Эссе Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар



Дата03.12.2019
өлшемі26.31 Kb.
#447617
Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар

эссе

Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар

  1. Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері

ТАҚЫРЫП- мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.

Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;

Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді , өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;


  1. Ғылыми жобаға тақырып таңдау

Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасытиетіндей болу керек. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек. алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;

Бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;

Тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек. Таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек;


  1. Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерді зерделеу

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек.

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).


  1. Зерттеу жұмысының жоспарын құру

Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі; Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді; Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі. Мәтін компьютерде терілу керек.Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см. әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль; абзац болу керек; жол арақашықтығы- бірқатарлы;кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.

Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).

Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;



- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;

- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет