Есірткі мен психотропты заттарды қолдану көбінесе баланың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне және оның есею кезеңіндегі болатын дағдарыстарға байланысты



Дата02.01.2022
өлшемі454.96 Kb.
#453684
Есірткі мен психотропты заттарды қолдану көбінесе баланың әлеуметтік




Есірткі мен психотропты заттарды қолдану көбінесе баланың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне және оның есею кезеңіндегі болатын дағдарыстарға байланысты. Осы жағдайды ескере отырып, алдын алу жұмыстарының мақсаты – арнайы әлеуметтік-психологиялық дағдыларды қалыптастыру болуы маңызды деп есетеймін. Яғни қазіргі күні жастар арасындағы қауіпті еліктеуді болдырмау  мен оның алдын алу үшін позитивті алдын-алу жұмысын, яғни жастарды өмірлік дағдыларға үйрету, баулу жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі   туындап   отыр.   Позитивті   алдын   алу жұмысы жеткіншектерге тек қана психобелсенді заттардың адам организміне әсері жайлы түсіндірмей, сондай-ақ келесі дағдыларды қалыптастырады: қарым-қатынас; шешім қабылдай алу; проблемаларды шеше білу; сын тұрғысынан ойлау; тұлғааралық қарым-қатынас; өзін қорғай алу және басқамен келісе білу; жолдастарының негативті әсеріне қарсы тұру; эмоциясын басқара алу; үрей мен стресті басқара алу; әлеуметтік бейімделу; жағымды сана-сезімді дамытуға қажетті дағдылар. Есірткі мен психоактивті заттар туралы ой алдыңғы қатарға шықпауы керек, ол позитивті

өмірлік жағдайларға бағынышты болуы маңызды.

Туындаған дағдарысты жағдайдан шығу жолдарына тек қана нашақорларды эффективті емдеу ғана емес, сондай-ақ алдын алу жұмыс жүйесін ұйымдастыру жатады. Дамып кеткен наркологиялық ауруларды емдеу өте күрделі әрі жиі сәтсіз үрдіс. Бұған қатар химиялық тәуелділік АҚТҚ, Гепатит,  ВИЧ сияқты басқа  аурулармен қатар жүреді. Кез келген ауру жағдайында алдын алу жұмыстарының эффективтілігі едәуір зор болып есептеледі. Сондықтан алдын алу жұмысының ең негізгі мақсаты жастарға салауатты өмір салтын ұстануға бағдар сілтеу болып табылады. Алдын алу жұмысын жүргізу барысында есірткі мен  психоактивті  заттарды қолдану салдарынан болатын организмдегі өзгерістерді, оның жалпы адам дамуына әкелетін зиянын демонстративті түрде көрсету маңызды. Дегенмен қазіргі кездегі накротәуелділіктің саны өсіп бара жатқанына қарағанда, жүргізілетін алдын алу жұмыстарының сапасы төмен екендігін көруге болады. Бұл мәселе АҚШ пен Еуропада бұрыннан байқалған, сондықтан ол елдерде алдын алу жұмысының жаңа моделі жасалған болатын. Ол модель бойынша алдын алу жұмыстары тек жеткіншектерді ғана емес, сондай-ақ балаларды да қамтуы қажет, себебі алдын алу – есірткі мен психотропты заттарды әлі   қолданып   көрмеген   балаларға жүргізілуі маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет