Есназар Асель Жаңабергенқызының 6D010200-Бастауышта



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата29.04.2024
өлшемі328.64 Kb.
#500106
түріДиссертация
  1   2   3   4   5
Annotation kaz (1)



Есназар Асель Жаңабергенқызының 
 «6D010200-Бастауышта 
оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 
мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 
«Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясына 
 
АҢДАТПА 
 
Зерттеу тақырыбы: Пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
Зерттеу 
мақсаты: 
пәнаралық 
байланыста 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды теориялық-
әдіснамалық тұрғыда негіздеу және оның әдістемесін жасап, тәжірибеден 
өткізу. 
Зерттеу міндеттері: 
- бастауыш білім беру жүйесінде пәнаралық байланыста бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың 
теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;
- пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау;
- пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін 
дайындау;
- пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік кешенін жасап, оның 
тиімділігін тәжірибелік-экспериментте сынақтан өткізіп, ұсыныстар беру.
Зерттеу әдістері: теориялық: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді 
талдау, контент-талдау, жинақтау, құрылымдау, нақтылау, салыстыру, 
ғылыми мәліметтерді талдау, жалпылау және интерпретациялау, моделдеу 
әдістері; эмпирикалық: педагогикалық бақылау; сауалнама жүргізу, сұрау, 
тестілеу; эксперимент нәтижелерін математикалық талдау; эксперименттік 
мәліметтерді жүйелеу және түсіндіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет