Демогрфиялық проблемалар. Сабақтың мақсаты: - Сабақтың мақсаты:
8.4.1.5 дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді. -Елдердің демографиялық проблемаларының түрлерімен танысасыңдар - Дүниежүзі елдерінің демографиялық проблемалары бойынша жіктеуді үйренесіңдер.
Демографиялық проблемалар халықтың ұдайы өсуінің қоғамға қолайсыз ықпал етуінен туындайды. Демографиялық проблемалар елдер бойынша күрделі және сан қырлы сипат алады.
Жалпы алғанда демографиялық проблемалар екі үлкен топқа жүктеледі.
Дамушы елдердегі халық санының жылдам артуы: демографиялық жарылыс
Демографиялық дүмпу
Дамыған елдер халқының қартаюы: демографиялық дағдарыс.
Демографиялық дағдарыс
Қазіргі кезде дүниежүзі халқының 83%-ы дамушы елдерде, 13%-ы нашар дамыған елдерде тұрады. Демографиялық дағдарыс қарапайым және шектелген режимі бар халықтың ұдайы өсуі бірінші типті елдерде байқалады. АҚШ-та, Канадада, Аустралияда халықтың табиғи өсімі 5-10 ‰-ге тең және азғантай болса да, халықтың белгілі бір өсімін қамтамасыз етеді. Еуропа елдерінде, Жапония және өтпелі экономикалық елдерінде XX ғасырдың 80- жылдарынан бастап туу деңгейінің төмендеуі, түрғын халықтың қартаюы, еңбекке қабілетті адамдар санының біртіндеп азаюы, өлім деңгейінің жоғарлауы тәрізді демографиялық прблемалар пайда болды.Ғалымдар бұл үдерісті демографиялық дағдарыс деп атайды.Жапонияда 2004 жылы халық саны 127,84млн адам болса, 2016жылы 125,млн адам болды. Дамушы әлемдегі әлеуметтік экономикалық даму деңгейі мен табиғи –ресурстық әлеуеті жоғары, халық саны аз Парсы шығанағы елдеріндегі (Кувейт, БАӘ, Катар және тб)басты проблема-қарқынды дамып жатқан экономика саласына еңбекке қабілетті мамандардың жетіспеушілігі.Сондықтан бұл елдерде шетелдік жалдамалы жұмысшылар мен қызметкерлер өте көп. Қытай Қытай- әлемдегі халық саны ең көп ел. 1979 жылы Қытай үкіметі «бір отбасы- бір бала»деген үндеумен тууды шектеуге бағытталған демографиялық саясатын жариялады.Некеге кеш отыру мемлекеттен қолдау тапты.Осындай демографиялық саясат халық санын тежеуге мүмкіндік берді. Еңбек ресурстарының жетіспеушілігінен осы саясатты алып, екі балалы болуға 2015 жылдан бастап рұқсат берілді. Үндістан Үндістан-дүниежүзі бойынша халық саны жөнінен екінші орынды алатын ел. XXғасырда «демографиялық жарылысты» басынан кешірген бұл елде қоршаған ортаға зор жүктеме түсуде.1951 жылы Үндістан үкіметі ресми түрде отбасын жоспарлау бағдарламасын ұсынып «шағын отбасы-бақытты отбасы» үндеуін таратты.Мемлекеттік деңгейде әрбір отбасында бала санын екеуден арттырмау жөнінде үгіт-насихат, әкімшілік, медициналық шаралар жүргізілді.Ғалымдар Үндістан жақын арада халық саны жөнінен Қытайды басып озатынын айтады. Тапсырма 1 Демографиялық жарылысқа тән елдер. Тапсырма 2 Демографиялық дағдарысқа тән елдер.
№
|
Көрсеткіштер
|
Елдер
|
1
|
Туу деңгейі мен табиғи өсімнің төмендеуі тән елдер.
| |
2
|
Халық санының қысқаруы байқалатын елдер.
| |
3
|
Балалар үлесінің аз болуы
| |
4
|
Еңбекке қабілетті адамдардың азаюы
| |
5
|
Тұрғын халықтың қартаюы (10%-дан жоғары)
| |
6
|
Адамның өмір сүру жасынан ұзаруы.(72 жастан жоғары)
| | Рефлексия «Үш сәт» - Сабақта өз әрекетіңнің жақсы болған үш сәтін ата.
- Келесі сабақта өз әрекетіңді жақсартатын бір ұсыныс жаса.
Достарыңызбен бөлісу: |