Эссе. Адамзат қоғамының қалыптасуы



Дата07.10.2023
өлшемі15.96 Kb.
#480089
Ергешова Рухшона эссе




Эссе. Адамзат қоғамының қалыптасуы.

Атап айтқанда адамзаттың алғаш пайда болуы осыдан 3млн жыл бұрын Солтүстік-Шығыс, Африканың алдыңғыжәне Оңтүстік Азия аумағында пайда болған. Олар Африкада пайда болып жер бетіне тарай бастады.


Еңбек құралдары жетіліп, адамдар дұрыс өмір сүруі, еңбек етуі осы тас, қола және темір дәуірінде толық жетілді. Адамзат тас ғасырында пайда болған және бұл ғасыр өте ұзаққа созылған, соның бірі палеолит Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Адамзаттың түр тұлғасы, бейнесі мен санасы қалыптасты. Ерте палеолиттің(2млн 6жүз м.ж) өзі үш кезеңге бөлінеді оның ішінде: Олдувей(б.з.б 2млн 6жүз м.ж), Ашель(б.з.б 800-140м.ж), Мустье( 140-40м.ж) құрайды. Ал кейінгі палеолит(б.з.б 40-12м.ж) құрайды және кейінгі палеолитті дәуірлерге, замандарға, ориньяк, солютрей және мадлен дәуірлеріне бөлген. Бұл дәуірдің өзінде адамдар бірнеше жетістіктерге жетіп үлгерді . Ештеңеден хабары жоқ адамдар табығаттың дайын өнімін алып үйренді, тастан қашап тас құралдарын жасады, тобыр құрып топтасып өмір сүріп аңдарды аулап үйренді, аң аулауға немесе басқа заттарға қолданатын тас құралдар түрімен әдіс тәсілдерін үйренді. Сонымен орта тас ғасырына өтті(Мезолит б.з.б 12-5м.ж) бұл кезеңдерде де адамдар бірнеше жетістіктерге жете бастады, бұл тас өңдеу техникасының дамыған кезеңі, тоқымашылық, балшықтан құмыра жасап, жаңа құрал түрлерін ойлап тауып садақ, жебе, микролит құралдарын жасап, қайық ескек жасап, әйелдер мен ерлер арасында еңбек бөлінісі пайда болды. Үлкен аңдар жойылып енді олар итті қолға үйретіп шаруашылықпен айналыса бастады, үйлер құрып үйренді. Содан соң неолит дәуірі (б.з.б5-3м.ж)келеді және ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйреттудің шарықтау шегнде болды, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. Ұлы мұздықтарда осы кезеңде болады.Аналық ру үстем болды. Бірнеше құралдар пайда болды, бірлесу пайда болды , рулық қауымда барлығы тең болды, жиналыстар болды. Сонымен Энолит дәуірі(б.з.б 3000-1800м.ж) басталады. Бұл кезеңде мыс қолдана бастады, мысты игеріп, құралдар жасады.Еңбек бөлінісі пайда болды, аталық ру орнады, өнерде дамыды. Патриархалдық кезең болды.
Алғашқы кезеңде өмір сүрген адам ол Епті адам ол (Танзания/ Олдувей) 1млн 750м.ж бұрын табылған дейді, оны Homa habilis дейді ол Австролопитек түріне жататын ең алғашқы адам. Питекантроп Шығ.Африканың Олдувей шатқалынан 1959-1963ж епті адамның сүйек қалдықтары табылған. Тік жүретін адамның өкілдері питекантроп пен синантроп. Питекантроп жайлы бірнеше мәліметтер бар бірақ олардың растай алмайды. Ол 1млн жыл бұрын өмір сүрген 1891 ж Ява аралынан тапқан . Питекантроп сияқты синантроп орта бойлы, денесі мығым болып келген тіршілік иесі еді. Бірақ оның қозғалуы біршама тездеген. Миы дамып үлкейе бастаған, еңбекке біршама жарамды, жануарларды өлтіре алатын, тұрақты мекені бар. Ол осыдан 500-200м.ж өмір сүрген қытай адамы депте атайды. Атлантроппен бірге табылған тас қарулар
үлкен көлемді, өңделуі тұрпайы және формалары тұрақсыз болып келеді. Адамдар осылай бірте келе өз еңбектерін жасап үлкен жетістіктергеде жете бастайды олар осылайша бірте бірте дами береді. Оларда өмір сүру салты мен мәдениеттері, діни наным сенімдер мен көзқарастарда пайда болып оны ұлғайта берді,өздері дамыған сайын олардыда дамытты , еңбек құралдарыныңда сан мыңдаған түрлерін ойлап тауып оларды жетілдіріп мықты техникалар ойлап тауа берді.
Қорытындылай келе, адамзаттың пайда болуы мен дамуы бірнеше санмыңдаған ғасырларға созылады. Олар сан мыңдаған ғасырлар ішінде ең төменге дәрежеден бірте бірде ойлау қабілеті мен еңбегінің арқасында дами берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет