Есірткімен улану кезіндегі бастапқы көмек
Есірткімен улану немесе шамадан тыс мөлшерде қабылдау кезінде зардап шегушіні құтқарудың шұғыл шарасын алу қажет, себебі оның жүрегі мен тыныс аулуы тоқтап, есінен танып, өліп кетуі мүмкін. Осындай жай әрекеттің өзі адам өмірін құтқаруы мүмкін! Есірткініңі: дағдарысты және ынталандырғыш деген екі түрі болады. Адамның шамадан тыс мөлшерде қабылдау симптомдары әр түрлі болады, алайда нәтижелері бірдей болады: шамадан тыс мөлшерде қабылдау мидың, бауырдың, жүректің, өкпе мен бүйректің жұмысын бұзады. Бұл орайда, жүрек пен тыныс алу тоқтап, есінен танып қалуы мүмкін. Осындай асқынудың әрқайсысы өлімге ұшыратуы мүмкін. Шамадан тыс мөлшерде қабылдау белгілерін тез анықтау мен жедел жәрдем шақыру маңызды. «Жедел жәрдем» келгенге дейін, шыдай тұратын кездегі зардап шегушіге қолданылатын бірнеше амалдар мынадай: Зардап шегушіні қатты төсемге жатқызыңыз. Жоғарғы тыныс алу жолдарынан ауа өтуін (мұрын, ауыз, өңеш) тексеріңіз. Шамадан тыс мөлшерде қабылдауы кезінде зардап шегушіге көбінесе тілінің күрмелуі не құсық массасы тыныс алуына кедергі келтіреді. Осыларды саусақпен аузынан шығарып тастау керек ( осыны жасамас бұрын саусақты матамен не мәрлімен орау керек).
Зардап шегушінің басын барынша шалқасынан кейін қайырыңыз. Ол үшін бір қолыңды оның мойнының астына қойып, осымен бір мезгілде екінші қолыңмен оның маңдайын басу керек. Зардап шегушінің аузын ашыңыз да, төменгі жағын қозғаңыз. Ол үшін жағының шетін (олар құлақтың сырғалығынан төмен симметриялы орналасқан) ұстап, оларды жоғарғы және төменгі тістер бір деңгейде болуы үшін, жақты ілгері қозғаңыз.
Егер тыныс алуы мен жүрегінің соғуы қалпына келмесе, ал «жедел жәрдем» әлі келіп жетпесе, «ауызбен ауызға» және жүрекке жабық массаж әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасаңыз. Бұл тәсілдер , аз уақыт болса да өкпе мен жүректің қалыпты жұмысын алмастыра алады. Адам бойындағы осы органдардың бірмезгілде кәдімгі күйде жұмыс істейтіндігін есте ұстау маңызды, сондықтан жасанды тыныс алдыру мен жүрекке массаж бірмезгілде жүргізілуге тиіс.
Шамадан тыс қабылдау кезінде дағдарыстағыға бастапқы көмек.
Белгілері:
- баяу әрең тыныс алуы
- көз алмасының тарылуы ( нүктелі қарашығы)
- ерні мен саусақ ұштарының көгеруі
-терісінің бозаруы мен құрғауы
- қозғалысының, тізесі бүгілуінің баяулауы. Тұрыс кейпіне тән («картічкелерінде»)
- ақыл-есінің бұзылуы ( манаураудан бастап ақыл-есін толық жоғалтқанға дейін)
- сөзінің бұзылуы түсініксіз сөйлеуі.
Зардап шегуші адамды жедел жәрдем келгенше ұйықтатпаңыз. Шамадан тыс қолдануы кезінде, ми қызметінің шаршауына байланысты қалғу халі пайда болады.
Осындай халдің қауіптілігі, баяу ғана және байқатпай комға ауысуы мүмкін. Онымен тілдесіп, жай сұрақтарға жауап беруге мәжбүрлеңіз. Оған қалай тыныс алу: баяу дем шығару керек екендігін түсіндіріңіз. Егер ол есінен танып жаста, - оны қырынан жатқызып, тыныс алу мен қан соғысын бақылаңыз. Егер тыныс алуы жоғалып кетсе, жасанды дем алдыру мен жүрегіне массаж жасаңыз.
Ынталандырғышты шамадан тыс мөлшерде қабылдаған зардап шегушіге бастапқы көмек.
Белгілері:
-даурығу
- өлімнен қорқуы
- адам бір онында тұрмай, жүрісте болады
-қан қысымы көтеріледі
- басы солқылдап ауырады
- кеудесі қысылып, көкірек қуысы ауырады
- аузынан көбік ағады
-жүрегі айнйды, құсады.
Жедел жәрдем шақырып, науқасты жұбатыңыз. Қазір бәрі кетеді, 10 рет деміңді ішке тартып, сыртқа шығарыңыз», –деп айтыңыз. Оны мұздай сумен жуындырыңыз, төсекке жатқызыңыз, орташа демделген шай ішкізіңіз (кофені беруге болмайды). Егер ол есінен танатын болса – оны бір қырынан жатқызыңыз, тыныс аулуы мен қан соғысын бақылаңыз. Егер тыныс алуы жоғалып кетсе –жасанды тыныс алдырыңыз және массаж жасаңыз.
Эпидемиологтың көмекшісі К. Ж. Джұманов
Достарыңызбен бөлісу: |