Эссе жазу әдістемесі



бет6/7
Дата01.03.2024
өлшемі235.14 Kb.
#493693
1   2   3   4   5   6   7
531397.pptx (4)

Талқылау сұрағы: Ал қазір ше, мемлекеттік туымызды қалай қорғап жүрміз, рәміздер насихатталуда ма? Осы сауалдар мәселені қозғауыма себепші болды.
1-абзац. Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім: 2-абзац
Тезис (пікір): Мемлекеттік нышандарымызды бекіткенімізге жиырма жылдан астам уақыт өтті, бірақ оның қадір-қасиеті түгілі рәміздердің мән-мағынасы мен тәрбиелік маңызын түсіну әлі де кемшін түсіп жатыр.
Аргумент: Сөзіме дәлел келтіре кетсем, Өскемен қаласындағы Дзержинский көшесі 50-үйдегі пәтердің балконында Елтаңбамыз ілініп тұр екен.
- Мен Елтаңбаны Қазақстанда туғандықтан іліп қойдым. Оның тұрғанына жарты жыл уақыт болды. Орталық базардағы «Березка» сауда үйінің жанында бір ер адамнан 2000 теңгеге сатып алдым,- деп түсіндірген өз әрекетін пәтер егесінің жасөспірім ұлы Александр (Сымбат Рамазанов, minber.kz).
Сараптама: Әрине, мен Александрдың бұл ісін рәміздерді қорлау емес, оның маңызы мен дәрежесін түсінбегендік деп ұқтым. Мақұл, бұған көз жұма қаралық, ал мұндай жағдайда мемлекеттік идеологияны насихаттайтын ішкі саясат қызметкерлері мен әншейінде белсеніп жүретін қоғамдық бірлестіктер қайда қарап қалды? Тәртіп сақшылары не қадағалап отыр?
3-абзац. Негізгі бөлім
Тезис (пікір): Тәртіп сақшылары демекші, жеке пәтерлер былай тұрсын, мемлекеттік мекемелердегі рәміздерді маскүнемдерден қорғаштай алмай жүрген олардан не сұрарсың?!
Аргумент: Павлодар облысының Фанис Ганиев есімді тұрғыны ішімдікке тойып алып, Ертіс ауданының орталығындағы төрт мемлекеттік мекеменің төбесіндегі туды жұлып алған (Базарқұл Есенбек, kazradio.kz).
Сараптама: Көк туым тағы да қор болды, бұл жолы білместікпен емес, қасақана жасалды.
4-абзац. Қорытынды бөлім:
Нақты шешім: Бұдан шығатын қорытынды не? Рәміздеріміз мемлекет тарапынан жеткілікті дәрежеде қорғалмай отыр, сырттай қарағанда барлығы дұрыс сияқты, бірақ шынайы үгіт-насихат жоқ,
Ұсыныс: сондықтан «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңның орындалуын қадағалайтын арнайы комитет құру керек сияқты. Сайып келгенде, рәміздерді құрметтеу әрбір қазақстандықтың қасиетті борышына айналуы қажет.
Бекіту: «Отан отбасынан басталады» деп халқымыз бекер айтпаған, ел рәміздерін құрметтеуді өзімізден бастап, қолға алайық, өзмізді-өзіміз ел таңырқайтындай құрметтесек, өзгелер сол кезде ғана бізге тамсана қарайды.
Аргумент(лат. argumentum – нәрсе, пән, белгі) – философияда – пікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады.
Аргумент сөзі латынның argumentum сөзінен шыққан, яғни, айғақ болудың негізіне қызмет ететін логикалық дәйек. Аргументтердегі дәйектер: “неге?”, “неден?”, “не үшін?”, “қандай себептен?” сияқты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
Пікір (тезис) – бұл біреудің ұстанатын, мазмұны тексерілуі де тексерілмеуі де мүмкін, көзқарасы. Дегенмен дара немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы факт болып саналатындықтан, растайтын сенімді дереккөздер көрсетілуі шарт. Мысалы, Құдайдың бар екені факт емес, дегенмен көптеген сенушілер Құдайдың бар екенін болжайтыны – күмәнсіз факт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет