектелген, автобустық, автопоездар
|
Қосесікті,
төртесікті,
әмбебап
|
Өлшеміне қарай
|
Жүк көтеруі
1. Шағын 2т дейін
2. Орташа 5т дейін
3. Үлкен 5т астам
4. Өте үлкен 15т астам
|
Сыйымдылығы мен ұзындығы
1. Өте шағын 5м дейін
2. Шағын 7,5м дейін
3. Орташа 9,5м дейін
4. Үлкен 12м дейін
5. Өте үлкен 16,5м астам
|
Двигатель цилинрінің жұмыс көлемі, л
1. Өте шағын 1,2 дейін
2. Шағын 1,2-1,8
3. Орташа 1,8-3,5
4. Үлкен 3,5 астам
|
Тасымал түрі бойынша
|
Қалааралық, қалалық, құрылыс, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, сауда
|
Қалалық, қала маңы, қалааралық, жұмысшылар мен оқушылар тасымалдауға арналған
|
Жеке, қызметтік, такси, жалданбалы
|
Ескерту – автормен құрастырылған
|
Автомобиль көлігі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, өндірістің жоғары технологиялық салалары мен қызмет көрсету секторын дамыту, ауыл шаруашылығында фермерлік секторды қалыптастыру, халықаралық экономи-калық интеграцияны қамтамасыз ету, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында өндіргіш күштердің орналасуын теңдестіру үшін альтернативсіз көлік түрі болып табылады.
Кестеде 2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасындағы және Қызылорда облысындағы автокөлік құралдарының саны берілген.
Кесте 3 – Қазақстан Республикасындағы және Қызылорда облысындағы автокөлік құралдарының саны
бірлік
Көрсеткіш
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
Қазақстан Республикасы
|
Жүк көліктері
|
359 194
|
414 332
|
410 793
|
397 598
|
390 628
|
Автобустар
|
83 372
|
89 220
|
94 824
|
93 956
|
93 740
|
Жеңіл автокөліктер
|
2 183 134
|
2 576 625
|
2 656 773
|
3 087 642
|
3 104 553
|
Қызылорда облысы
|
Жүк көліктері
|
16 412
|
17 406
|
17 675
|
18 653
|
18 204
|
Автобустар
|
4 148
|
4 416
|
4 348
|
4 582
|
4 573
|
Жеңіл автокөліктер
|
55 191
|
60 975
|
67 877
|
79 172
|
82 119
|
Ескерту – «Қазақстан өңірлері» статистикалық жинақ негізінде
|
Республика бойынша жүк көліктерінің саны 2008 жылы 359194 бірлік болса, 2011 жылы 390628 бірлік болып, 31434 бірлікке немесе 8,8 %-ға артқан. Оған елде барлық салалар бойынша өндіріс және өнеркәсіп орындарындағы өндіріс көлемі артуы, жүктерді тасымалдау сапасына қойылатын талаптардың жоғарылауы, көлік қызметі нарығында бәсекелестіктің қалыптасуы, т.б. факторлар әсер еткен. Сәйкесінше, Қызылорда облысы бойынша да 2011 жылғы жүк көліктерінің саны 18204 бірлікке жетіп, 2008 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға артып отыр.
Қызылорда облысының тауарлы маркасы күріш болса, соңғы жылдары мұнайлы өлкеге айналды. Облыс аумағындағы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазГермұнай» БК АҚ, «Қор» мұнай компаниясы, «Торғай Петролиум» АҚ, т.с.с. мұнай компаниялары өнімдерін автокөлік мекемелері тасымалдауда. Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасы және Қызылорда облысы бойынша қызмет көрсететін автокөлік мекемелерінің 2007-2011 жылдардағы саны берілген.
Кесте 4 – Қазақстан Республикасындағы және Қызылорда облысындағы көлік мекемелеріндегі көліктер саны, бірлік
Көрсеткіш
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
Қазақстан Республикасы
|
Жүк көліктері
|
8 452
|
9 100
|
9 220
|
9 818
|
9 576
|
Автобустар
|
9 079
|
9 447
|
9 254
|
9 078
|
8 614
|
Қызылорда облысы
|
Жүк көліктері
|
625
|
574
|
561
|
595
|
666
|
Автобустар
|
291
|
303
|
193
|
116
|
66
|
Ескерту: Қазақстан өңірлері 2011 жылы. Статистикалық жинақ мәліметтері негізінде
|
Қызылорда қаласы бойынша «Қыран» ЖШС-і, «Дорстрой» ЖШС-і, «Көлік қызметі» ЖШС-і, «Көлік Сервис» ЖШС-і, «Қатынас» ЖШС-і, «Жалғас» ЖШС-і, т.б. және аудандар бойынша «Жолаушы Сервис АБ» ЖШС-і, «Желмая» АҚ-ы, «Сыр тұлпары» ЖШС-і, «Маржан-2002» ЖШС-і, т.б. кәсіпорындар жергілікті жерлерде тендерлер қорытындысымен мемлекеттік тапсырыс және жеке тапырыстар бойынша жүк және жолаушылар тасымалдауда.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті мәндегі автокөлік жолдарын салу, қайта жарақтандыру және жөндеу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметін одан әрі дамытуға күш салуда. Қызылорда облысы әкімдігімен өз құзыреті шегінде облыстьң жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік реттеу және сала аралық үйлестіруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады және өз қызметін ҚР Конституциясына, ҚР заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Қызылорда облысы әкімдігі мен әкімінің актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Жолаушылар тасымалдау мен қалалық жолаушы көлігінің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру жергілікті жерде экономикалық өсуді қамтамасыз етуші маңызды фактор болып отыр. ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен Қызылордадан Алматы, Жезқазған, Шымкент және Түркістан, Сары ағаш, Жібек-Жолы қалаларына облысаралық тұрақты автобус маршруттары ұйымдастырылған. Осы маршруттарда 30 астам жауапкершілігі шектеулі серіктестік және жеке кәсіпкерлер жылдың қандай да мезгіліне қарамастан күнделікті әр түрлі сыйымдылықтағы 1714 дана автобус жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
Қызылорда облысында автокөлікпен жолаушы тасымалын қамтамасыз ету бағытнда шалғай ауылдық елді мекендерді аудан және облыс орталығын байланыстыратын 246 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылып, бүгінгі күні 212 елді мекенімен көлік қатынасы орнатылған.
Кесте 5 – Қызылорда облысы автокөлікпен жолаушы тасымалдаушы маршруттар саны, бірлік
Көрсеткіштер
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2011/2008 ж.
ауытқуы, %
|
Тұрақты автобус қатынасы саны
|
256
|
260
|
246
|
96,1
|
Ауданаралық
|
71
|
71
|
71
|
100
|
ауданішілік
|
139
|
140
|
141
|
101,4
|
қалаішілік
|
38
|
40
|
25
|
65,8
|
қала маңы
|
5
|
6
|
6
|
120
|
саяжайлық
|
3
|
3
|
3
|
100
|
Ескерту – «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәліметтері негізінде
|
Олар ауданаралық (қалааралық) - 71 маршрут, ауданішілік (кентішілік) - 141, қалаішілік -25, қала маңындағы – 6, саяжайлық - 3 автобус маршрут-тарынан құралған.
Автомобиль тасымалын мақсатты қолданудың негізгі салалары – жүкті магистральді көлік түрлеріне тасымалдау және жеткізу, өнеркәсіп және ауылшаруашылық жүктерін қысқа қашықтыққа тасымалдау, қала ішіндегі тасымалдар, жүктерді сату мен құрылыс салу үшін жеткізу.
Сонымен, автомобильмен тасымалдаудың бірқатар артықшылықтары бар, бұл: тапсырыс беруші жүкті әрқашанда тікелей жүкті жөнелтушіден оны алушыға дейін қайта тиеп-түсірусіз жеткізе алады; жүктің сақталу деңгейі жоғары, оған алаңдамауға болады; көлемі аз жүктерді де тасымалдауға болады; жүк теміржолға да, өзен және теңіз порттарына да тәуелсіз тасымалдана береді.
Кесте 6 – Қызылорда облысы және аудандары бойынша тасымалданған жолаушылар саны мен жүк айналымы
Аймақ
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
Автомобиль көлігі арқылы тасымалданған жүк, млн. т.
|
Автомобиль көлігі арқылы тасымалданған жолаушылар саны,
млн. жолаушы
|
Автомобиль көлігі арқылы тасымалданған жүк, млн. т.
|
Автомобиль көлігі арқылы тасымалданған жолаушылар саны,
млн. жолаушы
|
1
|
Қызылорда қаласы
|
27,8
|
88,7
|
31,3
|
100,9
|
2
|
Арал ауданы
|
5,9
|
3,6
|
6,3
|
4,1
|
3
|
Қазалы ауданы
|
5,5
|
3,4
|
5,8
|
3,8
|
4
|
Қармақшы ауданы
|
3,7
|
2,0
|
3,9
|
2,3
|
5
|
Жалағаш ауданы
|
2,7
|
6,0
|
2,9
|
7,0
|
6
|
Сырдария ауданы
|
3,6
|
2,1
|
3,8
|
2,4
|
7
|
Жаңақорған ауданы
|
5,4
|
9,9
|
5,7
|
10,4
|
8
|
Шиелі ауданы
|
6,1
|
7,0
|
6,4
|
8,4
|
Ескерту – Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметтері негізінде автормен есептелген
|
Кемшіліктерінің арасында барынша көп жүк партияларын тасыған кезде алыс қашықтыққа тасымалдауға шек қойылуын, жол бойы желілеріне тәуелділікті, көлемі шағын жүктерді тасымалдаудың шектелуін бөліп көрсетуге болады. Алыс қашықтыққа жүк тасымалдаған кезде көліктің бұл түрі аса қымбат болып табылады.
Президент тапсырмасымен құрылған үдемелі индустриалды-иннвоциялық дамуды жүзеге асыру жөніндегі республикалық басқару орталығы құрылғаны белгілі. Осы орталықтың ілкімді тобы бүгін Қызылорда облысында болып, индустрияландыру картасының жүзеге асу жайымен танысты. Ал, қызылордалық кәсіпкерлер «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасына белсенді атсалыспақ. Жалпы облыс бойынша индустрияландыру картасына ұсынылған 92 жобаның 74-і салалық министрліктер тарапынан қолдау тапты. Олардың 11-і жыл аяғына дейін жүзеге асырылады. Аймақтағы ірі өнеркәсіп орындарына автомоболь көлігімен жүк тасымалдау қызметін әлеуетті тасымалдаушылар – «БИС Транс Сервис» ЖШС, «Ақтоған» ЖШС, «Бастау-S» ЖШС, сондай-ақ «Қыран» және «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС-і және тағы басқа автокөлік компаниялары атқарады.
Қызылорда қалаішілік автобустарының жүру кестесіне сәйкес жолаушыларды тасымалдау қызметіне талдау жасау барысында маршруттың ұзақтығы, айналым уақыты, жүру интервалы, автобустар саны факторларына тоқталамыз. № 12 автобусы Ақмешіт мөлтек ауданынан Наурыз мөлтек ауданына дейін қатынайды. Қозғалыс бойында бірнеше оқу орындары, әлеуметтік нысандар және әкімшіліктер орналасқан. Қала бойынша әрбір транспорт түрінде қозғалушылар санын анықтау үшін тұрғындарды құрылымдық топтарға жіктейміз. Көліктік есептеулер бойынша барлық тұрғындарды: 1) Қалақалыптастырушы және қалаға қызмет көрсетуші кадрлар - еңбек жасындағы жұмысшылар және қызметкерлер; 2) жоғарғы, орта, арнаулы оқу орындарының студенттері; 3) балалар, оқушылар, қарттар, зейнеткерлер, мүгедектер. Қала тұрғындарының жолаушылар құрылымы келесі кестеде берілген.
Кесте 7 – Қызылорда қаласы тұрғындарының жолаушылар құрылымы,
%
Тұрғындар тобы
|
Тұрғындар тобының
үлес салмағы,%
|
Қалақалыптастырушы және қалаға қызмет көрсетуші кадрлар (еңбекке қабілетті студенттерді есепке алмағанда)
|
50
|
ЖОО, техникум және арнаулы орта оқу орындары студенттері (еңбек жасындағы)
|
12
|
Толыққанды емес тұрғындар
|
38
|
Барлығы
|
100
|
Ескерту – автормен есептелген
|
Кейбір аудандардағы тұрғындар құрылымы біркелкі болмағанымен (мысалы, студенттер жатақханасы, көп қабатты үйлер орналасқан аудандар, т.б.), шартты түрде көрсеткіштерді шамамен тең деп аламыз.
Тұрғындармен қала аумағындағы қозғалысын 3 категорияға бөлеміз: 1.Еңбек қозғалыстары; 2. Іскерлік қозғалыстар; 3.Мәдени тұрмыстық қозғалыстар. № 12 бағыттағы маршрутта аталған 3 категорияны қамтитын аялдамалар бар. Еңбек қозғалыстарын бірінші және екінші құрылымдық топ жолаушылары жүреді (жұмысқа, оқуға және кері қарай). Маршрут бойында орналасқан медицина орталығы, мектеп, әкімшілік сияқты жұмыс орындары қызметкерлері мен жұмысшылар қатынайды. Бұл қоғалыстар бір жылдағы жұмыс күндері, сабақ кестесіне сай есепке алынады.
Іскерлік қозғалыстарға тек күндізгі уақытта бірінші топ жолаушыларының қозғалыстары жатады. Ал мәдени-тұрмыстық қозғалыстарда қаланың барлық тұрғындары жүреді. Өйткені жүру маршруты бойында Алтынсарин кинотеатры, бірнеше сауда орындары орналасқан. Дегенмен, бұл қозғалыс түріндегі жолаушылар саны қаланың климаттық ерекшелігіне және ауа-райына да байланысты.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын- дағы жүк ағыны жоғары учаскелердің техникалық жағдайын жақсартып, ұзақ жылдар қордаланған келеңсіздіктерді шешіп, автокөлік жолдарын түбегейлі қайта құру мақсатында 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2010-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында автокөлік жолдары саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Президенттің бастамасымен 2009 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасы дәліз өтетін облыстар үшін ғана емес, жалпы Қазақстан аумағы үшін маңызы зор оқиғаға айналды. Бүгінгі таңда, жол қатынасының тұрақтылығы аймақ экономикасының өсуіне, әсіресе ауылдық аумақтардың дамуына тікелей әсері бар негізгі факторлардың бірі болып отыр. Оған қоса, ауылдық елді мекендер мен аудан, облыс орталықтары арасындағы жолаушы тасымалын қалыптастыру жол қатынасының тұрақтылығына тікелей байланысты негізгі әлеуметтік мәселелер болып табылады.
Қызылорда облысы бойынша қазіргі уақытта 2228,5 шақырымды құрайтын 135 облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар. Соның 13 шақырымы - асфальтбетон, 1114 - шақырымы қара қиыршық тасты, 537,5 шақырымы - қиршық тасты жолдар және 564 шақырымы - топырақты жол. Мысалы, Арал ауданы бойынша жолдың жалпы ұзындығы 728 км болса, оның 32,7 %-ы - 4 категориялы, 67,3%-ы - 5 категориялы жолға жатады. Облыстың оңтүстігінде орналасқан Жаңақорған ауданындағы жолдың 105 км – 4 категориялы, 84 км – 5 категориялы жолға жатады. Жолдардың басым бөлігіне дерлік тас қабаттар төселінген. Осы аталған жұмыстарды басты мақсатқа ұстап, жалпыға ортақ автомобиль жолдарында қауіпсіз жол қатынасын ұйымдастыруға, пайдаланыстағы жолдардың сапасының жақсаруына жұмыстар жасалуда.
Кесте 8 – Қызылорда облысы автомобиль жолдарының техникалық жағдайын жақсарту болжамы
№
|
Көрсеткіштер
|
2011жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
1
|
Жергілікті жердегі жақсы және қанағаттанарлық дәрежедегі автокөлік жолдарының үлесі, %
|
52
|
54
|
57
|
60
|
1.1
|
Жергілікті жердегі автокөлік жолдары құрылысы және реконструкциясы, км
|
19,5
|
23,7
|
24,3
|
25
|
1.2
|
Жергілікті жердегі автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу, км
|
164,1
|
171
|
184,7
|
180
|
Ескерту – Қызылорда облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметтері негізінде автормен есептелген
|
Кестедегі мәліметтерден 2008-2011 жылдардағы Қызылорда облысы көлік инфрақұрылымының қалыптасуының неізгі көрсеткіштеріне төмендегідей талдау жасауға болады. Жергілікті жердегі жақсы және қанағаттанарлық дәрежедегі автокөлік жолдарының үлесі 2008 жылы 52 % болса, 2011 жылы 60 % болып, 15,4 %-ға артқан. Оған облыстың 2006-2012 жылдарға арналған облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы аясында республикалық, жергілікті бюджеттерден және басқа көздерден қаражат бөлініп, 753 шақырым жолға жөндеу және қайта салу жұмыстарының жүргізілуі әсер еткен. Қанағаттанарлықсыз жағдайдағы 1025 шақырым жолдың 457 шақырым жамылғы қабаты бар жолдар, 568 шақырымы жамылғысыз топырақты жолдарғ алдағы жылдары бағдарлама жоспарына сәйкес кезең-кезең жөндеу, қайта салу жұмыстары жалғаса береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылым субъектісі ретінде экономиканың тиімді қалыптасуына елеулі әсер ететін автокөлік кешенінің маңызы ғылыми көзқарастар тұрғысынан зерттелді. Қазіргі жағдайда өндірістік-әлеуметтік инфрақұрылым саласын, оның ішінде автокөлік кешенін дамытуға деген көзқарас елеулі өзгерген. Нарықтық қатынастардың дамуы, сыртқы экономикалық қызметтің жаһандануы, халықаралық көлік кеңістігіне шоғырлану және әлемдік сауда ұйымына қосылу жағдайлары көлік кешені саласының қызмет етуін түбегейлі реформалау және саланың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін біршама арттыру міндетін жүктейді.
2. Еліміздің көлік кешінің жүк тасымалдау көлемінің 75%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиесілі. Жүк тасымалдау көлемі бойынша автомобиль көлігі темір жол магистральдік көлігімен салыстырғанда 6 есеге жуық артық. Автомобиль көлігі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, өндірістің жоғары технологиялық салалары мен қызмет көрсету секторын дамыту, ауыл шаруашылығында фермерлік секторды қалыптастыру, халықаралық экономи-калық интеграцияны қамтамасыз ету, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында өндіргіш күштердің орналасуын теңдестіру үшін баламасыз көлік түрі көлік түрі болып табылады. Уақыт аралығында автокөлік ағындарының біркелкі болмауы автокөлік ағындарын оңтайландыруды қажет етеді.
3. Қызылорда облысы бойынша да 2011 жылғы жүк көліктерінің саны 18204 бірлікке жетіп, 2008 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға артып отыр. Қызылорда облысының тауарлы маркасы күріш болса, соңғы жылдары мұнайлы өлкеге айналды. Облыс аумағындағы өнеркәсіп орындары, мұнай компаниялары өнімдерін автокөлік мекемелері тасымалдауда. Автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау саласында, өзінің тұрақты даму серпінімен облыстың экономикалық жағдайдың тұрақтылық үрдісімен сипаттайды. 2011 жылы тасымалданған жолаушылар саны 134,0 млн. жолаушы немесе 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 140,8 пайызды құрады. Ал жолаушылар айналымы 2493,1 млн. жолауш./км. құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға артқан.
4. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының негізі өндірістік қорларын натуралды өлшеммен есепке алу автомобиль паркінің өткізу қабілетін, автокөлік мүмкіндігін пайдалану интенсивтілігін, өндірістік-техникалық базаның қуатын, автокөлік құралдарының эксплуатациялық мерзімін, қозғалмалы құрам құрылымының прогрессивтілігін, автокөлік өндірісінің техникалық-ұйымдық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Қызылорда қалаішілік автобустарының тасымалдау қызметіне талдау жасау барысында №12 маршруттың ұзақтығы, айналым уақыты, жүру интервалы, автобустар саны қарастырылды.
5. Облыс көлеміндегі жол қатынасының тұрақтылығы аймақ экономикасының өсуіне, әсіресе ауылдық аумақтардың дамуына тікелей әсері бар негізгі факторлардың бірі екендігін, ауылдық елді мекендер мен аудан, облыс орталықтары арасындағы жолаушы тасымалын қалыптастыру жол қатынасының тұрақтылығына мән берілуде. Қызылорда облысы аумағындағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жүк ағыны жоғары учаскелердің техникалық жағдайын жақсартып, ұзақ жылдар қордаланған келеңсіздіктерді шешіп, автокөлік жолдарын түбегейлі қайта құру мақсатында мемлкеттік бағдарламалар негізінде автомобиль жолдарын жаңғырту бойынша жұмыстар атқарылуда. 2009 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» мегажобасы дәліз өтетін облыстар үшін ғана емес, жалпы Қазақстан аумағы үшін маңызды құрылысқа айналды.
6. Автомобиль көлігінің материалдық-техникалық базасын жедел жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру қажеттігі инвестициялық капиталдың мол көлемін тартуды талап етеді. Автокөлік қызметінің рентабельдігі төмен болған жағдайда автокөлік бизнесін капитализациялау құнын арттыруды қамтамасыз ету үшін сырттан инвесторлар тарту түрлерін таңдау мәселесі өзекті болады. Жеке кәсіпкерлік «Көлік Сервис» ЖШС-гінің мақсаты халыққа ақылы қызмет көрсетумен кешенді автоқызметпен қамтамасыз ету, кең ауқымды қызмет ететін рентабельді кәсіпорын жасауды дамыту және кеңейту бағытында күрделі қаржы алып, жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштері есептелді және 18 айда өтелетіні болжанды.
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:
1. Автокөлікпен халықаралық жүк тасымалдауларының замануи құрылымы // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экономика» факультетінің 20- жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми тәжірибелік конференция материалдар жинағы // Қызылорда. - 25 қаңтар, 2012ж.- 174-176 б.
2. Жолдар жағдайының жолаушылар тасымалы тиімділігіне әсері // «Жаһандану жағдайларындағы тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы және бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік коференция материалдыры. Қарағанды, 2012ж.
РЕЗЮМЕ
Есимов Азамат Ганиевич
Развитие эффективного управления автотранспортными
патоками в экономике
Предмет и объект исследования. Предметом исследования является – совокупность теоретических и практических методов в рациональном управлении автомобильными потоками в экономическом развитии региона.
Объектом исследования является состояние автомобильных дорог и автомобильных потоков в системе транспортного комплекса Кызылординской области.
Цель диссертационной работы заключается в теоретическом обосновании рационального управления автомобильными потоками с учетом особенностей региона, как основного механизма экономического развития. Теоретической и методологической основой исследования выступают рабочие программы и проекты международных организаций в сфере водных ресурсов, Стратегия развития «Казахстан-2030», региональные программы по водообеспечению, законодательные и нормативные акты Республики Казахстан, отчеты Комитета по водным ресурсам МСХ РК, статистические данные Агентства Республики Казахстан по статистке.
Научная новизна диссертационной работы заключается в следующем:
- были выявлены методические положения и сфера деятельности развития экономической теории автомобильных потоков;
- был исследован процесс транспорт- пассажир и грузовые перевозки, рассмотрены направления развития их в регионе;
- был сделан факторный анализ основным экономическим показателям эффективности автотранспортного предприятия;
- исследовав темп развития, выявлено влияние строительства автодорог на развитие автотранспортной деятельности региона;
- были предложены приоритетные направления развития управления автомобильными потоками.
Апробация работы. Основные научные результаты исследования докладывались на международной конференции и в научных изданиях.
SUMMARY
Esimov Azamat Ganievigh
Development of effective management by motor transportation
treacle in economy
Subject and object of research. An object of research is – set of theoretical and practical methods in rational management of automobile flows in economic development of the region.
Object of research is the condition of highways and automobile flows in system of a transport complex of Kyzylordinsky area.
The purpose of dissertational work consists in theoretical reasons for rational management by automobile flows taking into account features of the region, as main mechanism of economic development.
As theoretical and methodological basis of research working programs and projects of the international organizations in the sphere of water resources, development Strategy «Kazakhstan-2030», regional programs on water supply, legislative and regulations of the Republic of Kazakhstan, reports of Committee on the RK water resources, statistical data of Agency of the Republic of Kazakhstan on the mute act.
Scientific novelty of dissertational work consists in the following:
- methodical provisions and a field of activity of development of the economic theory of automobile flows were revealed;
- process transport - the passenger and freight transportation was researched, the directions of their development in the region are considered;
- the factorial analysis to the main economic performance indicators of the motor transportation entity was made;
- having researched rate of development, influence of construction of highways on development of motor transportation activities of the region is revealed;
- the priority directions of development of management were offered by automobile flows.
Work approbation. The main scientific results of research were reported at the international conference and in scientific editions.
Достарыңызбен бөлісу: |