Есназар Асель Жаңабергенқызының 6D010200-Бастауышта


Зерттеудің негізгі нәтижелері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата29.04.2024
өлшемі328.64 Kb.
#500106
түріДиссертация
1   2   3   4   5
Annotation kaz (1)

Зерттеудің негізгі нәтижелері: 
- бастауыш білім беру жүйесінде пәнаралық байланыста бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
теориялық-әдіснамалық негіздері анықталды; 

пәнаралық 
байланыста 
ойлау 
мен 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалды;

пәнаралық 
байланыста 
ойлау 
мен 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық 
моделі 
дайындалып, 
компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды; 
- бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте ойлау 
мен сөйлеуді пәнаралық байланыста қалыптастыру негіздері» атты ғылыми-
әдістемелік семинарының бағдарламасы жасалды, бастауыш сынып 
оқушыларына арналған «Ойлау мен сөйлеудің құпиясы» атты факультативтік 
курс бағдарламасы әзірленді, пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі 
жүйеленді, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент нәтижелеріне сүйеніп 
дәлелденді. 


Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығы: 
Зерттеу жұмысында тұжырымдалған әрбір ғылыми нәтиже мен 
қорытындының жаңалық дәрежесі төмендегідей: 
1-нәтиже – жаңа. Философиялық, психологиялық, педагогикалық 
ғылыми еңбектерді талдау барысында категориялық түйінді ойларды 
сараптамалық талдаудан өткізе отырып, «пәнаралық байланыс», «ойлау мен 
сөйлеу дағдылары» ұғымдары мен «пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыру» түсінігінің мәні нақтыланады. 
2-нәтиже – жаңа. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік 
жүйесі: бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастырудың әдістемелік негізін қамтамасыздандыру; оқушылардың 
айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-
тәсілдерді пайдалану; пәнаралық және танымдық мәтіндерін қолдану және 
пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға 
арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесімен қамтамасыз етіледі.
3-нәтиже 
– жаңа. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері және оның өте жоғары, жоғары, 
орта, төмен, өте төмен деңгейлері анықталған құрылымдық-мазмұндық 
моделі дайындалады. 
4-нәтиже – жаңа. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік 
кешені («Бастауыш мектепте ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста 
қалыптастыру 
негіздері» 
атты 
ғылыми-әдістемелік 
семинарының 
бағдарламасы, «Ойлау мен сөйлеудің құпиясы» атты факультативтік курс 
бағдарламасы) алғаш рет ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет