ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭССЕ
ТАҚЫРЫБЫ:БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫНА ГАДЖЕТТЕРДІҢ ӘСЕРІ БАР МА?
ОРЫНДАҒАН:Қалмахан Ж.Е.
ТОБЫ:1901-20
ҚАБЫЛДАҒАН: Кудайбергенова У.Ж
ШЫМКЕНТ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ
Қазіргі кезде балалардың дамуына кері әсерін тигізіп жатқан дүниелердің бірі – гаджеттер яғни ұялы телефон, теледидар, ноутбук және де тағыда басқалар. Ата- аналар есін біліп бастағаннан телефон беруге дағдыланған. Әрине барлық ата- ана емес. Әлі толық дамымаған бала ұялы телефоннан қызықты ойындар ойнап, мультфильмдер қарап өзінің досы ретінде есептеп алған. Ал, ата – аналар балам тыныш – болса, қуанса солда жетеді деп, болашақта сол гаджеттердің зияны көп болатынын ескермейді.
Гаджеттерді пайдаланғанның әсерінен балалардың ата – анамен қарым – қатынасы әлсірейді, миының дамуында тежелу байқалады сөйлеу тілінің жас нормасына сәйкес болмауы және де психикалық аурулардың пайда болуымен қатар ашуланшақ болып өсуіне алып келеді. Баланың миы туылғананнан 3 жасқа дейін 3 есе тез жетіледі. Бұл жаста ойлау, көру, есту қабілеттері қоршаған ортамен танысуға деген ынталары жоғары болады. Осы уақытта ата – ана балаға телефон қолдандырса дамуы тежеліп, ауызша сөйлеу тілінде бұзылыстар пайда болуы мүмкін, ол ауызша сөйлеу тілінде бұзылысы бар балада міндетті түрде жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы болады. Мектепте балалардың жазу дағдысын меңгеру ең негізгі іргетасы, сонымен қатар фонематикалық қабылдауын, кеңістікті бағдарлауын, сөздік қоры мен графомоторлы дағдыларын жетілдіру қажет. Гаджетке байланған балаға мұны меңгеру қиынға соғып, жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысына алып келеді.
Қорытындылай келе гаджет – ол метаәлем екенін айтқым келеді. Бала өз өмірін метаәлемде құрып, болашақта өте тұйық және де сөйлеу мен қатар өмір бұзылысына алып келетінін білмейді, сол себепті ата – ана қадағалау қажет. Қазіргі таңдағы мультфильмдерді қарастырсақ, өте әсерлі созылыңқы және тезірек дыбысталған анимациялар, баланың сөйлеу бұзылысының бір шеті. Өзімнің ойымша мультфильмдердегі жағымсыз дауыстарды тыңдатуға қарсымын сол кейіпкерді қайталау барысында сөйлеу тілі өзгеріп, дұрыс сөйлеу қиындай түседі. Барлық айтылған мәліметтерді қоса отырып баланың ауызша, жазбаша сөйлеу тілінің дұрыс дамуы үшін, ата – ана балабақшадағы тәрбиешілер боямасыз ертегілер мен тақпақтар оқып беру арқылы, бұрынғы біздің тіл жаттықтыру үшін пайдаланылған жаңылтпашпен жаттығу әдістерін пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |