Эссе «Абай қара сөздерінің танымдық, тәрбиелік мәні»



Дата09.12.2023
өлшемі13.53 Kb.
#486048
Абай қара сөздерінің танымдық, тәрбиелік мәні. Ақбота әпшемнің эссесі


Эссе
«Абай қара сөздерінің танымдық, тәрбиелік мәні»

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы да дара, есімі тарих беттерінде алтын әріппен жазылған, қазақ әдебиеті саласына өзіндік ерекше үлесін қосқан нар тұлға. Әдебиеттің шамын жағып, әдебиет саласының осы күнге дейін сақталып келгеніне де өз себебін тигізген, мағына мен мәнге толы қара сөздер жазған, өз өмір жолын шығармашылыққа, әдебиетке арнаған осы Абай атамыз еді. Абай атамыз жазған қара сөздер қазіргі уақытқа дейін өз құндылығын, асыл ойларын жоғалтпаған құнды дүние десек қателеспейміз. Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзі болса, әрбір қара сөздерінің тұңғиығында үлкен мағына, астарлы ой, ойға түйіп алар ерекше мән жатыр. Олардың әрқайсысы сол замандағы түрлі-түрлі мәселелерді тілге тиек етуге арналып, адам баласына танымдық, тәрбиелік, мағыналық ой салып, түйін түйіндеп, рухани жаққа жетелейтінін түсінеміз. Атамыздың қара сөздеріндегі тақырыптар жөніндегі ой-пікірлер оның ағартушылық көзқарасын аша түскенін қара сөздерді оқи отырып байқап, аңғара аламыз. Еңбек, ғылым, адамгершілік, әділеттік, толық адам болу сияқты мәселерді көтерген Абай Құнанбайұлының қара сөздері өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні зор астарлы да ақиқатты ойды ұғындырады. Осы бір мәселерді көтере отырып, әсіресе жас буын өкілдерін, яғни жастарға білім мен ғылымның соңынан қуып, өз елін көркейтудің бір амалын жасауды Абай атамыз қара сөздері арқылы түсіндіріп жеткізген болатын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің түбіндегі астарлы, тәрбиелік, танымдық, түйіндік ойлардың маңызы өте зор. Атамыздың қара сөздерін көз салып, оқыған әрбір жан өзіне өзіндік түйін ой түйіп, өмірлік мотивация алады деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет