«Ауыз қуысы ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу» Мақсаты: емдік Көрсеткіштері: стоматиттер Құрал-жабдықтар



бет1/4
Дата11.09.2023
өлшемі20.88 Kb.
#477146
  1   2   3   4
Стандарт алг


Стандарт №1 Алгоритм: «Ауыз қуысы ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»
Мақсаты: емдік
Көрсеткіштері: стоматиттер
Құрал-жабдықтар: 2% натрий гидрокарбонат немесе 10-20% натрий тетракарбонатын,
саңырауқұлаққа қарсы препараттар, резина баллоны жұмсақ ұштарымен немесе шприц, стерильді емес қолғап, маска, алжапқыш, шпатель, стерильді материал (мақта шариктері, дәкелер, мақта тампоны бар ағаш таяқшалар), лоток 2 (біреуі стерилді заттарға арналған, екіншісі қолданыста болған заттарға арналған), стерильді ыдыс, дез ерітіндісі бар ыдыс, инструменттерге арналған үстел, ҚЖК.
Мүмкін болатын асқынулар: шырышты қабаттың қосымша зақымдалуы.
Іс – шара алгоритмі:

  1. Науқастың аты- жөнін сәйкестендіріңіз.

  2. Баланың анасына ем-шараның өткізу мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз

  3. Қолды жуып, кептіріңіз

  4. Керек жабдықтарды дайындаңыз

  5. Шаюға арналған дәрілік ерітіндіні дайындаңыз: 1 шай қасық ас содасын 200мл суға.

  6. Қолды гигиеналық, асептикалық тұрғыдан жуып, кептіріңіз.

  7. Стерильді емес қолғап киіңіз

8.Ауыз қуысын стерилді дәке немесе мақтасы бар таяқшамен шаю:

  • баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз, көмекші баланы ұстап тұруға көмектеседі

  • қысқышқа дәкені орап алып, дәрілік ерітіндіге малыңыз, қысқышты жаймен қозғалтып, ауыз қуысын өңдеңіз.

9.Ауыз қуысын резиналы баллонмен (шприцпен) шаю:

  • Баланы көмекшінің алдына отырғызып, сол қолымен маңдайын ұстайды, оң қолымен баланың қолдарын ұстайды.

  • Баланың мойнына және кеудесіне алжапқыш жабыңыз, иектің астына лоток қойыңыз.

  • Резина баллонға (шприцке) дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, баланың аузын ашып, баллонды (шприцті) ауыз қуысына енгізіңіз.

  • Баллонды басып, ағымын қатты таңдайға басып жіберіңіз

  • Баллонның басын бір жаққа қаратып, кейіннен екінші жағына қаратып еңкейтіңіз.

10.Баланың бетін кептіріңіз
11.Қолданыста болған құралдарды дез ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз
12.Жұмыс орнын дез.ерітіндісімен өңдеңіз
13.Қолғапты шешіп контейнерге тастаңыз.
14.Қолды жуып кептіріңіз.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет