Эссе
Ұ. Есдаулетов «Біз түркілерміз» өлеңіндегі ұлттық болмыс
Ұлықбек Есдәулетов қазақтың ақыны әрі журналист, ол өз оқырмандарына ұсынған шығармаларының басты мазмұны мен өлеңдері ел - жұртының жүрегіндегі сөзін айтуға арнаған, ақынның өлеңдері ұлағаттылығымен қымбат. Өлеңдері тіліңді үйіріп әкететін, мейіріңді қандыратын ой - мақам мәнерлілігі, жан - жүрегіңді баурап алатын нәзік те сұңғыла сезімталдығы – осы қыр - сыры арқылы ақынның талантын тани алдым. Солардың ішіндегі 1996 жылы жазылған «Біз түркілерміз» атты өлең жинағы жарық көрді. Ақынның елін, жерін сүйетін патриот, тарихын зерделей білетін өлеңнің әрбір жолдары дәлелдейді.
Ақын өз дарыны мен талантын, жанының тазалығын өз кейіпкерлерінің бойына дарытып, ерекше кейіпкер бейнесін тудыра алды. Ақын өткенге көз жүгіртіп, елі мен қасиетті жері үшін шайқасып өткен ата - бабаларының өр тұлғасын тебіреніспен жырлады. «Біз – түркілерміз... Біз – түркілерміз!» деген өлең жолдары оның мына ұлан - байтақ даланы бір кезде иеленген, сыртқы жауларынан қорғаған түркілердің болмысын асқан шеберлікпен, жүрек түкпіріндегі ыстық ықыласпен жырлайтыны байқалады. Өлеңнің әр шұмағынның астарында өзіндік ерекше мән жатыр. Мысалы, "кеудемізді билеген асқақ арман, тарихымыз дастан боп таста қалған" - деп, түркілердің сонау ғасырларда бостандықты аңсап, жүздері ашық, өздерінің армандарына қол жеткізу үшін барлығына дайын болған рухты, тіпті олардың қайраттылықтарын ашық түрде жеткізді. Қазақтың, жалпы күллі түркі жұртының жануармен қандас бауыр деген түсінік қалдырған. Көк ұғымының да астарында көнеден қалған танымның бар екендігіне «Айға қарап ұлыған көк бөрімін», деген сөзінің көкбөріге теңеуі. Көкбөрідегі қаһармандық пен асқақтықты көрсеткен. Менің ойымша, ақын елін, жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған бабаларымыздың жауынгерлік әрекеттерін, ұлтының бар байлығын, жарқын болашағын ең бастысы азаттықпен жеткенін қағаз бетіне нақты түсірген. Себебі, қазақ деген халықтың болмыс бітіміне терең мән бере отырып, тарихына үңіліп бөрілік мінезде – исі қазақ баласына таныс тамаша қазақы мінез екеніне, еркіндікті, бостандықты бағалаған халық екендігін айқын бейнелеген.
Қорытындылай келе, ақын өткені мен бүгінін, болашағын зерделейтін сәуегей тарихшы. Ол елінің жарқын болашағына сенімді, себебі төл мәдениетіміз бен тарихымыздың сақталуы бізге үлкен жүк артады, тәуелсіздікті ғасырлардан ғасырларға жеткізуді аманат етеді. Бұл қадамға жетелейтін ой – ақын өлеңіне арқау болған тарихи жәдігерлер мен аңыздық желілер. Себебі, өлеңде ақын басқа сырын ашуға жол салған бабаларымыздың тарихын еске салдырып, еркін елдің ертеңіне деген ізгі тілегі мен батасын қалдырды. Тасқа басылған таңбалар мен жазулар, жырлар екі кезеңді байланыстырушы қызмет атқаратынын, түркі халықтарының мәдениеті ертеден қалыптасқандығының айғақты дәлелі.
Достарыңызбен бөлісу: |