Эссе орындаған: Тұрсын Е. Алматы, 2024 Менің рухани ұстазым



Дата03.05.2024
өлшемі34.59 Kb.
#500464
Тұрсын Е







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Өнер, мәдениет және спорт институты



ЭССЕ

Орындаған: Тұрсын Е.


Алматы, 2024


Менің рухани ұстазым
Антонио Страдивари
Жалпы ұстаз туралы айтатын болсақ ата-анадан кейін тұратын ұлы тұлғаның бірі. Ата-анаң саған жүруді сөйлеуді үйрететін алғашқы ұстазың, мектепке барғанда ұстазың ол мұғалімің саған қалам ұстауды, жазуды үйреткен.
Ал, рухани ұстаз бізге өзі келіп ештеңе үйретпеседе біздің сол адамнан үйренеріміз көп. Менің рухани ұстазым Антонио Страдивари, ол италияндық музыкалық аспап жасаушы, оның ішінде ыспалы (смычковый) музыкалық аспап жасаудың ең мықты шебері. Страдивари өзінің скрипкалары арқылы өте танымал. Страдивари бала кезінен скрипкаға қызығып, 13-14 жасында Аматидың шеберханасында жұмыс істей бастайды. Содан 10 жыл бойы Аматидың қолында мүлде ақша алмай қара жұмысшы болып жүрген деседі. Страдиваридың скрипкалары өз заманында да қымбат бағаланған және кәзіргі замандада өте қымбат бағаланады, себебі оның скрипка жасаудағы құпиясын әлі күнге дейін таппай келеді. Оны рухани ұстазым деп айуымның бірден бір себебі, ол өз жұмысына қатты көңіл бөлді және скрипка жасауды өте қатты жақсы көрді. Көп ізденісте болды, әр бір аспапқа ұқыптылықпен қарап дұрыс дыбыс шығармаса қайтадан жасап отырды. Менің ойымша оның аспаптарының құпиясы өз жұмысына деген сүйіспеншілігі.
Страдиваридың скрипкаларын өз қолыммен ұстап көрмесемде болашақты бір түп нұсқасын тауып зерттеп көргім келеді. Өзіміздің қазақтың қара домбырасын дамытуғада бір көмегі болары анық, және сол арқылы домбыраны әлдемдік аспапқа айналдырсам деген ойым бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет