Эссе туралы пікірлер шетел әдебиетінің түсіндірме сөздігінде



Дата29.04.2023
өлшемі16.17 Kb.
#473015
жазу сауаттылық тапсырма


ЭССЕ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

Шетел әдебиетінің түсіндірме сөздігінде Л.П.Крысина: «Эссе- философиялық жанр,тарихи-өмірбаяндық,публицистикалық проза, автордың өз позициясын еркін жаза алатын,ауызекі сөйлеудің негізінде қалыптасқан жанр»-деп түсініктеме берген болатын.


Шетел әдебиетшілерінің эссе түрлеріне берген пікірлеріне талдау жасайтын болсам,орыс жазушысы И.С.Тургенев: «Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдебисинтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашылық эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әр түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады.»-деп түсініктеме берген болатын.

Ал орыс жазушысы Н. А. Некрасов: «әдеби-шығармашылық эсседе көркем туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына,сол кезеңге түсіп,сезімін,жай-күйін баяндап,сипаттап,суреттеп жазу.Әдеби эссенің негізгі мақсатымен өзіндік ерекшеліктері болады.»-деп түсініктеме берген болатын.


Шетелдік жазушы Н. Г. Чернышевский: «Эссе - бұл белгілі бір тақырыпты қарастыратын және жеке әсерлер мен ойларды, қандай да бір жолмен байланыстыру әрекетін білдіретін шағын көлемді және еркін композициялық прозалық шығарма.»-деген болатын.


ӨЗ ОЙЫМ

Менің ойымшада эссе табиғаты сыршыл сезімге,тіл бояуларының айрықша салтанатына,әшекейлі композицияға құрылған көркем туынды.Эссе арқылы адам өз позициясын еркін түрде жеткізіп,өзіндік пікірін ақ параққа түсіру арқылы өз ойларымен бөліседі.


Менің ойымшада,әдеби эссе басқа эссе түрлеріне мүлдем ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.
Мысалы:
 «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды автордың оқырманына жеткізу тәсілдерін талдап жазар болсақ. Әдеби-талдау эссе автордың тосын және қатыгез эмоцияларды жеткізу үшін қолданған тәсілдерін тауып, талдап жазылады.
 «Мұхтар Әуезов «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоцияларды оқырманына қаншалықты әсерлі жеткізе алды?» Әдеби-сыни эссе автордың тіл шеберлігіне сыни бағасын бере отырып жазылады.
 «Тосын және қатыгез эмоциялардың М.Әуезовтің «Көксерек» повесі және әлемдік әдеби туындылардағы көрінісі». Әдеби-синтез эсседе бірнеше туындылардағы тосын және қатыгез эмоциялардың берілуін талдай келе, өзіндік бағасын шығарады, көзқарасы тұрғысынан шығарылған бағасына талдау жүргізеді.
 Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тосын және қатыгез эмоциялар оқырман психологиясына кері әсер ете ме? Әдебидәлелдеме эсседе білім алушы өз позициясын /ұстанымын/ танытады. Позициясын аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Аргумент келтіруде Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесімен ғана шектелмей, неғұрлым өзге дереккөздерден аргументтер келтірген сайын, соғұрлым эссе бағасы жоғарылайды.
 «Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі Құрмашсың. Жоғалып кеткен Көксеректі күтпеген сәтте кездестірдің. Көксерек саған қарсы шауып, сен жараландың. Осы сәттегі сезіміңді сипаттап жаз. Әдеби-шығармашылық эссе жазуда Құрмаш рөліне енеді, сезімін, жайкүйін сипаттап жазады.
Міне,осылай эссе түрлерін білу арқылы біз эссе құрылымына автор аргументтін негізге алу арқылы талдау жасай аламыз.
Әдеби эссе шыныменде адамның өзіндік ойын ашық жеткізумен,әдеби көркем сөздердің жиі қолданылуымен ерекшеленеді.Осылайша,эссе барысына,эссе түрлеріне,ғалымдардың берген түсініктемелеріне талдау жасай отырып қорытындылағым келеді.
Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссені интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Осы арқылы эссе адамның таным көкжиегінің кеңейіп, ой-санасының артуына мүмкіндік сыйлайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет